Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Школьная библиотека

«Кітап – алтын қазына»
2014-11-01, 6:35 PM
Дөңгелек үстел «Кітап – алтын қазына»
Мақсаты: кітап және оның адам өміріндегі маңызы туралы айту.
Көрнекілігі: кітаптар көрмесі, слайд, интерактивті тақта, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.
Кітапханашы: Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Қазіргі «ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры болады» - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық теннологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Осы жерде кітап пен кітапхана жұмыстарының көбінесе сырт қалатыны белгілі. Жастарымыз кітап пен кітапхананы жаңа заманның ақпараттық технологияларымен айырбастап жібергені анық. Кітап – адам өмірінде маңызды роль атқарады. Ол елді, жерді сүюге, кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, байлығымыз. Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат – білімді ұрпақты тәрбиелеу. Ал, ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине кітаптан. Кітап оқу баланың ой- өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін дамытады.
«Бізге қажетті – жаны да, қаны да қазақты, халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт- дәстүрін бойына сіңірген, туған жерін түлетуді, егемен елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу» - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, мектеп кітапханасының алдында тұрған басты мақсаттардың бірі – оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруға, ақпаратқа қол жеткізуге, соның ішінде қажетті білімді іріктеп, таңдап алуға үйрету.
Баланың кітап оқу процесі өте күрделі процесс. Осы процесте соңғы кезде байқалып отырған мынадай тенденцияларды атап өтуге болады:
- оқушылардың ақпарат пен әдебиетке деген мүдделік қажеттілігінің шұғыл артуы;
- мектеп бағдарламасы бойынша оқитын балалардың көбеюі;
- кітапқа қарағанда журналды көп оқитын жасөспірімдер үлесінің артуы;
- жаппай мәдениетке балалардың, әсіресе, жасөспірімдердің кітап оқуына әсерінің күшеюі (шым-шытырақ оқиғалары, психологиялық триллерлер, махаббат туралы)
- кітап оқу тек уақыт «өлтіру», алданыш деген түсініктің басымдығы;
- мектеп жасына дейінгі баланың кітап әлеміне кеш енуі;
- ережеге сай жасөспірімдердің кітап оқу ынтасының әлсіреуі;
- балалар мен жасөспірімдердің бос уақытында кітап оқу үлесінің қысқаруы.

Әңгімемізге арқау болу үшін біз алдымен «Кітап пен компьютер» айтысына кезек берейік.
Кітап: Жүруші ем адаммен көп араласып,
Сенің мына зорлығын баралы асып.
Адамдарды азғырып, сен копьютер,
Қайдан шықтың, менімен жағаласып?
Компьютер: Сен кітап өзіңе – өзің сенген едің,
Еншім бар алатұғын сенде менің.
Кітапты оқытпауға адамдарға,
Әдейі, Батыс деген елден келдім.
Кітап: Бұл сөзге қайран қалып отырғаным,
Бола қоймас бұл менің ақырғы әнім.
Азғырсаң да сен қанша мені тастап,
Кете қоймас сүйікті оқырманым.
Компьютер: Өткенді кітап енді дауласпағын,
Қалайша мен бітіспес дауға қалдым.
Өрмелеп тұр бұл күнде тасым өрге,
Қазір – ақ бар әлемді жаулап алдым.
Кітап: Талайды сусындаттым білімменен,
Көп ғалым алды сабақ алды ілімімнен.
Алла Тағала түсірген көктен өзі,
Түсінсең сол кітаптың бірімін мен.
Компьютер: Мына сөзден кейін мен пайымдадым,
Болмай ма деп қорқамын ойымдағым.
Адаммен бірге жасап келе жатқан,
Жолың үлкен екенін мойындадым.
Кітап: Компьютер, жолыңды біл адаспағын.
Менімен дұрыс болар санаспағың.
Өмірге кеше келген темірсің сен,
Сондықтан меніменен таласпағын.

Кітапханашы: Айтысты көріп тамашаладыңыздар, онда әңгімемізді әр іқарай жалғастырайық. Оқушылар екі топқа бөлінеді.
1. Жақтаушы жақ фракциясы
2. Қарсы – даттаушы жақ фракциясы
Жақтаушы жақ фракциясы: Біздің резолюциямыз «Қазақстанда кітапхананың көптігі қажет». Ешқандайда кітапхананы жабуға болмайды. Қайта білім алу ошақтарын жаңа заман талабына сай көтеру керек. Білімдеріңізді толықтырмаған әр күн сіз үшін текке кеткен және енді қайтып оралмайтын күн деп есептеңіз. Дәлелдейтін болсақ:
1.Кітапхана ғимараттары ескіргенімен, әрбір кітап өз құнын жоймайды.
2.кітапхананы жаңарту керек, кітап оқи білу мәдениеттіліктің негізі.
3. Кітап оқуды тоқтатқан адам ойлауды да тоқтатады.
Қарсы – даттаушы фракциясы: Біздің резолюциямыз «Қазақстандағы кітапхананың көптігі қажет емес». Қазір білім алатын ақпарат көздері көп. Қазақстанда кітап санын азайтып, жаңа технологияның негіздері арқылы білімді молайтуға болады.
Біз дәлелді үш түрде қарастырамыз:
1.Қазақстанда кітапхана ғимараттары ескірген.
2.Кітапхана қоры азайған.
Жаңа технологияның негізінде ақпарат көздері көбейген.
Кітапханашы: Ал, енді сөз кезегін жақтаушы жақ мүшелеріне береміз. Оқушылар өз пікірлерін айтады, оларды дәлелдейді, керекті фактілер, статистикалық мәліметтер келтіреді.
Жақтаушы жақ мүшесі: Елбасы Қазақстан халқына арналған жолдауында ел болашағының бағыт- бағдары мен өсіп- өркендеуі көрсетілген. Сондай-ақ Жолдауда еліміздің ішкі және сыртқы саясатына тоқтала келе, татулықты сақтай отырып, дамыған елдің қарышты қадамдарын, өскелең ұрпақтардың жарқын да жасампаз істерін айқындайтын оқу – білімге, ғылым ісіне, орта және жоғары мектептің көкейкесті мәселелеріне баса назар аударған.
Кітап оқу мәселесі бүкіл ұлтты толғандыруға тиіс. Ұлттың рухани сауаттылығы кітап оқуға тікелей байланысты. Әр елде жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде мынадай жағдайлар анықталған: Кітап оқитын адамдар белгілі бір мәселе төңірегінде тез шешім қабылдауға бейім, есте сақтау деңгейі, шығармашылық қабілеті жоғары, сөздік қоры бай, ойын еркін жеткізе алатындығымен, елмен жақсы қарым- қатынас жасай білетіндігімен ерекшеленеді екен.
2 оқушы: Әлеуметтанушылардың есебі бойынша егер күніне кітап оқуға 1 сағат, ал демалыс күндері 3 сағат бөлінсе, 1 жылда 573 сағат болады екен. Егер 1 сағатта кітаптың 10 бетін оқыса, 1 жылда 6 мың бет оқылады екен. Бұл өз білімімізді толықтыруға үлкен потенциалдық мүмкіндік болып табылады.
3 оқушы: Кітап туралы мағлұмат беретін болсам: «Кітап» деген сөз арабша «жазба», ал түрікше «дәптер» деген мағынаны білдіреді. Қазақ кітап баспасында 1800 ж тұңғыш қазақша кітаптар шыға бастады. Кітап – ғажап дос. Енді, осы кітаптың ұлы қасиетін бағалап, алдында бас иіп, көптеген ақын- жазушыларымыз кітап туралы өлеңдер жазған.
Айдыны шалқар кейде бір
Кітапты тұнған көл дейсің.
Ауадай қажет бейне бұл
Татпасаң нәрін шөлдейсің.
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге, - деп ақын Абай айтқандай, кітаппен дос болайық. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демекші «күш білімде, білім - кітапта» екенін естен шығармайық.
Кітапханашы: Қарсы жақ фракциясы, сөз кезегі сіздерде.
Қарсы жақ мүшесі: Қазіргі таңда әр адам дәстүрлі және жаңа технологияны пайдалана отырып, өзінің шығармашылығы мен жұмысын жоғары дәрежеде жүргізуге мүмкіндігі бар. Мектеп кітапханалары ХХІ ғасырдың жетістігі – компьютермен жабдықталып, оқырмандардың ой-өрісін кеңейтуде ғаламтор арқылы әлемнің кез-келген елімен хабарласып, керекті материалдарды қиындықсыз табуға мүмкіндіктер алған.
Құтқарып ауыр бейнеттен,
Техниканы үйреткен,
Роботтай адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен,
Компьютер емей немене?
Білмегенді білдірген,
Өлшеп киім кигізген,
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене?
2 оқушы: ХХІ ғасырда білім беру саласында келесі міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды оқу үрдісінде тиімді пайдалау арқылы білім сапасын көтеру.
Кітапханашы: Екі фракцияда ойларын толық жеткізе білді деп ойлаймын. Екі фракция сұрақтарыңыз бар ма?
Кітапханашы: Оқушылар, сендер кітапханадан алған кітаптар, оқулықтарыңды қалай пайдаланып жүрсіңдер?
Алдымызда екі кітап жатыр: жақсы ұсталған және лас, жыртылған оқулық. Ал, балалар қай оқулыққа жандарың ашиды? Неге? Бұл оқулықты қандай оқушы ұстаған? Енді осы кітапты ұстаған оқушыға қандай жаза қолдануға болады?
Оқушы: Тегін берілген кітаптың қадірін біле алмай келе жатқан оқушылар аз емес, ұқыпсыз ұстағандықтан жыл аяғында іші жоқ, сырты түскен кітап молайып кетеді. Оқушыларға мектеп басшылығы, мұғалімдер де, сынып жетекшілері де, кітапханашы да айтып жатады. Әр сыныпта кітапхана белсенділері жұмыс істейді
Кітапты дұрыс ұстау үшін мына ережелерді сақтаңдар демекпін.
1. Кітап мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал.
2. Тамақ ішіп отырып, кітап оқыма.
3. Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме, кітап беттерінің арасына қыстырғыш жасап ал.
4. Кітап беттерін жыртпа, кітапқа сурет салма, беттерін бүктеме, бетіне жазу жазба.
5. Кітапты күн көзіне қойма беттері сарғайып кетеді.
6. Кітаптың арасына қалам, қарындаш салма.
Кітапханашы: Бүгінгі таңда кез келген оқушы компьютерлік сауаттылықты меңгерген, бос уақыттарын Интернет – кафелерде, интернет- клубтарда өткізу арқылы әртүрлі ақпараттарға еркін қол жеткізе алады. Ал, керісінше, кітап оқуға қызықпағандықтан, өзіне қажетті кітапты таңдау, қажетті ақпаратты іздестіру барысында бірқатар қиыншылықтарға ұшырайды. Бұл баршаға ортақ қоғамдық проблема деп ойлаймын.
Ал, енді екі фракцияда бүгінгі әңгімемізді қорытындылайық.
Жақтаушы жақ: «Интернет – бір күндік,
Кітап – мәңгілік»
ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Түсінген адамға кітап – баға жетпес байлық. Кітап көпті көрген ақсақалдай тағылымы көп, тәрбиесі мол ақылшың да сырласың.
Қарсы жақ: Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа түрлері жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.Осыған байланысты қажетті ақпаратты ала білу және күнделікті пайдалану кез келген маман иесінің қажетті шарты болып табылады.
Кітапханашы: Компьютерді де адам жасап шығарған. Сонау аты әлемге әйгілі жерлесіміз, ғалым Әл-Фараби бабамыздан бастап, Ұлы Абай атамыз бен қазіргі таңдағы ғалым, ақын- жазушыларымыз да кітаппен сусындап, артында өшпес мұра қалдырып келеді. Жаңа заман талабына сай жаңа технологияларды меңгергенге не жетсін. М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңінде осы заман айғағы ретінде бейнеленген.
Қажу бар ма сұңқарға,
Талу бар ма тұлпарға,
Иман күшті оларда
Мен жастарға сенемін!
Алаш айбынды ұраны,
Қасиетті құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға,
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда
Мен жастарға сенемін! – дегендей, бүгінгі әңгімемізді аяқтаймыз. Кітаппен дос болыңдар! Кітапханаға жие келіңіздер!
Категория: Школьная библиотека | Добавил: бибка3575
Просмотров: 629 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2016-12-09, 2:42 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [165]
Педагогика [291]
Математика [779]
Физика [242]
История [335]
Классному руководителю [519]
Русский язык и литература [697]
Физическая культура [200]
Английский язык [409]
Искусство [181]
Родительский совет [14]
Биология [319]
Информатика [366]
Начальная школа [1873]
Мой Казахстан [238]
Технология [126]
Самопознание [171]
Технология труда [49]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [40]
Профессиональное образование [155]
Дошколенок [463]
География [129]
Школьная библиотека [48]
Казахский язык и литература [544]
Химия [33]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru