Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Мектепалды даярлық тобының оқу үрдісіндегі қолданылатын технологиялар
2014-04-12, 8:46 AM
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі
жаңа білім беру өте қажет»

Мемлекетіміздің білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының қабылдануы білім саласындағы үлкен жаңалық. Білім беру жүйесінен күтілетін нәтижелердің бірі – «өмірлік білімнен баршаға өмір бойы игерілетін білім». Бұл өмірдің әртүрлі талқысынан сүрінбей өту, тұлға ретінде дамуы үшін адамға білім қай жаста қажет екенін әр адам өз өмірі барысында үздіксіз білім алуға тиіс екенін айқындай түседі. Демек, оның жас ерекшелігіне қарай білім алу жасы да, әдісі де әртүрлі болатындығы белгілі. Бағдарламада мектепке дейінгі тәрбие берудегі мақсат: «балабақшадағы әдістемеге және тәрбие беру үрдісінің мазмұнына жаңа сапа беруге қатысты болып отыр»,- деп ерекше айтылған. Бүгінгі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектепалды дайындық тобындағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту саласында заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, сондай-ақ жаңа технологиялармен қамтамасыз ету қажеттігі туындап отыр
Жаңа стандарттың жалпы ережесінде педагогикалық процестің жаңашылдығын қамтамасыз ету көзделген. Осы стандартқа сай балабақшада тәрбиелеп оқытудың басты құралы – бағдарламалар жаңартылып, оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына елеулі өзгерістер әкелді. Осы өзгерістерге орай мектепалды дайындық тобында оқытуды жетілдіру әр педагогтан оқыту ісін оңтайландыру жолдарын тәжірибеге енгізуді талап етеді.
Оқыту жолдарының көптүрлілігі, олардың бірте-бірте жетілуі педагогтар алдына тиімді жолдарды анықтап, қолдану керектігі туралы күрделі мәселе қояды. Сондықтан әр педагогқа сапалы білім беру үшін көп ізденуге, жаңаша ізденуге тура келеді.
Н.В.Микляева «Инновации в детском саду» атты еңбегінде авторлық әдістеме мен технологияны құру мәселесін сипаттай отырып, «әдістеме тіл дамыту әдістемесі, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі т.т.б. деп стандартқа сай дәстүрлі жіктелген. Дегенмен мектепке дейінгі білім берудің қандай да бір әдістемесі аясында нақты міндетті шешуге қатысты «жекелеген» әдістемелер құрылуы мүмкін. Мәселен, тіл дамыту әдістемесі аясында — сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі не болмаса балаларды шығармашылық әңгімелеуге үйрету әдістемесі құрылады» деген еді
Демек, балаларды шығармашылық әңгімелеуге үйрету жолдарын бір әдістеме ретінде қарастыруға болады. Ол үшін осы әдістемеге енетін материалдардың мазмұнына ерекше көңіл бөлу қажет.

Бағдарламалар түрлі өмір жағдайларында жинақталған тәжірибені қолданудың басты көрсеткіші ретінде балалардың негізгі құзыреттілігін қалыптастыру міндеттерін шешуге бағытталған.
Педагог баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, өзінің ұстанған әдістері мен құралдарын жүйелейді. Қандай жолды таңдаса да, ол шеберлігі арқылы сол жолдың тиімділігін, әсерлілігін арттыра түседі Білім берудің жаңа құрылымына сай қойылып отырған бұл талап тәрбиешілерден өзінің кәсіби шеберлігін шыңдауды талап етіп отыр. Сондықтан оқу технологияларын оқу мазмұны мен балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеден өткізудің маңызы зор. Ең алдымен осы технологиялардың мән мағынасын түсініп алған жөн.
Дамыта оқыту технологиясы. Білім беру жүйесін қайта құру балабақшадан басталатыны белгілі. Ал білім беруді жақсарту педагогке байланысты екендігі сөзсіз. Соған орай білім берудің жаңа технологияларын мақсатқа сай қолдана білу қажет. Мысалы: ертегінің мазмұнын ашу барысында «дамыта оқыту технологиясын» қолдансақ, онда Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – жеке адамның жоғарғы дәрежеде жан-жақты дамуы үшін негізін жасау. Демек, дамыта оқыту технологиясы бала тұлғасын жан-жақты дамытуды көздейді. Міне, осындай сынды идеяларды мектепалды дайындық топтарында қолданудың маңызы өте зор. Дамыта оқыту негізінде тіл дамыту әдістемесін жүйелеуге болады. Десек те, тіл дамытуды жетілдіретін өзге де технологияларды жан-жақты қарастыруға болады.
Ойын технологиясы. Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Қазіргі кезде оқу үрдісінің тиімділігін арттырып, балалардың белсенділігін көтеру мақсатында ойын әдісі төмендегі бағытта қолданылып жүр:

- оқу пәнінің бір тақырыбын немесе бір бөлімін өткенде, ұғымдарды меңгеру барысында өзіндік технология ретінде;

- барынша көлемді бір технологиялардың элементі ретінде.
Сабақта қолданылатын ойындардың түрі көп, біз олардың ең балабақшаның оқу-тәрбие үрдісіндегі ең маңыздыларын және жиі қолданылатындарын ғана іріктейміз. Жалпы ойынға қарағанда балабақшадағы қолданылатын ойындардың ерекшелігі нақты мақсаттардың және соған сәйкес нәтиженің болуы.
Балабақшаның оқу-тәрбие үрдісіндегі ойын технологиясының орны мен маңызын анықтау педагогтың ойын қызметін түсінуімен тікелей байланысты.
Ойын технологиясының нәтижелілігі, біріншіден, оларды қолданудың жүйелілігімен, екіншіден, дидактикалық міндеттермен үйлестірілген ойындардың мақсаттылығымен анықталады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Қазіргі балабақша тәжірибесінде қолданылып жүрген сыни ойлауды дамыту технологиясының стратегиялары баланың ойлауына, шығармашылық ізденісіне, тәрбиешінің шеберлігіне жол ашады. Технология әдістерін қолдануда тәрбиешілер нәтижесінде: баланың ойлауына, бала белсенділігіне, сөздік қорын дамытуға, баланың өзіндік пікірінің қалыптасуына мүмкіндік жасайтындығын айтып жетістікке жетуде. Баланың өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой-өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, бірте-бірте тәрбиешінің түсіндіргеніне қарағанда өз ізденісімен қызығу танытып, шығармашылық қабілеттері ұшталады. Сонымен қатар жекелей жұмыстар, жұптық және топтық жұмыстар арқылы өз ойларын ашық айта білу, пікір айтуға үйрену, пікір таластыру, ойланып жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білу, сыйластыққа, ұйымшылдыққа, білім деңгейлерінің жоғары болуына көп әсерлерін тигізеді. Оның ішінде ерекше бір жағдай: топта көп сөйлемейтін, ойлау дәрежелері төмен балалардың да қызығушылығы туып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысуы байқалады. Сөйтіп жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашуда.
CТО (сын тұрғысынан ойлау) технологиясына негізделген сабақтар материалды жан-жақты және тереңірек ашуға, балаларға бағыт-бағдар беріп, әсер етуге септігін тигізеді. Технологияның ерекшелігі көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Балабақшаға баратын балалар білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдайды және жалпы өмірде табысты болып келеді. Бүгінгі таңда жаңаша ойлайтын оқыту мен тәрбиенің технологиясын күнделікті жұмыста қолдана білетін педагогтың жұмысы жемісті болмақ.
В.Ф.Шаталовтың схемалы үлгілер негізінде оқыту технологиясы. Бұл әдістемесінің негізгі ұстанымы – білімді қайталау негізінде игеру, қыспақсыз оқыту, тіректерді пайдалану. Жаңа теориялық білімді алғаш рет немесе екінші рет қабылдау тіпті өте білікті маман сабақ бергеннің өзінде оның толық меңгерілуіне кепілдік бере алмайды және бұл оның ұзақ есте сақталуына, демек, сол білімді практикада, шығармашылық қызметте қолдануына мүмкіндік бермейді [2].
Мазмұндық ерекшеліктері: оқу материалдары сызба (схема) конспектілер түрінде дайындалады. Мектепалды дайындық тобындағы балаларда образды бейнелі ойлау орын алады. Сондықтан тірек сызбаларды, суреттер тіректерді қолдану жолдарын бала жасына сай таңдауға болады. Сабақтарда тірек суреттерді қолдану оқу материалының мазмұнын аша түседі.
Мектеп алды дайындық — білім берудің іргетасы болғандықтан оқу мен тәрбиенің түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіріп, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдаланудың жолдарын қарастырдым.
Категория: Дошколенок | Добавил: РСШ
Просмотров: 6298 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 2.4/12
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-05-08, 7:39 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru