Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

кеңес
2013-04-12, 1:46 PM
Жалпы білім беру жүйесінің алғашқы сатысы болып есептелетін мектепке дейінгі мекемелерде мектеп жасына дейінгі баланың дүниетанымы,санасы,зердесі,тілінің дамуы,сөздік қорының молаюы,сөзге қызығушылығын жедел қалыптасатыны ғылымда дәлелдеген.Әр халықтың ұлттық дәстүрінің,сана сезімінің,сөйлеу,ойлау тілінің,мінез-құлқының,мәдениеті мен әдебиетінің айрықша белгілері тіл арқылы бейнеленеді.Сондықтан баланы дұрыс сөйлей білуге үйретудің маңызы зор.Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.Бұл кезеңде баланың қалыпты дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным мен іскерлігі артады.Соңғы кезде балалар арасында сөйлеу тілінің бұзылуы жиі кездесетін құбылысқа айналып барады.Сөйлеу тілі бұзылған баланың белсенді қозғалуына жетіспеушіліктер,соның ішінде саусақтың ұсақ моторикаларында ауытқушылықтар байқалады.Қолдың ұсақ мотрикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады.Балалардың дыбысты дұрыс айтуын түзеу жұмыстары ,оның жеке тұлғалық белгілерін психолог,логопед мамандармен бірлесе отырып анықтап алу қажет.Кейбір балалардың сөйлеу тілінің бұзылуымен қатар,психологиялық ауытқушылықтар болатына да назар аудару қажет.Балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке қабілетін ескере отырып,жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін ойындар мен тапсырмалар беріп отыру қажет.Ойын жаттығулары балаларға қызықты,тартымды болуы тиіс.
Баланың тілін дамытуда сөйлеу басты рөл атқарады.Сөйлеудің негізгі және басты өлшемі қарым-қатынас құралы ретінде коммуникативтік қызымет атқарады.Бала әлеуметтік қарым-қатынасқа түсуде ақпарат алысады.Тілдің коммуникативтік қызыметінің бұл аспектілерін мектеп жасына дейінгі балалар белсенді меңгереді.Дәл осы тілдік қызымет баланың тілді меңгеруіне ықпал етіп,фонетика,лексика,граматикалық тұрғыда дұрыс сөйлеуі мен диалогтық сөйлеуді игереді.
Тіл дамытудың негізгі міндеттерінің бірі-балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі.Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып,олардың айналасындағы заттармен таныстырып,оның атын атай
білуге,қасиеті мен сапасы,түр-түсін және пішінін ажырата білуге,өмірдегі қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым,түсініктерін дамыта отырып,белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын , тапсырма жаттығулардың орны ерекше.Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп,таным белсенділігінің дамуына жол ашады.Балаларды тіл мәдениетіне тәрбиелеу,сөздік қорды дамыту жұмыстары бақылау,заттарды қарау,жұмбақ шешу және құрастыру,саяхат,ойын барысында дамытылады.Кішкентай сәбилер сөз ішіндегі кейбір дыбыстарды айтуға қиналады.Кейде бала аталған дыбыстарды жекелей дұрыс айтады да,сөз ішінде тіркес қолданады.Бала тіліндегі дыбыстық кемшіліктер мына түрде кездеседі:сөз ішінде дыбысты дұрыс айтпау,дыбысты алмастыру(қолғап-қолбақ,орамал-омарал,т.б).Дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру жұмыстарын басқа сабақтарда да(шығарма оқу,дидактикалық ойын,бақылау)мазмұнына қарай жүргізуге болады.Бала оқу жылы ішінде бағдарламада көрсетілген дыбыстарды түгелдей дұрыс айтып үйренуі тиіс.
Жоғарыда аталған тіл кемшіліктерін түзету үшін ең алдымен баланың айтуына қиын р,ш,з,с,ж,т,қ,ғ дыбыстары жиі кездесетін сөздерді тыңдата отырып,оның есту қабілетін дамыту,сөздің дыбысталу ерекшелігіне төселдіру.Соңынан осы дыбыстарды жекелеп айтып,сөйлеу мүшелерін дұрыс қоя білуге үйрету,көрсетіп жаттықтыру қажет.Мысалы: «Ш» дыбысын айтқанда ерін алға сәл сүйірленіп,тілдің ұшы тілден алыстап,артқы көмейге қарай жиырылыды.Іштен жылы ауа шыққаны байқалады. «Ж»дыбысы да «Ш»сияқты айтылады. «С» дыбысын айтқанда ерін ғана шығып,тіл астыңғы тістің түбіне таяу тіреліп,салқын ауа білінеді. «З» дыбысы«С»дыбысы сияқты айтылады.Мұндағы ерекшелік-аздаған үн қатысы бар.Осылайша балаларға жеке дыбыстарды айтқыза отырып,ойын әдісін түрлендіре,сөйлеу аппаратын дұрыс қолдануға үйрету қажет.Мұндайда ойын мен көрнекілік әдісті баланың көру,тыңдау қабілетін дамытуға қатар қолдануға болады.Ең алдымен ойыншықтарды көрсетіп,олардың атын айқвзу,дауысты дыбыстар жиі қолданылатын сөздерді қатыстыра отырып үйрету қажет.
.Ойын үстінде айтуға қиын дыбыстардың жиі қолданылуына көңіл бөлу керекМұндай хормен айтқызу әдісін жекелей айтқызумен қайталап жалғастырудың орны бөлек.Дыбысты дұрыс айтуға үйрету үстіне қозғалмалы ойын әдісі тиімді емес.Өйткені балалардың зейіні ойын әрекетіне ауады да,дыбыстарды дұрыс айтуға жаттығу назардан тыс қалады.Естияр балалар тіліндегі бірінші ерекшелік-сөздің дыбысталу жағын дұрыс айтуға қабілеті бола бастайды.Олардың фонетикалық естіу сезімі жетіле түседі.Бұл жағдай жеке сөздердің дыбыстық жағын дұрыс айтуына негіз болады.Екінші ерекшелігі-олар өзінің сөйлеу тіліндегімүкістікті байқамайды,сөздерді дұрыс қолдану керектігін ескермейді,артикуляциялық аппараттары дыбыстау жағынан әлі толық жетілмегендіктен кейбір дыбыстарды қате айтады.Сондықтан оларды сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға жаттықтыру жұмысы-тіл дамыту ісінің негізгі бір бөлігі болып табылады.Өзім жұмыс істейтін топтағы балалардың сөйлеу дәрежесін,сөз қолдану ерекшелігін бақылап,күнделік жүргізіп отырамын.Бұл жұмыс балабақшаға алғаш келген күннен басталады.Сабақ үстінде,сабақтан тыс уақыттарда түрлі суреттер мен ойыншықтарды пайдалана отырып,әр баламен жекесөйлесіп,сөйлеу дағдысыдағы жетістік, кемшіліктері байқалып отырады.Баланың тілі мүкістігін түзету үшін өтілетін сабақтар бір мазмұнды және бірнеше бөлімнен құралады.Сабақтың бірінші бөлімінде үйрету мақсаты қойылады.Мысалы: «Бүгін (Р) дыбысын дұрыс айтып үйренеміз»-деп,сонан соң,жеке дыбыстарды айтқанда сөйлеу мүшелерінің қандай жағдайда болатынын көрсетеді.Оқу іс-әрекетінің екінші бөлімінде сол дыбыс қатысатын сөздерді айтқызып жаттықтырады.Тәрбиеші өзі бірнеше суретті(Р немесе Л дыбысы қатысатын)көрсетеді,балалар ондағы заттарды айтады.Балаларға өз ойларынан бірнеше мысал айту ұсынылады.Олар жауап береді.Сабақ соңында сол дыбыстар қатысатын өлең,тақпақ не жаңылпаш оқылады.Жаңылпаш жаттығулар арқылы «Р» дыбысына тілі келіп сөзді мүдірмей айтуға үйренген баланың қуанышы қойнына симай,өмірдің өткелінен өткендей әсер алады.
3-4 жасқа дейінгі балалардың суретті кітаптарды қызыға қарайтыны белгілі.Сондықтан оларға суретті айқын кітапшаларды көрсетіп,мазмұнын айтып беру ыңғайлы.Бұл жастағы сәбилерге оқиғасы сәтті аяқталатын,қорқыныш сезімін тудырмайтын халық ауыз әдебиеті нұсқауларын жатқа айтып беріп,ойната тыңдау тиімді.Көркем әдебиет арқылы бала тілін дамытуда тек қана ертегіні оқып беріп қан қоймай,ертегіні рөлдерге бөліп сахналату бала тілін дамытуға зор ықпалын тигізеді.Балабақшада тағы бір жүргізілетін жұмыстың түрі-санамақтар.Санамақтарды халық негізінен балаға сан үйрету мақсатымен шығарған.Санамақтар әрі сан үйретеді,әрі дүние танытады,баланың қисынды ойлауымен математикалық ойлау қабілетін дамытады.Сәби тілін дамытуда мақал-мәтелдердің де алатын орны ерекше.Балаға айтатын ақыл өсиет,өнеге,әсерлі әрі ойда қалатындай мәнді болуы керек.Тіл дамытуға көркем әдебиеттүрлерін орынды пайдалана білетін тәрбиеші баланың түсінігін кеңеитіп,ұғымын байытады.
Балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту ісінің бір ерекшелігі көрнекіліксіз іске аспайды.Сондықтанда әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде көрнекілік ті басшылыққа ала отырып еңбек етемін.Біздің балаларымыз бақытты болуға лайықты.Бұл тек қана баланың жеке тұлға ретінде дамуына қажетті жағдай туғызғанда ғана мүмкін болмақ.
Категория: Дошколенок | Добавил: Alya8792
Просмотров: 2771 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-04-29, 7:21 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru