Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

«Алтын күз» ертеңгілігі
2013-11-12, 7:43 PM
Музыка жетекшісі: Аманжолова Қ.Қ.
«Аружан» мектепке дейінгі шағын орталығы КМҚК, Семей қаласы

«Алтын күз» ертеңгілігі
ІІ-кішкентайлар «Балдырған» тобына арналған сценариі
(2013 жыл)

Кейіпкерлер: Алтын Күз, Жаңбыр, Бидай.
Ән-күй бөлмесі мерекеге сай әдемі безендірілген.
Жүргізуші: Қайырлы күн! Армысыздар, құрметті ата-аналар, қонақтар! Міне күз де келді жаңбырын төгіп, жапырақтарды алтын түске бояп. Көп күткен бүгін бізде «Алтын Күз» мереке! Кәнеки бәріміз қол шапалақтап ортаға «Нұрай» тобының балаларын шақырайық!
Көңілді әннің ырғағымен залға балалар билеп кіреді – екі жартылай шеңберге тұрады, қолдарына кілемде жатқан жапырақтарды алып, билейді .
Жүргізуші: Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ән «Қызыл жапырақ, сары жапырақ»
Әннің аяғында балалар жапырақтарын жан-жаққа лақтырады да орындарына отырады.
Залға билеп Алтын Күз кіреді.
Алтын күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! (Балалар амандасады)
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Алтын күз? Төрлет.
Алтын күз: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
- Жапырақтарымды жинауға көмектесіңдерші, балалар.
Жүргізуші: Әрине, көмектесеміз, Алтын күз.
Ойын «Жапырақтарды жина»: Жүргізуші ортаға 4 баланы шақырады: 2 бала сары жапыпақтарды бірінші себетке жинайды, 2 бала қызыл жапырақтарды екінші себетке жинайды.
Алтын күз: Рахмет, балалар. Осы ойында достық жеңді. Ж,ргізуші: Алтын күз, Сені күтті балалар,
Өз өнерін қимаған.
Билерін де, әндерін –
Бәрін саған арнаған.
Алтын күз: Олай болса, тыңдайық, өнерлерін көрейік.
Балалардың күз туралы тақпақтары:
1-бала: Санай бер,
Қарай бер.
Бояуы – жүз,
Келді күз! 2-бала: Күз де келді, күз келді,
Күдерін жаз үзген-ді. 1
Күз де келді, күз келді,
Көкте бұлттар жүзді енді.
3-бала: Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау.
4-бала: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз кеді.
Жемістерін сыйлауға,
Шақырады біздерді.
Алтын күз: Рахмет сендерге. Қанеки, балалар, мерекемізге Жаңбыр досымды шақырайық.
Жүргізуші: Жаңбырды біз қалай шақырамыз?
Алтын күз: Жаңбырды әнімен шақырайық.
Жүргізуші: Олай болса, балалар, орынымыздан тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық, «Жаңбыр» әнімізді шырқайық.
Ортаға 1 бала шығып тақпақ айтады:
Бала: Жау, жау жаңбыр
Жау, жаңбыр!
Арық суы мол болсын!
Өсімдіктер көп болсын!
Ән «Жаңбыр» орындалады. Балалар шеңберде тұрып, Жаңбырды қарсы алады.
Залға билеп Жаңбыр кіреді. Шеңбердің ортасына тұрады.
Жаңбыр: Сәлеметсің бе, Алтын күз.
Алтын күз: Сәлеметсің бе, Жаңбыр.
Жаңбыр: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Балалар: Сәлеметсің бе, Жаңбыр.
Жаңбыр: Әндерің маған өте ұнады. Балалар, сендерге жаңбыр жауғаны ұнайды ма?
Балалар: Иә, ұнайды!
Жүргізуші: Жаңбыр жауғанда біз қол шатырдың астына тығыламыз.
Жаңбыр: Тамаша! Олай болса, мен сендерді «Күн мен жаңбыр» ойын ойнауға шақырамын. Қайда менің көмекшілерім Күн мен Жаңбыр? Келіңдер ортаға.
Ойын «Күн мен Жаңбыр» - шарты:
Күн – қыз-бала – ортаға шығып: «Күн шықты!» деп айтады, балалар ортада жүгіріп жүреді. Жаңбыр-бала ортаға шығып: « Жаңбыр жауды!» деп айтады, балалар Жүргізушіге жүгіріп, қолшатырдың астына тұрады.
Жаңбыр: Ұнады ма ойын, балалар?
Балалар: Иә, ұнады.
Жүргізуші: Рахмет саған, Жаңбыр. Ал біз, балалар, орындарымызға отырайық.
Көңілді музыкамен балалар орындықтарға отырады. 2
Алтын күз: Қараңдаршы, балалар, жаңбырдан соң қандай үлкен көкөністер өсіпті! – деп, ортаға көкөністерді қояды.
«Көкөністер биі» - ұлдар тобының орындауында.
Жүргізуші: Рахмет саған, Жаңбыр. Қанеки, балалар, ортаға шеңберге тұрайық, мерекені көңілді әнімен жалғастырайық!
Ән «Балақан да алақан»
Жаңбыр: Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқып жүр!
Залға билеп Бидай кіреді.
Жаңбыр: Міне Бидай да пісіпті, тойымызға келіпті.
Бидай: Сәлеметсің бе, Жаңбыр.
Жаңбыр: Сәлеметсің бе, Бидай.
Бидай: Рахмет сенің жауғанына.
Жаңбыр: Күзге рахмет. Ал, мен енді бақтарға барып жауайын. Кездескенше, балалар, - деп, кетеді.
Бидай: Келіңдер ортаға балалар, «Үгай» әнімізді айтсақ, егін тез піседі.
Жүргізуші: Олай болса, балалар, шеңберге тұрайық,
«Үгай» әнімізді шырқайық!
Ән «Үгай, үгай әніміз»
Ән біткен соң, балалар орындарына отырады.
Бидай: Міне менің достарым-бидайларым да өсіпті.
«Бидайлар биі» - қыздардың орындауында.
Бидің аяғында Бидай мен биші-қыздар нан, тоқаш, т.б. ұннан жасалған тағамдарды әкеледі.
Бидай: Күзде бидай орылып, жиналып, машинаға тиеліп, элеваторға жеткізіледі. Онан соң наубайханада неше түрлі нан пісіріледі, қараңдаршы балалар, - деп, көрсетеді де, үлкен табаға нан-тоқаштарды жинайды.
Жүргізуші: Рахмет, бидайлар.
Бидай: Нан қиқымын шашпаңдар! Жерде жатса, баспаңдар! Теріп алып қастерлеп, торғайларға тастаңдар! Жарайды ма, балалар?
Балалар: Жарайды!
Бидай: Кездескенше, балалар, сау болыңдар! – деп, қоштасып кетеді.
Залға билеп Алтын күз кіреді, қолында алма толы себет.
Алтын күз: Міне, балалар, мен сендерге бақтардан қаншама көп алма жинап әкелдім. Күзгі сыйларымды жеп, деңдерің сау болсын!
Жүргізуші: Балалар, Алтын күзге не айтамыз?
Балалар: Рахмет!
Алтын күз: Сендерге рахмет. Кездескенше, сау болыңдар, балалар! – деп, кетеді.
Жүргізуші: Алтын күзге арналған ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Мерекемізді, балалар, топта жалғастырамыз. Келесі кездескенше, құрметті қонақтар, ата-аналар, қош сау болыңыздар!
Көңілді музыка ырғағымен балалар топқа қайтады. 3

«Аружан» мектепке дейінгі шағын орталығы КМҚК







«Алтын күз» ертеңгіліктің сценатиі
(ІІ-кішкентайлар «Балдырған» тобына арналған)

Дайындаған музыка жетекшісі:
Аманжолова Қ.Қ.


Семей, 2013
Категория: Дошколенок | Добавил: Sarzhan
Просмотров: 2657 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 6:13 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru