Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Ата-аналар жиналысы Тақырыбы: Бала құқығы-бұл ересектердің құқығы
2014-12-12, 7:05 PM
Жалпы ата-аналар жиналысы
Тақырыбы: Бала құқығы-бұл ересектердің құқығы
Мақсаты: Ата-аналарға балалардың құқығы маңызды екенін түсіндіру. Ата-ана - біздің еліміздің кішкентай азаматтарының негізгі гранты болып табылатынын ұғындыру.
Күн тәртібінде:
1."Біз бала құқықтарымен танысамыз" - балалар, тәрбиешілер, музыка жетекшісі.
2. "Бала құқықтары туралы конвенция, бұл ата-аналар мен балаларға арналған құжат" - заңгер.
3. Түрлі сұрақтар
Өткізілетін жұмыстар:
Бала құқықтары туралы балалармен сабақтар өткізу.
"Біздің балабақшаның елтаңбасы" ұжымдық жұмыс.
"Топтың елтаңбасы" сурет салу.
"Мен баламын, менің өз құқығым бар!" ата-аналар бұрышындағы газет.
Жабдықтар:
"Бала құқықтары туралы Конвенция, ҚР Конституциясы"
"ҚР Отбасылық кодексі"
"Менің баламның есімі" Шебер қолдар. Ата-аналар мен балалардың жұмыстарынан көрме.
Мемлекеттік рәміздер.
"Менің тобымның елтаңбасы" балалардың салған суреттерінен көрме.
"Менің балабақшамның елтаңбасы" ұжымдық жұмыс.
Әр балаға кішкентай үш түсті жалаушалар
"Балабақша мен отбасындағы баланың қауіпсіздігі" буклет.
Ата-аналарға арналған сауалнама.
"Достық" әнінің сөзі.
Жиналыстың барысы:
1. "Біз бала құқықтарымен танысамыз" - балалар, тәрбешілер, музыка жетекшісі.
Жүргізуші:
- Қайырлы таң, құрметті ата-аналар. Бүгінгі ата-аналар жиналысымыз "Бала құқығы - бұл ересектердің құқығы", кішкентай ересек адамдарға арналады .Біз ересектер кішкентай азаматтардың құқығын бұзудамыз. Мұны біз әдейі жасамаймыз. Біз мұны білмегендіктен бала құқығын бұзудамыз. Оны ата-аналар арасында сауалнама жүргізу арқылыанықтадық.
Бала құқығы көбінесе отбасында бұзылады. Адамдар еңбек ету үшін, демалу үшін, білім алу үшін заң керек. Негізгі заң - ҚР Конституциясы (Ата Заң). Елімізде Конститутция күні мереке болып аталып өтіледі.
Бала құқықтары туралы Конвенция – бұл шарт, онда әлемдегі барлық балаларға қатысты, олардың құқықтары туралы айтылады. «Конвенция» сөзі бізге латын тіліннен келген, ол «шарт, келісім» дегенді білдіреді. Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы 1989 жылы 20 қарашада қабылданды және жалпы адам құқықтары декларация негізінде жасалды. Конвенцияны бекіткен елдер оның кепілі болып табылады. Бала құықтары туралы Конвенция – бұл барлық дүниежүзіндегі мемлекеттер кепіл болатын, жалғыз ғана халықаралық келісім.
Құжат 54 баптан тұрады, әрқайсында әртүрлі құқықтар жан-жақты қарастырылған.
Қатысушыларға Конвенцияның 4 принципі түсіндіріледі:
- кемсітпеу
- өмір сүру үшін жақсы жағдай жасау
- баланың пікірін мен көзқарасын құрметтеу
- әлеуметтік және мәдени, ақыл-ойының, эмоциялық, психологиялық, дене күшінің дамуын қалыптастыру.

Бүгін балалар өз құқықтары туралы не білетіндерін айтады. Балалардың ой-пікірлері тыңдалады.
Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан
1. Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді;
2. Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;
3. Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы;
4. Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата-анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;
5. Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;
6. Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;
7. Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;
8. Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;
9. Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;
10. Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Жүргізуші:
- Әр адамға өмірге келген кезде өз есімі беріледі, ол есімді балаға ата-анасы береді. Осы есіммен балаңыз өмір бойы жүреді. Ең бастысы осы есім бәрімізге ұнау керек. Осы себептен ата-аналар балаларымен бірге "Менің баламның есімі" атты тақытыпта қолдан келген бір зат жасап келуді ұсындық. Барлық ата-аналарға рахмет айтамыз. Барлық жұмыстар өте әдемі, ерекше, бір-біріне ұқсамайды, бізде бір-бірімізге ұқсамайтын сияқты жұмыстар да әртүрлі.
Көрмені тамашалау.
Біз Қазақстанда өмір сүреміз. Біз қазақстандықтармыз.
Қазақстанның өз Мемлекеттік рәміздері бар. Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Гимн. Әр Қазақстанда тұратын барлық азаматтар Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеу керек.
Мемлекеттік Рәміздер туралы түсінік беру.
Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентiнің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні
Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әні: Шәмші Қалдаяқов

Жүргізуші:
- Барлық адамдар бақытты өмір сүру үшін, бір-бірін ренжітпеу үшін, бала құқықтары мен ересектердің құқығын білу керек. Және де адамдар бір-бірімен сыйласа, достаса білу керек, әр адамның шынайы достары болу керек, олар қиын сәтте бір-біріне көмек бере білу керек.

Ата-аналарға "Достық" әнінің сөзін таратып беріп, барлығына бірге айтуды ұсыну. Балалар мен ата-аналар бірге ән салады. Тәрбиеші балаларға үш түсті жалаушаларды сыйға тартады.

Жүргізуші:
- Енді балалардың жасаған жұмыстарына назар аударайық. Ұжымдық жұмыстың тақырыбы "Балабақшаның эмблемасы". Әр баланың жеке суреттері "Менің тобымның эмблемасы". Осы конкурстың мүшесі болуды ұсынамын. Өзіңізге ұнаған суретті көрсетіңіз де дауыс беріңіз. Жиналыс соңында қорытынды жасап, жеңімпазды марапаттаймыз.
Суреттерге баланың есімі жазылмаған.
2. "Бала құқықтары туралы конвенция, бұл ата-аналар мен балаларға арналған құжат" - заңгер.
3.Түрлі сұрақтар.
Бүгін біз не білдік?
Бүгінгі жиналыс сізге қай жағынан пайдалы болды?
Сіздердің тілектеріңіз бен өтініштеріңіз.
Категория: Дошколенок | Добавил: shynar9842
Просмотров: 4230 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 7:17 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru