Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Бізді қоршаған заттар. Тоңазытқыш.
2014-12-07, 7:27 PM
Алматы облысы
Қарасай ауданы
Қаскелең қаласы
"Сандуғаш" балабақшасының тәрбиешісі
Базарбаева Шынар Ибадуллаевна
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық».
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, сурет, мүсіндеу.
Сабақтың тақырыбы: Бізді қоршаған заттар, тоңазытқыш.
Сабақтың мақсаты: Тұрмысқа қажетті заттардың неге арналғанын және қолдану ережелері туралы білімдерін кеңейту. Тоңазытқыштың құрылымы туралы мағлұмат беру. Сөздерді мәнеріне келтіріп айта білуге дағдыландыру. Балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын байыту. Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Тазалыққа, жинақылыққа, үлкендердің еңбегіне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері
Кім кезіксе біздерге,
Таныс емес демейміз.
Аға, тәте, әпкеге,
«Сәлеметсіз бе»,- дейміз.
Күлімде күн, күлімде,
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүгіндей,
Бейбіт болсын болашақ.
Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күздің қай айы?
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Күз мезгілінде бау-бақшаларда нелер піседі?
- Күз туралы қандай өлеңдер білесіңдер?
Күз туралы өлеңдер
Мөлдір:
Жеміс жидек пісіп жатыр
Түсіп жатыр бау-бақта.
Жапырақтар ұшып жатыр,
Түсіп жатыр жан-жаққа.
Жапырақтың сарғайғаны,
Келген күздің сәні ме?
Нұрай:
Мен алмұртпын, алмұртпын,
Күзде жинап алатын.
Балдыраған біреуін,
Жесең тойып қалатын.
Әсем:
Дәмі аузыңнан кетпейді,
Қызыл алма шырын бал.
Көктей тісің өтпейді,
Піскен кезде үзіп ал.
Ельдар:
Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын.
Ағашта жапырақтар сылдырайды,
Төгілген алтын түсті бояулары.
Айқын:
Қамба толды астыққа,
Алғыс саған алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Қап-қап қауын алдық біз.
Жанель:
Жомарт көңіл жарқын күз,
Берекесі халқымның
Қош келіпсің, Алтын күз
Құт қонағы төрімнің
Альфия:
Сары алтындай сары күз,
Қамбадағы дәніміз.
Шелек- шелек балымыз,
Ағыл-тегіл дәніміз.
Жансая:
Сап-салқын боп келе жатқан,
Сезді ме екен күзді олар.
Қарлығаштар ұшып кетті,
Ұшып кетті тырналар.
Суретпен жұмыс. Тұрмыстық бұйымдардың суреттерін көрсету.
- Газ, телефон, теледидар, тоңазытқыш бұлардың бәрін біз бір сөзбен тұрмыстық бұйымдар дейміз. Балалар, сендер тағы қандай тұрмыстық бұйымдарды білесіңдер?
- Олар қалай жұмыс істейді?
- Балалар сендерге токқа жақындап, қосуға бола ма? Керек кезде не істеу керек?
- Тұрмыстық бұйымдарды кім ойлап тапқан деп ойлайсыңдар?
- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын шешуін шешіңдер.
Жайда үнсіз тұрады,
Біреу келсе тез жет деп,
Қоңырауын ұрады,
Дабыл қағып безектеп. (телефон)
-Балалар, енді сендер жұмбақ жасырып көріңдерші.
Өмірхан:
Көгілдір түсі бар,
Тас балқытар күйі бар. (газ)
Рахат:
Киноменен концертті,
Үйде қойып көремін.
Жаңалығы бар елдің,
Өз көзімен көремін.
(теледидар)
Сырты жаз, іші қыс. Бұл не?
(тоңазытқыш)
Қыстың қаңтар, ақпанын,
Кебежеме сақтадым.
(тоңазытқыш)
- Балалар, бүгін біз тоңазытқыш туралы білетін боламыз.
- Балалар, кім тоңазытқыш туралы өлең біледі?
Ельдар:
Мұздатқыш
Тұрса тегеш беті ашық,
Күн ыстықта қызынар.
Қымыз быршып, сүт ашып,
Жып-жылдам-ақ бұзылар.
Тұрсын деп қаз-қалпында,
Мұздатқышқа қоямыз.
Шөлдегенде артынан
Қанып ішіп тоямыз.
- Тоңазытқыштың іші неге суық?
- Қане, тоңазытқыштың есігін ашып, оның ішінде не бар екенін елестетіп көрейікші. Мүмкін оның ішінде Аяз ата бар шығар. Сүт, сары май, ірімшік, көже – бәрі бар екен. Ішіндегі тағамдар бұзылмас үшін, тоңазытқыш күні-түні жұмыс істейді. Тоңазытқыштың іші өте суық, бірақ та Аяз ата жоқ. Ал қалай бұл шкафтың іші суық болып тұрады. Тоңазытқыш ішінде дыбыс шығады. Ол кенеттен ақырын гүрілдеп селкілдейді. Бұл дөңгелек қорапта жасырылған шағын электр моторы іске қосылды деген сөз. Мотор құбырлар бойымен сұйықтықты итереді. Тоңазытқыш суи бастайды. Бір уақытта тынышталады, жұмысын тоқтатады. Сәл жылына бастаса-қайтадан іске қосылады.
- Тоңазытқыш – азық-түлікті салқын температурада сақтап тұру үшін пайдаланатын электр қуатымен жұмыс істейтін құрылғы.
- Тоңазытқыштың пішіні қандай?
- Түсі қандай?
- Балалар тоңазытқыш жайлы шағын әңгіме құраңдаршы.
Балалардың әңгімесі.
- Балалар, екі орталықта жұмыс жасаймыз. 1-орталық Жанельдің тобы сары жапырақ жинайды да «тоңазытқыштың суретін салады да помадамен бояйды». 2-орталық Мөлдірдің тобы қоңыр жапырақ жинайды да тоңазытқыштың ішіне қойылатын балмұздақты мүсіндейді
Сергіту сәті.
Саусақтарым билеңдер,
Дәмді тоқаш илеңдер.
Алма қосып илеңдер,
Саусақтарым билеңдер,
Қандай жақсы шеберлер!
Балалар орталықтармен ауысып жұмыстарын жасайды.
«Жұбын тап» ойыны.
Жұп карточкаларын мағынасына қарай жинау.
Шаш – шаш кептіргіш
Кілем – шаңсорғыш
Тіркеме – машинаның кабинасы
Есепшот – калькулятор.
Леген – кір жуатын машина
Пеш – газ плитасы
Қайық – кеме.
Тіл жаттықтыру жаттығуы.
Тан-тан-тан-аң патшасы арыстан,
Кі-кі-кі-айлакер түлкі,
Ік-ік-ік-мойны ұзын керік,
Қыр-қыр-қыр-бұл көкжал қасқыр,
Ян-ян-ян-секеңдеген ақ қоян,
Ю-ю-ю-қорбаңдаған аю,
Ма-ма-ма-маймыл отыр ма?
Ра-ра-ра-бұл жолақ зебра,
Іл-іл-іл-бұл ауыр піл.
Қорытындылау.
- Балалар бүгінгі сабақта не білдіңдер?
- Не үйрендіңдер?
- Тоңазытқыш қысы-жазы тамақтарды салқындатын, бұзылып кетуден сақтайды.
- Тұрмысқа қажетті заттар-олар адамға пайдалы.
Мадақтау.
Ұсақ болма ірі бол!
Өз ортаңның гүлі бол!
Ата-анаңның көзінің!
Сөнбейтұғын нұры бол!
Категория: Дошколенок | Добавил: shynar9842
Просмотров: 4957 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-03-19, 6:23 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru