Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

ашық ұйымдастырылған іс әрекет
2013-04-12, 1:31 PM
«Ертөстік» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру салалары: «Әлеуметтік орта»
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: Үй жануарлары.
Мақсаты:
Б.М.суреттер бойынша әнгіме құрауға үйрету.
Д.М.Жануарлардың өзгешеліктеріне қарай бір-бірімен салыстыра білуқабілеттерін дамыту,балалардың сөздік қорын кеңейту.
Т.М.Үй жануарларының суреттері,олардың төлдері.
Көрнекілік: Үй жануарларының , күз мезгілінің суреттері.
Сөздік жұмыс: құлын,бұзау,қозы.
Қостілділік компоненті: Бұзау-, қозы-
-Балалар біздің топқа қонақтар келіпті амандасайық.
-Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты,
Қайырлы күн, қайырлы таң!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Ш.ш. «Жүректен -жүрекке»
Бір –біріне өз тілектерін айтады.
-Арайлам шашаң ұзын болып өһссін.
-Айлина саған денсаулық тілеймін.
-Бағдәулет сен өте ақылдысың........
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір жылдың күз мезгілі.
-Бір жылда неше мезгіл бар?
-Бір жылда төрт мезгіл бар.
-Мына сурет бойынша кім күз мезгілін әңгімелеп береді?
Айгеля.
Күз мезгілі. Күн салқындайды. Жапырақтар сары түске боялады. Адамдар жылы киімдер кие бастайды. Күз мезгілінде жаңбыр жиі жауады. Күзде жеміс тер піседі. Кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
-Өте жақсы айттың.
-Күз мезгілі туралы тақпақтар білеміз бе?
Диас.
Алма өрікті қамбаларға,
Толтырды әкеп Алтын күз,
Шәкірт болып парталарға,
Отырды кеп Алтын күз.

Азалия:
Бұлт болып Алатауға,
Байланыпты Алтын күз,
Дастарханға таба нанға,
Жиналыпты Алтын күз.
Өте жақсы рақмет балалар.
Бүгін қоршаған рорта іс-әрекетінде үй жануарлары мен олардың төлдері мен танысамыз.
Ғажайып сәт:
-Ой балалар қараңдаршы «Сыйқырлы қорапты»
Балалар таңдана қарап қалады.
-Балалар бұл сандықтың ішінде үй жануарлары жаттыр екен. Сендерге мен үй жануарлаыр жайлы таныстыра отырып әңгімелеп беремін сендер мұқият тыңдар .
-Мынау сиыр, жылқы, қой үй жануарлары..
Бұл жануарларды адамдар үйде асырайды.
Үй жануарларының пайдасы көп .Сиырдың сүтін ішеміз, май аламыз, етін жейміз
Жылқы бұрынғы кезде жылқыны көлік ретінде пайдаланған. Жылқыны мініп жүреді. Жылқының сүтін қымыз дейміз. Қымыз денсаулыққа пайдалы.
Ал мынау қой. Қойдың бойы кішкентай, оның да етін жейміз.
Жануарлардың баласын –төлдер деп атаймыз.
Сиырдың төлі- бұзау,
Жылқының төлі- құлын,
Қойдың төлі-қозы.
Кәне бәріміз қайталап айтайық.
-Сиырдың төлі- бұзау.
Жылқының төлі- құлын.
Қойдың төлі- қозы.
Үй жануарлардың тұратын жерін, үйін – қора деп атаймыз.
Үй жануарына ит пен мысық, шошқа да жатады. Ит пен мысықты да адамдар асырайды.
Сергіту сәті.
Кәне, достар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Д.о «Қай жануардың төлі»
Балалар сиырдың төлі қалай атаймыз?
Сиырдың төлін бұзау деиміз.
Жылқының төлі қалай аталады?
Жылқының төлі құлын.
Қойдың төлі бұзау ма?
Жоқ, қойдың тқлі қозы.
Балалар әр жануардың төлін өз жануарлардың қасына апарып қояды.
Дұрыс жауап беріп іс-әрекетке белсен қатысып отырған Арай, Әділжан, Даряна мадақталып отырады.
Екінші рет барлың жануарлар шатастырып қойылады. Балалар жануарлар мен төлдерін тауып дұрыс орналастырады.
-Балалар біз қандай жауарлар мен таныстық.
-Біз үй жануарларымен таныстық.
-Қандай үй жануарларымен таныстық?
-Сиыр, жылқы, қой, күшік, мысық.
-Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
-Үй жануары сиыр бізге сүт береді, сүтін ішеміз, етін жейміз. Сүтіннен айран, май жасаймыз.
-Жылқының сүтін қалай атаймыз?
-Жылқының сүтін қымыз дейміз. Қымыз денсаулыққа пайдалы.
Қозының енесін қалай айтамыз?
Қой деп атаймыз.
Қойдыңда пайдасы көп жүнінен киім тоқып киемі, еттін жейміз.
-Үй жануарларының үйін қалай атаймыз?
-Үй жануарлардың үйі қора деп аталады.
-Үй жануарлары не жейді?
-Үй жануарлары шөп, жем жейді.
-Кімдер қомқолық көрсетеді үй жануарларына?
-Үй жануарларына адамдар қамқорлық көрсетеді. Уақытымен шөп, жем дереді.
Қыста жылы қораға қамап қояды.
-Үй жануарларының балаларын қалай атаймыз?
-Үй жануарларының балаларын төлдер деп атаймыз.
-Жылқының төлі қалай аталады?
-Жылқының төлі құлын.
-Сиырдың төлі ше?
-Сиырдың төлі бұзау.
-Қойдың төлі ше?
-Қойдың төлі қозы.
Рақмет балалар сендер бүгінгі іс-әрекетіне белсене қатыстыңдар рақмет.
Қонақтармен қоштасайық.
Сау болыңыздар!

Пайдаланған әбебиеттер:
«Отбасы және балабақша» журналы.
Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы.
Құрастырушы-авторлар:
Т.М.Калашникова ,Г.Н. Новогренко, Н.И.Матвиенко, Г.Ю. Жигайло.Астана 2010
Категория: Дошколенок | Добавил: Alya8792
Просмотров: 2245 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-05-05, 2:49 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru