Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

«Бала денсаулығын нығайту жолдары»
2016-01-09, 5:45 PM
Тақырыбы: «Бала денсаулығын нығайту жолдары»
ШҚО Семей қ.
«№3 ясли-бақшасы» МКММ
Тәрбиеші Айтжанова Р.А., 2 санатты

Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан, бала организмінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру осы кездегі ең басты міндет болып табылады. Бұл міндеттердің маңыздылығы мынада; организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды.
Сондықтан сүйектің, буынның дұрыс әр мерзімде жетілуіне, бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына, табан дөңістерінің дұрыс жетілуіне айырықша мән беру керек. Бұлшықеттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал ету қажет. Сондай- ақ, баланың қозғалысын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және дененің икемдігін, шапшандық, күштілік, төзімділік сияқты қаситтерін қалыптастыруға тұрмыста және дене тәрбиесінде қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дамытуға баса назар аударылады. Дене тәрбиесі балалардың ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады. Балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұны жүргізілуіне; дене жаттығулары, гигиеналық және әлеуметтік –тұрмыстық факторлар қолданылады. Дене жаттығуы- дене тәрбиесінің негізі. Ден жаттығуы еркіндік сипаттағы белсенді қимыл әрекеттеріне негізделген. Дене жаттығуы баланың жан-жақты жетілуіне ықпал етеді. Дене тәрбиесінің негізі мазмұны денелі жаттықтыру болып табылады. Ол мынадай түрлерге бөлінеді:
• Тәңертеңгілік жаттығу
• Ұимыл қозғалыс ойындары және спорт ойындарының элементері бар ойындар
• Спорттық жаттығулар
• Қарапайым туризм
Балабақшадағы дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері:
• Күн тәртібі бойынша сауықтыру шаралары (тәңертеңгілік жаттығу, қимыл-қозғалыс ойындары, серуендегі спорттық жаттығулар, сергіту сәттері, спорттық мерекелер т.б)
Балалардың өз бетерінше қозғалу қызметі жоғарыдағы аталған жұмыс түрлері бір-бірімен байланысты әрі жинақтала келіп, белгілі бір қозғалыс тәртібін құрайды. Дене шынықтыру балалардың денсаулығын сақтап нығайтады. Дене мүсінінің сұлылығын қалыптастырып, қимыл-қозғалыс қабілетінің белсенділігін арттырады.

Ересек балалар топтарында ақыл –ой жұмсауды талап ететін ұоіә (сауат ашу, қмқұ) өткізгенде тәрбиешілер сергіту сәтін өткізеді, ол баланың қозғалыс қабілетінің қажетті деңгейде болуын қамтасыз етеді. Балалардың қимыл- іс әрекетін жетілдіру тек дене шынықтырумен шектелмейді. Балалардың бос уақытында қимыл іс әрекетіне көп көңіл бөлу керек (ойын ойнату, жаттығу жасау, т.б). Сондай –ақ күн тәртібі дұрыс құрылып, серуеннің мазмұнды да қызықты болуы тиіс. Қимыл іс әрекеттері анағурлым тыныш әрекеттермен алмастырылып отыруын қадағалау кажет. Балалардың қимылын, ептілік және батылдығын дамыту үшін доптың, секіріп ойнайтын жіптің және басқа құраладар мен ойыншықтардың маңызы зор. Сонымен қатар көп қозғалмайтын балаларға ерекше көңіл аударып, оларды жалпы ойындарға үнемі баулып отыру қажет.
Категория: Дошколенок | Добавил: natusel | Теги: Здоровье
Просмотров: 3637 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 11:13 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru