Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Көктем аруы – 2013
[ Скачать с сервера (23.8 Kb) ] 2013-02-25, 8:57 AM
Суйналиева Нургуль Оразаевна
Воспитатель детсада «Салтанат»
Бокейординского района ЗКО

Көктем аруы – 2013
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Әкесі мен қыз арасындағы сыйластық, татулық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.
Бөлме іші мерекеге сай безендірілген. Аналар мерекесіне арналған ертеңгілікті тәрбиеші құттықтау тілектермен бастайды.

Армысыздар құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар ару қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз аналар күнімен құттықтаймыз! Көктемнің шуақты күндеріндей, сан-алуан гүлдердей құлпырып жайнап жүре беріңіздер! Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын! Құрметті қонақтар, сіздерді «Гүлдер» мектепалды даярлық тобы аруларының «Көктем аруы -2013» мерекелік сайысын тамашалауға шақырамыз. Алғашқы құттықтау сөз балабақша директоры Айгүл Ізғалиқызына беріледі.
Тәрбиеші:Армысың әжелерім, аналарым,
Мейірбан аппақ көңіл даналарым.
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың.
Аят: Жеңге, мама, тәтені,
Қарындаспен әпкені.
Құттықтаймыз мейраммен,
Ақылшы, дана әжені.
Тайман: Жанымызды жайнатқан,
Сіздер ғой аналар.
Зор денсаулық, мол бақыт,
Тілейміз, біз – балалар.
Ислам: Сенен өскен балалар,
Сенен өскен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!
Аят: Балалар! Бүгін аналардың мерекесі ғой, анамызға қандай сыйлық жасасақ екен?
Тайман: Аналардың ең жақсы көретін затын сыйға тартайық.
Ислам: Ал, ол қандай зат?
Тайман: Расында да, аналар нені жақсы көреді екен. Кімнен ақыл сұраймыз?
(Осы кезде музыка ырғағы мен әтеш залға кіреді).
Аят: Әтеш, бүгін біздің аналарымыздың мерекесі еді. Оларға қандай сыйлық жасасақ болады? Ақыл қосыңызшы...
Әтеш: Ол үшін аналардың нені жақсы көретінін білу керек. Мысалы, мен дән шоқығанды жақсы көремін.
Ислам: Ал, аналарға не ұнайтынын қайдан білеміз?
Әтеш: Ол жағын білмедім. Меніңше дәнді барлығы да жақсы көреді. Жарайды, басқалардан сұрап көріңдер. Сау болыңдар!
Тайман: Ақ қоян, неге сонша жүгіріп келдің? Қайда асығып барасың?
Ақ қоян: Мен қасқырдан қашып келемін. Әрең дегенде құтылдым-ау әйтеуір. Сендер кімсіңдер, мен осы қайда келдім.
Тайман: Бұл біздің балабақшамыз. Аналарымызға қандай сыйлық әзірлеу керек екенін білмей отырмыз. Сенің қандай көмегін бар?
Ақ қоян: Мен сәбізді жақсы көремін. Ал, сендердің аналарыңның нені жақсы көретінін білмеймін.(Осы кезде тықырлаған дыбыс естіледі).
Ақ қоян: (Қорқып) Қасқыр келіп қалған сияқты, мен қаштым. Сау болыңдар, балалар!
Түлкі: Уһ! Шаршадым, аздап демалып алайын.
Аят: Түке, шаршап шалдығып қайдан келесіз?
Түлкі: Аңшылардан қашып келемін? Ал, өздерің неге жиналып қалғансыңдар?
Аят: Аналарымыздың мерекесіне қандай сыйлық жасарымызды білмей отырмыз.
Түлкі: Әркімнің жақсы көретін асы немесе заты болады. Соны білу керек. Мысалы мен тауықтың етін жақсы көремін. Ал, мен аңшыларға ұсталмай тұрғанда орманға жетіп алайын. Сау болыңдар! (Түлкі балармен қоштасып, шығып кетеді. Сахнаға жыламсырап қарлығаш келеді.)
Ислам: Сіз кімсіз? Неге жылап жүрсіз?
Қарлығаш: Мен қарлығаш – анамын. Балапанымнан адасып қалдым. Неді оны қайдан табамын?
Ислам: Кешіріңіз, біздің бір сұрағымыз бар еді. Сізде ана екенсіз. Сіз үшін ең қымбат сыйлық не екенін айтып бере аласыз ба? (Үнтаспадан балапан қарлығаштың даусы естіледі).
Қарлығаш ана: Мынау менің балапанымның дауысы ғой. Қазір жетемін, балапаным! Балалар аналарыңа сендерден артық сыйлық жоқ. Сендер бақытты болып, аналарыңның қасында әрдайым қуантып, тәртіпті, ақылды болып өсіңдер! Ал, енді сау болыңдар!
Аят: Балар, олай болса,аналарымызға деген сүйіспеншілігімізді, құрметімізді өнерімізбен, ән-күйімізбен, тақпағымызбен білдірейік!
Ән: «Ақ мамам».
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың
Ана тойын бастайық,
Осы тойға арналған,
«Көктем аруы» сайысын бастайық.
Балғын жүздері албырап, қанатын жаңа қаққан, ару қыздарымызды ортаға шақырамыз.

Бірінші қыз – білімді,
Менгерген бар білімді.
Екінші қыз – елгезек,
Алады тез тіліңді.
Үшінші қыз үлбіре
Қос жанары мөлдіреп.
Төртінші Альбина-ай
Айдай көркем болған-ай.
Бұрымдары желбіреп.
Бесінші қыз өнерлі
Төгеді бар өнерді.
Алтыншы қыз Гүлбақыт
Өн бойында бар бақыт.
Жетінші қыз Аружан
Кем емес бірде айыңнан.
Сегізінші қыз Аида қыз,
Бойға өнер жиған қыз.
Жүргізуші: Байқауымыздың 1-ші бөлімі арулар өздерін таныстырады.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Таныстырып өздерін ән салыпты.
Бүгінгі сайысымызда бәйге алуға,
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
1-ші ару Аружан.
Сайыстың аштым есігін,
Шалқайтып қойып бесігін.
Қызы болам Нұржанның
Аружан атты есімім.
2-ші ару Тоғжан.
Би билеймін дөңгелелеп,
Ән саламын сызылып.
Сұрасаңыз атымды,
Тоғжан ару мен болам!
3-ші ару Милана.
Менің атым Милана,
Менен асқан жоқ дана.
Ұлтым қазақ мен дара,
Би билеймін тамаша.
4-ші ару Альбина.
Армысыздар, аналар,
Біз балапанпаналар.
Құттықтайды мейраммен,
Өздеріңді балалар!
Таныстырам өзімді,
Бекболатқызы Альбина.
Биде билеп, ән салам,
Қошеметтейді көрген жан.
5-ші ару Аида.
Қош келдіңдер қонақтар,
Қошеметпен қолдаңдар.
Сайысқа бүгін асыққан ,
Аида қызың мен болам.
6-шы ару Гүлбақыт.
Сәлем бердім, аналар сіздерге мен,
Жүріп келем сіз салған іздерменен.
Байқауға қатысқалы шығып тұрмын,
Ең әсем, ең білімді қыздарменен.
Таныстырсам Мендіғали Гүлбақытпын,
Теңізінде ойнап жүрген балалықтың.
Балабақша екінші үйіімде мен,
Оқу оқып, тәрбиеленіп шыңдалыппын.
7-ару Айдана.
Өзімді өлең жырмен таныстырам,
Өнер десе, жыр десе жанып тұрам.
Жарқынқызы Хайроллаева Айданамын,
Би билеп дөңгелеп жайқаламын.
Ән салып, тақпақ та айта аламын,
Аналар сіздерден бата аламын.
8-ару Нұрбибі.
Жүргізуші:
Қысылып еш саспаңдар,
Сызылта би бастаңдар.
Аналардың көңілін,
Бір көтеріп тастаңдар, - деп, балаларымызды орыс биімен ортаға шақырайық.
-Сайысымызды әрі қарай жалғастырамыз.
2-ші шартымыз «Өнер» сайысы. Ару қыздарымыз мың бұралған биімен, тамылжыған әнімен өз өнерлерін ортаға салады.
Әртіс боп та кетеді,
Қыздарымыз қарасаң.
Біздің қыздар тұрғанда,
Жолда қалар тамашаң.

1 ару Аружан – «Келді көктем» әні.
2 ару Тоғжан – «Қазақ» биі.
3 ару Милана – «Дала сазы» биі.
4 ару Альбина – «Испан» биі.
5 ару Айда – «Бипыл» биі
6 ару Гүлбақыт - «Үнді биі»
7 ару Айдана - «Ойнайық та, ойлайық» әні.
8 ару Нүрбибі- «Апам үшін» әні.
Келесі кезекте, «Дәм-думан» сайысы. Арулар қонақтарын қалай күтеді екен, келген қонақтарға қандай тәтті тағамдар тарту етеді екен, яғни арулардың табақ тарту рәсімін қалай орындайтыны сыналады.

Аяулы анашым-ардағым,
Жанымда жүрші сен әрдайым.
Құлпырған гүліндей жайнай бер,
Әнімді мен саған арнаймын.
Ән: «Апатай». Орындайтын: Күзенбай Қасиет.
Ән: «Анашым». Орындайтын: Сағынтай Шыңғыс.
Сайысымыздың келесі шарты ойын.
1. «Кім епті» ойыны. (шар жинау).
2. «Кім жылдам» ойыны. (жеміс жеу).
«Ана тілің арың бұл,
Ұятын боп тұр бетке.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз біліңді құрметте» - деп ақын ағамыз жырлағандай, біздің бүлдіршіндеріміз, өзге тілдің бәрін біліп, өз тілдерін құрметтейтін тәуелсіз еліміздің жарқын бүлдіршіндері. Балаларымыздың орыс тілі пәнінен үйренген өлең шумақтарына кезек берейік.
Аружан: Чей сегодня день рожденья?
Аят: Для кого пекут пирог?
Альбина: Для кого расцвел весенний
Первый мартовский цветок?
Ислам: Для кого, для кого?
Догадайтесь сами.
Милана: И пирог, и цветок,
Мы подарим маме.
Тайман: Мы подарок маме,
Покупать не станем –
Аида: Приготовим сами,
Своими руками.
Айдана: Можно вышить ей платок.
Қасиет: Можно вырастить цветок.
Нұрбибі: Можно дом нарисовать.
Жәнібек: Речку голубую...
Тоғжан: А еще...
Расцеловать
Маму дорогую!
Гүлбақыт: С праздниками
Дорогие мамы!
Шыңғыс: Милые бабушки.

Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші,
Аруы деп көктемнің жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал, аруларға тек сәттілік тілейікші, -деп қазылар алқасына сөз кезегін берейік.
Өмірге бізді келтіріп,
Жарық дүние сыйлаған.
Жамандыққа баласын,
Ешқашан да қимаған
Көрмесін қайғы балалар,
Аман болсын аналар! – деп бүгінгі ертеңгілігімізді әсем әнмен аяқтаймыз.
Хор: «Құттықтаймын мама туған күніңмен».
Осымен «Гүлдер» мектепалды даярлық тобы бүлдіршіндерінің аналар мерекесіне арналған мерекелік ертеңгілігі аяқталды. Нұрлы күндерде кездескенше аман сау болыңыздар!



Туған күн кеші.
Мақсаты: Балалардың өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту. Бір-бірімен тату, бос болуға тәрбиелеу. Достарының туған күндерін көңілді өткізуге жауапкершілік сезімдерін оятып, татулыққа тәрбиелеу.
Бөлме іші туған күн кешіне сай безендірілген. Көңілді әуен орындалып, балалар орындарына жайғасады.
Барысы:
- Балалар, біздер бүгін бір қуанышты күнді атап өткелі тұрмыз. Ол қуанышты күн – туған күн кеші. Ал, балалар сендер достарыңыздың туған күндерін тойлауға дайынсыздар ма?
- Балалар жауабы:............
- Олай болса туған иелерін ортаға шақырайық.
(Көңілді әуен ойналып тұрады)
1. Тобымыздың бишісі, анасының еркесі Боранбайқызы Аида.
2. Сұңғақ бойлы, әнші ұл Күзенбай Қасиет.
3. Биязы мінез, сұлу қыз Зайтова Аружан.
Есік қағылып, көңілді көңіл күймен сайқымазақтар залға кіреді.
Той-тойлап балабақша балғындарым,
Туған күн құтты болсын балаларым!
Сіздерді мерекемен құттықтауға,
Келе жатыр сүйікті сайқымазақтарың!
(Сайқымазақтар балаларға күлдіргі ойындар мен сиқырларын көрсетеді.)
Жүргізуші: Сыйлаймыз әсем әндерді,
Сіздерге арнап жаттаған.
Туған күнің бүгінгі,
Құтты болсын балапан – деп кешімізді Шыңғыс пен Альбинаның орындауындағы «Туған күн кеші» әнімен жалғайық.
Жүргізуші: Жұлдыздармыз жарқырар,
Өнер қуған, би билер.
Қолдасаңыз қуаттап,
«Талаптыға нұр жауар».
Би: «Бақытты балалық шақ».
(Туған күн иелеріне сөз кезек беріледі).
Қасиет: Туған күнім бола берсін,
Үйге бала тола берсін.
Ислам келіп, Тоғжан келіп,
Маған аю ала келсін.
Аружан: Алты жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы,
Достармен татау боламыз.

Жүргізуші: Біз байқамай отырған бір әнші бар,
Өнеріне өзгелер тәнті шығар.
Айдананы шақырайық біз ортаға,
Жүректі тербеп алар әнді шырқар.
Ән: «Ойнайық та, ойлайық».
«Туған күн» музыкалық қойылым.
Өлен шумақтары.
1-бала: Талай қызық өткіздік,
Әрқайсы ерекше.
Туған күнді тойлайтын
Бүгінгі күн ерекше.
2-бала: Балабақша бағында
Тамаша күндер көп болды.
Бүгін міне, туған күн,
Аиалып өтпек ерекше.
3-бала: Құрметті асыл достарымыз Аружан. Қасиет, Аида! Сіздерді туған күндеріңізбен құттықтаймыз. Деңдеріңізге саулық, мол бақыт, жарқын болашақ тілейміз!
Жүргізуші: Сахнада биші емес құс сияқты,
Елестейді бір көрген түс сияқты.
Әжесінің ұршығындай үйірілгенде,
Жер шарын айналдырған күш сияқты.
Би: «Заманауи биі».
Жүргізуші: Жарқын жүзді жан-анам,
Сендей болса бар адам.
Шаттық кетпес баладан, - деп бүгінгі кешіміздің қонақтары туған күн иелерінің аналарына сөз берейік.
(Аналар құттықтау сөз сөйлейді).
Жүргізуші: Ана деген өмірдегі ұлы есім,
Бақ тілесе анадай-ақ тілесін.
Ана деген ардақты ат, сен оны,
Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.
Ән: «Аналар».
Балалар:
Біз бүгінгі кіп-кішкентай баламыз,
Бақыттымыз әсем әнге саламыз.
«Айналайын» деген сөзден нәр алып,
Күн ертең-ақ жарқын күндей жанамыз.
Жүргізуші: Осымен «Гүлдер» мектепалды даярлық тобы бүлдіршіндерінің «Туған күн » мерекелік ойын-сауық кеші аяқталды. Жарқын күндерде кездескенше, еліміз тыныш, бүлдіршіндеріміз аман-сау болсын.
Категория: Дошколенок | Добавил: Kairat
Просмотров: 3456 | Загрузок: 449 | Рейтинг: 4.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-05-04, 10:17 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru