Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

занятие по развитию речи
[ Скачать с сервера (33.3 Kb) ] 2014-01-11, 11:09 PM
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру салаcы: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Қазақ ұлттық киімдер»
Мақсаты: Ұлттық киімдер туралы білімдерін кеңейту
Білімділік міндеті: Заттық суреттер арқылы сөйлемдер құрастыруға дағдыландыру; ұлттық киімдерді танып-білуге машықтандыру. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, ертегі бойынша диалог түрінде сөйлесуге; сөздерге жалғауларды дұрыс жалғап айтуға үйрету.
Дамытушылық міндеті: Тілін, сөздік қорын молайту және тілдің грамматикалық құрылысын, колдың ұсақ моторикасын дамыту,тілдің арткуляциясын жаттықтыру
Түзетушілік міндеті: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік міндеті: Өз ұлтының киімін, салт-дәстүрін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Қостілдік компонент: Казахская национальная одежда, сотовый телефон
Сөздік жұмысы: Шалбар, көйлек, қамзол, жейде, тон,кимешек, калпақ, тақия, сәукеле, етік, мәсі; жаға, жең, етек, қалта,түйме.
Көрнекілер: Компьютер, қазақ ұлттық киімдері туралы презентация, әр түрлі қаптырмамен жабылатын 10 қамзол, ұялы телефон.

Мотивациялық-қозғаушылық
Ал, балалар тұрайық,
Қонақтарға жылы қарайық,
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп
Амандақтарын сұрайық.
Әдемі күлкімізді сыйлайық
Сәлеметсіздер ме!-деп амандасайық!

Логопед балалардың назарын жерде отырған балаға аударады
- Мына жерде біреу отырған сияқты! Бұл кім екен? Балақай, сенің атың кім?
-Айтпаймын атымды!
- Сен бұл жерде не істеп отырсың?
- Не істесем де, өз еркім! Барыңдар өз жолдарыңмен!
-Кетіндерші өзі, шаршатпай!
- Жүр біздің балалармен бірге!
- Балалар, мен түсіндім, мына балаға не болғанына - оның жүрегі қатып қалған ғой. Бір-бірден жақындап – бұл балаға біз жылы сөздер айтайық
Балалар балаға жақындап, колынан ұстап, жылы сөздер айтады
-Рахмет, балалар! Сендердің жылы сөздеріңнен менің жүрегім жібіді (баланың кеудесінен мұздар түседі). Менің атым Сабина. Сендермен танысканыма өте қуаныштымын!

Ұялы телефонның дауысы естіледі, Сабина әжесімен сөйлеседі
- Сабина, сен қайда жүрсін?- Әже, мен балалармен ойнап жүрмін
- Сенің есіңде ме, біз бүгін тойға барамыз! Сен дайынсын ба? Дұрыс киіндің ба?-Ия, әже! Мен ұлттық киімдемін
- Қашан келесін? Тойдан қалып қоймайық!-Мен қазір келемін, әже.
Балалар әжесімен Сабинаның әңгімесін тыңдап, Сабинаның киіміне назар аударады

Балалар Сабинамен коштасады

- Сау болындар, балалар! Келесі кездескенше!

- Балалар, сендер Сабинаның киіміне назар аудардыңдар ма? Қандай киімде болды Сабина? Дұрыс, қазақ ұлттық киімде – в казахской национальной одежде.
Бүгін біз қазақ ұлттық киімдер туралы айтамыз.
Біз ауырып қалмас үшін, әдемі болып жүру үшін бізге киім керек. Жыл мезгілдеріне байланысты киімдерімізді ауыстырып отырамыз.Мысалы, жазда жеңіл киінсек, қыста қалың киім киеміз. Бұларды, күнделікті киімдер деп атаймыз.Сонымен қатар, ұлттық киімдер де болады.Әр ұлттың өзіне тән ұлттық киімдері болады. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де көп. Ұлттық киімдерді мұражайлардан, көрмелерден көруге болады. Біз өзіміз де мерекелерде киеміз.

Артикуляциялық жаттығулар
- Балалар, біз жақсы сөйлеу үшін, жақсы әңгімелеу үшін, сұраққа толық жауап беру үшін біздің көмекші тілімізді жаттықтырып алайық

Тілге арналған жаттығулар
• «Ине» - тілді жіңішкертіп ауыздан шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек
• «Тігін машинада тігу»
- электр тігін машинасында тігу: Тілді үстіңгі тістердің артына көтеріп «Д-д-д-д-д» - деп айту, механикалық тігін машинасыда тігу: «Т-т-т-т-т»
• «Жалпақ, жіңішке жаға» - жалпақ, жіңішке тілді ауыз қуысынан шығарып, төменгі ерінге салып 10-15 секунд ұстап тұру керек
• «Машинаның тігу жүрісі» - ауыз сәл ашық, тілді шығарып әуелі жоғарғы ерінді, сосын төменгі ерінді жалау
Ерінге арналған жаттығулар
• «Үлкен, кішкентай түймелер» - еріндерді домалақ қылып және түтікшеге ұксатып ұстау керек
• «Күртешенің қаптырмасын ашып, жабу» - еріндерімізді ашып, жабу

- Балалар, есімізге түсірейікші, жаңа Сабина әжесімен не арқылы хабарласты?Дұрыс, ұялы телефон арқылы – с помощью сотового телефона
- Сендердің ата-аналарыңда ұялы телефон бар ма? Ол не үшін қажет?
- Қазіргі заманда ұялы телефон байланысы кең тараған. Бұл телефондар кез келген сәтте хабарласуға мүмкіндік береді, сондықтан оларды адамдар үнемі өздерімен бірге алып жүреді.

Біз бүгін ұялы телефонның мәзірімен танысып көрейік. Назарларынды тақтаға аударуды сұраймын
(презентация арқылы телефонның мәзірімен таныстыру, слайд №1)
• «Қазақ ұлттық киімдер» тақырыбы бойынша киімдердің аттарын танып, сөйлемдер құрастыру

- Телефонның мәзірінде галерея бар. Қазір біз көрейік қандай фотосуреттер бар екен бұл телефонда (слайд №2-3)
- Не көріп тұрсындар? Фотосуреттерді атап, әр фотосурет арқылы сөйлем құрастыруларың қажет (слайд 4-16).Балалар қазақ ұлттық киімдерді атап (шапан, камзол, көйлек, жейде, ішік,тақия, калпақ, кимешек, сәукеле, етік, мәсі) сөйлемдер құрастырады

Байланыстырып сөйлеуін дамытуға арналған тапсырма
• «Сиқырлы тон» ертегі бойынша диалог түрінде сөйлесу - койылған сұраққа дұрыс жауап беру
Телефонда бейнежазбалар да болады.
(Слайд №17-18)
Мына бейне таспаны көріп, естеріне түсіріңдер.
- Бұл қай ертегі? Ертегі қалай аталады?
- Ертегідегі оқиға қай кезде болган екен?

- Алдар Көсенің шапаны қандай еді?

- Алдар Көсе неге тоңды?

- Алдар Көсенің алдынан кім шықты?

- Бай Алдар Көсеге не деді?

- Алдар Көсе не деп жауап берді?

- Алдаркөсе байды қалай алдады?

Сергіту сәт
Логопед: Балалар,ал біздін телефонымызда әдемі әуен бар.Сол әуенді тыңдап, біраз тынығып алайық (слайд №19-28)
Ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырма
• Киімнің жеке бөлектерін танып, атау
- Балалар, біздің телефонда ойындар да бар екен.Мынау «4-ші артық» ойыны. Суреттегі артық киімді атап, неге артық екенің дәлелдеңдер (слайд -29-33)

Тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыруға арналған тапсырма
- Телефонда бір емес, бірнеше ойындар да кездеседі. Тағы да телефонымыздағы бір қызыкты ойынды ойнап көрейік
- «Не жетіспейді?» деген ойын.Суреттегі жетіспейтін киімнің жеке бөлектерін тауып, атаңдар (слайд 34-39)

Ұсақ моторикаға арналған тапсырмалар
(Телефондағы хабарламаның дауысы естіледі)
- Балалар біздің телефонымызға хабарлама келген сияқты. Ал енді ашып, оқып көрейік. (слайд №41). Хабарлама Сабинаның әжесінен келіпті.
«Балалар, мен тойға апаратын жолын ұмытып кетіппін. Сендердің көмектерін қажет»
- Балалар біз әжеге көмектесеміз бе? Олай болса, үстел жанына барып, әр қамзолдың қаптырмаларын тағайық

(Топқа Сабинаның әжесі кіреді)
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендердің көмектеріне көп рахмет! Менің немерем Сабина да сендерге өте риза.
- Сәлеметсіз бе, әже! Біздің балалар сіздің тойға киетін қамзолыңызды дайындап қойды
- Рахмет, балалар! Менде сендерге кұр кол келмедім, әкелген сыйым бар. Мен енді тойға қалып коймайын. Рахмет! Әр қазақ отбасында той бола берсін!

Балалар әжесімен Сабинаның әңгімесін тыңдап, Сабинаның киіміне назар аударады

Балалар Сабинамен коштасады

Телефонның қоңырауы істіледі)
- Балалар, біреу қонырау шалған сияқты. Бұл сендердің Бахытгүл апайларың.
-Алло, қайырлы күн! Неге хабарластыңыз?
- Балалар сабақ қалай өтті? Қандай тапсырмалар болды? Не жайлы әңгімелестіңдер? Қандай ойындар ойнадыңдар?
-Бахытгүл апай балалардың жауаптарын естідіңіз бе? Сау болыңыз!
Ал, балалар тұрайық,
Қонақтарға жылы қарайық
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп
Біз бәрімен қоштасайық
Әдемі күлкімізді сыйлайық
Сау болыңыздар !-деп айтайық!
-Балалар, сендер бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар! Мен сендерге өте ризамын. Сау болыңдар!

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Ұлттық киімдердің атауларын.

Қандай түсініктерді игерді: Ұлттық киімдерді танып-білуін, заттық суреттер арқылы сөйлемдер құрастыруын; сөздерге жалғауларды дұрыс жалғап айтуын меңгерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, ертегі бойынша диалог түрінде сөйлесуді
Категория: Дошколенок | Добавил: AIA43
Просмотров: 1431 | Загрузок: 312 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 8:50 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru