Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Жаңа жылдық кеш
2013-05-17, 1:19 PM
«№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК тәрбиешісі Семей қаласы
Басанбаева Динара Замашевна
Жаңа жылдық кеш
Музыка әуенімен Қызыл телпек залға кіреді.
Қызыл телпек: Армысыздар ата-аналар, қонақтар!
Көптен күткен жаңа жыл мерекесіде келіп жетті.
Мен Қызыл телпекпін, апамды жаңа жылмен құттықтауға бара жатырмын. Міне бәлішіммен сары майым. Бірақ апманың үйі алыс, мен достарымды шақырайын, біз ән шырқап, би-билеп, ойын ойнап тез жетеміз.(Музыка әуенімен балалар кіреді.)
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтамын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Ән: «Аппақ қар»
Қызыл телпек: Жаңа жылдық мерекеге арналған тақпақтарды қабыл алыңыздар.
1 бала
Тілеймін мен бар адамға,
Жаңа бақыт, жаңа жыл.
Әке,шеше,аға,апа,
Құтты болсын жаңа жыл.
2 бала
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын –жарқын ән салып,
Жалғасады жырғы жыр.

3 бала
Жасыл шырша жанында
Қол ұстасып тұрайық.
Өлең айтып, би билеп,
Мерекені тойлайық.
4 бала
Жасыл шырша жанында
Айна ойнап ән салам.
Өзіміздің бақшада
Жаңа жылды қарсы алам.
5 бала
Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрінде.
6 бала
Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанады жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
7 бала
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Кел қалама, далама.
Нұрлы күнді жалғастыр,
Бір мінейік шанаға.
8 бала
Міне тағы келіп тұр,
Жаңа бір жыл балалар.
Жадыратып жер үстін,
Төрімізге ол шыққан.
9 бала
Кел жаңа жыл жеріме
Ырыс, бақыт арқалап.
Ұлан –байтақ еліме
Таратайық арбалап.
Ән: «Шырша жыры» (Балалар отырады.)
Музыка әуенімен қасқыр кіреді.
Қасқыр: Р-Р-Р
Мұнда не шу?О, Қызыл телпекте осында екен ғой.
Сәлеметсіңбе Қызыл телпек.
Қызыл телпек: Сәлеметсізбе.
Қасқыр: Қызыл телпек сендер қайда бара жатырсыңдар.
Қызыл телпек: Орманда тұратын апамды жаңа жылмен құттықтап, сыйлық апара жатырмыз.
Қасқыр: О, мынау , мен іздеген Қызыл телпек қой.(балаларға қарап сыбырлап)
Қызыл телпек: Қасқыр кел бізбен бірге көңіл көтер.
Қасқыр:Көңіл көтере алмаймын.Мен ашулымын,қарным аш.Қараймын мына жерде көп тышқандар отыр екен. Сендерді жеп алмасам.
Қылыл телпек: Қасқыр, сен ашуыңды бас. Бұл тышқандар жай емес. Олардың өнерін тамашалайық.
Би: «Микки маус»
Қасқыр: Ой, жарайсыңдар. Жарайды сендерді жемеймін. Онанда Аяз атаның алдынан шығайын, Аяз атаны жейін. Ол үлкен, тәп-тәтті, ішінде көп кәмпиттер бар. (залдан шығып кетеді)
Қызыл телпек: Ой, қасқыр, тоқта, тоқта. Балалар енді не істейміз? (Бір бала орнынан тұрып ақшақарды көмекке шақырайық).
Қызыл телпек: Жарайсың, табылған ақыл.
(балалар Ақшақар,Ақшақар,Ақшақар)
Музыкамен залға қоян кіреді.
Ән: «Сұр қоян»
Қоян: Сәлеметсіңдерме балалар. Сендер кімді тосып отырсыңдар.
Қылыл телпек:Біз Ақшақарды күтіп отырмыз. Бізге қасқыр келеді. Аяз атаны жеймін деді. Аяз атасыз мереке болмайды ғой.
Қоян: Ақшақар, ол алыста, Астанада сендерді естімейді. Менде оның номері бар.(қалтасынан алады)
Қызыл телпек: Сәлеметсіңбе, Ақшақар. Бізге сенің көмегің қажет. Тезірек жет. Біз сені асыға күтеміз.(ақшақар есік артынан) Жетем-жетем қазір. Күтіңдер мені.
Ортаға суық жел шығады.
Би: «Боран»
Боран: Мен қыстың суық желімін. Мен Астанаға барып, Ақшақарға жол көрсетейін.(шығып кетеді)
Қызыл телпек:
Акшақар келгеше
Көңілді көтеріп,
Ән айтып, билейік.
Ән: «Билеуге шығамыз» (Балалар отырады)
Ақшақар мен суық жел кіреді.
Ақшақар: Сәлеметсіңдерме, балалар.
Армысыңдар, достарым,
Өздеріңді сағынып көруге зармын.
Аппақ қыста албыраған жүздеріңнен
Сүйіп –сүйіп алуға бармын.
Қызыл телпек:
Армысың, Ақшақар,
Қардан соққан ақшақар.
Аяз атаға қауіп төніп тұр. Сіз көмектесе аласыз ба?
Ақшақар: Мен ойлап таптым. Қане, балалар, қасқырмен скайп арқылы байланысайық.
Сәлем, Қасқыр.
Сен қайда бара жатырсың?
Қасқыр: Сенсіңбе, Ақшақар
Сәлем, сәлем. Мен аяз атаға бара жатырмын.
Ақшақар: Ой қасқыр сен әбден қартайған екенсің. Сен орманды кезіп жүргенде Аяз ата бізге келіп қойды. Сағанда сыйлығы бар.
Қасқыр: Шын айтасыңдарма қазір жетем.
Ақшақар: Балалар, Қасқыр келгенше,би-билеп көңіл көтерейік. Қане, менің кішкентай достарым.
Би «Ақшақарлар»
Қасқыр залға кіреді.
Қасқыр: Қайда аяз ата ? Менің қарным аш. Р-Р-Р.
Ақшақар: Қасқыр, біздің балалар сенімен ойнағысы келіп тұр. Егер, сен жеңсең, Аяз атаны саған береміз. Ал, жеңілсең Аяз ата біздікі болады.
Қасқыр: Жарайды, бәрібір мен жеңемін, мен күштімін, мен мықтымын.
Қызыл телпек: Қасқыр, сен ән айталасыңба?
Қасқыр: У-У-У
Қызыл телпек: Ой, ондай ән болмайды. Біздің кішкентай қызымызға қарап ән айтуды үйрен.
Ән: «Шырша» (Томиристің орындауында)
Қызыл телпек: Ал,енді билеп жарысқа түсейік.
Қане, кішкентай Аяз аталар
Қасқырмен жарысқа түсейік.
Би: «Кішкентай Аяз аталар»
Қызыл телпек: Ата-аналар сіздер қалай ойлап тұрсыздар. Кімдер жақсы өнер көрсетті. (балалар)
Қызыл телпек: Қасқыр күшіңді жина, соңғы жарыс спорттық ойын.
Ойын: «Ақшақарлар»
Музыкамен залға Аяз ата кіреді.
Аяз ата:
Армысыздар, қонақтар
Сәлеметсіңдеме, балғындарым.
Өмір гүлім шалғындарым
Тілегенім жыл бойы.
Сендердің денсаулықтарың
Баяғы сол ақсақалмын
Бірақ әлі жастаумын.
Сендерменен қосылып
Билеп беруге бармын.

Аяз ата: Қасқыр, сен мына жерде не істеп тұрсың? (қасқыр қашады, тығылады)
Қызыл телпек: Аяз ата, қасқыр сізді жеймін,- деді
Аяз ата: Немене, қасқыр мені жемекшіме. Мен оны жеймін.(Аяз ата қасқырды қуады, шыршаны айналады)
Қасқыр: Көмектесіңдер, құтқарыңдар.
Ақшақар: Аяз ата, оны жеме. Ол дәмсіз.(күледі)
(Қасқыр Ақшақар артына тығылады.)
Қасқыр сен уәде бер,жаңа жылда ешкімді жемеймін деп. Балалармен дос бол.
Қасқыр: жарайды, жарайды.
Аяз ата: Дұрыс айтасың. Онда мерекемізді жалғастырайық.
О, шыршамның шамы жанбапты ғой.
Аяз ата: Қане, балалар тұрайық,
Көңілді шеңбер құрайық,
Сиқырлы сөзді айтайық.(балалар бірге)
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат,
Бір, екі, үш
Шырша жан.
Ән: «Орманда туып жас шырша» (балалар отырады)
Аяз ата: Жараайсыңдар, балалар. Сендер тақпақ білесіңдер ме?
1 бала
Ал, келіңдер, келіңдер,
Жаңа жылды тойлауға.
Өлең айтып беріңдер,
Жасыл шырша жанында.
2 бала
Жаңадан тақпақ,
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.
3 бала
Күнімізде шуақты,
Үнімізде қуатты.
Жылт-жылт етіп шыршамыз,
Мен мұндалап тұрады.
4 бала
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтары тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз,
Мен мұндалап тұрады.
5 бала
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
6 бала
Қуанып енді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым,
Бір жасқа енді.
7 бала
Аяз ата, Аяз ата,
Сені күтіп жүрдік біз.
Томпаң қағып арқаланып,
Келеріңе сендік біз.
8 бала
Келді қабын арқалап,
Аяз ата, алақай.
Қол ұстасып, ән шырқап,
Қуанды көп балақай.
9 бала
О, алақай, Аяз ата!
Келді бізге алыстан
Қане, досым,
Қол ұстасып, ән айтайық шыршаға.
10 бала
Борандатып, ақ қарлатып,
Аяз ата келеді.
Ақ көңілмен,
Кең пейілмен,
Бізге сәлем береді.
11 бала
Ақ қырауға малынған,
Ақша қардай сақалды.
Көптен күтіп сағынған,
Көрдік Аяз атаны.
12 бала
Базарлықты баршаға,
Әкеліпті ол тағы.
Қарасын деп тамсана,
Безендірдік шыршаны.
Аяз ата: Сендерге қарап риза болып тұрмын.
Қызыл телпек: Аяз ата, біздің балалар, сіз туралы ән біледі.
Ән: «Аяз ата»
Ақшақар: Аяз ата, қарашы, қасқыр көңілсіз. Өйткені, оның қарны аш.
Аяз ата: Қазір, көмекшілерім, көмектесіңдер.(екі аққала жүгіріп шығады, мешокпен сыйлық алып кіреді.)
(барлығы сыйлық таратады)
Аяз ата:
Аяздардан қорықпаңдар,
Шаңғы, шана тебіңдер.
Денсаулықтарың мықты боп,
Қош, сау болып тұрыңдар.
(Аяз ата,Ақшақар,Қасқыр қоштасып шығып кетеді)
Қызыл телпек:
Бүгінгі күн тамаша,
Есте болар әрқашан.
Біз көңілді жаңа жылды,
Ұмытпаймыз ешқашан–дей отыра ертегімізді,ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota | Теги: утренник, новый год
Просмотров: 2768 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-05-02, 6:16 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru