Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНА РУХАНИ –ПАТРИОТТЫҚ САНА -СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Мақала
2013-04-08, 8:11 PM
Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік –білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілетін тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан – жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор. Жас жеткіншектердің тәрбиелі де білімді болып, еліміздің мақтанышына айналуына 2010 жылы өз жұмысын бастаған қаламыздың «Аружан» мектепке дейінгі шағын орталығының ұжымы «Баланың жеке тұлғалық рухани-адамгершілік қасиеттерін, бастапқы рухани-адамгершілік көз қарасы арқылы дамыту» бағыты бойынша өз үлесін қосуда. Мектепке дейінгі мекемеде балалар еркін дем алып, рухани патриоттық тұрғыдан білім алып, тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай құрылған 3 топта 84 бала тәрбиеленуде. Мекемедегі 11 педагогтің бала тәрбиесіндегі ізденістері, өз істеріне деген қызығушылықтары қуантады. Педагогтардың барлығы білімді, санаттары бар. Мамандардың басты мақсаты баланы даму әлеміне енгізу, баланың денсаулығын сақтау, нығайту, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау. Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ережелерінің жаңа стандартының бес білім саласының талаптарына сай, ата-бабамыздың асыл мұрасын, өнер мен өнегедегі үлгілерін бала бойына сіңіре отырып, жан – жақты тәрбиелеу мақсатында «Зерек бала» білім беру бағдарламасы негізінде жұмыс жүргізілуде. Осы бағдарламаны қолдану арқылы балалардың ерік - жігерінің қалыптасуына, өздігінен ізденуіне, жеке тұлға ретінде дамуына назар аударылады. Шағын орталық меңгерушісі Гүлнар Ташенқызы Смагулова осы мекемеде 24 жыл еңбек етуде. Еңбек өтілін тәрбиеші мамандығынан бастаған, балабақша әдіскері болып мол тәжірибе жинақтаған ол - ұрпақ тәрбиесін алдыңғы қатарға қоятын, үлгі болатын жігерлі, іскер маман.
Мектепке дейінгі мекемелерде кіші жастағы балалармен тәрбиешілер тақырыптық сабақтар өткізді. Еліміздің төл мерекелерін балабақшада ертеңгіліктер өткізіп тойлайды. Осы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттер, ертеңгіліктерді өткізуге тәрбиешілер, ата –аналар өз үлестерін қосады. Балаларды тәрбиелеуде балабақша мен мектептің, мұражайлардың, кітапханалар мен сабақтастығы дұрыс жолға қойылған. Сонымен қатар отбасымен ынтымақтастық жұмыстарын нығайту мақсатында ашық есік күндері, сауалнамалар, ертеңгіліктер, көрмелер, ойын - сауықтар өте қызықты да тартымды өтуі, ата –аналардың белсене қатысып,қызығушылық таныту жүргізілген жұмысымыздың нәтижесі деп есептейміз. Балабақша педагогтарының мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған әдістемелік құралдарына үлестерін қосады.
Халқымызда «баланы жастан» деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата – бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ патриот тәрбиелесек бұл еңбегіміздің жанғаны, қосқан үлкен үлесіміз.
Категория: Дошколенок | Добавил: Aimanka
Просмотров: 2822 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-05-05, 5:18 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru