Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Бөлімі: Жапсыру Тақырыбы: «Балапан»
[ · Скриншот ] 2016-11-02, 5:14 PM
ШҚО
Семей қаласы
МКММ №3 «Ясли-бақша»
Тәрбиеші: Жамашева Анар Берекболқызы

Білім беру саласы: «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ»
Бөлімі: Жапсыру
ҰОІӘ арасындағы байланыс: «Таным»- Қоршаған ортамен таныстыру, «Коммуникация»-сөйлеуді дамыту, «Таным» - Экология негіздері.
Тақырыбы: «Балапан»
Педагогтың мақсаты:. Педагогикалық процессті ересектердің балалармен бірлескен іс-әрекеті мен баланың өз бетінше еркін іс-әрекеті негізінде құру. Зейінді белсендіру, ынталандыру тәсілін енгізу арқылы балалардың жұмысқа қабілеттерін көтеру, баламен қарым-қатынаста және жұмыс істеуде баланың қызығушылығын және белсенділігін жоғарылату.
Балалар үшін мақсат: мәнерлі бейне мен жапсыру әрекеттерінің сюжетін құруда эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Дамытушылық: көз мөлшерін, қолдың ұсақ моторикасын, бейнелі логикалық ойлауын, ақыл ойын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Білімділік: мақта дискісімен жұмыс істеу дағдыларына баулу, Үлгіге сүйене отырып дайын пішіндерден бейнелерді жапсыру әдістеріне үйрету.
Тәрбиелік: балалардың жағымды көңіл күйін тудыру, жасаған жұмысынан қуаныш алуға тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: саяхат
Құралдар мен көрнекіліктер: табиғи материалдар: мақта дискілері, желім ПВА, түрлі түсті картон, құрғақ және дымқыл майлықтар, құстардың суреттері, балапанның суреті, балапан кейіпкері, үлкен жұмыртқа.
Сөздік жұмысы: балапан, дала құстары, үй құстары.
Билингвальдік компонент: сәлеметсіз бе-здраствуйте-hello, сау болыңыз- досвидание- good bye, құстар-птицы, балапан-цыпленок.
Алдын ала жүргізілген жұмыстар: мақта дискілерін бояу, кептіру, құстар туралы әңгімелесу.
Ұйымдастыру кезеңі
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң!

Қайырлы күн!
Шықырлаған дауыс естіледі.
-Үлкен жұмыртқаның ішінен балапан шығады.
-Балалар кім келгенін білесіңдер ме?
-Балапан қандай құс?
-Балапанның мамығы жұмсақ па әлде қатты ма?
-Ол қайда өмір сүреді?
-Кәне балалар балапанмен амандасайықшы?
-Сәлеметсің бе, балапан! Здраствуй- hello.
-Балапан сен қайдан жүрсің?
Мен өзімнің бауырларымнан адасып, ұйықтап қалыппын. Енді бауырларымды іздеп табуым керек.
-Сендер маған көмектесесіңдер ме?
-Жарайды балапан, онда сенің бауырларыңды мына жақтан тауып көрейік.
- Мына тұрған құстарды орындарына қою керек екен. Сол кезде сенің бауырларың кездесіп қалар.
-Балапан сенің бауырларыңды орман жақтан іздеп көрейік , мүмкін сол жақта болар.
-Ондай болса менімен бірге жүріңдер.
-Бірақ балалар тыныштық сақтау тиіс, әйтпесе құстарды қорқытып ұшырып аламыз.
Музыка әуені қосылып, құстардың дыбыстары тыңдатылады.
-Сендерге құстардың ән салғаны ұнады ма? Құстарды ренжітуге болмайды. Оларға қамқор болу тиіспіз, естеріңе сақтаңдар. Ал біз құстарға қандай қамқор жасай аламыз?
-Балалар құстарға коп рахмет айтайық, олар бізге керемет ән орындап берді.
-Ой балалар біз орманда отырып қалдық қой. Енді көңілімізді көтеру үшін ойын ойнайық.
Қозғалмалы ойын: «Балапандар мен Қарақұс»
-Менде бір ой бар, тыңдаңдаршы. Біз өз қолымызбен балапанның бауырларын жасап берейік. Балаларды жұмыс үстеліне шақыру.
Жұмыс барысын түсіндіру.
-Жұмысты бастамас бұрын қолымызды жұмысқа дайындап алайық. Массаж доппен жаттығу жасау.
«Бес саусақ»
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.
-Енді жұмысқа кірісейік.
-Картондардан таңдап алыңдар.
-Сары түсті мақта дискісін дайындап аламыз.
-Екі бөлікке бөлінген дөңгелекті дайындаймыз.
-Желімді көк түсті картонға жағамыз. Жаққан желімнің үстіне мақта дискісін орналастырамыз.
-Енді желімді дөңгелек пішіннің астына жағып, кішентай үш бұрышты жапсырамыз. Ол аяғы болады.
Балалардың ұқыпты жұмыс жасауын қадағалау.
Жұмысты аяқтау.
-Балалар балапанға жасаған жұмыстарын табыстайды.
Жасаған жұмыстарын табыстау.
-Рахмет, балалар, өте әдемі екен
Рефлексия: -Балалар сендерге балапанға бауырларын іздеген ұнаса, мына күлімдеп тұрған күннің суретіне мына балапандарды орналастырыңдар. Ал егер ұнамаса көңілі түсіп тұрған күнге жапсырасыздар.
Балапан қоштасады.
-Рахмет, балалар сендер, маған бауырларымды тауып бердіңдер.
-Сауболыңдар-досвидание- good bye!
Күтілетін нәтиже:
Педагог үшін: Ұйымдастырылған іс-әрекетті жүргізу барысында балаларды зеріктіріп, қызығушылығы мен белсенділігін төмендетіп алмас үшін жұмыстарды түрлендіріп, сөйлеу кезінде балаға түсінікті, көркем тілмен жеткізе білу
Балалар үшін:
Нені білу керек: құстар туралы толық мағлұмат;
Нені игереді: мақта дискісімен жұмыс істеуді, өзбеттерінше таңдау жасауды, үлгіге сүйене отырып дайын пішіндерден бейнелерді жапсыруды;

Нені біледі: сұрақтарға толық жауап беруді, ұқыпты, таза жұмыс жасауды.
Категория: Дошколенок | Добавил: natusel
Просмотров: 1958 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 0:53 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru