Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

«Көңіл – күйлер қаласындағы көктем».
[ Скачать с сервера (54.0 Kb) ] 2013-04-26, 1:11 PM
Орал облысы
Жәнібек ауданы
«Жәнібек балалар бақшасы»
Набиева Толқын
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Топ: Ортаңғы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Көңіл – күйлер қаласындағы көктем».
Мақсаты: Музыкалық қызметтің сан алуан түрлерін пайдаланумен балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: әртүрлі көңіл – күйлерді білдіретін суреттер, ойынға арналған карточкалар, гүлдер

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы

Іздену-ұйымдастырушы

Рефлексивті коррекциялаушы


- Балалар, бүгін бізде әдеттен тыс сабақ, бізге Көңіл – күйлер қаласының тұрғындарынан хат келді. Олар қиындыққа тап болыпты. Жайласып отырыңдар, мен сендерге бәрін айтып беремін.
- Бұл қалада біз сияқты тұрғындар тұрады. Олар да біздер сияқты көңіл көтере және мұңдана, күле және жылай, ашулана және таңдана біледі. Алайда кенеттен олардың қаласына ашулы сиқыршы келіпті, ол қара бұлттарды қуып әкелді, қатты жауын жауып, тұрғындардың жүздерінен көңілділік пен мұңды, үрей мен таңдануды жуып кетті, Көңіл-күйлер қаласы тұрғындарының жүздері сүреңсіз, түссіз жүздерге айналды.Міне, дәл қазіргідей

(сахнаға назар аударылады).
-Қала тұрғындары бізден бұл ашулы сиқыршыны қуу мен өздеріне сезімдерін, көңіл-күйлерін, күйзелістерін қайтару үшін көмек беруімізді өтініп отыр. Оларға көмектесеміз бе, балалар?
-Біз үшін көмекші – музыка болады, өйткені ол сезімдерді, көңіл-күйлерді, күйзелістерді бәрінен де жақсы бере алады.
Енді мына музыканы тыңдап, қандай көңіл-күй білдіріп тұрғанын анықтайық.

«Қуырмаш» әні (Көңіл-күй көңілді, сергек, ойнақы).

-Сонымен, біз көңілді әнмен көктемгі орманға да келіп жеттік.
-Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?.

- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Енді орнымыздан тұрып, орманда демалып, денемізді шынықтырып алайық.
Көктемгі орманға біз кірдік.
Айналамыз қандай керемет!
Ақ қайың тұр жайқалып,
Жасыл шырша қарап тұр.
Міне қоян да өтті секектеп.

Қашқан еді ол түлкіден.
Ал қасқырың жүр кезіп,
Ол тамағын жүр іздеп.
Жасырынамыз қазір бәріміз,
Сонда ол бізді таппайды,
Орманда қандай тамаша!

-Балалар енді біздер көктем мезгілінің тағы бір ерекшелігін білеміз.
Дұрыс айтасыңдар Балалар .жаңбырдың екі түрі болады. Ол жай жаңбыр, қатты жаңбыр. Енді бәріміз ойын ойнайық.
Ойын: «Қандай жаңбыр?».

- Ой, жарайсыңдар. Енді осы жаңбырға арнап ,бүгін «Жаңбыр» әнін үйренейік.
1.Жаңбыр, жаңбыр шулама,
Кап – кап – кап.
Сұрайды балалар,
Кап – кап – кап..
Біз ұйықтауға кеткенде,
Кап – кап – кап.
Сонда қайта жауасың,
Кап – кап – кап.
- Ән сендерге ұнады ма, балалар?
- Ән не туралы айтылған?
- Жаңбырдың неше түрі бар?
- Қандай?
Дұрыс айтасыңдар. Балалар сендер көктем мезгілінде алғаш шығатын гүлді білесіңдер ме?
Өте дұрыс. Енді осы бәйшешек гүлімен музыкалық – ырғақтық қозғалыстар жасайық.

Музыкалық – ырғақтық қозғалыс: «Бәйшешек».
- Балалар, көрдіңдер ме, біз қаланың барлық тұрғындарына көңіл – күйлерін қайтардық! Сендер көңіл – күйлер қаласының тұрғындарына өз көмектеріңді көрсеттіңдер. Сендерге рахмет балалар.
(Сабаққа жақсы қатысқан балаларға күннің суреті бейнеленген алқаны тапсыру).



Мұңды музыканы тыңдайды.

Иә

Балалар әнді тыңдайды.

-Айналамыз жасыл түске боянады.
-Құстар ән салады.
-Күн жылынады.
-Теректердің бұтақтары бүршік жарады.
-Бәйшешектер шығады.

Балалар үлкен шеңбер болып тұрады.
Бір орында жүру.
Бұрылулар.
Қайыңға қарау.
Шыршаға қарау.
Қоянша секіру.
Бір орында жүгіру.
Қасқырша жүру.

Отырып-тұру.
Орындарына жүгіріп, отырады.

Жаңбыр жауады.

«Қатты жаңбыр» дегенде қатты, «жай жаңбыр» дегенде жайлап шапалақтайды.


Ия, ұнады.
Жаңбыр.
Екі.
Жай, қатты.

Бәйшешек.

Балалар қуанып, шаттанады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Музыканы тыңдап, ол қандай көңіл - күйді білдіретінін
Меңгеруі: Музыкалық қызметтің сан алуан түрлерін пайдаланумен эмоциялардың түрлерін ажырату
Жасай алу:Музыкалық ырғақты-қимыл-қозғалыстарды
Категория: Дошколенок | Добавил: Arman
Просмотров: 2090 | Загрузок: 165 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-04-29, 3:24 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru