Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

«Алтын күз сыйы»
2013-05-17, 1:30 PM
Тақырыбы: «Алтын күз сыйы»
Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы, ауа райының өзгешеліктері туралы айту. Алтын күздің берер сыйлығы мол екенін түсіндіру. Әрбір тапсырмаларды орындата отырып, ой қабілеттерін, көру, байқағыштық қабілеттерін арттыру.
Керекті құралдар: Плакат, көкөністер, жемістер суреттері, үлестірмелі карточкалар, муляждар, туралған жемістер.

I. Ұйымдастыру:

Балалар дөңгелене үстелді жағалай отырады.

Тәрбиеші:
- Балалар қазір мен сендерге тақпақ оқимын, сендер қай жыл мезгілі екенін ойланып көріңдер.
Қайын, терек басынан
Сарғыш тартып жапырақ,
Жерге түсіп шашылған.
Жапырақтар қобырап,
Аулаларға тпарайды.
Кейін желге ілесіп,
Ұшып кетіп барады.
Бөбектерім, айтыңдаршы бұл қай кезде болады?
(балалар күз мезгілі екенін айтады)

ІІ Негізгі бөлім:

Тәрбиеші: Балалар, тыңдаңдаршы біреу есікті тоқылдататын сияқты. Ендеше, кім келгенін көріп келейін. (есікті ашып, қуыршақ алып кіреді)
- Балалар бізге қонаққа қуыршақ Салтанат келіпті. Қане, амандасайық.
Балалар: - Сәлеметсізбе!
1.Тәрбиеші: - Салтанат маған Алтын күз Салтанаттың осы балабақшаға баратынын біліп, көп базарлықтар беріп жібергенін айтып отыр. Балалар, қараңдаршы, бізге Салтанат көкөніс пен жеміске толы себеттер алып келіпті, сендер осы жемістер мен көкөністер туралы тақпақтар білесіңдерме? Білсеңдер айтып беріңдерші.
(балалар білетін тақпақтарын айтады)
Тақпақтар:

Дәмі аузыңнан кетпейді,
Қызыл алма шырын бал.
Көктей тісің өтпейді,
Піскен кезде үзіп ал.

Мынау – жүзім, жаным
Сөлі балдай шырын,
Тәттілігін біледі,
Ара менен шыбын.

Өсіретін бойыңды
Өсіретін ойыңды.
Қояндарға азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.

Мынау алмұрт ақылдым,
Күзде жинап алатын.
Балбыраған біреуін
Жесең тойып қалатын.

Тәрбиеші: - Балалар, Салтанат менің құлағыма жолда жүзімдерді шашып алғанын, енді оларды қайтадан біріктіріп беруін сұрап отыр. Балалар, көмектесейікпе?
Балалар: - иә!
Тәрбиеші: - Балалар, ол үшін із ойындар ойнауымыз керек. Әрбір тапсырманы дұрыс орындаған сайын, жүзімдерді құрастырып отырамыз.
2. Дидактикалық ойын «Тауда, бақшада» Тақтаға үлкен плакат ілінеді. Бір жақта ағаш салынған, екінші бетінде жерде салынған грядкалар суреттері салынған. Алдындағы қалташаларға қажетті суреттерді салу керек.
3. Тәрбиеші: Балалар енді Салтанатқа көмектесу үшін жемістер туралы тақпақтар айтып берейік.

Ақ түсім бар қант алар
Қызыл түсім қанға нәр.
Ал, балақай біліп қой,
Қызылшамын, пайдам бар.

Картоп біздің атымыз,
Жер астында жатамыз
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз.

Бақшаларда тізіліп
Қаперсіз мен жатамын
Қабат – қабат киініп
Қырыққабат атандым.

Тәрбиеші: балалар шаршаған шығармыз, кішкене демалып алайық.

Сергіту сәті:

Жапырақтай жайқалып,
Табиғатты сүйеміз.
Денемізді тік ұстап
Билеп – билеп аламыз.

4. Тәрбиеші: -Балалар біздің жүзіміміз толық құралған жоқ, жүзімімізді толық құрау үшін енді Салтанатқа жұмбақтар шешіп көмектесейік.

Қабат – қабат тоны бар,
Шешіндірсең жылытады.
(пияз)
Жер астында басы,
Жер үстінде шашы
(сәбіз)
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр.
(қызылша)
5. Тәрбиеші: -Балалар енді тағы бір ойын ойнайық.
Дидактикалық ойын: «Артығын тап».
Әрбір бала алдына карточкалар таратылады. Карточкада не бейнеленгенін атап, артығын қарандашпен сызады.

6. Тәрбиеші: -Балалар Салтанатқа біз әлі жүзімді жиыстырып берген жоқпыз. Енді тағы бір ойын ойнайық.
Дидактикалық ойын: «Дәмін татып, ажырат»
Тәрелкеде әртүрлі көкөністер мен жемістердің туралған бөлшектер тұрады, балалар дәмін көріп, не екенін, көкөніс немесе жеміс екенін атайды.
Тәрбиеші: - Балалар, сендер барлық тапсырмаларды жақсы орындадыңдар, Салтанатқа міне жүзімдерін де жиыстырып бердік. Енді оған үйіне қайту керек. Қане, бәріміз Салтанатпен қоштасайық!
(балалар Салтанатпен қоштасады, қуыршақ қоштасып шығып кетеді)

ІІІ Қорытынды:
Тәрбиеші сұрақтар қояды:
- Балалар, бүгін бізге қонаққа не келді?
- Ол бізге қандай ойындар әкелді?
Рефлексия:
Ағаш бейнеленген плактты іледі.
- Балалар, күз мезгілінде ағаштардағы жемістердің бәрі піседі. Ал мына ағашта жемістер жоқ.
Егер сендердің көңіл – күйлерің жақсы болып отырса қызыл түсті алманы, көңіл – күйлерін жаман болса жасыл түсті алманы жапсырыңдар.
(балалар ағашқа өздеріне ұнаған түсті алманы апарып іледі)
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota | Теги: осень
Просмотров: 6913 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.0/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-05-02, 7:16 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru