Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Школьная библиотека

Кітап – сарқылмас қазына
[ Скачать с сервера (1.06 Mb) ] 2013-11-11, 7:41 PM
Оқжетпес орта мектебінің кітапханашысы: Шидловская В.Ф.
2 сыныпта жүргізілген кітапханалық сабақ.
Тақырыбы: Кітап – сарқылмас қазына.
Сабақтың мақсаты:
Көркем әдебиетке деген ынталарын арттыру.
Кітап оқуға деген сүйіспеншілігін дамыту;
Кітапты күтіп, оны таза ұқыпты ұстауға үйрету.
Қанатты сөздер:
«Оқу – білім қазығы, адам азығы оқу өмірдің сәні, тіршіліктің шамы.
С. Сейфуллин.
«Кітап аяулы досы бола бастаған былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады». М. Әуезов.
«Кітап- өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес». С. Қожамқұлов.
Кітапханашы:
- Кітап қайда басылып шығады?
- Кітапты баспадан шығару үшін алдымен не қажет?
- Кітапты кімдер беттеп, түптейді?
1-оқушы: Кітапты шығару үшін көптеген адамдардың еңбегі қажет.
2-оқушы: Кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп, дұрыс оқу керек.
Кітапханашы: Кітаптың қажеттілігі, оны күтіп ұстаудың дұрыстығы туралы оқушылар өлең оқиды.
3-оқушы: Білім алар көп адам,
Жақсы нәрсе жоқ одан.
Қызыға кеп оқимын,
Кітап көрсем жаңадан
Кітап маған ұнады,
Кітап-білім бұлағы.
4-оқушы:
Кетпейді ешбір жадымнан,
Мектепке бардық күз айы.
Тастамай сені жанымнан,
Қолтықтап жүрдім ұдайы,
5-оқушы
Достарға толы маңайым,
Татулық тәтті бәрінен.
Ерекше сені санаймын,
Құшақтап жүрмін әлі мен.
Кітапханашы:
Ұсынған қойнынан,
Білімнің үлесін.
Шықпайды ойыңнан,
Досың ғой білесің.
Бұл не? (кітап)
• «Кітап» сөзіне ой шақыру
(Қазына, байлық, білім береді, алтын)
- Қазақ балаларына арнап тұңғыш «Әліппе» жазған кім?
- “Кел, балалар оқылық” өлеңінің авторы?
- Елбасы Н.Назарбаев неше кітап жазған?

Балалар ортаға кітапты шақырамыз.
Кітап:
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін.
Көп әңгімем өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Мен де оны жақсы көремін.
Кітапханашы: Кітап – араб сөзі, “жазба”, түрікше: “дәптер”, ”мерзімді баспасөз басылымы” Ежелгі заманда жазуға тас пайдаланылған. Сол заманның суретшілерінің суреттері алғаш тас бетіне жазылған. Заңдар, патша есімдері, естеліктер, тасқа жазылған. Ерте заманда Түрік халықтары тас бетіне сына жазуды қолданды. Ежелгі Египетте жазу құралы ретінде ағаш тәрізді су өсімдігі папирусты пайдаланды. Кітап “Папирус” деп аталып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды. Кіші Азияда Пергам патшалығының шеберлері жануарлар терісінен жазатын жаңа материал әзірледі. Патшалықтың атымен “Пергамент” деп аталды. Жарғақ теріге жазылған кітаптар дүниеге келді. Б.З 2 ғасырда тұңғыш рет Қытай елінде қағаз жасалынды. Оны Цай Лунь ойлап тапты. Бұл ең арзан материал болып саналды. 800 жыл бойы Қытай халқы қағаз шығаруды құпия сақтады. Алтын кітапты американдық геологтар Шри- Ланкадан тапқан. Оның беттері таза алтыннан жасалынған. Кітапта ежелгі үнді поэмасы қашап жазылған. Қағазды ағаштан жасайды. Бірақ ағашты ақ қағазға айналдыру үшін адамзат көп тер төгеді. Кітап біздің досымыз. Оны жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрикада ол ағашты қағаз қылып шығарады. Оқулыққа әңгіме, ертегі, өлеңдер жазып, суреттер салып кітап етіп шығарады. Презентация көрсету.
• Кітап құрылымымен таныстыру.
• Қожанасыр өзінің тапсырмасын береді. Тапсырмада ұлы адамдардың пікірлері жазылған карточкаларды таратып береді. Оқушылар мағынасын ашады.
• Білім біздің шамшырағымыз, кітап біздің ұстазымыз.
• Кітап – ақылды қуаттандыратын құрал.
• Өмірде ең жақсы кеңесші – кітап.
• Кітап үй – жансыз дене.
• Кітап асып –таспайтын адал досымыз.
• Кітап ғажап дос.
• Кітап – қоғам. Жақсы кітап жақсы қоғам тәрізді, сезіммен санаңды нұрландырады, көркейтеді.

Көрініс.
Оқушы: Ақыл ойдың иесі, бар ғылымның жүйесі. Қуанышты көңілдің, баспалдағы өмірді, жан азығым серігім, ардақтамас сені кім?
Кітап: Күнде өсіп көңілім, көріктеніп келемін, көптің тауып керегін, кезінде тауып беремін, бірақ білмес нарқымды, байқап жүрмін әркімді.
Оқушы: Әсерлемей асырмай айтып берші жасырмай. Жан азығым серігім, ренжіткен сені кім?
Кітап: Кейбіреулер ерігіп бос жүруден зерігіп бетімді менің ашады, әңгімеге басады, жолдарымды сызады, шырқымды да бұзады. Онымен іс бітпейді, беттерімді бүктейді, көп жерімді жазады, қайшыменен қияды. Налымайын неге мен бұл секілді пендеге.
Оқушы: Сені сүймес адам аз,
Ақылды көп надан аз.
Ондайлардан түңілме
Сені сыйлар түбінде.
Кітапханашы:
- Балалар, кітапты қалай ұстау керек?
- Кітапты ренжітуге бола ма?
- Сендер кітапты қалай ұстайсыңдар?
- Қандай кітап оқисыңдар?
(Оқушылардың ойларын тыңдау )

• Жұмбақ жасыру.

Кітап:
Оқы талмай, түй санаңа жас балғын,
Сыр құямын, жыр құямын бойыңа.
Таза ұстап, оқы мені қастерлеп,
Бар білімді мен егемін санаңа.
Кітапханашы: Кітапты көп оқысаң озарсың, оқымасаң тозарсың. Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы дегендей көп оқысаң көп білесің, арманыңа жетесін.

Кітапханашы: Кітапханаға жаңадан келген көркем әдебиеттермен таныстыру.
Кітапты оқу ережесімен таныстыру.
• Ән: «Біз бақытты баламыз»
Кітапханашы: Осымен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Категория: Школьная библиотека | Добавил: махабурабай
Просмотров: 2569 | Загрузок: 742 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 11:13 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru