Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Үй жануарлары және олардың төлдері
[ Скачать с сервера (15.7 Kb) ] 2015-11-17, 6:45 PM
Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары және олардың төлдері.
Сабақтың мақсаты: Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы алған білімдерін пысықтап, қорытындылау. Ұлтымыздың салт-дәстүрлерін білуге, төрт түлік малдың түрлерімен адамға пайдасымен сондай-ақ, олардың қимыл-қозғалысы, түр-түсімен таныстыру арқылы балалардың ой-өрісін, тілін, сөздік қорын дамытуға, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, жануарларға деген сүйіспеншілігін, қамқорлық сезімін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекі-құралдары: үй жануарларының суреттері, ойыншықтар.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, әңгімелету.

Таңғы шеңбер.
Армысың, Әлем!
Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.)
Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады.)
Армысың, менің досым!

Әңгімелесу. Тәрбиеші балалардан күнді, жыл мезгілін, ай аттарын сұрап сөйлетеді.

Поэтикалық үзіліс. Тәрбиеші балаларға І.Жансүгіровтың «Құлыншағым-құндызым» атты өлеңді оқып береді.
Құлыншағым-құндызым.
Құлдырайды, шабады.
Жалтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.

Тәрбиеші балалардан өлең не туралы екенін сұрап, балаларды сөйлетеді.

Сурет бойынша жұмыс. Тәрбиеші балалардың назарын енді тақтаға аудартады. Тақтада үй жануарлары мен олардың төлдерінің суреттері ілулі тұрады. Балалар үй жануарларын төлдерімен бірге естеріне түсіріп айтады.

Ойын: «Адасқан төлдер».
Тәрбиеші тақтадағы жануарлардың төлдерін дұрыс табуды ұсынады. Балалар үй жануарларының жанына олардың төлдерін қойып, сөйлем құрап айтады:
Жылқының төлі-құлын, сиырдың төлі-бұзау, түйенің төлі-бота, қойдың төлі-қозы, ешкінің төлі-лақ.

Сергіту сәті.
Біз кішкентай баламыз ,
Өсіп , өніп толамыз .
Күнге қарай талпынып ,
Көпке қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз ,
Қарлығаштай самғаймыз.
Бір отырып , бір тұрып ,
Жаттығулар жасаймыз.

Ойын: «Не береді?».
Тәрбиеші үстелдің үстіне түрлі заттарды қойып, (жүннен тоқылған шұлық, қолғап, көрпеше, қымыз, шұбат, ірімшік) осы заттар қайдан келгенін сұрайды, оларды не бергені жайлы айтып берулерін ұсынады. Балалар кезегімен заттарды алып, әңгімелеп айтып береді: жылқы сүт береді, одан қымыз жасалады; сиыр сүт береді, одан ірімшік жасалады; түйе жүн береді, одан көрпеше тігіледі; қой жүн береді, одан шұлық, қолғап тоқылады.

Ойын: «Дауысынан таны».
Тәрбиеші балаларға үй жануарларының дауысы жазылған күй таспаны тыңдатады, қай жануардың дауысы екендігін ажыратып айтуларын тапсырады.

Қорытынды. Тәрбиеші балалардан бүгінгі сабақта үй жануарлары туралы білімдерін пысықтағанын айта отырып, сабақты қорытындылайды. Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтайды.
Категория: Дошколенок | Добавил: perizat77
Просмотров: 952 | Загрузок: 16 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 6:50 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru