Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

ашық ұйымдастырылған іс әрекет
2013-04-12, 1:42 PM
«Ертөстік»ІІ-кіші сәбилер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы.
Уақыты: 29.03.13
Білім беру салалары: «Әлеметтік орта»
Бөлімдері: «Экология негіздері»
Тақырыбы: «Жабайы аңдар»
Мақсаты:
Білімділік: Жабайы аңдарды бір-бірінен ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету, балалардың қоршаған ортаны танып-білуге, табиғат байлығына қызығушылықтарын оятып, жабайы аңдар туралы мағлұмат алуларына ықпал ету.
Дамытушылық: Қоршаған орта мен адамдардың бір-бірімен тығыз байланыстылығын аңғарту.
Тәрбиелік: Жабайы аңдар туралы түсініктерін молайту, табиғатты аялай білуге, аңдарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Тордағы қасқыр, аю, түлкі, жұмсақ ойыншықтар, магнитті жабайы аңдар суретті
Сөздік жұмыс: Хайуанаттар бағы, тік құлақ, қауіпті, жыртқыш.
Қостілділік компоненті: Аңдар-звери, қасқыр-волк, түлкі-лиса.
Әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
-қозғаушы Психологиялық дайындық.
Балалар бүгін ерекше күн.
Біздің сабағымызға қатысу үшін қонақтар келіп отыр, қонақтармен сәлемдесейік.
Балалар мына өлеңді тыңдайықшы:
Ш.ш: 06-04 «Б»№1
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.

-Бұл өлеңде не туралы айтылған?
Қане, барлығымыз қайтадан қайталап жіберейікші.

Есік тарсылы естіліп, ішке қоян кіреді. Балалармен амандасады.
Қоян орманнан келгенін айтады.

Сәлеметсіздер ме, қош келдіңіздер!

Өлеңде табиғат жайлы айтылған.

Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.

Сәлеметсің бе қоян?
Іздену-барлау Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Қыз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
Қардың түсі қандай?

Балалар қыс туралы тақпақтар айтайық.

Балалар орман, табиғат дегеніміз не екен?
Ол-бізді қоршаған орта, табиғатсыз ешқандай тіршілік жоқ. Ол –барлық тіршілік иесінің ортақ үйі, табиғаттың бізге берер сыйы да көп.Олай болса бүгінгі іс-әрекетімізде осы табиғаттың тіршілік иелерінің бірі-жабайы аңдармен танысамыз.
Нелермен танысамыз?

Жабайы аңдар қайда болады?

Балалар біз орманға бару үшін алдымен аңдар жайлы жұмбақтар шешейік.

Өте жақсы.

Балалар сендер қандай көліктерді білесіңдер?
Олай болса біз көппіз автобусқа отырып барайық.
Орманға келдік.
Не көріп тұрмыз?

Мына талдың жанында не тұр?

Ал, мына қарағайдың артында не бар екен?
Балалар, адамдар осы аңдарды жақыннан көру үшін, танысу үшін хайуанаттар бағында да жабайы аңдар болады екен.Сол хайуанаттар бағына барғыларың келе ме?

Ендеше көлікпен хайуанаттар бағына барайық.
Біз қайда бара жатырмыз?

Хайуанаттар бағы дегеніміз-үлкен бақ. Онда тек жабайы аңдар ғана емес, жануарлар да, құстар да торда тұрады.
Біз осылардың ішінен өзіміз ертегілерден естіп жүрген аңдарды ғана көріп тамашалаймыз.
Хайуанаттар бағында аңдар қайда тұрады екен?

Оларды неге торда ұстайды?
Өйткені олар қауіпті жыртқыш аңдар.
Балалар тыңдайықшы: Нелердің дыбыстары естіліп жатыр екен?

Балалар қараңдаршы мынау қандай аң?
Қасқыр неге ұқсайды?
Бұл сұр түсті қасқыр, аяқтары ұзын екен, өте қауіпті.
Ол жануарлармен, құстармен қоректенеді.
Мынау қандай аң?
Қасқырдан үлкен бе, кіші ме?
Аюдың түсі қоңыр, икемсіз жыртқыш аң.Аюлар судан балық аулап жейді, құстарды аулап жейді және жидектермен қоректенеді. Аю қыс бойы ұйықтайды.
Ал, мынау қандай аң?
Түлкіні біз көбінесе мультсериалдардан, ертегілерден көреміз.

Түлкінің түсі тоқ сары, тұмсығы қара.
Түлкі неге ұқсайды?
Осы хайуанаттар бағындағы торда тұрған аңдарға осы бақта жұмыс істейтін адамдар тамақ береді.
Ал, ормандағы аңдар өздері аулап жейді.

Өте жақсы. Енді көлігімізге отырып орнымызға барайық.
Балалар біз қайда бардық?

Онда нені көрдік?
Аңдар туралы қандай тақпақтар, жұмбақтар білесіңдер?

Жандос:

Ералы:

Ақнұр:

Ұлбосын:

Балалар шаршадыңдар ма?

Олай болса сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті:
06-04 «Ә»№3
«Ұзын құлақ сұр қоян»

Қазір жылдың қыс мезгілі.

Далада қар жауды.
Қардың түсі ақ.

1.Қонақтайды бақтарға,
Ақ көбелек, ақ мамық
Аунап таза ақ қарға,
Балалар жүр мақтанып.
2. Тазарып бар кір шаңнан,
Қыс өнерін бастады.
Терезеге қыраудан,
Сурет салып тастады.

Балалар мұқият тыңдайды.

Жабайы аңдармен танысамыз.

Орманда болады.

Өзі айлакер, өзі қу,
Жүрген жері у да шу. (түлкі)

Асты тас, үсті тас,
Ортасында шандыр бас. (Тасбақа)

Төрт аяғы бар,
Екі көзі бар
Тышқанға ұқсайды,
Арқасында инесі бар. (кірпі)

Машина , автобус, кран, самолет, қайық.т.б.

Талдар, су, құстарды көріп тұрмыз.
Талдың жанында қоян тұр.
Қоянның құлағы ұзын, екі көзі бар.
Қарағайдың артында түлкі мен аю тұр.

Хайуанаттар бағына барғымыз келеді.

Бум-бум, бум-бум.

Біз хайуанаттар бағына бара жатырмыз.

Хайуанаттар бағында жабайы аңдар торда тұрады.

Құстардың, басқа аңдардың дауыстары естіліп жатыр.

Бұл қасқыр.
Қасқыр итке ұқсайды.

Бұл аю.
Аю қасқырдан үлкен.

Бұл түлкі.

Түлкі итке, қасқырға ұқсайды.

Балалар қатарласып орындарына барады.
Хайуанаттар бағына бардық.

Жабайы аңдарды көрдік.
Балалар тақпақтары:

1.Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық

2.Мен аюмын , аюмын,
Орманда мен тұрамын.
Қыс мезгілі келгенде,
Қар астында ұйықтаймын.

3.Мен түлкімін, түлкімін,
Мен айлакер түлкімін.
Қулығымды асырып,
Қуанып мен жүремін.

4.Ақ қоян-ау, ақ қоян,
Үркек қоян , сақ қоян.
Қаша берсең қалыңға,
Қорқағым деп ат қоям.

Біз шаршадық.

Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына ,
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.

Рефлексивті
қорытындылау
Балалар бүгін бізге кім қонаққа келді?

Қоян қайдан келді?

Орманда нелер бар?

Жабайы аңдарды неге торда ұстайды?

Қоянмен қоштасайық.

Бүгін қоян қонаққа келді.

Қоян орманнан келді.

Орманда жабайы аңдар бар.

Жабайы аңдармен жақынырақ танысу үшін оларды торда ұстайды, өйткені олар қауіпті.
Сау бол қоян.

Күтілетін нәтиже:
Білуі және хабардар болуы: Балалар жабайы аңдар тіршілігі жайлы үйренеді. Олардың аттарын білетін болады.
Қалыптасқан әдет: Ойынға қызығушылық танытады.Тәрбиешінің әңгімесіне сұрақ қоя алады .
Істей біледі: Балалар өз ойларын толық жеткізе алады.Сұраққа жауап береді. Толтырған: Калифанова А.Т.
Тексерді:
Категория: Дошколенок | Добавил: Alya8792
Просмотров: 2808 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-04-29, 10:04 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru