Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Н дыбысы және әрпі.
2014-12-06, 9:14 PM
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімнің аты: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Н дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Н дыбысын сөз құрамына бөліп алу, н дыбысын дұрыс дыбыстау, н әрпін үлгі бойынша жазуға үйрету. Балалардың ұшқыр ойлау қабілетін дамыту.
Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Балаларды мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, бекіту, жұмбақ, тыйым сөздер.
Сабақтың көрнекіліктері: сурет, кеспе әріптер, қима буындар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір - бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Педагог:
- Балалар, бүгін біздің оқу іс-әрекетімізге Алдар көсе мен Тазша бала қонаққа келіп отыр. Алдар көсе сендерге бірнеше тапсырма ала келіпті.
I тапсырма. Бұл ненің суреті? Жауабы: (аттың суреті).
- Бұл сөз буынға бөліне ме? Баланың жауабы: бір буынды сөз.
II тапсырма. Ana сөзін буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.Ата сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Педагог Алдардың келесі тапсырмасын орындайтындарын хабарлайды. Бір бала атайдың қоржынынан хатқалтаны алып ашады. Ішінен тек нанның ғана суреті шығады. Нан сөзін бірнеше рет хормен және бір-екі балаға қайталатқызып айтқызады.
Нан сөзіне дыбыстық талдау жасату. Н дыбысының дауыс¬сыз дыбыс екенін түсіндіру.
Нандың қасиетті ас екені айтылып, обал, сауап деген сөздерге түсінік беріледі. Төмендегі тыйым сөздермен таныстыру:
Нанды бір қолмен үзбе!
Нан уағын тастама!
2. Балаларға жұмбақ жасыру.
Өзі үлкен жануар,
Үстінде бір тауы бар. (Нар)

Кірш-кірш етеді,
Ішіне кіріп кетеді. (Ине)
- Н дыбысы қай жерде түр?
Н дыбысына дыбыстық талдау жасап, оның дауыссыз екенін анықтау. Қима әріптерден нан, нар, т.б. сөздерді құрастырту.
3. «Нан құдіреті» ертегісін үнтаспадан тыңдату.

4. Сергіту сәтін өткізу.
Нан қоқымын баспаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Тіл ұстарту жаттығуы.
На-на-на
Ең бақытты ана.
5. Дәптермен жұмыс жүргізу.
Сандық, нар, күн суреттері бойынша дыбыстық талдау жасалады. Осы сөздердегі н дыбысының орны түсіндіріледі.
Н әрпі мен а әрпін біріктіріп буын, сөз құрастырту, оқыту. Құрастырған сөздерді хормен қайталату. Мысалы: на, ана, нан.
А-на, нан сөздерін салыстыра оқыту арқылы буынға бөлгізу, нан сөзінің бір буыннан тұратындығын түсіндіру.
Н дыбысының кіші және бас әріптер таңбасы дәптердегі үзік сызықтарды қосу арқылы жазу жұмысы орындатылады.
Балапан, қоян, арыстан сөздеріне дыбыстың талдау жасатылып, ондағы н дыбысының орны ажыратқызылады. Айна, шана, нан сөздері де осылай талданады.
6. балаларға жұмбақ жасыру.
Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас. (Нан)
III. Қорытындылау.
— Қандай дыбыспен таныстық?
- Н дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?
ІY. Оқушыларды мадақтау
Балалар белсенділік танытады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Н н дыбысы, әрпі мен танысады
Қандай түсініктерді игерді: Н н дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз ойларын ашық айтуға дағдыланады.
Категория: Дошколенок | Добавил: Дулатовна
Просмотров: 1951 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 1:48 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru