Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » География

Атмосфераның құрамы және құрылысы.
[ Скачать с сервера (15.7 Kb) ] 2013-03-12, 9:29 AM
Астана қаласы №10мг
Нарбаева Нурсауле Саденовна
география пәні мұғалімі
Пәні: география
Сыныбы: 6 «А»
Сабақтың тақырыбы:§24
Атмосфераның құрамы және құрылысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға таныс жер қабықтарын еске ала отырып, ауа қабаты, құрылысы, маңызы, зерттелуі туралы мағлұмат беру.Атмосфераның жер қабықтары ішіндегі ерекшелігі туралы ұғым қалыптастыру.
Дамытушылық: Халықтық педагогика элементтерін пайдаланып ауақабықтары туралы танымын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғат – ананың сиы таза ауаны қорғауға, қастерлеугетәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндірме, сұрақ – жауап
Сабақтың түрі: топтық сабақ
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, атмосфераның құрылысы, плакаттар, кеспе қағаз, сөзжұмбақ.
Пәнаралық байланыс: химия, экология
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, оқу құралдарын әзірлету, сабаққа назарларын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы: «Литосфера» тақырыбын қайталау, сұрақтарға жауап алып, үй тапсырмасын қорытындылау.
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту:
Ой шақыру:
1. Қазақстан республикасының елордасы Астана қаласы 2017 жылы қандй дүниежүзілік іс- шара өткізуге қол жеткізді?
2. Ол көрменің тақырыбы қалай аталды?
«Болашақ энергиясы» тақырыбында өтетін «ЭКСПО-2017» көрме тақырыбын бүгінгі сабақпен байланыстырамыз.

ІV.Сөзжұмбақ.
Кеспе қағаздарда берілген сұрақтар арқылы төмендегі сөзжұмбақ шешіледі.
Ортаңғы торкөзден жаңа сабақтың тақырыбы оқылады.
ауА
эхолоТ
Магма
ядрО
сейСмикалық
литосФера
гЕйзер
кРатер
мАнтия
Жұмбақ: Ол бар жерде бар ма, жоқ па, білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)
V.Топпен жұмыс:
1-топ: «Тропосфера»
2-топ: «Стратосфера»
3-топ: «Мезосфера»
4-топ: «Азот»
5-топ: «Оттегі»
5 топқа мәтіндегі бөлімдерді бөліп беріп, мазмұнын өздерінен сұраймын.
Атмосфера – ауа қабаты деп аталады. Атмосфера гректің «атмос» және «сфера» дейтін сөздерінен құралған қазақша «ауа қабаты» деген мағынаны білдіреді.
Атмосфераның құрамы. Жер шарын жан-жағынан атмосфера деп аталатын ауа қабығы қоршап жатыр. Ол жердің ішкі қабығы. Ауа дегенеміз әр түрлі газдардың қосындысы. Олардың ішіндегі ең көбі азот – N 78 % . Оттегі - O 21 % құрайды. Ауада азот көп болғанымен, тіршілік үшін ең маңыздысы -оттегі. Адам мен жануарлар оттегімен тыныстайды. Ол – кез келген организмнің тіршілігі үшін қажетті зат. Өсімдік те, жануарлар да оны ауадан алады. Бұдан басқа ауа құрамында көмірқышқыл газы бар. Ол жанудан және жануарлардың тыныс алуынан түзеледі. Бұл газдың ауа құрамындағы үлесі аз болғанмен (0,03 %), жердегі тіршілік үшін маңызы зор. Өсімдіктердің өсіп жетілуі (тіршілік) үшін қажет. Ауаның құрамына газдардан басқа су буы, түрлі шаң – тозаңдар кіреді. Атмосфераның төменгі шекарасы айқын, ол жер немесе су беті. Биіктік артқан сайын ауа сирей береді де, ақыр соңында ғаламдық кеңістікке ұласып кетеді.
Сондықтан да жоғарғы шекараны дәл белгілеп айту қиын, шамамен 2-3 мың км шамасында бітеді. Төменгі қабатта ауа тығыз әрі ауыр болады. Ауа көзге көрінбейді, қолға ұстауға келмейді. Бірақ қайда барсақ та бізді қоршап тұр. Ол орын алады. Оны мына қарапайым тәжірибеден көруге болады.
Тәжірибе. Су құйылған ыдысқа түбін жоғары қаратып стаканды батырамыз стаканға су кірмейді. Стаканды екінші рет суға батырып жайлап қисайтсақ, ішіндегі ауа көпіршік түрінде шығады да, орнына су толады. Ауаның қасиеттері жайында 5 – сыныпта алған білімдеріңді еске түсіріңдер. Ауа жылуды нашар өткізеді, серпімді, салмағы бар, орын алады.
Ауаның құрамы, температурасы, тығыздығы және т б. бір жерден екінші жерге барғанда және биіктік бойынша өзгереді. Атмосфераның бұл қасиеттері, әсіресе биіктік бойынша үлкен өзгеріске ұшырайды. Температураның және газ құрамының өзгерісіне қарай атмосфера биіктік бойынша үш қабаттан тұрады. Ең төменгі қабат тропосфера (грекше тропос-бұрылыс, өзгеріс) деп аталады. Бұл жер бетінен 8 – 9 км ал экватордан 18 км –ге созылады. температура 55° С – қа дейін төмендейді. Тропосфера ауасы күн сәулесі қыздырған жер бетінен жылу алады. Сондықтан неғұрлым жоғарылаған сайын соғұрлым суық болады. Әрбір км – ге биіктеген сайын температура орта есеппен 6 С –ге төмендейді. Оның үлесіне бүкіл ауаның 80 % –ы тиеді. Су буы да бұлттар, жауын- шашын, жел яғни бұл сферада ауа райы қалыптасады. Тропосфераның жоғарғы жағында стротосфера (грекше стратум – қабатталған ) қабаты жатады. Оның жоғарғы шекарасы 50 – 55 км биіктікке дейін барады. Мұнда су буы жоққа тән. Оның төменгі бөлігінде біраз биіктікке дейін температура біршама тұрақты, ал жоғарғы жағында айтарлықтай тез өзгереді. Стротосфераның 20 км ден 30 км –ге дейінгі биіктік аралығында озон шоғырланған. Жұқа озон ауаның қызып кетуін тудыратын ультракүлгін күн сәулесін жұтады. Атмосфераның жоғарғы қабатын мезосфера және термосфера қабаттары құрайды. Ауаның температурасы алдымен 80-90 км биіктікке дейін қайтадан төмендейді. Одан әрі температура тез көтеріліп 1000 -2000 С –қа өседі. Мұнда күннен атмосфераның төменгі қабаттарына дейін жетпейтін ерекше зарядтар таралады да, газ бөлшектерін электрлендіреді. Олар күн сәулесін жақсы жұтып алатындықтан, қатты қызады. Күннен таралған электр зарядтары атмосфераның биік қабаттарында поляр шұғыласы құбылысын тудырады.
Атмосфераның маңызы. Жер бетіндегі өтіп жатқан түрлі құбылыстар, өзгерістер, тіршілік атаулы ауамен байланысты. Атмосфера күн сәулесін шашыратып түсіреді. Сондықтан жер беті күндіз күн сәулесінен қатты қызбайды, түнде, өте қатты суымайды. Ол жылылықты ұстап тұрады. Сонымен қатар атмосфера ғаламшарды метеориттерден қорғайды метеориттер жерге жетпей-ақ жанып кетеді. Ауа – тіршілік көзі. «Ауа – өмір тынысы» деп халық бекер айтпаған. Тыныс алу тоқтаса, өмір де тоқтайды. Ең қымбат, қасиетті нәрсені «ауадай қажет» деп, ауаны ерекше бағалаймыз. «Ауаны қылышпен кеспе» деген ырым бар. Тіршіліктің төрт тірегін қастерлеу халық салты, өмір заңы. Біздің планетамыздағы тіршілік атмосфера қабатына тығыз байланысты. Ауаның құрамындағы оттегімен тыныс аламыз. Ауа болмаса жер бетін айдағы сияқты құлазыған қу шөл алып жатар еді.
Атмосфераны зерттеу. Атмосферадағы түрлі құбылыс, өзгерістерді зерттеудің зор маңызы бар. Атмосфераны зерттейтін ғылымды метеорология деп атайды. Жер бетіндегі көптеген метеорологиялық станциялар тәулігіне кемінде 4 рет арнаулы аспап-тар көмегімен атмосферадағы өзгерістерді бақылап отырады. Адам аяғы жетуі қиын жерлерде автоматты радиометеостанциялар жұмыс істейді. Жердің жасанды серіктері, ғарышкерлердің ұзақ мерзімді орбиталық станцияларда жүргізген мәліметтердің де маңызы зор.
Атмосфераны қорғау. Адамның шаруашылық әрекетінің дамуына байланысты отын көп жағылатындықтан, ауа барған сайын ластанып, ондағы көмірқышқыл газының (СО2) мөлшері артуда. Ауаны табиғаттағы апатты құбылыстар, өрт, машина, зауыт, фабрикадан, т.б шыққан түтіндер ластайды. Ауаны тазарту үшін елді мекендерді көгалдандыру және ірі кәсіпорындарда тұтқыштар орнату қажет.
VI. Дәптермен жұмыс:Жаңа термин сөздерді жазып алу.
VII. Бекіту:Топ басшылары өз тобымен ауаға ойша саяхат жасайды.
Ауаға байланысты мақал – мәтел, тыйым сөздер айту.
VIII. Сәйкестендіру тесті: 1. Тропосфера ----- жауын – шашын қабаты
2. Көмірқышқыл газы ---- 21 %
3. Оттегі газы ---- 0,03 %
4. Метеорология ---- ауа қабаты
5. Ауа қабаты ---- атмосфераны зерттейтін ғылым
IX. Қорытынды:Венн диаграммасы.
ауаның маңызы пайдасы ауаның ластануы

Х. Үйге тапсырма: Сурет салу, мәнжазба тақырыбы «Атмосфераның ластану себептері және қорғау шаралары»
ХІ. Оқушыларды бағалау.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мақтау сөздермен марапаттап бағалаймын.
Категория: География | Добавил: анарка
Просмотров: 10456 | Загрузок: 310 | Рейтинг: 4.2/5
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-05-03, 1:29 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru