Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Жабайы аңдар.
2015-04-05, 1:49 PM
ШҚО Тарбағатай ауданы
КМҚК "Әсем" ясли - бақшасы
тәрбиешісі Алимбаева Жанна Данашқызы

Екінші сәбилер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Айналамен таныстыру
Тақырыбы: Жабайы аңдар.
Мақсаты:
1. Білімділік: Жабайы аңдардың атын дұрыс айтуға үйрету . Жабайы аңдардың кейбір ерекшеліктерін айту , қоректенуі туралы түсінік беру .
2. Дамытушылық: Жабайы аңдар туралы ой-өрістерін, сөздік қорларын дамыту.
3. Тәрбиелік: Аңдарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Жабайы аңдардың суреттері , слайд .
Әдіс тәсілдері: Ой қозғау, тақпақ , көрсету, түсіндіру, ойын , жұмбақтар .
Пәнаралық байланыс: көркем әдебиет, тіл дамыту
Іс-әрекет кезеңдері
Мотивациялық қозғаушы ұйымдастырушы
Тәрбиешінің әрекеті
Ұйымдастыру “Жылулық шеңбері”
-Балалар, бүгін біздің оқу іс-әрекетіне қатысуға қонақтар келіп отыр.
Олай болса, қонақтармен сәлемдесейік.
-Балалар енді қонақтарға арналған жақсы тілектер айтайық.
Ойын : Қояным тұршы .
-Жақсы балалар, енді орнымызға отырайық .
Ой қозғау : Өткен тақырыптарды қайталау .
Біз қандай Республикада тұрамыз ?
Біздің Астанамыз қай қала ?
Біздің елбасымыз кім ?
Қазақстан Республикасының рәмәідерін ата ?
Біз қандай ауылда тұрамыз ?
Біздің балабақшамыз қалай аталады ?
Біздің тобымыздың аты қалай аталады ?
Қазір қандай мезгіл ?
Көктем айларын атаңдар
Балалардың әрекеті
Балалар жылулық шеңберіне тұрып қонақтармен сәлемдеседі!
Біз кішкентай баламыз .
Өсіп - өніп толамыз.
Күнге қарай күлімдеп ,
Көкке қанат қағамыз.
Әлемдегі бар адамға ,
Тек жақсылық тілейміз
Балалардың сұрақтарға жауаптары .
Іздену – барлау
Тәрбиешінің әрекеті
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын :
1 .Қалқиған құлағы бар .
Елеңдеп қорқып тұрады .
2. Жазда қыдырады .
Қыста тығылады .
3. Бүландаған құйрығы .
Бір алдарлық қулығы .
Мынау аю . Аюдың төлі қонжық.
Мынау қасқыр . Қасқырдың төлі бөлтірік .
Мынау қоян . Қоянның төлі көжек.
Мынау арыстан . Арыстанның төлі абдан .
Мынау түлкі . Түлкінің төлі түлкішек.
Сергіту сәті :
Ормандағы аюдың .
Құлпынайы көп екен .
Теріп - теріп алайық ,
Қалтамызға салайық.
Балаларға жабайы аңдардың қоректенуі жайлы айтып , түсіндіру.
Балалар сендер жабайы аңдар туралы тақпақ білесіңдер ме ?
Балалардың әрекеті
Қоян
Аю
Түлкі
Балалар тәрбиешінің әңгімесін зейін қойып мұқият тыңдайды.
Тақпақтың мәтініне қарай қимыл жасады .
Әлима :
Ұзын құлақ сұр қоян .
Естіп қалып сыбдырды .
Ойлы - қырлы жерлермен ,
Ытқып - ытқып жүгірді .
Айғаным :
Түлкі - түлкі түлкішек .
Түнде қайда барасың ?
Апамның үйіне барамын .
Апаң саған не береді ?
Ешкі сойып , сүт береді .
Оны қайда қоясың ?
Тал түбіне қоямын .
Ит ішіп кетсе қайтесің ?
Жылап - жылап қоямын .
Әлихан :
Тікірейген құлағы
Тыным таппай жүр әлі
Елеңдейді сақтықпен ,
Көзі қандай қырағы
Нұрасыл :
Аю отыр партада .
Екі қолы қалтада .
Апай сабақ сұраса ,
Ұйықтап қалды масқара .
Рефлексивті-түзетуші
Тәрбиешінің әрекеті
Балалар бүгін біз қандай аңдармен таныстық ?
Жабайы аңдарды атаңдар ?
Ойын : Көлеңке .
Балалардың әрекеті
Жабайы аңдар .
Аю , түлкі , қасқыр , арыстан , қоян .
Балалар ойынды қызыға ойнады
Күтілетін нәтиже :
Нені білу керек : Жабайы аңдарды ажырата алады және олардың төлдерін таныды .
Нені игерді : Жабайы аңдар туралы тақпақ айтуды .
Нені біледі : Жабайы аңдардың қоректенуін біледі .
Сабақ аяқталды.
Категория: Дошколенок | Добавил: жаксы | Теги: бақша, бала
Просмотров: 1450 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 5:45 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru