Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Үй құстарына қамқорлық
2013-05-15, 12:57 PM
Сабақтың тақырыбы: Үй құстарына қамқорлық
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың үй құстары жайлы алған білімдерін бекітіп, қорыту.
Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеуге үйрету, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрсету,
Практикалық көрнекіліктер: үй құстарының суреттері, ойыншықтар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды жарты шеңбер жасап отырғызу. Назарларын ортаға аудару.
- Балалар, қандай үй құстарын білесіңдер? (балалардың жауабы)
Тәрбиеші балаларға үй құстарының суреттерін көрсетіп әңгімелетеді.
- Мынау не?
- Ол тауық
- Мынау не?
- Ол әтеш
- Мынау не?
- Ол балапан т.б.
- Ал балалар, қараңдаршы тауық қандай?
- Тауық үлкен
- Ал балапан ше?
- Балапан кішкентай
- Жарайсыңдар, балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырайын., мұқият тыңдаңдар
Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап.
Ол не?
(қаз)
- Дұрыс айтасыңдар. Қане, маған кім ойыншық қазды көрсетеді?

Айдалада ақ отау
Аузы-мұрны жоқ отау
Бұл не?
(жұмыртқа)
Дұрыс айтасыңдар. Қане маған ойыншық жұмыртқаны көрсетіңдерші.
- Ал енді балалар, сендер білесіңдер ме, осы үй құстары қалай дыбыстайтындарын?
- Қаз қалай дыбыстайды?
- ға-ға-ға деп дыбыстайды
- Үйрек қалай дыбыстайды?
- Кіре-кіре-кіре
- Әтеш қалай дыбыстайды?
- Ку-ка-ре-ку
- Тауық ше?
- Қыт-қыт-қыт
- Ал балапандар?
- Шиқ-шиқ-шиқ деп дыбыстайды
- Жарайсыңдар балалар.
- Балалар, осы үй құстарының бізге қандай пайдасы бар?
- Жұмыртқа береді
- Мамық жүнінен жастық жасайды.
- Жарайсыңдар, балалар!
- Ал біз қандай қамқорлық жасаймыз?
- Қыста жылы қорада ұстаймыз
- Жем шашамыз
- Су береміз (сурет бойынша әңгіме)
- Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар.
- Енді орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті: Сенің атың балапан,
Менің атым балақан.
Балапандар шоқуда,
Балапандар оқуда.
- Орындарыңа отыра қойыңдар. Енді балалар бір ойын ойнайық. Бұл ойын “Анасын табуға көмектесейік” – деп аталады.
- Балалар, қаз бен тауық балапандарын ертіп серуенге шықса, балапандары ойнап жүріп адасып кетіпті. Енді шиқылдап аналарын іздеп таба алмай жүр. Сендер балапандарға көмектесіңдер.
Балаларға қаздың, тауықтың балапандарының суреттерін таратып беру. Балалар кезек-кезек шығып қолдарындағы ненің балапандары екенін айтып магнитті тақтадағы қаз бен тауықтың қасына балапандарын жапсырады.
- Жарайсыңдар, балалар, сендер өте мейірімді екенсіңдер, балапандарға аналарын табуға көмектестіңдер. Сендерге рахмет айтып жатыр. Осы кезде есік қағылады.
- Балалар, есік қағып тұрған сияқты мен қарап келейін.
- Балалар, қараңдаршы мейірімді күн сендерді биіктен көріп риза болыпты. Сендерге мына дорбаны беріп жіберіпті, ішінде не бар екен?
Дорбаның ішінен күн бейнеленген алқа шығады. Барлық балалардың мойнына тағып, сендер де осы күн сияқты бір-біріңе жылу, мейірім беріңдер деп тәрбиеші сабақты аяқтайды.
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota | Теги: Птицы, ознакомление с окружающим миром, занятие
Просмотров: 2155 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-05-06, 6:03 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru