Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
2013-03-06, 10:57 AM | |
«Ертөстік» ІІ-ші кіші тобының ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты: 5.02.2013ж. Білім беру салалары: «Таным» Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: «Қуыршаққа киінуді, шешінуді үйретеміз» Мақсаты: Білімділік: Ойын арқылы балаларды өз беттерінше, киімдерін шеше алуларын, киіне алуларын үйрету. Дамытушылық: Балаларға тазалық жайлы, киімднрін ұқыпты дұрыс киюлері жайында түсіндіру. Тәрбиелік мәні: Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: қамқорлық, тазалық. Көрнекілік:Ұл балалар, қыз балалар киімі №8, №23 Құрал жабдық: Қуыршақ Қостілділік компоненті: қуыршақ-кукла, киіндіру-одевать. Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс әрекеті Мотивация-лық қозғаушы Ш.ш 06-04 «Б» « Достар» №28 Жыл мезгі туралы балаларға әңгіме айттқызу. Ғажайып сәт: Топқа Қуыршақ келеді. Достарды біз қолдаймыз, Қиын шақта қолдаймыз. Біздің топта ұл-қыздар, Тату –тәтті ойнаймыз. Қазір қыс мезгілі, адамдар өте жылы киімдерін киеді. Даларда қар жауып тұр, қардың түсі аппақ. Балалар қызығушылық танытады. Іздену-ұйымдастыу-шылық Сәлеметсің бе балақай сенің атың кім? Қуыршақ: Менің атым Айжан. Тәрбиеші: Айжан сен неге жуынбағансың? Балалар кір жүруге болама? Біздің топта кір жүретін балалар бар ма? Тәрбиеші:Кәне Айжан шешін біз сені жуындырайық. Айжан қыз шешініп киімдерін тастай салаыды. Тәрбиеші: Балалар біз шешінгенде киімдерімізді осылай жерге тастай саламыз ба? Бірінші аяқ киімімізді шешеміз, одан кейін шұлықтарымызды шешіп, орындыққа іліп қоямыз, одан кейін жейде көйлектерімізді шешеміз солай ма балалар. Ал енді Айжан қызымызды жуындырайық. Сергіту сәті: 06-04 «Ә» №10 Таза жүру керек, киімімізде таза киюіміз керек. Тамақтанар алдында міндетті түрде қолымызды сабындап жуу қажет. Киімдерімізді, шұлықтарымызды күнделікті ауыстырып тұру қажет. Тәрбиеші. Жуынып болғаннан кейін киімін әдемілеп киіндіреді. Ал ең бірінші не істейміз. Содан кейіе қай киімді киеміз. Сендер ретімен айтып отырыңдар, мен кигізіп отырайын. Айжан: менің енді ұйқым келді. Тәрбиеші онда Айжан қызымызды төсекке жатқызып қояйық ол ұйықтасын. Дұрыс айтасыңдар балалар сендерде ұйықтар алдында осылай өздерің шешініп, киімдеріңді әдемілеп жинап қойыңдар. Балаларға ұл балаларың киімімен, қыз балалардың кйімдерін көрсетіп таныстыру. Д.о «Кім жылдам» Балалар: Жоқ кір болуға болмайды. Ондай балалардың жоқ екенін айтады. Балалар зейін қойып тыңдайды. Жоқ, киімдерді жинап қою керек. Ия, барлық киімдерді орындыққа жинап қою керек. Балалар қуыршақты жуындыруға көмектеседі. Айгөлек-ау, айгөлек Айдың жүзі дөңгелек, Айдай толған кезімде, Би билеймін дөңгелеп. Тәрбиешінің айтқандарын тыңдап отырады. Сүлгімен сүртіндіреміз. Шұлықтарын кигіземіз, жейде көйлектерін киеді, аяқ киімін киеді. Балалар көрсетілген киімдерді қыздардыкі немесе ұлдардыкі екенін ажырата айтады. Рефлексивті-түзеуші Бізге кім келді? Айжан қызға біз не үйреттік? Сендер үйде киімдеріңді өздерің киіп , шешінгенде өздерің жинап қоясыңдар ма? Балалардың айтқандарын тыңдау. Бізіге Айжан қонаққа келді. Біз Айжанға қалай жуыну керек екенін, қалай шешіну керек екенін, киіну керек екенін айттық. Өз ойларын айтады. Күтілетін нәтиже: Білуі немесе хабардар болуы: Балалар қуыршақты шомылдыру,киіндіру арқылы тазалық жайлы хабардар болады. Қалыптасқан әдет: Балалар өз беттерінше ойларын қорытындылай 2-3 сөзбен айта алады. Істей білуі: Балалар ойынға белсене қатысады. Толтырған: Калифанова А.Т. Тексерді: | |
Просмотров: 1972 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|