Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Көркем шығарманы оқыту әдістемесі
2013-05-17, 1:37 PM
Көркем шығарманы оқыту әдістемесі

Балабақшаларда тәрбиелеу және білім беру жұмыстарының негізгі түрі – ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті. Ол жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген балалар тобында тәрбиешінің басшылығымен өткізіледі.
Тәрбиеші бағдарламалық материалға талдай жасай отырып, тіл дамыту жұмыстарын, ҰОІӘ түрлерін (ойын- ҰОІӘ, сурет, ойыншық көрсетіп әңгімелесу, шығарма оқу, сөздің дыбысталуын дұрыс айтуға үйрету, т.б) белгілейді. Оған қажетті материалдар әзірлейді.
Бағдарламада бұл жастағы балаларға әңгімелеуге, оқып беруге халық ауыз әдебиеті, балалар жазушыларының шығармалары, туысқан халықтар әдебиеті ұсынылады.
2-3 жастағы балаларға ертегілерді аузекі әңгімелеп, 2-3 рет қайталайды. Соңынан ертегі мазмұнын еске түсіру үшін жаттығу жүргізіледі. Ертегі оқудан бұрын дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Мысалы: «Лақтар мен қасқырлар» ертегісі оқылса, лақтар сияқты секіру, маңырау (қайтті? қандай? не істеді?), т.б. қимыл-қозғалыс жасау. Ертегі сюжетіне арналған суреттерді фланелеграфта орын ауыстырып көрсету, балаларға түзеттіріп, дұрыс орналастыру.
Сәбилердің бірінші тобында бір ҰОІӘ – де ойната оқылатын әр түрлі тақпақ оқып, тыңдауға болады.

Екінші сәбилер тобы:

Бұл топқа оқу жоспарына сәйкес күніне 2 ҰОІӘ – нен аптасына 10 ҰОІӘ өтіледі. Оның ішінде тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет оқу жұмыстарына аптасына 1-3 сағат беріледі. Аталған ҰОІӘ – нің түрлері бір-бірімен сабақтаса жүргізіледі. Өйткені тіл дамыту, сөз қорын молайту, әдебиет пен айналадағы өмір шындығына негізделеді.
Оқу жылы бойында балалар жеке басына қажетті бұйымдар (киім-кешек, төсек-орын, ыдыс-аяқ) жөнінде толық мағлұмат алып, оларды сөзбен дұрыс айтуға тиісті. Сондай-ақ балаға бұрыннан танымал заттардың айрықша белгілері, ұқсас жақтары жайындаа атап айту, көрсету, түсіндіру қажет. Бала өзі білетін түрлі заттарды көлемі жағынан (үлкен-кіші, биік-аласа, ұзын-қысқа, жалпақ-жіңішке) салыстыра айтуға, кейбір қасиеттерін бір-бірінен ажырата білуге тиісті. Күнде кездесетін, өздері қарым-қатынас жасайтын кейбір табиғи заттардың сапалық өзгешілігі жөнінде ұғымдарын қалыптастырады. Мысалы: Құм құрғақ, сусып тез төгіледі. Құрылыс тек дымқыл құмнан жасалады. Су суық және жылы болады. Жеңіл заттар суда қалқып, жүзіп жүреді. Түрлі заттарды суға салып, көрсете отырып сұрау. Тәрбиеші сәбилерге таңертең, күндіз, кеш, түн, мұнда, онда, жоғары, төмен, алыс, жақын, алға - артқа, оңға-солға сөздерін; заттың көлемін (кішкене, орташа, үлкен, санын – артық - кем, тепе – тең, қанша, сонша, бірден, біреуден т.б. түсіндіріп, балалардың білім дағдыларын біртіндеп кеңейтеді.

Отраңғы балалар тобы:

Бұл топтағы ҰОІӘ-нің мақсат –мазмұны біршама күрделенеді. Әр ҰОІӘ-те балалар дербес орындайтын жаттығу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Олардың ойлау, қабылдау, таным әрекеттерін дамыта отырып, мектептегі оқу ісіне дайындау көзделеді.
Әрбір ҰОІӘ –те қолданылатын әдістемелік, көрнекі және техникалық құралдар, логикалық жаттығу жұмыстары, балалардың өздігінен орындайтын жұмыстарыеа қажетті материалдар, әдеби шығармалар, суреттер дайындайды. Көрнекі құралдар бағдарламада көрсетіліп тіл дамыту ҰОІӘ-не сәйкес жұпталады. Тағы бір ерекшелігі- олар өзінің сөйлеу тіліндегі мүкістікті байқамайды, сөйлеу органдарын дұрыс пайдалану керектігін ескекрмейді, артикуляциялық аппараттары дыбыстау жағынан әлі толық жетілмегендіктен, кейбір дыбыстарды қате айтады. Сондықтан оларды сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға жаттықтыру жұмысы – тіл дамыту ісінің негізгі бір бөлігі болып табылады.

Әңгімелеп беруге үйрету:

Бұл балалар үшін ҰОІӘ –нің ең күрделі түрі. Сондықтан ортаңғы тобында өтілетін әңгімелесу ҰОІӘ – нде көрнекілік әдісі басты рөл атқарады. Адамгершілік, қарапайымдылық дағдыларын жетілдіру шешуші рөл атқарады. Бақылау жұмыстарында ҰОІӘ мазмұнына лайықты көркем шығарма оқу, бала ұғымына орай жеңіл жұмбақтар шештіру, өлең мазмұнын бақылаған объектімен салыстыра айтқызу (өлеңде не туралы айтылған, балалар көбелекті не істейді?, т.б.) қажет. Мұндайда мысалы, Т.Молдағалиевтің: «Қызыл – жасыл көбелек» деген өлеңінен үзінді оқылады:
Ұстасамда өзіңді
Қинамаймын ұрмаймын.
Шығармаймын көзіңді,
Қанатыңды жұлмаймын.
Баланың көбелекке деген аяушылығын, қамқорлығын білдіретін өлең шумақтарын ҰОІӘ мазмұнына дөп келетіндей оқып түсіндіру, өлеңдегі баланың іс-әрекетін балалардан сұрап, олардың көзқарасын айтқызу.

Көркем әдебиет оқу:

Ересек балалар тобында оқуға, әңгімелеуге, жаттап айтуға, мәнерлеп оқуға арналған шығармалар бағдарламада оқу тоқсандарына бөлініп, бас – басына талдап көрсетіледі.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеудің пәрмен – құралы көркем әдебиет. Сол себепті ересек балалар тобында көркем шығарма оқуға баса назар аударылып, шығарма оқуға қойылатын талаптар бағдарламада атап көрсетіліп, айқындала берілген. Ол міндеттер мыналар: шығарманың көркемдік мазмұнын сезініп, айрықша көңіл күймен қабылдай білуге, оқиғаның баяндалу ерекшелігін түсініп, түйсіне білуге үйрету: a) салтанатты, қуанышты сезіммен орындалатын, байсалды баяу үнмен оқылатын, әзіл сықақ түріндегі шығармалар Адам әрекетіне тән міңез-құлық сипаттары бейнеленетін фантастикалық ертегілердің басталуы мен аяқталуы, өлеңмен және қайталама сөз тіркестерімен беріліп, өлең араласатын ( «Бес ешкі», «Жыл басына таласқан хайуанаттар» т.б. ) ерекше мақтаныш сезіммен орындалатын шығармалар.
Көркем әдебиет шығармаларын оқу процесінде қолданылатын негізгі әдістер: бұрын оқылған кітап, жеке шығарма жөнінде сұрап әңгімелесу. Әңгімелеп айтқызу. Балалардың таңдауы бойынша оқу, балалармен әңгімелесу барысында олардан қандай ертегі, әңгіме білетіндерін сұрап, не себепті? Деген сұрақтар қою арқылы анықтау. Ол ертегі, әңгімеде Кім? Не? Жайында баяндалатынын әңгімедегі кейіпкелердің іс – әрекеті, қауіп төндіретін жағдайлар, не күлкілі – сықақ тудыратын жерін есіне түсіріп, айтып беруін талап етіп, өздігіне ой қорытындысын жасауға үйрету.
Табиғатпен таныстырғанда І.Жансүгіровтың « Жазғытұры», Абайдың «Жазда» (үзінділерін оқу), Т. Молдағалиевтің « Көл», М.Жұмабаевтың «Жайлауда», «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Мақтаншақ қоян», Қ. Сапарбаевтың « Туған жердің ыстығы – ай», жан –жануарлар дүниесіне, туған өлкеге, сүйіспенщілікке, адамгершілік жылы сезісге баулу ісіне негіз болады.
Тақпақ жаттауда қолданылатын ұтымды әдістер: жаққа бөліп оқыту, драматизациялау, кейіптендіру, т.б., сөзге баяу балалармен жиірек сөйлесу.
Көркем әдебиет шығармаларын мәнерлеп оқуға үйрету жұмысында сұрақ-жауап (диалог) түрінде жазылған «Түйе – түйе – түйелер», «Қара өрік пен сары өрік», «Көйлекті маған кім берді» т.б. шығармалармен мақал-мәтелдер, өлең-тақпақ оқып беріп, жатқа айтуға үйрету өте тиімді болады.
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota | Теги: методика, Художественная литература
Просмотров: 10519 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.3/9
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-05-02, 10:43 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru