Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Ертеңгілік «Айналайын,ақ әжем!»
2013-09-06, 10:27 PM
Аналар мерекесіне орай әсем безендірілген залға балалар музыка ырғағымен жұптасып кіреді.Жұптаса жүріп би билейді.Би аяқталған соң жарты шеңберге тұрады.
Жүргізуші: 8 наурыз- халықаралық әйелдер күні. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағын құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі және біздің ару қыздарымыздың мерекесі. Атам қазақ әйел затын ереше сыйлап,құрметтеген.Өмірдің ащы-тұщысын көріп,ысыла білсін, тұяғы тасқа салса кетілер, суға салса жетілер деген оймен
ұлын жел өтінде ұстаса,қызын аз күндік қонағым, алтынның сынығы, шұғаның қиығы деп бөркінің төбесіне үкі қадап, үлпілдетіп өсірген.Адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы алдымен балаға ақ сүтін беріп,әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
Құрметті қонақтар,аяулы әжелер,асыл аналар және біздің кішкене ханшайымдарымыз!Бүгін бізде үлкен мереке! Ол мерекеге орай біз әжелер сайысын ұйымдастырған едік.Сайысқа қатысушы әжелерімізді қыздарымен ортаға шақырамыз.Әжелер реттік сандарыңызды алып орындарыңызға жайғаса беріңіздер.
Әжелеріміздің аты-жөні:
1. Жанар әже мен қызы Көркем
2.Сәбила әжеміз қызы Аруна
3.Жайлы әже қызы Гүліммен
Аяулы әжелер,асыл аналар, бүгінгі құрмет, барлық ән-жырымыз, әлемнің жарығын сыйлаған, әлемнің бесігін тербеткен сіздерге арналады.
Кезекті балалардың тақпақтарына береміз.
Мансур:
Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды.
Мирайым:
Анасыз бір жоқ күнің
Әжесіз бір жоқ күнің
Ұсынамыз біз бүгін
Сізге сұлу шоқ гүлін.
Мади:
Алтын анам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Бақшадан үйге келгенімде,
Бал сөзі жаным деген сая маған.

Ж.Көркем:
Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп демалам,
Құшағыңда қысылмай.
Мерей :
Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның таң мекен.
Менің айдай анамнан,
Асқан сұлу бар мекен.
Б а р л ы ғ ы:
Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Жүргізуші:сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
1.Балабақша әдіскері Таласбаева А.
2.Маржан апа
3.Бибіхан апа
Әжелер сайысының бағдарламасын таныстырып кетейін:
1.Таныстыру
2.Мақал-мәтел
3.Өз өнерін көрсету
4.Қолөнер(түрлі-түсті қағаздан құрақ құрау,ою оямыз)
5.Ұршық иіру
6.Дәмдуман
7.Сән үлгісі
Жүргізуші:
Ана деген өмірдегі ұлы есім,
Бақ тілесе анадай-ақ тілесін.
Ана деген ардақты ат, сен оны,
Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.
Келесі тыңдайтындарыңыз ән: «Айналайын ақ мамам».
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған.
Алтыным деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам

Әр сөзімді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам!

Түнде сергіп жатпаған,
Күндіз тыным таппаған.
Бізсіз тамақ татпаған

Айналайын ақ мамам.
Жүргізуші:Алтын,жақұт,күміссің
Келмейді саған баға тең
Таулардан да биіксің
Ақ сүтіңмен ақ әжем.
Әжелер сайысының бірінші бөлімі таныстыруды бастаймыз.
Ал біздің балалар,аналарымызға мың алғыс айта отырып, тақпақтарын айтып берсін.
Айқын:
Еркелеймін шаттанып
Қасымда анам болғасын
Балаларды басқа емес
Тек аналар қорғасын.
Сағындық:
Өмірдегі тірегім
Асыл анам,ақ анам
Дүниеде өзіңнен
Жақын адам жоқ маған.
Динара:
Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!
Бекарыс:
Анашым аялаған,
Құшағың сая маған
Әлемнің бар асылын
Мен үшін аямаған.
Ару:
Баланың да тірегі
Даланың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Гүлім:
Аялаған анашым
Саялаған панасың
Әлпештеген баласын
Айналайын анашым.
Ойын:Менің анам жұмысқа қалай дайындалады?
Шарты:Ортаға 3ер бала шығады.ілулі тұрған моншақты тағып,далап жағып,сөмкесін бірінші болып іліп асып алған қыз жеңеді.
Сайысымыздың екінші бөлімі:мақал-мәтел.
1ші Әже
1.Қыз қуыршақ 3.Ата көрген оқ жонар
Бала құлыншақ Ана көрген тон пішер.
2. Анасын көріп 4.Ана баулыған қыз епті
Қ

Қызын ал Әке баулыған бала епті.
2ші Әже
1.Қыз өссе елдің көркі 3.Ата-ананың қадірін
Гүл өссе жердің көркі Балалы болғанда білерсің.
2.Баланың ұяты-әкеге 4.Ана сүтін ақтамағанды
Қыздың ұяты-анаға. Ешкім мақтамайды.
3ші Әже
1.Атасыз үй-батасыз 3.Әдепті бала ата-анасын мақтатар
Анасыз үй-панасыз. Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
2.Анаңа ауыр сөз айтпа 4.Аға әдепті болса іні әдепті
Атаңа ауыр жүк артпа. Апа әдепті болса сіңілі әдепті.
Ән: «Ақ әжем».
Ал қазір балалардың әжелеріне арнаған тақпақтарын тыңдайық.
Әди:
Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін.
Аруна:
Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі.
Алдайр:
Менің әжем,гүл әжем,
Алтын әжем,күн әжем,
Апам үшін,мен үшін
Нағыз ана тілі әәжем.
Сәуле:
Бар өмірдің жүрегі
Өзің алтын ордасың
Тілегімнің тірегі
Уайымың болмасын.
Бекжан:
Әлпештеген баласын
Ана бақыт,ана күн,
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
Сайысымыздың 3ші бөлімі:өз өнерін көрсету.
Ойын:Анасының баласын табуы.
Жүгізуші:Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
Сайысымыздың 4ші бөлімі:қағаздан ою,құрақ қию.

Ендігі кезек балалардың тақпақтарына берейік:
Шырақ:
Анашым,анажаным
Сағынып салар әнім
Бар ма жан сенен артық
Түсінер бала жанын.
Нұржан:
Біліп тұрсың жан анам,
Міндеті үлкен ботаңның
Күштісі сол баладан,
Ана менен Отанның.
Нұргелді:
Теңдесі жоқ данасың
Арқа тұтар панасың
Еңбегіңді ақтайын
Аман болшы анашым.
Кәусар:
Жердегі бар тағамнан
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан
Сүйікті адам бар ма екен?
Досымжан:
Ғаламда бар адам
Анадан тараған
Ақылгөй,балажан
Аман бол анажан.
Сайысымыздың 5ші бөлімі:Ұршық иіру.
Сайысымыздың 6шы бөлімі:Дәмдуман.
Әділ қазылар бағасын берсеңіздер.
Би:Қамшы
Сайысымыздың 7ші бөлімі:Сән үлгісі.
Әділ қазылар бағасын берсеңіздер.Сайыскерлерді марапаттау.
Қорытынды:
Сонымен балалар, «Ана деген кім?» - болды.
-Ана - қамқоршы
-Ана – бақытың
-Ана - тірегің
-Ана -қорғаның
-Ана –болашағың
- Ана - әр үйдің күні
-Ана -ақылшы
-Ана -сүйенішің
-Ана - жанашырың
-Ана -байлығың
-Ана –үйдің жылуы
-Ана –бақытың

Жүргізуші: Әйел – Ана, Әйел – тіршілік өзегі. Өмір бесігінде сәби тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашан да қастерлі, сөзі - өсиет, тұғыры биік. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі – алтын босағасы мен сүйкімді перзенті. Ана құдіретін айтып жеткізу мүмкін емес. Сөзімді ақын Баязиевтің «Ана туралы ой» деген өлеңімен аяқтағым келеді.
Халқымызға билік айтар даналар,
Даналардың өзі аналардан жаралар.
Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін,
Сізден жақын адам бар ма, аналар?!
Балаға ең жақыны сіз ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,
Теңесе алар оған Отан ғана.
Аналарды құрметтейміз елейміз,
Аспандағы ай мен күнге теңейміз.
О, аналар сіздерді үлгі тұтып,
Бақыт пенен денсаулықты тілейміз, - дей келе, құрметті асыл аналар, қазір балаларыңыздың өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар!
Тағы да мейрамдарың құтты болсын!Құттықтау сөз балабақша директоры Серікова Зина апайға,және ата-аналарға беріледі.
«Ертөстік» мектепке дейінгі балалар мекемесінің тәрбиешісі Ильясова Әдемі Самиғуллақызы
Категория: Дошколенок | Добавил: sultan1001
Просмотров: 10546 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-05-17, 2:03 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru