Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Тіл дамыту оқу іс әрекеті. "Менің Отбасым"
[ Скачать с сервера (282.2 Kb) ] 2016-02-13, 5:05 PM
Өмірзақ Ұлжан Ұланқызы
"Айналайын" шағын орталығы
Семей қаласы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Менің отбасым.
Мақсаты:
Білімділік: Отбасы туралы түсінік беру және отбасы мүшелері туралы ойын анық жеткізіп, әңгімелей білуге үйрету.
Дамытушылық:Балалардың бойына отбасына деген сүйіспеншілікті ұялата отырып, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, тәрбиенің алғашқы алтын қазығы өз туған ұясы екенін жете түсіндіру.Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту. Фребель сыйлары арқылы балалардың ұсақ қол моторикасын және шығармашылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бір - біріне жақсылық тілеуге тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдері: әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сұрақ жауап, Ф. Фребель сыйлары

Көрнекі құралдар: Отбасы мүшелері туралы слайд, әрбір баланың отбасылық фотолары, аудио материалдар, Фребель сыйы ойыншықтары

Үштілділік компоненті: отбасы – семья – family.

Мотивациялық-қозғаушылық
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын! Біз сендермен бүгін ерекше амандасайық.
• Олай болса барлығымыз қолмен амандасамыз – Сәлем!
• Енді құлақтарымызбен амандасамыз – Сәлем!
• Енді мұрындарымызбен амандасамыз - Сәлем!
• Аяқтарымызбен амандасамыз – Сәлем! - Сәлеметсіз бе!
Қасындағы балаларға қолдарын беріп амандасады.
Құлақтарын бір-біріне тиігізіп амандасады. Мұрындарын бір біріне тиігізіп амандасады.
Аяқтарын бір- біріне тигізіп амандасады.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыста ауа райы қандай болады?
- Қыста не жауады?
- Қардың түсі қандай?
- Сендер бақшаға қалай киініп келесіңдер?
- Қыста қандай ойындар ойнаймыз?

- Қыс мезгілінде неше ай бар?

- Қыс айларын атаңдаршы?

- Балалар, біз бүгінгі оқу іс әрекетімізде отбасы туралы әңгімелесетін боламыз. Әрбір адамның отбасы болады. Ол біздің атамыз, апамыз, анамыз, әкеміз, аға апайларымыз.
Сурет бойынша әңгімелеу.
Үштілділік компонент:
отбасы – семья – family.
Ата – дедушка – grandfather
Апа – бабушка – grandmather
Әке – отец – father
Ана – мама –mather
Аға – брат – brother
Әпке – сестра – sister

Сергіту сәті:
Атам менің – күйші,
Апам менің – биші.
Асқан шебер жанұяда,
Анам бар тігінші.
Әкем менің ұста,
Үй салады қыста.
Үйде өзім жалғыз қалам
Бәрі де жұмыста.

- Балалар, мен бүгін балабақшаға келсем есіктін алдында мына хат жатыр екен. Сендер ішінде не жазылғанын білгілерің келе ме?

Педагог хатты ашқанда (атаның дауысы (аудио) шығады):
«Сәлеметсіңдер ме, менің балаларым! Мен сендердің аталарың ұзақ жолдан келе жатырмын. Мен шаршап келе жатырмын, егер менің жұмбақтарымды шешсеңдер, тез арада жандарыңа барамын!

- Балалар, ата бізге тезірек келу үшін жұмбақтарды шешейік. Сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма?
1. Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған. Ол кім?

2. Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Бұл кім?
3. Сендердің кірлеріңді жуып, дәмді тағамдар, тәтті нандар пісіреді, сендерге жылы қабақ танытады.
-Бұл кім?
4. Сендерді арқасына салып ойнататын, көтеріп жүретін адам кім?

Осы кезде топқа Ата кіреді.
Ата: Сәлеметсіңдер ме, балаларым!
Ата: Құлындарым, аталарың сендерге құр қол келмеді. Мен сендерге өлең тақпағымды ала келдім.
Сендер тақпақ жаттағанды жақсы көресіңдер ме?
Олай болса отбасы туралы тақпақ жаттайық:
Атамнан басталар
Әжемнен қосталар
Отбасы мыналар
Ең жақын адамдар
Әкем мен анам бар,
Бір туған апам бар
Бәрін жақсы көремін
Еркелеймін, еремін.

Ата: Ал, балалар сендер ана, әке туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар тақпақ айтып береді.

- Жарайсыңдар балалар, өздерің ақылды, зерек екенсіңдер. Енді менің қайтатын уақытым болып қалды, немерелерім тосып отыр.
Ата бата береді.
Өнерлілерің көп болсын,
Елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын,
Бастарыңа бақ қонсын.
Жақсылыққа толыңдар,
Тек биікке қоныңдар.
Амин!

- Ата, батаңызға рахмет! Айтқаныңыз келсін!
Ата: Ал, қарақтарым, менің қайтатын уақытым келді. Сау болыңдар!
- Сау болыңыз!
Рефлексиялық – түзетуші
Мақал: Қариясы бар үйдің – қазынасы бар.
Мақалдың мағынасын түсіндіру.
- Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр! Ойын ойнағыларың келе ме?
Ойын: «Менің бақытты Отбасым».
Мақсаты: Фребель сыйы ойыншықтары арқылы балалардың ұсақ қол моторикаларын, шығармашылықтарын және қиялын дамыту.
Барысы: Балалар Фребель сыйының ойыншықтары арқылы өз отбасы мүшелерін бейнелейді.

- Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?
- Бізге қонаққа кім келді?

- Біз қандай ойын ойнадық?

Балаларды мадақтап, оқу әрекетін қортындылау.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Отбасы мүшелері туралы еркін әңгімелеуді, жұмбақтардың шешімін таба білуді.
Игереді: Мақалдардың мағынасын түсінуді, өмірлік тәжірибеде қолдануды.
Меңгереді: Өз ойларын жеткізе білуді, сөз бен сөзді байланыстырып әңгімелей білуді.
Категория: Дошколенок | Добавил: ulankyzyulzhan
Просмотров: 3172 | Загрузок: 39 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 1:04 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru