Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » География

Дүние жүзі халқының саны және ұдайы өсуі.
2014-03-26, 8:32 PM
[/b]Өкпебаева Марзия Нұрахметқызы
Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Ойшілік ауылы
Тоғас батыр атындағы орта мектеп.[/color]
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Дүние жүзі халқының саны және ұдайы өсуі туралы білім беру. Жер шарында адамзаттың пайда болған орны мен мерзімі жөніндегі мәселе, адамның шығу тегі, даму ерекшеліктері, әр түрлі елдердегі халықтың табиғи өсімінің, әлемдегі қазіргі күнгі демографиялық дамудың барысы және соған байланысты туындайтын проблемалар, «халықтың ұдайы өсуі», «демографиялық жарылыс», «демографиялық саясат» ұғымдарын ашып көрсету. Демографиялық жарылыстың салдары және оның географиясы туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық. Статистикалық мәліметтерді өңдеу, оны практикады пайдалану және сандық көрсеткіштерді сызбанұсқа арқылы талдай білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекі құралдары: Дүние жүзі халықтарының картасы, кесте,
сызбанұсқалар.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, картамен жұмыс.
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.
Географиялық диктант.
1. мұнай - Оңтүстік - Батыс Азия, Солтүстік Африка, оның ішінде Сауд Арабиясы.
2. тас көмір - АҚШ, ТМД елдерінде
3. марганец - Аустралияда, Бразилияда, Үндістанда.
4. газ - ТМД оның ішінде Ресей, Солтүстік Америка
5. Қоңыр көмір - АҚШ, Германия, Аустралияда.
6. қоңыржай және субтропикалық климат белдеуінде - Солтүстік орман белдеуі
7. Тарихи-сәулет ескерткіштер: Түркістандағы Ахмет-Йассауи кесенесі, Рим Колизейі, Афиныдағы Акрополь.
8. Қазақстан мырыш, вольфрам, барит қоры жөнінен 1 - орында
9. Жер ресурстары: әлемдегі жер қоры 13,1млрд.
10. Тұщы сулар Антарктида, Гренландия,Арктика мұздарында
11. Ылғалды мәңгі жасыл ормандар Латын Америкасында.
2. ШҚО - ның табиғат ресурстары туралы хабарлама жасау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Адамзаттың шығу тегі мен Жер шарында таралуы.
1/ Оқулықпен жұмыс: оқулықта берілген «Адамның шығу тегі» атты суретке сипаттама беру.
2/ Жер шарында адамзаттың пайда болған орны мен мерзімі жөніндегі ғалымдардың ой-пікірлеріне тоқталу. Мысалы: Шығыс Африкадағы Кения жөніндегі Олдувай шатқалынан ежелгі адам қаңқасы табылғандықтан, адамзаттың пайда болған орны Шығыс Африка болған деген қорытындыға келетіндігі туралы айту.
Халық саны туралы ақпарат мәліметтері.
1/ Халық санағын өткізудің тарихи маңызына тоқталу.
2/ Халық санағы туралы айтқанда халық санақтары нәтижесіне талдау жасау арқылы халық санының өзгерістері жайлы мәліметтермен танысып, оның себеп-салдарын ашу.
3/ Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне тапсырма: қосымшада берілген мәліметтерді пайдалана отырып, әрбір аумақ халқына график құрдырту.
Дүние жүзі халқының саны мен демографиялық көрсеткіштері туралы айту.
1/ Оқулықпен жұмыс. «Жер шарында халық санының өзгеруі» деген сызбанұсқаға талдау жасап, әлем халқының санының өзгеру себептерін анықтау.
2/ «Демографиялық жарылыс» , «Абсолюттік» және «Салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер» ұғымдарын ашып көрсетіп, мысалдар келтіру.
3/ Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне тапсырмалар: «Дүние жүзі аймақтарының демографиялық көрсеткіштері» атты сызбанұсқаға сипаттама беріп, осы берілген көрсеткіштердің көмегімен график құрастырып, оның нәтижесіне талдау жасау.
Абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштер ұғымына тоқталу. №1 кесте.
Абсолюттік демографиялық көрсеткіштер:
1. Табиғи өсу 2. Механикалық өсу.
Елдер мен аймақтарды абсолюттік көрсеткіштер арқылы салыстыру мүмкін емес. Салыстырмалы демографиялық көрсеткіштерді түсіну үшін мына сызбанұсқаға талдау жасау. № 2 сызбанұсқа.
Салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер
Туу коэффициенті.
Өсу коэффициенті
Сәбилер өлімінің коэффициенті
Адамның өмір жасының ұзақтығы.
Оқулықпен жұмыс.
Мына сызбанұсқаны талдай отырып, оқулықта берілген «Дүние жүзі аймақтарының демографиялық көрсеткіштері», «Жеке елдердегі адамның өмір жасының мәліметтерін пайдалана отырып, дүние жүзіндегі жоғары дамыған капиталистік елдерге, жетекші елдерге, дамушы елдер мен артта қалған елдерге мысал келтіре отырып, диаграмма құрастыру. Мысалы, АҚШ, Жапония, Қытай, Үндістан, Нигерия елдері бойынша диаграмма құрастыру.
Халық санының ұдайы өсуі, демографиялық саясат туралы айту.
«Халықтың ұдайы өсуі» атты кестеге талдау жасау. №3 кесте.
Халықтың ұдайы өсуінің типтері.
Дәстүрлі Өтпелі Қазіргі
Халықтың ұдайы өсуінің көрсеткіштері
Дәстүрлі Дәстүрлі Дәстүрлі

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне тапсырма: мына сызбанұсқа көмегімен дүние жүзі аймақтарындағы халықтың ұдайы өсуінің типтері мен көрсеткіштеріне диаграмма сызу. Мысалы: 1/ Африка, Азияның мешеу елдері бойынша 2/ Латын Америкасы , Азия, Мұхит аралдары бойынша.
IV. Бекіту.
Адамзаттың ең алғашқы мекені қай аймақта орналасқан?
Халық санағы қалай, қашан жүргізіледі, оның маңызы қандай№
Дүние жүзінде халық аны қанша?
Халық санының өзгеруіне қандай жағдайлар әсер етеді?
«Халықтың ұдайы өсуі», «демографиялық жарылыс», «демографиялық саясат» ұғымдарын түсіндіріңдер.
V. Үйге тапсырма.
1. Оқулықта берілген «Қазақтандағы халық санының өзгеруі» сызбанұсқасына талдау жасап, себептерін түсіндіру, сызбанұсқасына талдау жасау.
Категория: География | Добавил: жаксы
Просмотров: 4040 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.8/4
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 3:33 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru