Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Құстардың қысқы тіршілігі.
2014-12-01, 5:47 PM
Алматы облысы
Қарасай ауданы
Қаскелең қаласы
"Сандуғаш" балабақшасының тәрбиешісі
Базарбаева Шынар Ибадуллаевна
Мектепалды даярлық тобы
Білім беру салалары: «Таным», «Әлеуметтік», «Шығармашылық», «Қатынас», «Денсаулық».
Бөлімі: Экология, қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту,құрастыру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Құстардың
қысқы тіршілігі.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру. Озық технологиялардың әдістерін, жабдықтарын қолдана отырып, балалардың ой-өрісін, дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын, тілін дамыту.
Көрнекеліктері: қыстап қалатын құстардың суреттері, слайд, ТСО, бос қораптар, жұмыртқа, түрлі-түсті қағаздар, қайшы желім, шемішке, дәнді дақылдар, ПВА желімі.
Барысы:
Шаттық шеңбері.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне, еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанеки бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге,
«Сәлеметсіздер ме, апайлар!»
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінің қай айы?
- Қыс мезгілінің айларын атаңдар.
- Бүгін нешінші күні?
- Қыс табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалардың жауаптары тыңдалады
Жұмбақ жасыру.
Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық.
(қар)
Қыста шыны боп қатады,
Жылыда су боп жатады.
(мұз)
Шелпек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен оны.
(аққала)
- Кім қыс туралы тақпақ айтады?
Алима:
Аула сырты, баққа да
Тұрғызамыз аққала.
Аққаланы айналып,
Би билейміз шаттана.
Мейрамбек:
Жас ұланбыз шыныққан,
Жасқанбаймыз суықтан.
Қардан жасап аққала,
Сырғанаймыз шаттана.
Рабия:
Қыс келді, қыс келді,
Ақтарды ақ қарды.
Ақ қарды шимайлап,
Шаңғымен сызамыз.
Психологиялық жаттығу.
Шегірткеге не жарасады? (секірген)
Тауыққа не жарасады? (шоқыған)
Ақылды балаға на жарасады? (оқыған)
Бүркітке не жарады? (самғаған)
- Бүгін біз қыстап қалатын құстар жайлы әңгімелесеміз. Құстардың жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай құстар қыстап қалатын құстар, жыл құстары болып бөлінеді.
- Қыстап қалатын құстар жайлы не айтуға болады.
- Қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер?
- Олар қысы жазы өз мекенінде тіршілік етеді.
- Қыста құстар немен қоректенеді?
- Ағаш бүршігін, кепкен жемістермен қоректенеді.
- Ал адамдар оларға қандай көмек көрсетеді?
- Адамдар оларға жемшашар жасап, оған нан қоқымын, жем шашып береді.
- Құстардың бір-біріне қандай ұқсастықтары бар?
- Құстарды бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?
- Құстар не істей алады?
- Неге құстарды біз «досымыз» дейміз?
- Құстар туралы кім тақпақ айтады?
Зарина:
Торғай, торғай, торғайсың,
Жақын келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
Айлин:
Кептер хабар тасыған,
Үйреніп оған жасыған.
Хат әкелген өткеріп,
Сан қиындық басынан.
Арайлым:
Ала қанат сауысқан,
Құртты көрсе жабысқан.
Бір томардан томарға,
Секең-секең ауысқан.
Қуаныш:
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса қор болар,
Бұтаға келіп қонар.
Әділжан:
Сары бауыр шымшықтар,
Қыстан аман шығыңдар.
Жазды көріп жайнаңдар,
Қуанғаннан сайраңдар.
Жаңылтпаштар айтқызу
Бір ақ шымшық,
Екі ақ шымшық.
Үш ақ шымшық,
Төрт ақ шымшық.
* * *
Ұшып кетті үш құс,
Ұшып келді ұшқыш.
Слайд көрсету.
Сауысқан– ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Қазақстандағы ең құйрығы ұзын құс. Оның құйрығы 35 см. Ол өте сақ. Ерекшелігі – жылтыр, әшекейлі заттарға әуестігі. Оның ұғымталдығы да соншалық – кәдімгі қараторғай мен тоты секілді, адамның айтқан сөзін жаттап алады. Кез келген тамақты қорек етеді. Қауырсындары біріңғай қара емес, жасыл реңкті келеді, бүйіріндегі қауырсыны аппақ.
Суықторғай– ағаш қуыстарын, індерді, үй – жайларды мекендейді. Бұталардың дәнімен, жемісімен қоректенеді. Кейде тоқылдақ қорегінің қар бетіне түскен қалдығын теріп жейді.
Қарға – басы, қанаты, құйрығы қара, ал арқасы мен бауыры сұрғылт, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Түрлі тамақ қалдықтарын тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді. Бұл өте ақылды құс. Оның балапанын сөйлеуге үйретуге болады. Қарғалар ұзақ өмір сүреді.

Тоқылдақ – Қазақстанның тұрғылықты құсы. Түсі шұбар, өте жылдам қимылдайтын еңбекқор құс. Ағаштардың қабықтарының арасындағы бунақденелілермен қоректенеді. Қар үстіне түскен қалдығын торғайлар теріп жейді. Осылай өзге құстарға да жемін табуына көмектеседі. Өте суық, аязды күні адам тұрағына жақын келеді.
Кептер – басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа құс. Кептердің қолға үйретілген түрін халық арасында “көгершін” деп атайды. Өсімдік тұқымымен, астық тұқымдарының дәнімен қоректенеді.
Шымшық – сұр, қоңыр түсті, қауырсынды кішкентай, отырықшы құс. Ауыл маңайында, аулада жүріп, жемін табады.
Құр – орман құсы. Итмұрын, бұта арасында тіршілік етеді. Қоразы ірі, түсі қара қанатынан қиғаш орналасқан ақ жолақ айқын байқалады. Құйрығының қауырсыны сыртына қарай қайырылып орналасады. Негізгі қорегі - өсімдіктер. Ол алысқа ұша алмайды. Аязды күндері қар астына кіріп, сонда түнейді. Күн көзі шыққан кезде ғана қардан шығып жемін іздейді.
- Бұл құстар жылдың барлық жылы кездерінде адамдардан алыс тұрады. Бұл кезде оларға барлық жерден тамақ, түрлі жәндіктер, дәндер мен жемістер табылады. Алайда қыс түсіп, жердің бетін қар жапқанда, оларға тамақ табу қиынға соғады. Сөйтіп, оларға қалаға адамдарға жақын жерге ұшып келеді. Мұнда олар құбырлар жанына жылынып, бойды қаритын суық желден қорғана алады, адамдардың тамағының қалдығын тауып жейді.
- Енді балалар құстардың әңгімесін тыңдап көрейік.
Слайд көрсету арқылы түсіндіру.
«Құстардың әңгімесі»
Шымшық:
- Адам тұрағына жақын келіп қоныстанғанымыз жақсы болды! Бізге дастарқан дайындап қойыпты. Тіпті жеміс те бар екен.
Құр:
- Бұғылар да келмеді ғой. Олардың ізіндегі қардан ашылған шөптің дәнін теріп жеп, бір тоятын едім!
Қарға:
- Мынадай қалың қарда дән қайдан табылсын! Ағаш бүршігімен, кепкен жеміс-жидекпен күн көре тұрамыз да.
Сауысқан:
- Ей, қаздар, сендер жылы жаққа кетпеп пе едіңдер? Қыс түскенде мұнда неғып жүрсіңдер?
Қаздар:
- Әй, сауысқан-ай, танымадың ба? Біз үй қаздарымыз ғой. Сен, өзің неге жылы өлкеге кетпедің?
Сауысқан:
- Мен туған жерде қыстайтын отырықшы құспын ғой. Мен сияқты алақарға, шымшық, тоқылдақ, торғай, суықторғайлар да қыста өз туған жерлерінде қыстайды.

Тауықтар:
- Бұл, жазда біздің ұядағы жұмыртқаны ұрлап алып кеткен қарақшы ғой, танып тұрмыз.
Сауысқан:
- Тауықтар, сөздеріңді естідім. Жұмыртқаңды ашып тастапсың. Көрген соң біреуін алып, ауыз тидім. Жұмыртқа менің басты қорегім емес. Мен бунақденелілер сияқты ұсақ жәндіктерді көбірек аулап жеймін. Мені пайдалы құс деп өсімдіктер қадірлейді. Мұны білгендерің жөн. Әрине, қазір олар жоқ, азық тапшы, тіршілік ету оңай емес. Онан да сендер, үй құстары, мына қыстағы өз жағдайларыңды айтыңдар.
Үй құстары:
- Жағдайымыз жақсы. Ұядай жылы орын, мол азықты біздер үшін адам дайындайды. Біз адамға дәмді ет, жұмыртқа, жұмсақ мамық, сыйлаймыз. Сол үшін бізді адам күтіп бағады, бізге қамқорлық жасайды
Бұл құстардың көбі суықтан қорықпайды. Суықтан олардың қалың мамықтары сақтайды. Қыс кезінде құс үшін қауіпті жағдай жемнің табылмайтындығы. Қыстап қалатын құстардың түрі, түсі, дене пішіні, жемдерін қар астынан тауып жеуге икемделген.
Қызықты мәлімет.
Қай жануар суыққа шыдамды деп ойлайсыз?
Көк кит пе, ақ аю ма, әлде пингвин ба?
Себебі бұл жануарлар ең суық жерде мекендейді ғой. Ғалымдар зерттегенде кәдімгі адам баласының қолға үйретілген үйрек пен қазы аязға шыдамды екен. Тіпті, 110 градус суықта түк болмағандай еркін сезінеді. Ал, ақ аю мен итбалық минус 80 градусқа дейін өмір сүре алады екен.
Жұмбақ жасыру.
Бір-ақ уыс көлемім,
Шыбын-шіркей қорегім.
Бау-бақшаны қорғаймын,
Ал атым ше?
(торғаймын )
Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ.
(қарға)
Үстіне ақ қамзол киіп алып,
Жүреді қанаттарын жиып алып.
(сауысқан)
Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз баптаймыз.
Бейбітшілік құсы, - деп,
Қай құсты біз мақтаймыз?
(көгершін)
Балтушка, белобока,
а зовут его . . .
(сорока)
Как откроет рот – кошмар,
слышно только кар-кар-кар.
(вороно)
Чик-чирик!
К зернышку прыг,
Клюй, не робей!
Кто это? (воробей)
Құстардың сайраған дауыстарын тыңдату.
Сергіту сәті.
Қарға болып ұшайық,
Торғай болып қонайық.
Сауысқан боп секіріп,
Тоқылдақ боп шоқиық.
- Біз өзіміздің қанатты достарымызға көместесе аламыз: асатаулар, шемшашарлар іліп, оларға жем шашамыз. Сонда көктемде біз құстардың тамаша шырылын естиміз, астық жинай аламыз – құстар зиянды жәндіктерді жеу арқылы үлкен пайда тигізеді ғой.
- Балалар бүгін қандай орталықтарда жұмыс жасаймыз?
- «Өнер» және «Құрылыс» орталығында жұмыс жасаймыз.
Балаларды орталықтарға бөлініп отыруды ұсыну.
- «Өнер» орталықта құстың суретін дәнді-дақылдармен жапсырамыз.
- «Құрылыс» орталығында қағаздан, жұмыртқадан құстарды жасауға болады және құстарға арнап ұя да жасаймыз.
Қоңырау үнімен ортаға жиналамыз.
Балалардан не жасағандарын сұрау.
Сергіту сәті.
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар атысып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.
«Ұшты-ұшты» ойыны.
Ұшты-ұшты, қарға ұшты.
Ұшты-ұшты, арба ұшты.
Ұшты-ұшты, үйрек ұшты,
Ұшты-ұшты, бүйрек ұшты.
Ұшты-ұшты, қыран ұшты,
Ұшты-ұшты, жылан ұшты.
Ұшты-ұшты, қарлығаш ұшты,
Ұшты-ұшты, қарындаш ұшты.
Ұшты-ұшты бүркіт ұшты,
Ұшты-ұшты іркіт ұшты.
Балалар орталықтармен ауысып жұмыс жасайды.
Қоңырау үнімен ортаға жиналады.
Балалардан не жасағандарын сұрау.

Сергіту сәті.
Ішік, пима, қолғаптар,
Арада жоқ тоңғақтар.
Баста қалың малақай,
Біз тоңбаймыз, алақай!
«Құстар қалай дауыстайды?» дидактикалық ойын.
Қарға------ қарқылдайды
Сауысқан----- шақылдайды
Шымшық------ шиқылдайды
Тоқылдақ --------тоқылдайды
Құр ----------- құрқылдайды
Қортындылау.
- Қыстап қалатын құстарға қалай көмектесеміз?
- Құстар ұяны не үшін салады?
- Құстардың денесін не жауып тұрады? Ол не үшін керек?
- Құстардың қандай пайдасы бар?
- Балалар қыстап қалатын құстарды атаңдар.
Қамқоршымыз құстарға,
Табиғатты сүйеміз.
Аялаймыз оларды,
Жақсы көріп бәріміз.
Мадақтау
Категория: Дошколенок | Добавил: shynar9842
Просмотров: 1469 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 10:14 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru