Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Наурыз келді, алақай!
2013-05-23, 3:43 PM
г. Семей №7 "Ақ бота" ясли - бақшасы
Нысанбаева Анар Темирболатовна
Наурыз келді, алақай!

(Әуен ырғағымен балалар залға кіреді.)
Жүргізуші: Наурыз той – көңіл тойы, көктем тойы
Жақсылық болса деймін өмір бойы
Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін
Елдегі бақыт, байлық, бақ көбейсін

Наурыз құтты болсын ағаларға
Наурыз құтты болсын аналарға
Жыл сайын тойланатын мәңгі-бақи
Наурыз құтты болсын баршамызға!
Жүргізуші: Балаларымыздың Наурыз тойына арналған тақпақтарын тыңдаңыздар.

Уа, ағайын, халайық!
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық.

Атаң мен апаң бар
Үлкен кіші ағаң бар
Наурыз той басталды
Бәрің бері қараңдар

Осыншама жақсылық
Алып келген наурызым
Төрлет бізге нұр болып
Шуақ шашып тұр жүзін

Жаңа жыл келе берсін
Мерейін төге берсін
Наурыз, Наурыз
Мерейін төге берсін.

Бата беріп атамыз
Ыбата беріп апамыз
Тәтті болып жасалған
Наурыз дәмін татамыз.

Жаңарғаны сананың
Ұмытады мұны кім?
Ата-салтын бабамның
Алып келді Ұлы күн.

Наурыз тойым, Наурыз тойым
Құтты болсын халайық
Қане достар, қане достар,
Шырқап әнге салайық.

Жүргізуші: «Тойдың көркі - ән» - дейді халқымыз. Сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Ән «Қош келдің төрлет, Наурызым» (балалар отырады).

Жүргізуші: Қымбатты ата-аналар, қонақтар! Мың бұралған қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.
Би «Қазақ биі»

Жүргізуші:
Күн мен түн теңелді
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді
Наурыз тойы салтымыз,
«Көгерсін!» деп халқымыз,
Көшеге тал егеді.
(музыка әуенімен күн мен түн кіреді )

Күн: Сәулесі мол күнмін
Түн: Жұлдызы көп түнмін.
Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.
Түн: Ал ертең күн ұзақ.
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмеңдер бірақ.

Жүргізуші: Күн мен түн жоғары шығып үстелге жайғасыңыздар, қонақ болыңыздар.
Ал, балалар, балалар,
Би билеп, ән салайық
Наурыз тойда думандап.
Күн мен түнге арнап ән айтып берейік.
Ән: «Тұлпарым» (балалар орындарынан тұрады)

Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күніне арнап біздің бүлдіршіндеріміздің шын жүректерінен тақпақтар айтып бергелі отыр.
Наурыз келді той думан
Ортамызды ашайық
Ән мен күйді төгейік
Інжу-маржан шашайық.

Қош келіпсің Наурыз!
Қуанышы ғаламның
Сені тойлап қарсы алып
Құтты болсың қадамың.

Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың
Қызығына тоймаған
Дархан дала, қарлы шың.

Мерекені байырғы
Алды халқым қабылдап
Ақ дастархан жайылды
Ошақта от жалындап.

Наурыз көктем тойымыз,
Той дәмі мол тойыңыз.
Күн ұзарып жылынып,
Өсер біздің бойымыз.

Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас-кәріміз,
Би-билейміз бәріміз.

(музыка әуенімен Қыдыр ата залға кіреді)
Қыдыр ата:
Армысыздар халайық,
Армысыңдар балалар!
Сендерге арнап көктемде,
«Қызғалдақты» өсірдім
Белгісі болсын көктемнің
Берекесін берсін өткеннің.
Жүргізуші: Қош келдіңіз Қыдыр ата, қонақ болыңыз жоғары шығыңыз.
Жүргізуші: Әнші Айша қызымыздың орындауында
Ән: «Туған елім»

Жүргізуші:
Кел, балалар, ойнайық,
«Наурыз» тойын тойлайық.
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық.
Ойын: «Киіз үй көтеру»

Жүргізуші: Қазір сіздер айтыс өнерін тамашалайсыздар, айтысты той-томалақта, мерекелерде айтқан, міне сіздерге балаларымыз «Қыз бен жігіт» айтысынан үзінді көрсетпекші, қабыл алыңыздар.
Ата-баба дәстүрін
Үйренуден қашпаймыз,
«Айтыс» десе сәнделіп,
Қыздар іздей бастаймыз.

Біржан болып сен келсең
Ақын Сараң мен болам,
Сәйгүлік болып сен шапсаң,
Аққу құсың мен болам.

Біздің топтың ұлдары
Шеттерінен ақылды-ақ,
Жұмбақ, тақпақ бұл тойға,
Айтып берер тақылдыап.

Үй жабдығын бұл тойға,
Біздің қыздар сәндеді.
Қонақ күтіп, ән салды,
Ұлдарынан кем бе еді.

Түрлендіріп қамшы өрсем,
Қыздарың таң қалады.
Күмбірлетіп күй шертсем,
Мұнда думан болады.

Мақтандың ғой жігітім,
Өнеріңді көрейік.
Көрсет сәнді қамшыңды,
Біздер баға берейік.

Тойға барам деген соң,
Домбыра ұстап жетіп ем.
Шашақталған қамшымды,
Үйге тастап кетіп ем.

Қалып қойса қамшыңыз,
Тағы тойға келерсіз.
Сол қамшыны мына бізге,
Сонда сыйға берерсіз.

Қоштасайық халықпен,
Ақындарын пір тұтқан.
Сөз өнерін шөлдегенде,
Рақаттана бір жұтқан.
Жүргізуші:
Наурыз келді той думан
Ортамызды ашайық
Ән мен күйді төгілдіріп
Інжу-маржан шашайық.

Би: «Өзбек биі»
Ән: «Наурыз көктем»

Жүргізуші:
Ұлыс күндеріңіз құтты болсын,
Келе жатыр жылымыз.
Мейрамдаймыз мұны біз,
Халқы сүйген мейрамды.
Қарсы алайық Наурызды!

(Әжесі мен Наурыз қыз музыка әуенімен залға келеді, әжесі шашу шашады)
Әже:
Наурызым, құт әкелсін елімізге
Береке ырыс кірсін жерімізге
«Айдаһарды» қуанышпен шығарып сап
Бақыт боп «Жылан» кірсін елімізге
Жаңа жыл елімізді жарылқасын
Қиналып әр отбасы тарықпасын
Ата-әже келгенде қуанғандай
Немерелерім сендерді қуаныштан арытпасын.

Наурыз қыз:
Жасайбер жаңа күн!
Туа берсін жаңа күн.
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын жаңа жыл!
Құтты болсын Наурыз той!
Құтты болсын Жаңа жыл!

Жүргізуші: Қош келдіңіздер үстелге жайғасыңыздар, қонақ болыңыздар, балаларымыз ойын ойнап алсын.
Ойын: «Тақия тастамақ»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар балаларымыз наурыз көженің қалай әзірленетіні туралы айтып береміз дейді ендеше ортаға шақырайық.

Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді.

Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге,
Жеті түрлі ас салды.

Бидай, тары, күріш бар
Бар сүр етпен жшұжығы,
Ащы құрты тағы бар,
Көже елдің ырзығы.

Жүргізуші:
Наурыз келді тамаша,
Ән айтайық таласа.
Ән: «Жаңа жыл»

Жүргізуші:
Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін,
Барлық халық бақытты болсын,
Қош сау болыңызар, халайық!
Көріскенше күн жарық болсын!

( Балалар музыка әуенімен залдан шығады )
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota | Теги: Наурыз праздник
Просмотров: 2923 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-05-17, 11:36 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru