Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

пішініне қарап ата
[ Скачать с сервера (26.5 Kb) ] 2013-03-02, 3:45 PM
«Ертөстік» ІІ-кіші сәбилер тобының ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің технологиялық картасы:

Уақыты:14.12.2012.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімдері: «ҚМҰҚ»
Тақырыбы: «Пішініне қарап ата»
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың пішіндер туралы білімдерін толықтыру, оларды ажыратып атай білуге, айналадағы заттардың пішіндерінің ұқсастығын салыстыра отырып ажырата білуін және ой-өрісін жетілдіру.
Дамытушылық: Балалардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, өздігімен жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелік:Балаларды ұқыптылыққа және бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Дөңгелектер, үшбұрыштар, шаршы суреттері, алма муляжы, доп, кітап.
Сөздік жұмыс: пирамида, шаршы, шеңбер.
Қостілділік компоненті: үлкен-большой, кіші-маленький.

Әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
-қозғаушы -Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық.

-Балалар қолымыздан ұстап, шеңберге тұрайық. Кәнеки, көңіл-күйімізді көтеріп өзімізге шаттық тілейік.

Шаттық шеңбері: 06-04 «Б»№16

Сәлеметсіздер ме?.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

«Біз бақытты баламыз!»
Жылай қалсақ жұбанамыз,
Ақыл тыңдап тіл аламыз.
Біз бақытты баламыз,
Біз тәртіпті баламыз!

Іздену-барлау Ғажайып сәт.
Есік тарсылы естіледі.
-Балалар бізге біреу қонаққа келген сияқты.

Топқа қуыршақ Сәуле кіреді.
Қуыршақ Сәуле:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
-Мен сендерге түрлі-түсті пішіндер әкелдім.Жұмбағын шешуін тапсаңдар көрсетемін.

1.Атына сай балалар,
Үш бұрышы, үш жағы бар.
Ол пішінді кім табар?

Үшбұрыштың түсі қандай?

Менің қолымдағы үшбұрыштардың көлемдері қандай?

Дұрыс айтасыңдар, келесі жұмбақты шешейік.

2.Төрт бұрышы,
Төрт қабырғасы бар,
Бұл қай пішін?

Төртбұрыштың түсі қандай?

Төртбұрыш неге ұқсайды?

3.Допқа өзі ұқсайтын,
Ерекше бір пішін бар,
Атын оның атаңдар.

Түсі қандай екен?
Дөңгелек неге ұқсайды?

Балалар сендер түске байланысты қандай тақпақтар білесіңдер?

Ұлбосын.

Аяжан.

Гүлім.

-Балалар мына пішіндерден тақтаға үй құрастырайық.

Үйдің көлемдері қандай?
Балалар біз шаршадық жаттығу жасап бір серігіп алайық.
Сергіту сәті: 06-04 «Ә»№1.

-Балалар қуыршақ Сәуле бір нәрсе айтқысы келіп отыр.
Қуыршақ:
-Сендер үйді жақсы құрайды екенсіңдер, енді менің кішкентай күшігім бар еді, соған үйшік құрап бересіңдер ме?

-Ол үшін алдымен ойын ойнаймыз.

Ойын: «Өз жолыңмен өт». Балаларға пішіндер таратылады.
Қандай пішінді алса сол пішін көрсетілген жолмен жүріп үстелге үйшік жасауға керек.

-Балалар құраған үйшіктерің өте тамаша.

Сәлеметсің бе, қуыршақ- Сәуле?

Үшбұрыш

Көк үшбұрыш.

Үшбұрыштар үлкен және кіші.

Төртбұрыш

Қызыл төртбұрыш

Төртбұрыш есікке, терезеге, жастыққа, кітапқа ұқсайды.

Дөңгелек.

Сары түсті дөңгелек.
Дөңгелек допқа, күнге, алмаға ұқсайды.

Балалардың тақпақтары:
1.Қызыл гүлді теремін,
Көп қызық көремін.
Апама сәукеле
Гүлдерден өремін.
2.Көк байрақ-көк аспан,
Алтын күн нұр шашқан.
Әлемге танылған,
Тәуелсіз Қазақстан.
3.Ортақ таза ауамыз,
Ортақ сары күніміз.
Ортақ туған жеріміз,
Жердің қызы,ұлымыз.

Үй құрастырады.

Үйдің көлемдері үлкен-кіші.

«Он саусақ»
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ жол салсақ

Күшігіңе үйшік құрап береміз.

Балалар өз қолдарындағы пішіндер көрсетілген жолдармен жүріп үстелге үйшік құрауға келеді.
Балалар үстел үстіне пішіндерден үйшік құрастырады.

Балалар келген жолдарымен орындарына отырады.
Рефлексивті
қорытындылау -Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
-Сендерге не әкеліпті?

-Қандай тапсырма берді?

-Қуыршақ Сәуле неге көңілсіз, сендерге қандай өтініш айтты?

Балалар үйшікті қандай пішіндерден құрастырдыңдар?

Қане, бәріміз енді қонақтармен және қуыршақпен қоштасайық.

Бүгін бізге қонаққа қуыршақ Сәуле келді.
Бізге түрлі-түсті пішіндер әкеліпті.
Менің жұмбағымның шешуін тапсаңдар пішіндерді көрсетемін-деді.
Қуыршақ Сәуленің күшігінде үйшік жоқ екен, соған үйшік құрастырып беріңдерші –деді.

Үйшікті үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек пішіндерден құрастырдық.

Сау болыңыздар.

Күтілетін нәтиже:
Білуі және хабардар болуы: Әр заттың үлкен-кіші екенін, пішінімен, түсімен танысады.Салыстыру арқылы ажырата алуды үйренеді.
Қалыптасқан әдет: Пішіндерді атайды. Көлемдерін біледі.Ойынға белсене қатысады.
Істей біледі: Үй және үйшік құрастыра алады.
Толтырған: Нуржанова М.Ж.
Тексерді:
Категория: Дошколенок | Добавил: Мейрамгул
Просмотров: 3151 | Загрузок: 258 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-05-04, 10:08 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru