Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

ашық ұйымдастырылған іс әрекет
2013-04-12, 1:28 PM
Білім беру саласы:Таным.
Бөлімдері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Ойыншықтар.
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға ойыншықтар туралы және ойыншықтардың неден жасалатыны жайлы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Ойыншықтарды сипаттай білуге, қандай ойыншық екенін айта алға, үйрету, тілдік қорларын дамыту.
Тәрбиелік мәні: Ойыешықтарды күтіп ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қатты пластмассадан жасалған- қуыршақ,
жұмсақ матадан жасалған – аю т.б ойыншықтар, резиналы заттан жасалған доп.
Сөздік жұмыс: Жұмсақ, пластмасса, резина.
Қостілділік компоненті. Жұмсақ-мягкий, пластмасса.
Тәрбиеші: Кәне балалар топқа қонақтар келіпті амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме апайлар!
Шаттық шеңбер:
-Армысыз қайылы күн!
-Армысыз қайырымда Аспан ата!
-Армысыз мейірімді жер ана!
Армысыз шұғылалы алтын күн,
Қайырлы таң,
Қайырлы күн,
Бәріміз күндей жарқырайық.
-Енді бәріміз бір –бірімізге жүрек жылуымызды айтайық. Балалардың қолында ойыншық жүрек.
-Айдос мен саған шын жүректен бақыт тілеймі!
-Арай мен саған жылы жүректен сәттілік тілеймін!
Әр бала өз тілектерін айтып шығады.
-Іші толған бөлменің,
Ойыншығы мол екен.
Босқа тізіп қоймайық,
Келе ғой достар ойнайық.(Қ. Мырзалиев)
-Балалар өлең не жайында айтылған?
-Өлең ойыншықтар жайлы айтылған.
-Балалар сендерге қандай ойыншықтар ұнайды?
Әр бала өзіне ұнайтын ойыншықтарын айтады.
-Балалар сендер осы айтқан ойыншықтарыңның қандай заттан жасалатынын білесіңдер ме?
Балалар ойланып қалады.
-Балалар бізге біреу келіп тұрған сияқты.
Ғажайып сәт:
Сыйқырлы қорап келеді.
-Ой балалар қараңдаршы мынау не?
-Бұл қорап.
-Бұл жай қорап емес, сыйқырлы қорап екен.
Қазір мен бір баланы атап шақырамын, сол бала сыйқырлы қораптың ішінен зат алып шығады және не екенін айтады.
-Балалар қуана келіседі.
-Арай келе ғой.
Арай сандықтың ішінен қолын салады.
-Арай сен не алып шықтың?
-Бұл доп.
-Дұрыс айтасың. Доптың пішіні қандай?
-Доптың пішіні дөңгелек.
-Түсі қандай?
-Түсі қызыл:
Өте жақсы. Ал балалар доп қандай заттан жасалғанын білеміз бе?
-Доп балалар резинадан жасалған, жұмсақ өте жеңіл ойнағанда қолымызға жұмсақ боып тиеді. Міне ұстап көріңдерші.
Әр балаға ұстатып көрсету. Балалар жұмсақ екенін айтады.
-Кәне қайталап айтайық доп резинадан жасалған, резина.
-Резина.
-Доп қандай заттан жасалған екен ?
-Доп резинадан жасалған.
-Әділжан кел.
-Әділжан сен қандай ойыншық алып шықтың?
-Бұл аю.
-Дұрыс айтасың Аю қайда өмір сүреді?
-Аю орманда өмір сүреді.
-Балалар аю ойыншықты ұстап көріңдерші, қолымызға ұстағанда қатты ма, жұмсақ па?
-Аю ойыншық жұмсақ.
-Аю доп сияқты резинадан жасалған ба?
-Резинадан жасалмаған, бірақ жұмсақ.
-Аю ойыншығы матадан жасалған екен. Кәне қайталайық жұмсақ мата.
-Жұмсақ мата. Аю жұмсақ матадан жасалған.
-Бағдаулет келе ғой.
-Бағдаулет сен қандай ойыншықтар алдың?
-Ыдыстар.
-Ал балалар енді мына ыдыстарды ұстап көріңдер, алдыңғы ойыншықтардан қандай айырмашылығы бар екен.
Балалар ұстап көріп бұл ойыншық қатты заттан жасалғаннын айтады.
-Дұрыс айтасыңдар бұл қатты плпстмассадан жасалған. Кәне қайталайық қатты пластмасса.
-Қатты пластмасса.
Сергіту сәті:
Оң қолымды алға,
Сол қолымды алға,
Біз билейміз- қуыршақпен ,
Алақай, алақай.
Оң айқты алға,
Сол аяқты алға,
Біз билейміз-қуыршақпен
Алақай, алақай,
Қорл слғады балақай.
Міне балалар енді сендер ойыншықтардың қандай заттан жасалатыны жайлы білдіңдер.
Д:о « Ойыншықтар көрмесі»
Ойын шарты:
Әр бала өзіне көзін жұмып бір ойыншық таңдап алады, оның қандай ойыншық, қандай заттан жасалғанын айтып әр ойыншықты топтайды.
Резиналы ойыншықты бір бөлек, жұмсақ матадан жасалған ойыншықтарды бір бөлек, пластмассадан жасалған ойыншықтарды бір бөлек қойып шығуы керек.

Дұрыс тауып айтқан балалаларды мақтау. Шатасып дұрыс айта алмаған балаларға көмектесу.

Қортынды :
-Сонымен балалар ойыншықтар қандай заттардан жасалады екен?
-Пластмассадан, резинадан, жұмсақ матадан.
-Балалар ойыншықтарды сындыруға болама?
-Жоқ, ойыншықтар ренжіп қалады, сындыруға болмайды.
Бүгінгі іс-әрекетіне белсене қатысп отырдыңдар. Бүгінгі танысқан заттардың аттарын ұмытпай күнделікті айтып жүрейік.
-Рақмет сендерге балалар!
Іс- әрекетімізді М. Әлімбаевтың «Ойыншықтар» өлеңін айтып аяқтайық .
Балалар қонақтармен қоштасады.
Категория: Дошколенок | Добавил: Alya8792
Просмотров: 1672 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-05-05, 0:00 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru