Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

«Ойлы болсаң, озып көр»
[ Скачать с сервера (54.5 Kb) ] 2013-03-02, 3:06 AM
Батыс Қазақстан облысы
Бөкей Ордасы ауданы
Хан Ордасы ауылы
Қарасу бастауыш мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Куспанова Мира Елеуқызы

Тақырыбы:
«Ойлы болсаң, озып көр»
Мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай білімге ынталандыру.
Түрі: Ойын сабақ
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану, орыс тілі
Барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Орындарына орналастыру, таныстыру.
ІІ. Сайыс кезеңдерімен таныстыру.
І. Кім көп біледі?(10 сұрақ)
ІІ. Математика патшалығы.
(логикалық есептер) (10 сұрақ)
ІІІ. Ата-салтың - халықтық қалпың.
(Салт-дәстүрге арналған сұрақтар) (5 сұрақ)
ІV. Полиглот (тіл өнері) (5 сұрақ)
І.Кезең «Кім көп біледі?» бұл бөлімде оқушыларға әр түрлі тақырыптағы он сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап10 ұпаймен бағаланады.

Таңғалдырар білімімен көрерменді.
Әрқайсысы бақтарын көрер енді,
Қанеки, өрендерім бастайықшы
«Кім көп біледі ?» деген бөлімімді.
1. Қазақша жыл басы не? (тышқан)
2. Көше қиылысындағы жол көрсететін бағдаршамның жүру белгісінің түсі қандай? (жасыл)
3. Аяз ата біздің елімізге қай уақытта келеді? (Жаңа жылда.)
4. Бұл қай ғимараттың суреті және ол кімнің атында?
(Б.Жаникешев атындағы ЖББОМ)
5. Қара алтын деген не? ( көмір)
6. Елтаңбаның авторлары кім?
(Шот-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
7. Қыста түсін өзгертпейтін ағаш(шырша)
8. Арал теңізіне құятын қос өзен? (Амудария,Сырдария)
9. Біз қандай баспа оқулығымен оқимыз? (Алматыкітап)
10. 7 мамыр қандай мереке? (Қ Р Қарулы күштері күні)

ІІ кезең « Математика патшалығы»
Бұл бөлімде 10 логикалық есеп беріледі.
Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Ойлану уақыты 30 секунд.
Қатыссаңдар көтерілер көңіл-күйің
Ойынның ойнайсыздар неше түрін
Логикалық есепті шеше білсең,
Мақсатқа жетеміз-ау бізде бүгін.
1. 2 себетке себет қанша болса, сонша қауын сыяды, Ал 8 қауынға қанша себет керек?
(8 себет)
2. Әйнекшіде 10 әйнек бар.Ол үш терезенің әрқайсысына екі-екіден әйнек салды.Басқа терезеге бір әйнек салды. Енді әйнекшіде неше әйнек қалды деп ойлайсыңдар?
(1 әйнек)
3.Балалар еңбек сабағында орындыққа 12 аяқ дайындады.Бұл неше орындыққа жетеді?
(3 орындық)
4. Бір қария 34 балмұздақ алған.Ол өзіне 4 балмұздақ қалдырып,әр біреуіне 6 балмұздақтан келетіндей етіп өз немерелеріне бөліп берді.Қарияда қанша немере бар?
(5 немере)
5. Егер әр қайыққа 3 адамнан алса, жағада 6 адам қалады. Ал 4 адамнан алса, жағада 3 адам қалады.Сонда қайық нешеу, адам нешеу?
(15 адам, 3 қайық)
6. Кез келген нәрсенің төрттен бір бөлігі көп пе, әлде жартысының екіден бір бөлігі көп пе?
(Бірдей немесе тең)
7. Тас жолдың бойындағы көрсеткіш тақта екі ауылға- Балталы мен Бағаналы ауылдарына баратын жолдың қашықтығын көрсетіп тұр.Жолаушы дұрыстап қарап екі жақтағы сандардың қосындысы 13 екенін байқады.Енді Байталы мен Бағаналы ауылының арақашықтығы қанша екенін тап.
(13км)
8. Қыздар үш- қара,сары және ақ мысықтарды қолдарына ұстап көтеріп тұр.Қыздардың есімдері мынадай: Қарақыз,Сарықыз,Аққыз.Бірақ бірде-бір қыз өзімен аттас мысықты ұстап тұрған жоқ.Аққыз қасындағы құрбысы ұстап тұрған қара мысыққа қарап тұр. Кім қандай мысық ұстап тұр?
(Сарықыз-қара мысық, Аққыз- сары мысық, Қарақыз-ақ мысық.)
9. Таяқшаның екі шеті бар. Бір шетін кескенде таяқшаның шеті нешеу болады?
(2шет)
10. Дуалдың астынан мысықтың 4 аяғы, тауықтың 2 аяғы көрінді.Дуалдың сыртында неше мысық,неше тауық бар?
(1 мысық, 1 тауық)

ІІІ кезең. «Ата салтың- халықтық қалпың»
Салт –дәстүрге байланысты 5 сұрақ қойылады.
1. Емдік қасиеті бар жылқы сүті қалай аталады?
(қымыз)
2. Көрімдік дегеніміз не?
(жаңа алған киімге немесе жас келінге берілетін ақша)
3. Сыңсу деген не?
(қыз ұзатылған кезде айтылатын ән)
4. Киіз үйдің қабырғасы қалай аталады?
5. Рамазан ай деген не?
(ораза айы)

ІV кезең. «Полиглот»
Бұл бөлімінде жұмбақ жасырылады. Жұмбақты шешіп, жауабын орыс тіліне аудару керек.
Өз тілін жетік біліп үйренсе кім,
Ең жақын құрбысы Жиреншенің.
Оқушылар сергітіп бірін-бірін
Шешендігін көрсетсін бүгінгі күн.
1. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады (қар- снег)
2. Өзі жерде бұғып тұрады,
Сақалы сыртқа шығып тұрады. (сәбіз-морковь)
3. Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай (әтеш- петух)
4. Тереземе ақ моншақ ұрып жатыр.
Тиген бетте түк қалмай сынып жатыр. (жаңбыр-дождь)
5. Қорықпайды күшті аңнан
Қорқады тек тышқаннан (піл-слон)

Қорытынды:
Марапаттау

Білімнің мініп алып тұлпарына
Қиналмай шықтық, міне, шыңдарына
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер
Бар ізгілік тек білімнен алынар
Білімменен аспанға жол салынар,- дей отырып, бүгінгі «Ойлы болсаң, озып көр» атты интелектуалдық сайысымызды аяқтаймыз.
Категория: Дошколенок | Добавил: Kairat
Просмотров: 2109 | Загрузок: 266 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-05-04, 8:12 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru