Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Утренник 8 марта в младшей группе
2016-11-02, 4:58 PM
ШҚО
Семей қаласы
МКММ №3 «Ясли-бақша»
Тәрбиеші: Жамашева Анар Берекболқызы
Балалар залға кіріп, жұптасып тұрады.
Жүргізуші:
Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – аналар.
Ана деп бас иеді күллі халық!

-Бұл не мереке
Көктемде қарсы алатын?
Балалардан сұрайықшы
Қыздар мен ұлдардан.
Бұл қандай мереке:
Балалар: Бұл анамыздын мерекесі!
Медина
1. Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
Әділ
2. Анам, анам, ақ анам
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілінді аламын
Жұмсағанда барамын.
Еркежан
3. Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!

4. Медина ағылшын тілінде
5. Амира ағылшын тілінде
6. Айзере ағылшын тілінде

Ән: «Күлімдейді күніміз…»

Балалар орындықтарға отырады.
Жүргізуші: Балалар қарандаршы біз сиқырлы елдеміз. Бізді бұл жерде көптеген ғажайып ертегілер күтіп тұр. Міне бірінші ғажайыптың өзі.
Көңілсіз әуенмен күлше қыз залға кіреді,еденді сыпырады және шыттарды жуады.
Жүргізуші: Балалар қарандаршы бұл Күлше қызғой. Күлше қыз үлкен зәулім сарайда өгей шешесімен және екі әпкесімен тұрады. Ол күні бойы жұмыс істейді,үйді жинайды,еденді жуады,ыдыс аяқты жуады және күрде жуады, бірақ оған ешкім ешқашан «Рахмет!»деп айтпаған екен. Міне, қарандаршы барлығы мерекелетіп жүр,ол болса әлі де жұмыс істеп жүр. Ол сондай көңілсіз... Қане балалар Күлше қызбен амандасайық! Сәлеметсіңбе,Күлше қыз.
Күлше қыз: Сәлеметсіңбе,мейірімді балалар!
Жүргізуші:Біз сені көргенімізге қуаныштымыз! Сен неге көңілсізсін,бүгін көктемнін бірінші мерекесі 8-наурыз мейрамы ғой?
Күлше қыз: Міне сондықтанда маған көңілсіз. Біраз күнде патша сарайында бал өтеді,балға ертегі әлемінің патшалығынан барлық қыз келіншектер және әжелер де барады.Барлығы көңіл көтереді,би билейді сиқырлы балмұздақ жейді,ал мен болсам балға бара алмаймын.
Жүргізуші: Неге? Жыл бойы еңбек еттің гой. Басқасы басқа ал сен баруын керек,көңіл көтеруін керек.
Күлше қыз:Ия, бірақ менің өгей анам басқадай ойлайды. Ол маған қағаз толы жұмыстарды жазып берді.Маған осы жұмыстарды істеп бітпейінше, балға барушы болма деп айтып кетті. Ал балға баруға сондай аз уақыт қалды! (сағатты көрсетеді)
Жүргізуші: Бізге жазған қағазыңды көрсет,мүмкін біз көмектесе алатын шығармыз... (Күлше қыз қағазды жүргізушіге береді) Ия, сен өзің жалғыз бұл жұмысты ертенгі таңертенге дейін бітіре алмайсың. Бірақ сен мында қара-қаншама бала саған мейірімді көзбен қарап тұр,ал қаншама шапшаң қолдар саған көмектескісі келеді. Солайма балалар,Күлше қызға көмектесеміз бе?
Балалар: Көмектесеміз!
Күлше қыз: Сондай керемет болар еді. Мүмкін мен балдын аяқ жағын көріп қалармын.
Жүргізуші: Алаң болма Күлше қыз, сен балдын басына да үлгересің! Қане ,саған өгей анаң бірінші қандай жұмыс берді.
Күлше қыз: Мына саңырауқұлақтар мен жаңғақтарды ажыратып,екі себетке салу керек.
Жүргізуші: Бұл өте оңай ғой көмекшілеріміз тұрғанда,әрі тез!

Ойын «Саңырауқұлақпен жаңғақты ажырату»
Жүргізуші: Біз бірінші тапсырманы орындадық. Ал,екінші қандай?
Күлше қыз: Шыттарды жуып және оларды ілу керек. Шыттарды мен жуып қойдым, бірақ кептіру керек, сондықтан оларды жіптерге ілу керек, ал олар болса көп!
Жүргізуші:Күлше қыз, көмекшілер жайлы ұмытып кеттінбе. Қазір біздің балалар шыттарды жіпке жаюға көмектеседі,содан кейін ол шыттар тез кебеді.

Ойын «Шыттарды құрғат»
Жүргізуші: Балалар, шыттар тез кепсін десек оларды үрлейік! Қатты, қаттырақ! Күлше қыз, қарашы шыттар кептіма?
Күлше қыз: Ия,шыттар кеуіпті! Рахмет сендерге, маған көп көмек жасадыңдар.
Жүргізуші: Күлше қыз сен әлә көңілсізсіңғой?
Күлше қыз: Өгей шешем маған бір қазан тамақ пісірсін деп бұйрық беріп кеткен.
Жүргізуші: Көңіліңді түсірме , біздің балалар саған көмектеседі.
Би: «Аспазшылар» биі.

Күлше қыз: Рахмет сендерге балалар. Сендер маған көп көиек жасадыңдар.
Жүргізуші: Күлше қыз сенің әжең бар ма?
Күлше қыз: Ия , ол алыста тұрады. Мен оны қатты сағындым.
Жүргізуші: Ондай болса біздің балалар сенің әжеңе арнап, тақпақтар мен әндер айтып берсін.
Нұрали
1. Әжем менің, ақ әжем
Ақыл беріп үйреткен.
Аппақ әжем, пәк әжем,
Мейіріммен тербеткен.
Марғұлан
2. Әжем менің асыл жан
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді.
Әжеме ешкім жетпейді!
Айерке
3. Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Бекжан
4. Әжем менің, ақ әжем
Ақыл беріп үйреткен.
Аппақ әжем, пәк әжем,
Мейіріммен тербеткен.
Ән «Әжем менің» әні.

Күлше қыз: Менің әжем де дәмді алади пысырады.Ой мен берілген тапсырмаларды ұмытып кетіппін ғой.
Жүргізуші: Тезірек келесі тапсырманы есіңе түсір,балға дейін аз ғана уақыт қалды.
Күлше қыз: Міне! (оқиды) «Зәулім үйдін клумбаларына гүлдерді отырғызу»
Жүргізуші:Бізде гүлдер барма,әлде оларды өсіру керек пе?
Күлше қыз:Бар, бірақ оларды себеттен алып көк клумбаға көк гүлдерді,қызыл клумбаға қызыл гүлдерді отырғызу керек
Жүргізуші:Жарайды, бірақ абай болу керек,бұл тапсырманы да орындай аламыз.
Ойын «Зәулім үйдің клумбаларын гүлмен әрлеу»
Жүргізуші: Енді бұл тапсырмада артта қалды! Қарашы, Күлше қыз, зәулім үйдің алды қандай әдемі болды.Бірақ сен әліде көңілсізсің…
Күлше қыз: Өйткені алдымызда ең ауыр тапсырма тұр.
Жүргізуші:Ол қандай қиын тапсырма?
Жүргізуші: «Жаңа би жаттау!» Мен билегенді өте қатты ұнатамын, кішкене үй жинап жүріп билеймін, менің әпкелеріме арнайы би үйретуші келіп үйретеді,ал маған кім үйретеді.
Жүргізуші: Біздін қыздар! Олар сүйікті аналарын құттықтауға әдемі би дайындап қойды. Тұр,қыздар мен бірге үйрен!

Би: «Гүлдер» биі.
Күлше қыз: Сондай әдемі би! Мен міндетті түрде есіме сақтаймын. Ой біз қағазға жазылған тапсырманың барлығын орындап болдық. Балалар сендердің көмектеріңе көп рахмет! Ал маған балға тез бару керек.
Жүргізуші: Күлше қыз,сен мынаны айтшы балға осы көйлекпен және осы аяқ киіммен бармақсыңба?
Күлше қыз: Ия! Неге?
Жүргізуші: Сені мына жаман көйлегіңмен мына аяқ киіміңмен патша сарайына кіргізбейді.
Күлше қыз: Енді мен не істеймін?
Жүргізуші: Сонда қалай? Әрине,әдемі киім киесің,әрі әдеміленесің.
Күлше қыз:Қалай? Мен ешқашан әдемі көйлек киген емеспін,өзімді әдемілеген емеспін!
Жүргізуші:Қарашы,біздің сән сәндеушілердің не істейтінін!

Ойын «Қызды сәндеу»
Күлше қыз: Сендердің әдемі әрлеушілерін сондай жақсы жұмыс жасады! Мен,бұлай істей алмаймын,бірақ тырысамын.
Жүргізуші:Қымбатты Күлше қыз! Сен киінбес бұрын бізге айтшы,шынайы бал қонақтары не істейді.
Жүргізуші: Бізде әдемі қыздарбар, саған арнап әдемі би билейді! (жүгіреді)
Жүргізуші: Балалар, біздің Күлше қыз киінгенше,біз өзімізді патша сарайында деп елестетейік,Бал басталды,әдемі шамдар жандыәдемі әуен ойнап тұр,ал әдемі қыздардың биін тамашалайық !

Би: «Қолшатыр» биі.
Әуенмен «Сенсеңдерде, сенбесеңдерде» залға әдемікиінген әдемі Күлше қыз кіреді, қолында себет толы силығы бар.
Жүргізуші:Міне, енді басқаша! Балалар,сендерге Күлше қыздың көйлегі ұнадыма?
Күлше қыз: Балалар сендердің көмектеріңе көп-көп рахмет. Енді мен балға уақытында бара аламын,мүмкін мен онда әдемі ханзаданы кездестірермін,сендер сияқты ақылды,мейірімді.Менің сендерге кішкене ғана сыйлығым бар, мен оны таңертең пысырдым сендерге арнап.
Жүргізуші: Рахмет,қымбатты Күлше қыз,біз де сені силықсыз қалдырмаймыз.Біз балалар мен саған сиқырлы көктем әнін силаймыз және де барша әжелер мен аналарға да арнаймыз,сіздер ешқашан көңіл күйлеріңізді түсірмей,әрқашанда күліп жүрулеріңізді қалаймыз.Әсіресе көктемде

Ән: «Көктемде» әні.
Күлше қыз:Балалар,сендерге көп рахмет! Қандай әдемі ән!(сағат соғады)
Жүргізуші: Күлше қыз саған кету керек! Ондағы мамалар мен әжелердін мерекелерімен құттықта
Күлше қыз: Әрине ,құттықтаймын! Сау болыңдар балалар,келесі кездескенше!
Жүргізуші:
Аспанымыз ашық болсын!
Өміріміз күлкіге толсын!
Деніміз сау, отбасымыз аман болсын!
Әр күніміз жарық болсын!
Жұмыстарыңыз жемісті болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Жанұяларыңыз берекеге толсын!
Көк туымыз биікте желбіресін!
Бір - бірімізге мейірімді болайық!
Көңіліміз мөлдір бұлақтай таза болсын!
Сау болыңыздар!
Категория: Дошколенок | Добавил: natusel | Теги: дошколенок, утренник, 8 марта
Просмотров: 986 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 6:24 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru