Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

«Аналарға мың алғыс!»
2013-05-17, 12:55 PM
«№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК тәрбиешісі
Шидерова Жадыра Үсенқызы

Ойын – сауық сценарийі
«Аналарға мың алғыс!»
Музыка әуенімен залға әдемі киінген балалар кіреді.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, сүйкімді аналарымыз, ақ жаулықты әжелеріміз, әріптестер, бүгінгі «Айналайын, ақ мамам» деген ойын-сауықты тамашалауға шақырамыз.
Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі аналар,
Ана деп бас иеді бүкіл халық.
Балалардың орындауында «Көктем» әнін қабыл алыңыздар!
«Көктем» әні
Жүргізуші: 8 наурыз – аналар мейрамы. Көктемгі айдың бірінші үлкен мерекесі. Халқымызда «Жан қысылса – жақынын табады» - деген сөз бар: адам баласы қуанса да, қиналса да, ауызға алар бір сөзі бар. Ол – ана. Ана деген ардақты ат.
Бүгін наурыздың – сегізі.
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз – адамның
Анаға айтар лебізі.
1. Ана – біздің күніміз,
Ана – біздің гүліміз.
Ұланды ана қуантып,
Ұзақ өмір сүрініз.
2. Мамам менің, ақ мамам,
Менсіз таңы атпаған.
Менсіз күні батпаған,
Құтты болсын мерекең!
3. Әлпештеген баласын,
Ана бақыт, ана күн,
Әркім сүйіп өзінің
Мақтап етер анасын.
4. Айналайын, анашым,
Жұмысына барасың.
Қайтып мені көргенше
Шын сағынып қаласың.
5. Еркелесем күлімдейді,
Ұрысқаны білімбейді.
Маңдайымнан искеп менің
«Қулыншағым, күнім» - дейді.

Жүргізуші: Аналарымызға арналған әнімізді қабыл алыңыздар!
«Айналайын, мама» әні

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар, аналарымызды құттықтадық, қане ойланайықшы біз бірденені ұмытып барамыз. Мен не туралы айтып тұрмын?
Балалар: Сыйлық.
Жүргізуші: Дұрыс, сыйлық! Біз аналарымызға сыйлыққа не дайындадық?
Балалар: Би.
Жүргізуші: Иә! Олай болса:
Аналарға гүл жинайық,
Әжелерге жыр сыйлайық.
Мерекенің қарсаңында
Би билеп қарсы алайық!
- Қыздарымыздың орындауында «Ленталармен» би.
Жүргізуші: Келді ойын кезегі,
Шықсын балалар ойнауға!
Ойын: «Құмыраға гүл жинау»
Жүргізуші: Көптен күткен кез келді,
Мерекеміз тез келді.
Балалар да мәз болып,
Қуантады біздерді.
- Ал, ендеше құрметті қонақтар, сіздердің назарларыңызға Айлиннің орындауында көңілді ән.
«Асыл анам, ақ әжем» әні

Жүргізуші: Мерекеміз сіздер үшін, құрметті аналар, әжелер! Сиқырзсыз бір де мереке өтпейді, пердені ашып қарайықшы кім бізге келіп қалды? (перде ашылады) Алақай, ол тауық анасы балапандарымен екен ғой!
«Балапандар» биі
6. Сыйлаған маған өмірді,
Анашым менің саялы.
Жүрегі жұмсақ көңілді,
Күн шуақты саялы.
7. Адал бол деп, балдырған,
Әділдікке баулаған.
Жүрегінде – махаббат,
Тілегінде – марқабат.
Анамызға мың алғыс.
8. Ана – біздің гүліміз,
Ана – біздің нұрымыз.
9. Ана – өмір шырағы,
Ана – өмір бұлағы.
10. Анашым, аннам,
Ризамын саған.
Тіліңді алам,
Ақылды болам.
Жүргізуші: «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады, құрметті әжелер.
11. Бала, бала, бала деп,
Мені өсірген анашым
Қанат бітіп ұшамын,
Гүлге толсын қушағың.
12. Күлімдеген көзінен,
Күн мейірімі сезілген.
Бұл жалғанда балаға,
Жақсы жан жоқ өзінен.
13. Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол, нұр әжем,
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман есен жүр әжем.
14. Алтын апам ол менің,
Мені жақсы көреді.
Үйретеді өлеңін,
Ертегі айтып береді.
15. Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамымен қуттықтайым!
16. Анашым, аннам,
Ыстықсын маған.
Тәрбие бердің,
Көп алғыс саған.
17. Ақ қабатты мамашым,
Күн сәулелі анашым,
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Жүргізуші: Ұқсамайды кәріге
Әжем менің әліде.
Шай қайнатып береді
Біздің үйдің бәріне.
Біз ойнаймыз, ойнаймыз
Ойынға біз тоймаймыз
«Әжелерге тез жет» ойыны.

Жүргізуші: Баршамызға арналған келесі әнімізді қабыл алыңыздар!
«Балапан» әні

Жүргізуші: Осымен аналарға арналған ойын-сауығымыз аяқталды. Құрметті әжелер, апайлар, әріптестер, аяулы аналар! Сіздерді тағы да көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймыз!
Балалар: Құттықтаймыз!
Жүргізуші: Келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар!
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota | Теги: мам, праздник, 8 марта
Просмотров: 2659 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-05-03, 3:40 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru