Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Судың қасиеті
[ Скачать с сервера (31.9 Kb) ] 2013-02-25, 8:59 AM
Сүйналиева Нүргүл Оразайқызының іс-тәжірибесінен
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Түрі: Қоршаған орта
Тақырыбы: Судың қасиеті
Мақсаты: Судың маңызы мен қасиеті туралы білімдерін кеңейту. Дүниетанымын, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын дамыту. Ұжымшылдыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет түрі «Қоршаған ортамен таныстыру»
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетке қолданылатын педагогикалық технологиялар: Дүниежүзілік карта, глобус, көлдің суреті, сүт, су, әр түрлі пішінде ыдыстар т.б.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің өтілу әдісі Түсіндірмелі иллюстративтік, сұрақ – жауап, эксперимент.
Пәнаралық байланыс Тіл дамыту, бейнелеу, математика.
Оқыту құралдары Суды зерттеу, дәптермен, қылқаламмен жұмыс.

Әрекет кезендері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивация- лық қозғаушы Шаттық шеңбері
-Тәрбиеші балалармен төмендегі өлең жолдарын бірге қайталайды.
Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін! Балалар шеңбер құрып, бір-бірімен амандасып, шаттық шеңберін айтады.
Іздену-ұйымдас- тырушы
-Балалар, бәріміз тақтаға қарайшы, ненің суретін көріп отырмыз.
-Ия, балалар, бұл дүниежүзінің картасы. Бұл картадағы көк түсті теңіздер, сары түсті құрлық.
-Ал, балалар мына менің алдымда тұрған не?
-Қазір мен бұл глобусты айналдырамын. Сендер маған қай түс көбірек көрінетінін айтасыздар.
-Олай болса , балалар біз тіршілік етіп отырған жер шарының көп бөлігін су алып жатыр екен. Біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде осы судың қасиетін зерттеп, тәжірибе жасаймыз.
Тәжірибе орталықтары.
1-тәжірибе.
-Мынау не?
-Оның түсі қандай?
- пішінді ыдыстарға суды құйып, суықтығын, ағысын, дыбысын, пішіндерін анықтау.

2-тәжірибе.
Балалардың алдарына сүт пен су құйылған екі стакан және екі қасық тұрады.
-Қасығымыз қандай? Су ма, құрғақ па?
-Қасықтарын суға, сүтке салып қарайды. Не байқадыңдар?

3-тәжірибе.
-Балалар сендердің сиқыр көргілерін келе ме?
(Қақпағы жабық ыдыстағы ыстық судың бетін ашып көрсету).
-Не байқадыңдар? Не көрдіңдер? Сендер буды тағы қайдан көрдіңдер?
-Балалар су буға айналады екен. Жердегі барлық сулар, еріген қарлар бәрі буға айналып, аспанға ұшып барады да, бәрі бірігіп бұлт болып, бізге жазда, көктемде, күзде жаңбыр, ал қыста қар болып жауады. Қар да, жаңбыр да су.
4-тәжірибе.
Қардың қасиетін анықтау. Қардың еріп суға айналатынын тамашалау.

5-тәжірибе.
-Балалар қыста күн салқын болатынын бәріміз білеміз. Егер қыстың күні сыртқа су қойсақ қайтеді?
Алдарында тұрған мұзды қолдарымен ұстап, қасиетін анықтайды.
6-тәжірибе.
-Балалар сендерге Сәуле Кәкесқызы не береді?
-Олай болса, балалар су ішіп көріп, оның дәмі қандай екенін анықтайық.
Тыныштық сәті.
Балалар денелерімізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңді жұмсаңдарда болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Көз алдарына ауылымыздың әсем қысқы табиғатын елестетіңдер. Айнала аппақ қар. Күн сәулесі жадырап, күлімсіреп тұр. Сендер бақытқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал, енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Дүниежүзілік карта

глобус

көк түс көбірек көрінеді.

Су.
Түссіз, мөлдір
Сұйық, ыдысқа құйғанда сылдыраған дыбыс шығарып, әр түрлі пішге ие болады.

Құрғақ.
Судан қасық көрінеді, сүттен көрінбейді. Екі қасығымызда дымқыл, су.

Ия.

Бу шықты.
Тамақ піскенде, шәйнек қайнағанда т.б.

Қар жұмсақ, түсі ақ, бөлме температурасындаеріп суға айналады.

Мұз болып қатады.
Мұз салқын , қатты, ериді.

Тамақ, су береді.

Дәмсіз, шөлінді қандырады.

Балалар тәрбиешінің сөзін мұқият тыңдап, көз алдарына елестетеді.
Рефлекция- лық қорытынды-лаушы Дәптермен жұмыс. «Қар да, жаңбыр да бұл су! Сен мұны білесің бе?» суретін бояу.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы жаңа оқу іс-әрекетін қорытындылау.
Жүректен жүрекке.
-Күніміз ашық болсын!
-Суымыз мөлдір болсын!
-Бақытты болайық! т.б. жылы лебіздерін білдіреді. Қар мен жаңбыр тамшыларының суретін салып бояу.

Шеңберге тұрып, бір-біріне тілектерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Бала білу керек: Судың түссіз екенін, қатып мұзға айналып, еріп суға айналатынын, қайнайтынын, буға айналатынын.
Бала игеру керек: Бала судың қасиеттерімен танысады. Құлақпен естіп, көзбен көріп, қолмен ұстап, дәмін татады.
Бала жасай білу керек: Қар мен жаңбыр тамшыларының суретін қылқаламмен салу.


Құм терапиясы.
(Құммен өткізілетін ойын- жаттығулар).
Құм терапиясының негізгі мақсаты – баланың ішкі сезім бағыттарының өздігімен жүзеге асуы. Осы мақсатта құм терапиясы балаға:
- Мен концепциясын дамытуға;
- Өз іс-әрекеттері мен жасағандарына жауапты болуға;
- Өз-өзіне сенуге;
- Ауыр жағдайларды бастан өткеругеәсерін тигізеді.
Осындай терапияның негізгі мақсаты – баланы өзгерту емес, оны қажетті іс-әрекетке үйрету емес, өзі болуға мүмкіндік береді.
Балалардың алғашқы қоғамдық ойындары құм кеңістігінде туындайды. Құмда ойнау барысында бала өзінің қиялға толы және шындыққа жанасқан ішкі дүниесін ашып көрсете алады. Құмды араластыра отырып, бала саусақ моторикасын, ал құмның қалыпқа сиятын мөлшерін анықтай отырып, көз өлшемін дамытады. Бұл ойындар балалардың шығармашылық қасиеттерін дамытып, қиялдарын оятады.
Балалардың құм кеңістігіндегі ойындары олардың жан күйзелістерін қалыптастырады, тактильді сезімталдық қасиетерін дамытады. Өздерінің сезімдеріне құлақ түре білуге, алған әсерлерінің нәтижесін сараптауға үйретеді. Сонымен қатар, еске сақтау қабілеттерін дамытуға үлкен үлес қосады.
Құмда ойнауға керек жабдықтар.
Ағаш жәшік 50*70*8 см көлемінде. Жәшіктердің ішін көк түспен бояған дұрыс, түбі суды білдірсе, жан-жағы аспан тәріздес болады. Ағаш жәшікті пластмаса ыдыспен де ауыстыруға болады. Електен өткізілген таза құм қажет, ол майда да, ірі де болмауы керек. Құмды жәшіктің түбіне аз мөлшерде салады. Әртүрлі ұсақ кескіндердің биіктігі 8см-ден аспауы керек. Олар: қуыршақтар, үйшіктер, жануарлар, көліктер, өсімдіктер, ертегі кейіпкерлері, геометриялық фигуралар, табиғи заттар-тастар, жаңғақтар, күректер мен ағаш қасықтар т.б.
Алғашқы қадам. Тәрбиеші: - Сәлеметсіңдер ме, балалар, біз сендермен бұл жерге құммен ойнауға келдік. Балалар, құммен амандасайықшы, қолдарымызды құмға салайық. Қане не сезіндік? Құм қандай екен?
Балалар жауабы: ... (жылы не салқын, ылал не құрғақ, бұдыр не тегіс).
Келесі қадам балаларға алақандарын қырынан қоюға үйрету және осы қалыпта ұстай білуге жаттықтыру (құм алақанды түсу үстауға көмектеседі).
3-ші қадам. Әртүрлі геометриялық пішіндерді салу. Бұл ойындар арқылы балалардың қалып, кескін және көлем деген ұғымдарды есте сақтауларына үлкен ықпал жасалады.
4-қадам. Ойындар.
«Тышқанға арналған ін» ойыны.
Тәрбиеші мен бала күрекпен үлкен шұңқыр қазады. Сонан соң ойыншықтарды шығарып, оны інге кіргізеді, баланы ін жасағаны үшін мадақтайды.
«Мен пісірдім» ойыны.
Бала құммен торт, бөлке нан және өзге де тағамдарды жасайды. Бұл үшін бала әртүрлі кескіндерді қолданып, жасаған нәрсенің бетін күрекпен тегістейді. Бөлкені бала қолмен де жасай алады. Ол пісірген бөлкесін тәрбиешіге сыйлайды.
Тәрбиеші балаларды құммен ойнату барысында сабаққа қойылатын мақсаттардың бәрін бекітіп, қайталатып отыруына болады. Бірақ құмдағы ойындар барысында балаларға көбірек ерік берілуі керек, ал тәрбиеші тек ұйымдастырушы болып қалуы қажет, өйткені тек осы жерде ғана бала өзін жайлы және қорғаныста сезінеді, себебі ол осы жерде өз қиыншылықтарын шешуге тырысады «өз-өзімен» сөйлесе алады.
Категория: Дошколенок | Добавил: Kairat
Просмотров: 2136 | Загрузок: 402 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-05-04, 8:33 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru