Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Қыздар сұлу көрінер қылығымен
2013-04-11, 8:36 PM
«Семей қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
«№1 «Арман» ясли-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Құрастырған:Нұрқасова Ж.С.

"Қыздар сұлу көрінер қылығымен"
Мақсаты: Қыз балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қадірлеу, ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімдерге баулу, тәрбиелеу.
Жүргізуші1: Армысыздар, аяулы ұстаздар мен патша көңілді көрермендер. Бүгін біздің жауқазындай құлпырған әсем де сұлу қыздарымыз сіздердің алдарыңызда өнер көрсетуге келіп тұр.
Жүргізуші2: Армысыздар, "Балауса" тобының қыздарының қатысуымен "Қыздар сұлу көрінер қылығымен" атты сайысқа қош келдіңіздер!
Бүгін біздің "Арманда" дүбірлі той
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой, - деп сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші1: Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Әділқазы алқаларын сайлайық
Нақ аруды таңдап бүгін алуға
Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап бүлдіршіндердің өнеріне әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық!
1№ 1" Арман" ясли-бақшасының меңгерушісі
2№1"Арман" ясли- бақшасының әдіскері
3 №1" Арман" ясли- бақшасының әдіскері
Жүргізуші2: Олай болса сайыстың шарттарымен таныс болыңыздар!
1.Ата-тегім ардақтым ( Таныстыру)
2. Білгенге маржан ( Білім сайысы)
3. Өнерлі өрге жүзер( Өнер сайысы)
4. Сұлулық сыры ( Сән үлгісі)
Жүргізуші1: Ендеше ару қыздарымызды қарсы алыңыздар!
Бірінші қыз білімді
Меңгерген бар ілімді Даяна
Екінші қыз елгезек
Алады тез тіліңді Сымбат
Үшінші қыз мақпалдай
Ағарып таң атқандай Еркежан А
Төртінші қыз үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп Аружан
Бесінші Камилла шығады
Бұрымдары желбіреп
Алтыншы қыз Еркежан
Бойында жоқ бір міні
Жетінші қыз толғаны-ай
Айдай көркем болғаны-ай Дидем
Жүргізуші2: Бөлім. Ата- тегім -ардақтым
Өнер қуып арулар өтер деймін
Бір басына өнері жетер деймін
Бәске түскен жеті ару кезектесіп
Таныстырып өздерін өтер деймін.
( Бірінші арудан бастап өздерін таныстырады)
Жүргізуші1: Таныс болдық арулардың тегіменен
Туып-өскен мекені еліменен
Маған тартқан бәрі ақын көрінеді
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең
Жүргізуші2: 2. Бөлім. "Білгенге маржан"
Қыз сұлу көрінеді қылығымен
Жарыса төгілген қос бұрымымен
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы
Қыздар сұлу көрінер білімімен.

Ал, арулар, сайысқа қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай сын бар
Асығыңды ал қоржыннан қымсынбай кеп
Жауап берсең сұраққа , жарайсыңдар!
Сұрақтар:
1. Қандай мақал-мәтел білесіңдер?
2. Жеті қазынаны ата?
3. Ою түрлерін ата?
4. Үш биді ата?
5. Қандай жаңылтпаштар білесіңдер?
6.Шешендік сөздерді ата ?
7.Қандай санамақ білесіңдер?
Айдана мен Жанардың орындауында "Елігім-ау" әні
Жүргізуші1 :3 Бөлім. "Өнерлі өрге жүзер"
Қыз сұлу көрінеді өрмегімен
Жаныңа наз қылықпен келгенімен
Дарытқан бар асылды өз елінен
Қыздар сұлу көрінер өнерімен
Бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалайық
Сыған биі

"Қаражорға" биі
Өзбек халқының биі
Түрік халқының биі
Орыс халқының биі
Жапон халқының биі
Концерт номер.
Жүргізуші2. Ал,кімнің өнері бар қаншалықты.
Би билеп, ал біреуі ән салыпты .
Бүгінгі қыз сынында би билеуге
Ажар да аянбай-ақ жан салыпты.
Біздің аруларымыз дайын болғанша Ажар қызымыздың биін тамашалаңыздар!
4Бөлім "Сұлулық сыры"
Жүргізуші1:
Сымбатына сән киім жарасатын
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне көркі сай келіп тұрған
Аруларға қызығып қарасасың
Жүргізуші2: Алдарыңызда біздің сұлу қыздарымыз оң саусағынан бал тамған шебер апайлары Айдана Ерікқызының қолымен тігілген сән үлгісін ұсынады.
Ғажайыптар әлемінің Алисасы
Қар ханшайымы
Қазақ қызы
Жасмин ханшайымы
2012 сән үлгісі
Сүйкімді қалыңдық
Сайыс қорытынды:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші
Тобымыздың аруы деп жүрейікші
Әділқазы алқасына әділдікті
Ал, аруларға сәттілік тілейікші!
Қорытынды сөзді ясли-бақшасының меңгерушісі:
( Марапаттау рәсімі болады)
Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет!
Біздің шығармашылығымызға сенім артып, қолдау көрсеткені үшін Бақыт Әбілқасымқызына зор алғыс айтамыз!
Сайысты ұйымдастыру барысындағы өзінің біліктілігімен бөлісіп, ақыл- кеңес білдіргені үшін "Балауса" тобының тәрбиешісі Шериязданова Лаура Жумабековнаға үлкен алғыс айтамыз!
Сау- саламатта болыңыздар!
Категория: Дошколенок | Добавил: Nurkasova
Просмотров: 3642 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-05-05, 10:07 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru