Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Шын дос болу – бақыт
[ Скачать с сервера (18.4 Kb) ] 2013-02-25, 8:55 AM
Мусагалиева Б.Н.
Урок по самопознанию

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық қартасы
Білім беру саласы: Өзін – өзі тану сабағы
Тақырыбы: Шын дос болу – бақыт
Мақсаты: Балаларға достық, өзара сыйластық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру, өз араларында жағымды қарым – қатынас орнату, адал дос болуға үйрету.
Міндеттері:Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру, балалардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету, балаларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Әдісі Сұрақ – жауап, әңгімелеу, әңгімелесу,түсіндіру
Пәнаралық байланыс Бейнелеу, тіл дамыту
Оқыту құралдары Кішкентай жүрекшелер, ағаш макеті, түрлі – түсті ленталардан жасалған шаңырақ сұлбасы

Әрекет кезендері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері
Тәрбиешінің қолында бір ұшы байланған әр түсті баулар. Екінші ұшын әр бала қолына ұстап тұрады.
Тәрбиеші: балалар қонақтармен амандасайық.
Тәрбиеші: Енді маған қараңдаршы. Мына ғажайып баулар арқылы мен сендерге жүрегімнің жылуын жіберемін. Қабыл алыңдар!
Балалар оң қолымызды жүрегімізге қояйықшы. Жүрегіміздің соғысын сезінеміз бе? Жүрегіміз қандай?
Олай болса осы жүрегімізден шыққан жылуды қонақтарға сыйлайық. (Қонақтарға қарап алақанды үрлеу.)

Балалар жарты шеңбер болып тұрады.
- Сәлеметсіздер ме?
Менің жүрегім – мейірімді, менің жүрегім, ыстық, нәзік, бақытты, жылы, т.б. деп жауап береді.
Балалар қонақтарға қарап алақандарын үрлейді.
Іздену Ұйымдастырушы Әңгімелесу
Сабағымызда «Достық жырын» айтайық.
Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Шын досты қалай білуге болады? Өзіңнің досың туралы не айтасың? Дос болу үшін адам қандай болуы қажет?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, достық дегеніміз адамдар арасындағы сыйластық. Достар бір – бірін жақсы көреді, сыйлайды, бірге жүреді.
- Әңгімелеу
Тәрбиеші балаларға «Жаман жолдас» әңгімесін айтып береді.
Сұрақтар қояды.
Қуыршақ тетры: «Тату баламыз» атты (саусақтар туралы) ертегісін саусақ театры түрінде айтып береді.
- Сендерге ертегі ұнады ма?
- Ертегі қалай аталады?
- Неліктен «Тату балалар» деп аталады?
- Ағайындыларды қорқынышты аюдан не құтқарды деп ойлайсыңдар? (достық, татулық, бірлік.)
- Татулық деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Достық деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Өмірде осындай жағдай кездессе не істер едіңдер?
- Міне, «досы көпті жау алмайды», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - деген нақыл сөздер осыдан шықса керек.
Ойын. «Досымның жүрегі»
Шарты: Балалар үстел үстінде жатқан жүрекшелердің суреттеріне ат қояды.
Балалар, сендер үстел үстінде жатқан жүрекшелерді таңдап алып, достарының кім және олардың қандай екенін айтасыңдар.
- Жақсы балалар, сендердің достарың көп екен. Олай болса, қолымыздағы жүрекшелерімізді «Достық ағашына» орналастырайық. Біздің «Достық ағашымыз» қандай әдемі болды. Осы «Достық ағашымыз» тамырың терең жайып, барлық әлем балаларын достыққа, жолдастыққа, бірлікке шақырып өсе берсін!
Дәйексөз
Тәрбиеші балаларға
«Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам » деген халық мақалын бүгінгі күннің дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
Тыныштық сәті
- Балалар ,денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларына толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Дәптермен жұмыс
- Достық туралы әңгіме құрап, суретті бояңдар.

Ғажайып сөздер
Шынайы достық қуаныш әкеледі.
Адал достар үнемі бір – біріне көмекке дайын болады.
Достарың көп болсын десең, өзің жақсы бол.
Шығармашылық ұжымдық жұмыс «Достық шеңбері».
Алақандарымызды бояуға салып, үлкен ватманға бастырып шығайық. Қараңдаршы, қандай түрлі – түсті, үлкен, әдемі, «жылы» шеңбер пайда болды. Үнемі біздің достығымыз үзілмей шексіз бола берсін. Бір – бірімізге жылы лебіз, тілектерімізді білдіріп, достасып жүрейік.
Балалардың жауаптары: Бірге ойнаймыз, сыйлаймыз, көмектесеміз, ойыншығымызды береміз, т.б.

Балалар бар ынтамен әңгімені тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.
Балалардың жауаптары: Нәзік, қайырымды, сыпайы, мейірімді, т.б.

Балалар қызығушылықпен ойнайды. Нәзік, сыпайы, қайырымды,т.б.

Балалар тапсырманы орындайды.

Бүгінгі сабақтың дәйексөзін қайталап айтадыБалалар

Балалар көздерін жұмып, еркін тыныс алып отырады.

Балалар суретке қарап әңгіме құрастырады.

Балалар өнегелі сөздерді тәрбиешімен бірге қайталайды.



Балалар алақандарын бояуға салып, ватманға бастырып, үлкен шеңбер жасайды.
Рефлексиялық қорытындылаушы Қорытындылау
- Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Достар әрқашан бір – біріне үнемі қолдау жасап, қамқорлық көрсетіп, көмектесіп, қажет нәрселермен бөліседі. Нағыз достар міне, осындай болады.
Жүректен жүрекке
Шеңбер құрып Х.Талғаровтың сөзіне жазылған , И.Нүсіпбаевтың әні «Дос болайық, бәріміз» әнін бірге қосылып айтайық.

Балалар шеңбер құрып, тәрбиешімен бірге әнді айтады.

Күтілетін нәтиже:
Бала білу керек: «Достық» құндылығын білу керек, бір – бірімен тату бола білу керек.
Бала нені үйренді? дос бола білуді, бір - бірін сыйлауды үйренді, адамгершілікті үйренді.
Бала жасай білу керек: Қамқорлық жасай білу керек, өзара жағымды қарым – қатынас жасай білуі керек.
Категория: Дошколенок | Добавил: Kairat
Просмотров: 2956 | Загрузок: 213 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-05-03, 0:47 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru