Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Школьная библиотека

Кітапханалық қорлардың қалыптасу кезеңдері.
2014-11-13, 10:00 AM
Бұқар жырау ауданы
Көкпекті ЖББОМ.
Жоба.
Тақырыбы:

Кітапханалық қорлардың
қалыптасу кезеңдері.

Орындаған:
Рахимқұлова Г.А.
Мектеп кітапханашысы.

Қарағанды 2013-2014 оқу жылы.

Мазмұны.

Кіріспе 3.

1.Кітапханалар және қорлар жөнінде 7
1.1.Кітап және кітап тарихы 7
1.2.Қазақ баспа кітабының кезеңдері 7-8
1.3.Библиография-кітапхананың ажырамас бөлігі 8-10

2.Кітапханалық қорлардың қалыптасу кезеңдері 10
2.1.Кітапханалық қорлар туралы түсінік 10-11
2.2.Қорлардың кітапхана ісіндегі рөлі. 11-12
2.3.Қорлардың сақталу жолдары. 12-
2.4.Бұқар жырау аудан Көкпекті ЖББОМ-нің 13-17
кітапханасының мектеп өміріндегі үлесі

Қорытынды 18 - 19

Әдебиеттер тізім 20

Кіріспе.

Сағат сайын емес, сәт сайын өзгеріп, дамып, қарыштап бара жатқан қазіргі уақытта заман талабына сай болу кім-кімнің болсын көкейінде. Десек те «кешесіз – бүгін жоқ». Ол шындық. өткенімізді саралап, кемшін тұстарынан сабақ алып, мызғымас идеялар мен пайымды пікірлерді оң қабылдау, мойындау, мойындап қаңа қоймай, шама келгенше іске асыру әрбір қазақ баласының парызы.
Жалпы қоғам өмірінде кітаптың алатын рөлі орасан зор, неге себебі адамды адам еткен, адамның өзін - өзі екенін танытқан да кітап деуге әбден болады. Ал, кітап пен кітапхана арасында ажырамас байланыс бар, өйткені баспадан жарық көрген кітаптар бірден кітапхана сөрелеріне түседі.
Кітапхана – оқырмандардың сұрақтарына жауап беретін, оқырмандарды қанағаттандыратын, кез келген ақпаратпен, кітаптарды еркін тандауға кепілдік беретін, адамдардың бос уақытында кітаптарды оқуға мүмкіндік беретін, жайлы да қонақжай орын.
Сол себептен кітапханашы қызметі өте қызықты, сан қырлы мамандықтардың бірі.
Жоба жұмысты жазудағы мақсатымыз - кітап, кітапхана, кітапханалық қорлардың қалыптасу кезеңдеріне талдау жасау.
Осы мақсатқа жетуде келесі міндеттер қойылды.
- кітап және қазақ баспа кітаптарының тарихын қарастыру.
- Кітапханалық қорлардың кітапхана қызметіндегі рөлін айқындау.
- Кітапханалық қорлардың қалыптасу және оның жүзеге асу жолдарын талдау.
Қазақ баспа кітапбының кезеңдері. (Слайд №1)
Бірінші кезең – 1807-1867 жылдар.
Екінші кезең – 1867-1990 жылдар.
Үшінші кезең – 1990-1917 жылдар.

Кітаптарды біріктірудің құрамы (Слайд №2)
Алғашқы Таңдау Кітапхананың баспа шығармаларын және қор құру мен толтыруға арналған да құжаттарды іріктеу және жоспарлы алуы. Олар өздерінің түрлерімен мен мазмұны бойынша ғылыми мен көркемдік оқырмандармен жұмыс істеу кезінде әрбір нақты кітапхана шешетін бағалылықтары, міндеттерімен қойылатын талаптарға жауап береді.
Екінші таңдау Қордағы құжаттардың мазмұны мен кітапханалардың типі мен түрлеріне, оның міндеттеріне, оқырмандық профиліне тәуелді ақпараттық қажеттіліктердің арасында сәйкестікті құру мақсатымен кітапхана қорын қолдануды талдау

Кітапхана қорын ұйымдастырудың кезеңдері (Слайд №3)
1. Кітапхана қорын есепке алу
2. Қорды кітапханалық өңдеу
3. Кітапхана қорын орналастыру мен орнына қою
4. Кітапхана қорын тексеру
Кітапхана қорын жасаудың сатылары (Слайд №4).
1. Сыртық құжат ағымен талдау
2. Құжаттарды іріктеу
3. Таңдап алынған құжаттарды алу үшін сұраныс беру
4. Құжаттарды алу және оларды қороға енгізу
Бұқар жырау аудан Көкпекті ЖББОМ-нің
кітапханасының мектеп өміріндегі үлесі (Слайд №5)
1. Мекен жайы: Бұқар жырау ауданы. Көкпекті ауылы. Шоссейнная көшесі
2. Құрылған уақыты: 1 қыркүйек 1964 жыл
3. Оқулықтардың қоры туралы құжаттар.
- Сумарлық кітап.
-Инвентарлық кітап
4. Оқулықтың қорын сақтауы туралы құжаттар:
-сыныптарға оқулықтар
-таратылған туралы кітап,
-оқулықтардың саны туралы
- кітап, есептен шығару туралы актілер кітабі
- негізгі жұмыс орны – абонемент
5. Кітап қоры – 13246
6. Мемлекеттік тілдегі кітаптар қоры – 1177
7. Орыс тіліндегі кітап қоры - 3058
8. Оқулықтар – 6790
9. Әдістеме – 1622
10. Электрондық оқулықтар – 45
11. Аудио, видио касеталар – 16
12. Анықтамалар – 528
13. Оқырман саны – 304
14. Кітап берілуі – 809
15. Оқырман келуі – 1083
16. Кітапхананың атқаратын қызметі:
-абонемент залда оқырмандарға кітап беру
-оқушымен жұмыс жасау
-оқырмандармен оқу залында жұмыс жасау
-Библиографиялық қөмек беру
Жобалық жұмысты жазу барысында бірқатар әдебиеттермен тікелей жұмыс жасалды, ол:
Ахметова С., Ақшолақова М. Кітапханадағы библиографиалық жұмыс.
Алматы: Ана тілі, 1993 ж.
Жобалық жұмыстың мазмұны кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Бірінші тарау «Кітапханалар және қорлар» деп аталады, мұнда кітап, оның тарихы, қазақ баспа кітабының кезеңдері. Библиография-кітапхананың ажырамас бөлігі.
Ал екінші тарау «Кітапханалық қорлардың қалыптасу кезеңдері» деп аталады, онда келесі сұрақтар қамтылған: Кітапханалық қорлар туралы түсінік, қорлардың кітапхана ісіндегі рөлі, кітапханалық қорлардың қалыптасуы, қорлардың сақтау жолдары.

1. Кітапханалар және қорлар жөнінде.
Кітап және кітап тарихы.
Кітап тарихы қашан, қай уақытта жазылса да, ол басылымдардың ұзақ
сонар тізбегіне я мазмұнына айналмауға тиіс. Кітап дегеніміз кітап ісіндегі кітап. Рухани өмір айнасы. Ойды ойға, миды миға, жүректі жүрекке жалғайтын бұқаралық пөрменді құрал. Оның осынау биік әлеуметтік һөм қоғамдық қызметі, адамзат өркениетінің қозғаушы күні ретіндегі рөлі кешенді түрде, жан-жақты, терең көрсетілуі тиіс.
Кітап-әлеуметтік құбылыс. Қоғамдық сананы оятуда, ұлттық ортақ мүдделер төңірегінде ел-жұртты жұмылдыруда, әсіресе, баспа кітабының рөлі айрықша. Ол сынымен қатар бірге әлемдік мәдениетті, ғылым-білімді игерудің, сол рухани игілікті халық арасында таратудың пәрменді құралы болып табылады.
Жас жеткіншек өзінің білімге, рухани қатынастарға құмарлығын қанағаттандыру мақсатында күнделікті білім мен тәрбие алып отырады. Ал адамды адам еткен – жазу, адамзат еткен – кітап. Кітап – ғасырларға сапар шекке ақыл ескерткіш. Еліміздің ертені – білімді ұрпақ екені даусыз. Сондықтан оқырмандарды кітап оқуға тарту – жас ұрпақтың ұлттық рухани біліктетіп, мәдениет тілегі мен ой - өрісімнің дамуына ықпал жасайтың негізгі бағыт болып саналады. Заман талабына сай оқырмандарды кітапханаға тарту, олардың кітапқа деген сүйіспеншілігің арттыру мақсатымен жаңа жұмыс түрлерің ұйымдастыру, кітап оқуға тарту, оқу мәдениетін қалыптастыру – кітапханашының басты мақсаты. Белгілі кітаптанушысы А.А. Сидоров «Кітап – мәдениет деген жалпы ұғымның ажырамас бөлігі» деп, кітап тарихын тексеру керек екенің атап кеткен.
Кітап тарихының бір ұшағы тарих ғылымымен жалғасады. Қолжазба күйінде де, баспа түрінде де, кітап өзін жарыққа шығарған елдің, қала берді күллі әлемнің тарихына қатысты. Басқа сөзбен айтқанда, кітап ісінің дамуына қоғам, қоғам дамуына кітап ықпал еткен. Осы қағиданы тірек еткенде, қазақ кітабының революцияға дейінгі тарихын негізгі екі дәуірге жіктеп қараумыз керек. Біріншісі – қолжазба кітап тарихын қамтиды. Екіншісі – түгел баспа кітапқа арналады. Қазақ баспа кітабы тарихы дәуірін негізгі үш кезеңге бөлеміз.
1.2. Қазақ баспа кітапбының кезеңдері.
Бірінші кезең – 1807-1867 жылдар.
Екінші кезең – 1867-1990 жылдар.
Үшінші кезең – 1990-1917 жылдар.
Қазақ баспа кітабының алғашқы кітабы «Сейфүлмәлік» қазақ елін ислам, шығыс мәдениетімен жалғастырған жыл құсындай рөл атқарады. Қазақ халқы енді баспа кітаптар арқылы өз жерлесі әл-Фараби, өзге де шығыс жұлдыздары Фирдоуси, Низами, Науаи, Хайям, Физули туындыларымен революцияға дейінгі – ақ негізінен қауашып үлгерді. Бірінші кезеңде (1807-1867) Қадырғали Жалаиридің «Жамиғ ат тауарих» атты кітабы жарық көріп , өз тарихи ғылымыздың негізіне алғашқы кірпіш боп қаланды. Қазақ қауымына арналған алғашқы кітаптар ХІХ ғасырдың бас кезінде шығарылды. Құран Кәрім, өзге де діни әдебиеттен кейінгі оған етене жақынкітап «Сейфүлмәлік», 1807 жылы Қазан шаһарында Қазан гимназиясы баспаханасынан жарық көрді. Албанияда тұнғыш әлемдік баспа кітабы 1445 жылыдары шамасында, Ресейде 1564 жылы жарияланса, қазақ кітабы бұлардан екі-үш ғасыр кейін шықты.
Оның себебі неде?
Себептерін ХVІІІ ғасырдың басы кезендегі Қазақстанның хал-ахуалынан, экономиқалық һәм мәдени, рухани жағдайынан ғана түсінеміз. Бұл кездегі тарихи жағдай қазақ пайдасына шешілгеніне, зиянға шыққанына байланысты әрқилы сипатта көрінеді. Пайда, зиян деген сөздерді нарық мағынасында емес, тарихилық тұрғыдан, туған еліміздің байлығы тағдырларына өсерін тигізу салмағына қарай қолданғанда, мына төмендегі қорытындылар жинақтала бастайды.
1. ХVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақ халқының жоңғар,шүршіт басқын-
шылығына қарсы 200 созылған Ұлы Отан соғысы жеңіспен, абыройлы, түбегейлі аяқталды.
2. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама қасіретінен халқымыз татқан
тарихи сабаққа байланысты.
3. Үлкен жетістіктің бірі – Орталық үкімет пен аймақтар (ру, тайпа,
жүздер) арасында терең тамырлы, үйлесімді, жарасымды, санасымды қатынас орнатуға бағытталған саясат жүргізу қажеттілігін түсінуі.
4. Абылай ханның Ресей, Қытай секілді арасында бүгежектемей, өзін
еркін сезініп, ел тыныштығын, жер бүтігдігін сақтап қалуға бағытталған икемді, ақылды саясат жүргізе білгендігінін жемістері.
Сөйтіп Қазақ елінің елдігін жаңа сатыға көтеру үшін қолайлы жағдайлар туды.
Екінші кезең (1867-1900), бұл кезеңде қазақ халқына, Қазақстанға арнап шығарылған баспа кітап репертуары ұлғайып, сан-санасы өсіп, тақырып прблематикасы кеңейді. Қазақ баспа кітабы екінші кезеңінің ендігі бір ерекшелігі – діни әдебиет өндірісін жолға қоюында,дін тақырыбында арналған басылымдар репертуарына Құран Кәрім кітаптары үстіне ауғаз шығармалардың да көптеген енгізілгенін байқаймыз. Қазақ тілінде басылған ислами шығармалар тақырыбы мен мазмұны жағынан екі арнада өрбіді:
біріншісі – мазмұны мен сюжет желісі мүсілім әдебиетінен сол күйінде алынған кітаптар
екіншісі – қазақ фольклоры дәстүрі бойынша, анда-санда қара сөзін араласытра отырып, қазақ ақындары өңдеген, ұлттық төл шығармамызға айналып кеткендері.
Үшінші кезен (1900-1917 жыл) 1905-1907 жылдарғы әлеуметтік дауыл патша тарын шайқалтып, бүкіл іріп-шірген езгі жуйені түп-тамырымен жұлып әкете бастады. 1914- 1918 жылдарғы бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс, 1916 жылғы Қазақстанда бұрқ ете түскен ұлт-азаттығы көтерілісі, Ақпан мен Қазан төңкерістер патшалық және буржуазиялық Ресейдің түбіне жеткен тарихтан жақсы аян. Қазақ баспа кітабының үшінші кезеңде осы мәселелерге көп тоқталған.

Библиография –кітапхананың ажырамас бөлігі.

Кітап, жалпы баспа өнімдері күн сайын, сағат сайын тау-тау боп өсіп отырады. Оның қазіргі көлемін ұшы-қиырсыз мухитқа ғана теңеуге болады. Осы мухитты жазу, оның айдынынан, шыңырау, қоймаларынан керегіңді іздеп тауып алу оңайға түспеді. Ол үшін библиография секілді адастырмайтын құбылнама керек. Бұл-жарық көрген жазба және баспа дүниесінің бірін қалдырмай мұқият тіркеп, хабардар ететін бірден-бір құрал. Библиографиясыз ғылым тұл. Библиография- белгілі кітаптанушы Н.А. Рубакиннің сипаттамасы бойынша-ғылыми жұмыстың, жалпы мәдени қызмет атаулының күре тамыры. «Библиография» терминінің бүгінгі мағынасын ала бастауы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бері келеді. Библиограф деп енді жарияланған шығармалар туралы мәлімет жинаушыларды, әдебиет тізімдері мен көрсеткіштерін құрастырырушыларды атай бастаған.
Қазақ библиографиясының негізі революцияға дейін қаланды. Бұл салада алғаш еңбектенгендердің бірі – белгілі орыс этнографы, археологы және анторпологы, «Киргизы Букеевской орды» дейтін еңбектің авторы Алексей Харузин. Ол Бөкей ордасы қазақтарының арғы-бергі тарихын, өмірін зерттей жүріп, «Библиографический указатель статей, касающихся этнографии киргизов и каракиргизов 1734-1889 годов» деген көрсеткіш жазады.
Қазақтың тұнғыш библиогрофтың бірі Нығмет Сәбитов революцияға дейінгі қазақ кітабы көрсеткіштерін құрастырған. Бұл көрсеткіш 1862-1917
жылдар аралығын қамтиды. Нығымет Сәбитов-Абайтанушылардың бірі. Ол ұлы ақын туралы әдебиет көрсеткішін жасаған.
Қазақ библографиясы ісіне Міржақып Дулатов қомақты үлес қосты. Оның «Қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткіші» 1926 және 1927 жылдары «Жаңа мектеп» журналына тегін қосымша ретінде басылды.Еңбектің алғы сөзінде Дулатов көрсеткіш маңызын былай деп түсіндірді:
«Қазақ даласының ұшы-қиыры жоқ кеңдігі, елінің тараулығы, қатынас жолдарының нашарлығы, қалалы жерлерде қазақтың аздығы, бәрінде бірдей кітап дүкендерінің бола бермеуі бұл күнге шейін қазақша кітаптардың ел арасына дұрыс тарауына үлкен кедергі болып келді. Оның үстіне, елде қаңдай кітаптар басылып, олардың мазмұның, бағасын, қайдан аларын, қалай алдырарын білмей келді.
Осы жағынан жөн сілтеп, жеңілдік келтіру ниетімен біз осы «көрсеткішті» шығарып отырмыз.»
Қазақстанда библиографиялық өнімдері мемлекеттік тіркеу 1937 жылы жолға қойылды. Республикалық Кітап палатасы 1961,1962 жылдары «Советтік Қазақстан кітаптары» деген атпен екі томдық библиография жасаған. Бұдан кейін іле-шала 1956-1965 жылдары жарық көрген кітаптарды қамтитын және бір көрсеткіш шықты.
Адамзат қазір ХХі ғасырда. Жаңа ғасырдың бетбейнесі қазірдің өзінде айқындала бастады. Бұл ғасыр ақпарат, информациялық индустрия ғасыры болары сөзсіз. Соның бірі – интернет. Интернет ақпарат жүйесін болып көрмеген дәрежеде кеңейтуде. Соңғы уақытта «Виртуалдық кітапхана» деген сөз ауызға жиі алынып жүр. Мұны жаһан кітапханасы десең де болады. Өйткені «виртуалдық кітапхана» дүние жүзінің күллі информациялық қоры жинақталмақ. Ол қорды пайдалану жер шарын түгел қамтитын компьютер жүйесі арқылы қамтамасыз етілмек.
Қазіргі кезде қазақ баспагерлері интернеттен тиісті мағлұмат алып отыратын іздестіру жүйесін қалай құру керектігін ойластыру үстінде. Интернет алға жаңа міндеттер қойып отыр. Кітапханашылар мен библиографтар жаңа ұрпағын тәрбиелеу мәселесі тікелей күн тәртібінде десек, артық болмайды. Кітапханалардың анықтама аппаратына интернет көздерін қосуға керек. Соған сәйкес библиографиялық көрсеткіштерін жасау ісі қайта құрылуы тиіс. Бұл – мемлекеттік зор мәні бар іс.

2.Кітапханалық қорлардың қалыптасу кезеңдері.
2.1. Кітапханалық қорлар туралы түсінік.

Кітапханалардың дамуының көп ғасырлық тарихында олардың қорларының қалыптасуының бірнеше бағыттары тізілді. ХІ-ХІІ ғасырларда бұл қолжазба кітаптардың әртүрлі жинақтары бар жеке және монастырлық кітапханалар болады. Бұдан әрі қарай олармен қатар мекемелердің қызмет ету бағыттарын суреттейтін қорлары бар кітапханалар пайда болды. XV-XV ғасырларда Өкілдік, Дәріханалық, Пушкарлық және басқа бұйрықтар кітапханалары, оқу орындарының кітапханалары да пайда болды. Салалық, айрықша ғылыми, оқу орындарының, жалпы көпшілік сияқты кітапханалардың осы даму жолдары негізінен ағымдық ауқытпен белгіленді. Кітапхана қорларын толықтыру құжаттары (ведомстволық, құрбан ету есебінен), мұраны, сыйлықты алу жолымен кітапхана қорларын толықтыру жүзеге асырылды. Кітапхана қорларына сәйкес алғашқы деректер – «Кітапханалар мен кітап сақтау орындарын қорғау туралы»1918 жылы «Кітапхана ісін орталықтандыру туралы» 1920, кітап қорларын талантараждан сақтауға көмектеседі, құрылған мемлекеттік кітап қорларына жеке жинақтардан кітаптар алып жартылай сақтауға, оларды кітапханалар бойынша орталықтандырылған түрде бөлуге және қайта бөлуге жол берді, сонымен қатар олар жеке коллекцияларды сақтаудың қаңдай да бір кепілі болып табылады.
30жылдары қорлардың құрамы, мазмұны, толықтыру үрдістері оның баспалық қызметіне де, сонымен бірге мемлекеттің мәдениетке қатынасына (көбінесе «қалдық үрдіс» бойынша оны қаржыландыру тәжірибесі қалыптасты), жалпы саяси жағдайда және саяси қайраткерлерге, жазушыларға, өнер адамдарына, ғалымдарға, әскери қолбасшыларға, миллиондаған адамдарға қатынасы бойынша репрессияның күшеюіне тәуелді болды, бұл кітаптың мазмұнына әсер етті және де қорлардың «халық жауларының» шығармаларын және олардың, қызсметі мен шығармашылығы туралы туындыларды алып тастау үшін ұйымдастырылған негіз құруға әкеліп соқты.
Кітапхана қорларына Ұлы Отан соғысы үлкен шығын келтірілді. Бағалырық қорлардың біразі орын ауысытылып көшірілгендігіне қарамастан басылымдар мен біраз құжаттардың көп бөлігі басып алған территориядан Германияға көшіріліп әкетілді немесе жойылды. Сондықтан да 1943 жылдан бастап соғыс аяқталған уақытқа дейінгі кезенде маңызды міндет жоғалған қорларды қайта қалпына келтіру болды.
Кітапхана қоры-күрделі түсінік. Кітапханалардың көбісінің үлкен бөлігін кітаптар құраса да, қор тек кітаптардан ғана тұрмайды. Кітаптардан өзге кітапхана қоры құрамына журналдар, газеттер, ноталар, карталар, аудиовизуалды материалдардан, және жарияланбаған материялдар енеді.
Кітапхана қорының жағдайын үшін көп жұмыс атқару қажет. Модельдеу – кітапхана қорының мінездемесін модель қасиеті арқылы қондыру және қалпына келтіру. Комплектілеудің құрамына мыналар енеді:
-алғашқы таңдау-кітапхананың баспа шығармаларын және қор құру мен толтыруға арналған басқа да құжаттарды іріктеу
-екінші таңдау – қордағы құжаттардың мазмұны мен кітапханалардың типі мен түрлеріне, оның міндеттеріне, оқырмандық прфиліне тәуелді ақпараттық қажеттіліктердің арасында сәйкестікті құру мақсатымен кітапхана қорын қолдануды талдау.
Мыналарды біріктіретін кітапхана қорын ұйымдастыру керек.:
Кітапхана қорын есепке алу, қорды кітапханалық өңдеу, кітапхана қорын орналастыру мен орнына қою, қорды сақтау, кітапхана қорын тексеру.
Кітапхана қорлары мазмұны бойынша бөлінеді: философия, тілтану, техника және білімнің басқа да салалары бойынша кітаптар жалпы қорда, бөлімдер тәртібі бойынша бірге тұруы мүмкін немесе олардың бір бөлігі қордың өзіндік құрылымдық бөлігі ретінде ерекшеленеді.

2.2. Қорлардың кітапхана ісіндегі рөлі.

Құжаттық қор кітапхананың негізгі жұмыс істеуі болып табылады, әлеуметтік институт сияқты және оқырмандардың талабына сай бастау алады.
Қорды құрудың басты мақсаты-кітапхана құрамының тапсырмасы мен оқырман қажеттілігі, оның жетістігіне сәйкес келуі керек.
Модельдеу кезінде ең алдымен келесі параметрлер есепке алынады:
1.Кітапхана қорының тақырыптық диапазоны: ғылым, шаруашылық және
қоғамдық қызмет салаларының тізімі, нақты кітапхана міндеттеріне және оның оқырмандарының қажеттіліктеріне сәйкес тақырыптар.
2.Қордың типологиясының аспектісі: қорда жиналған басылымдар түрлері -
нің тізімі (ғылыми, өндірістік, оқулық, анықтамалық, ақпараттық-библиографиялық.
3.Комплектілеудің тілдік диапазоны (ҚР халықтарының тілдеріндегі және де шетел тілдеріндегі құжаттар.)
4.Қордың хронологиялық тереңдегі оларды жарыққа шығару кезеңінен бастап құжаттарды сақтау уақытымен анықталады.
5.Кітапхана қорының географиялық немесе аймақтанулық диапазоны;
- белгілі бір территорияда жарыққа шыққан басылымдар
- нақты аймаққа арналғаг басылымдар.
Кітапхана қорын комплектеу келесі сатылардан өтеді:
- сыртқы құжат ағымын талдау
- одан құжаттарды іріктеу
- таңдап алынңан құжаттарға алу ушін сұраныс беру
- құжаттарды алу мен оларды қорға енгізу.
Құжаттарды іріктеу қор модельдеріне ұсынылған параметрлер бойынша жүргізіледі. Құжаттық нарықты түгелімен оқу оқырмандық сұраныстарды жан – жақты оқуумен сәйкестеледі. Келесі жағынан кітапханалар құжаттық нарықтың жағдайына және дамуына, тұтынушылық сұраныс пен оқырмандық тапсырыстарға белсене әсер етуі қажет.
2.3. Кітапханалық қорлардың сақталу жолдары.
Кітапханалық қорға мыналар кіреді: құжаттарды қабылдау, оны маркерлеу, келіп түскен құжаттарды тіркеу, ауыстыру, шығарып тастау, сонымен қатар қорлардағы құжаттарды тексеру.
Біздің еліміздегі кітапханалардың негізгі міндеті оларға сеніп тапсырылған құжаттарды ұзақ және көп санында ұзақ жылдарға жеткізу. Сондықтан кітапханалардың негізгі тапсырмасы кітап қорын сақтау. Кітапхана қоры негізінде, оқырмандарға қызмет етіге, олардың білімімен өткен уақыт тәжірибелерін ұмыт қалдырмауға және болашаққа жылжуға арналған. Кітапхана қорын сақтау үшін әр түрлі қорғау шараларын керек етеді. Қорды сақтаудың дұрыс шарттарын құру үшін кітаптың бүлінуін туғызатын себептерді біліу қажет. Олар кітаптар, журналдар, газеттер мен басқа да құжаттар жасалатын материалдардың, яғни қағаздың және баспа бояларының, картонның, жіптердің, сымдардың және тағы басқа дайындау сапасына тәуелді. Кітапхана қорында физикалық-химиялық (жарықтын,ластанған ауаның ылғандаунан мен температура әсерінен), биологиялық және механиқалық бүлінулері болуы мүмкін.
Ғимаратта жалюзи көмегімен қараңғылауға болады, кітаптардың барлығы түптеулуі керек. Кітаптарға өте зиянды зат болып шаң табылады. Шаңның минералдық бөлшектері, кітапқа түсіп, парақтарын бүккен кезде қағазды жейді. Сол үшін, айына бір рет тазалық күні болуы қажет.
Табиға бактериялар, түкті саңырауқұлақтар, тышқандар, мольдар, таракандар кітаптың ең қауіпті, ең үлкен «жаулары». Олар кітапқа су тиген кезде дамиды, көбейеді.
Ұсталып бітудің нәтижесінде кітаптарға механикалық (физикалық) зиян келтіріледі. Қартаю – табиғи үрдіс, бірақ сақталмаумен немесе қорды жұрыс қолданбау арқылы жеделдетілуі мүмкін, керсінші қажетті санитарлық-гигиеналық талаптарды дұрыс орынданған кезде тоқталуы мүмкін. Кітаптарға жауапсыз, салақ, қатынас жасау да , кітаптарға үлкен зиян келтіріледі. Осы және басқа да да жағдайлар кітаптарға ұсақ жөндеу жұмыстары қажет келтіріледі. Иллюстрациялар мен жеке парақ парақтарды түсіп қалған кезде, оларды желімдеп қою керек. Парақтардың жыртылып қалған жиектері мен бұрыштарына қағаз желімдеп оны кітап форматы бойынша қияды. Түсіп қалған дәптерлерді тігіп кітаби блокка желімдейді. Кітапъхана алдын алу жөндеу құралдарын және кейбір техникалық құралдарды алуға тырысу керек: ламинатор – құжаттарды ылғалдан, кірден, дұрыс қарамаудан сақтайтын пленканы салуға арналған аппараттар; түптеудің алдындағы кітапты сығуға арналған пресс, кітап блогын тігуге арналған құрылғылар; кітап блогын кесетін механикалық пышақ; құжаттарды оконтовкалауға арналған машина; кітап блогында саңылауды тесуге арналған тесуші машина.
Механиқалық бүлінулерді жоюдан гөрі, алдын алған оңай, сондықтан да кітапхана қызметкерлерінің өздері алдымен баспа туындыларына дұрыс қарауы керек. Бұл жалпы адами және кәсіби мәдениеттің маңызды элементі болып табылады және өз оқырмандарында кітаптарға мәдени қатынас жасауға тәрбиелеу қажет.
2.4.Бұқар жырау аудан Көкпекті ЖББОМ-нің
кітапханасының мектеп өміріндегі үлесі

Көкпекті ЖББОМ кітапханасы 1964 жылы мектеп ашылған кезінде ашылды. Мекен жайы: Бұқар жырау ауданы. Көкпекті ауылы. Шоссейнная көшесі
Құрылған уақыты: 1 қыркүйек 1964 жыл
Оқулықтардың қоры туралы құжаттар.
- Сумарлық кітап.
-Инвентарлық кітап
Оқулықтың қорын сақтауы туралы құжаттар:
-сыныптарға оқулықтар
-таратылған туралы кітап,
-оқулықтардың саны туралы
- кітап, есептен шығару туралы актілер кітабі
- негізгі жұмыс орны – абонемент
Кітап қоры – 13246
Мемлекеттік тілдегі кітаптар қоры – 1177
Орыс тіліндегі кітап қоры - 3058
Оқулықтар – 6790
Әдістеме – 1622
Электрондық оқулықтар – 45
Аудио, видио касеталар – 16
Анықтамалар – 528
Оқырман саны – 304
Кітап берілуі – 809
Оқырман келуі – 1083
Кітапхананың атқаратын қызметі:
-абонемент залда оқырмандарға кітап беру
-оқушымен жұмыс жасау
-оқырмандармен оқу залында жұмыс жасау
-Библиографиялық қөмек беру.
Кітапханаға қойылатын ережелер:
-оқушыларды және ұстазд ұжымын оқулықпен қамтамасыз ету
-әдеби кітаптариен жұмыс жасау
- кітапты таңдау
- оқырмандарға уақытында жеткізу
-ҚР Президентінің жолдамаларын халыққа жеткізу
-қазақ тілінде ақындар, жазушылар туралы жаңа кітаптар туралы көрмелер ұйымдастыру
Кітап оқу мәдениеттерін және кітапханалық – библиографиялық білімдерін көтеру
Кітапханаға жазылған кезде оқырмандармен, кітапты қалай оқу керектігін, қалай оны ұстау керектігін туралы айтылады.
Жылына екі рет мектепшілік, ата- ана жиналыстарында оқулықтармен оқушылар қалай қамтамасыз етілгендер туралы айтылады. Ардайым сөрелерде кітаптар қалай қойылғандары, тұрғандары қаралады.
Кітапхана белсенділерімен жыртылып қалған кітаптармен, берешек оқырмандармен жұмыс жасалады.
Оқырман кәртішкелері туралы анализ жасалады.
Кітапхана оқулықтармен, әдеби кітаптармен, әдістемелік оқулықтармен, схемалармен, толтырылды.
Конституция күніне арналған «Жаңа Қазақстан – жаңа әлемде», «Новый Казахстан - в новом мире»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мектепшілік ата-аналар жиналысында кітапханашылар жаңа оқу жылына оқушылардың оқулықтармен қамтамасыз етілуі туралы ақпарат берді. Білім күніне арналған «Алтын ұя». «вечное чудо книга» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, және 6 – 11 орыс сыныптарында «История основного закона» атты исторический эскурс өткізілді. Қыркүйек айында «Салауатты өмір салты» ; «Ата бәйтерек, бала- жапырақ» аты көрмелер ұйымдастырылды. Көрмеле екі тілде жасалды. Слайд арқылы 5-6 қазақ сыныптарда «Қазақстан Елтанбасымен, Әңұранымен, Түымен тұғырлы» атты шара өткізілді және осы тақырыпқа байланысты 8-9 орыс сыныптар арасында «Государственные символы – гордость каждого Казахстанца» атты шара өткізілді. Отбасы күніні байланысты 3сыныпта «Отбасы берекесі» атты тәрбие сағаты өткізілді. 4 сыныпта «Жол тәртібін білейк, аман есен жүрейік» атты тәрбие ойын сағаты өткізілді. 4 орыс сыныбында «путешествие в королевство светофоров» атты литературное игра өткізілді. 5, 7 қазақ сыныптарының ата-ана жиналысында оқушылардың оқулықпен қамтамасыз етілуі туралы баяндама оқылды. 5 «Б» ата – ана жиналысында «Семья без страха, общество без насилия» атты баяндама оқылды. Тілдер күніне байланысты кітапханада «Адамдар достығы – тілдер достығы», «Дружат языки – дружат народы» аты кітап көрмесі және 6 қазақ сыныбында «Тілдер мерейі» атты және 5- 6 орыс сыныптарында «Дружат языки – дружат народы» атты мектепшілік шара өткізілді. «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан жаңа саяси бағыты », «Стратегия»Казахстан 2050» новый политический курс состаявшегосы государства» атты кітап көрмесі екі тілде ұйымдастырылды. Слайд арқылы Мағжан Жұмабаевтың – 120 жылдығына байланысты екі тілде кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ұстаздар күніне байланысты екі тілде «Ұстаз ұлы тұлға», «Славя труд ваш безценный» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Алтын күз» апталығында кітапханада «жері байдың – елі бай» атты кітап көрмесі және «Алтын күз» атты 5-7 қазақ – орыс сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. 18 – қазан – екі жақты келісімге келу күніне байланысты «Иманды болу - парызын» және ішімдікке қарсы тақырыпқа байланысты «Біз ішімдікке қарсымыз» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Мұғалімдер күніне байланысты «Ұстаз - ұлы тұлға » атты кітап көрме ұйымдастырылды. 1 «а» сынып әліппе қоштасу кешіне кітапхана кітап туралы әңгіме өткізді.
Қазан айында кітапханада «Арқашан күн сөнбесін» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Желтоқсан айында ЖҚТБ қарсы байланысты «ЖҚТБ – ғасыр індеті» атты кітап көрмесі, темекі қарсы «Темекі - денсаулыққ зияңба?» атты 7-8 сыныптар аралығында әнгімелесу және нашақорлықтың алдын алу байланысты «Нашақорлыққа жол бермейміз» атты көрмелер және шаралар өткізілді.
1 желтоқсан Президент күніне байланысты 5 «А» сыныбында «Біздің тұнғыш Президент» атты тәрбие сағаты өткізілді. Шарада сынып толық белсене қатысты.
16 желтоқсан тәуелсіздік күніне байланысты 2 – 4 сынып аралығында «Тәуелсіздік қадамы» атты тақырыптық мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. 1 – 3 орындарға ие болған оқушылар марапатталды. 5 – 6 қазақ – орыс сыныптар аралығында «Ашық аспан саған, Қазақстан» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді және кітапханада «Тәуелсіздік қадамы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
С. Торайғыровтың 120 жылдығына байланысты слайд арқылы «Қазақ ақыны, ағартушысы - демократ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Жаңа жыл мерекесіне байланысты ұстаздарға, оқушыларға тақырыпқа байланысты материалдар іздестірілді.
Қалижан Беқғожинның 100 жылдығына байланысты қаңтар айында «Есте сақтаймыз» атты көрме ұйымдастырылды және А. Қастеевтың 100 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының халық суретшісі» атты көрме ұйымдастырылды.
Ауған жерінен совет әскерін шығарғанына 25 жыл болуына байланысты «Баласын ана жоқтамасын мәңгілік» атты фото – көрме ұйымдастырылды және осы тақырыпқа байланысты 8-10 сынып аралығында «Ерлікке тағзым» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
8-наурыз мерекесіне байланысты «Сүйікті анам» атты көрме және 22- наурыз мерекесіне байланысты «Наурыз келді, көктем келді» атты көрмелер ұйымдастырылды.
1-наурыз азаматтық қорғау және балалар күніне байланысты «найзағай» шығарылды.
МАДТ «ертегілер елінде» атты тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар ертегілер өздері білген ертегілерді айтып, кітапханашы ертегілер оқыды.
Облыстық «мәңгілік елі» атты сайысқа 9 «А» сынып оқушысы Нурғалиева Қымбат екінші орынға ие болды. Оқушы марапатт қағазына , кітапханашы сертификат қағазына ие болды.
Кітапхана үнемі кітап қорымен, инвентарлық кітаппен жұмыс жасайды. Кітапхана белсеніділерімен 1-11 сыныптар аралығында оқулықтар тексерілді. Кітапхананың жұмысын арттыру үшін, үнемі сынып сағаттарында, іс-шараларда, кітапхана саяхат шараларда айтылады.

Қорытынды.

Тәуелсіздікке ие болған жас Қазақстан Республикасының өмірінде, соның ішінде жалпы кітаптану саласының тарихында көптеген өзгерістер мен жаңалықтар болып жатқаны барлымызға белгілі.
Жалпы кітапхана қызметінің негізгі нысаны – ол кітап. Заман ағысына қарай кітаптардың және кітапханалардың сан – алуан түрлері өмірге келуде. Деген мен, бұл кітаптардың барлығы талап сай, мазмұны жағынан толық қаңды деп айтуға болмайды. Соңдықтан, жобалық жұмыстың тақырыбы бүгінгі таңда сұранысқа ие тақырыптардың біріне арналған.
- Осы жобалық жұмысты жазудағы мақсатымыз – кітап, кітапхана, кітапханалық қорлардың қалыптасу кезеңдеріне талдау жасау, - деп алынған еді, және мынадай міндеттер қойылды
- кітап және қазақ баспа кітаптарының тарихын қарастыру.
- Кітапханалық қорлардың кітапхана қызметіндегі рөлін айқындау.
- Кітапханалық қорлардың қалыптасу және оның жүзеге асу жолдарын талдау.
Менің пікірімше сол алдыға қойған мақсатыма және міндеттеріме жеттім – деп ойлаймын.
Жобалық жұмыстың мазмұны кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосышалардан тұрады.
Бірінші тарау «Кітапханалар және қорлар» деп аталады, мұнда кітап, оның тарихы, қазақ баспа кітабының кезеңдері. Библиография-кітапхананың ажырамас бөлігі.
Ал екінші тарау «Кітапханалық қорлардың қалыптасу кезеңдері» деп аталады, онда келесі сұрақтар қамтылған: Кітапханалық қорлар туралы түсінік, қорлардың кітапхана ісіндегі рөлі, кітапханалық қорлардың қалыптасуы, қорлардың сақтау жолдары.

Қорыта айтқанда, кітапхана ісіндегі кітапханалық қорлардың алатын орны ерекше, егерде Қазақстанда қазақ тілінде кітаптар көптеп шығып, сол баспадан шыққан кітаптардың бағасы қарапайым халыққа қол жетерлік болса, сонымен қатар кітапханалық қорларды қалыптастыру ісінде ақпараттық технологияларды кеңінен қолданылса және ҚР Президентінің халыққа деген жолдауын халыққа дұрыс жеткізсе онда кітапхана қызметінің сапасы да анағұрлым арта түсер еді.

Әдебиеттер тізімі.

1.Ахметова С., Ақшолақова М. Кітапханадағы библиографиялық жұмыс. -
Алматы: Ана тілі, 1993. – 369 б.
2.Ахметова С., Ақшолақова М. Кітапханадағы библиографиялық жұмыс: Ұйымдастыру мен методика – Алматы: Ана тілі, 1993. – 234 б.
3.Білім жүйесінің кітапханаларына арналған кітапхана ісі жөніндегі әдістемелік құралдар\ ҚР және ғылым министрлігі; Алматы:Фолиант, 2000.-345б.
4.Дәулетова Н. Қазақстандағы кітапхана ісінің тарихы: Алматы: Білім, 1994. – 231б.
5.Елеукенов Ш.Р., Шалғынбаева Ж. Қазақ кітабының тарихы: Ежелгі дәуірден 1917 жылға дейін. – Алматы: Санат, 1999, - 192 б.
6.Қазақстан Кітапханаларының анықтамалығы: Алматы: ҚР Ұлттық кітапханасы, 1998. 97б.
7.Кітапханалық-библиографиялық жіктеу. Алматы: Мектеп, 1964. – 287 .
8.Кітапхана терминдерінің сөздігі: Алматы: Мектеп, 1981.-239б.
9.МЕСТ 7.50-84 «Кітапханалар қоры мен ғылыми-техниқалық органдарда құжаттар мен
ақпараттардың сақталуы» мемлекеттік стандарты.
Категория: Школьная библиотека | Добавил: ГулСарсен
Просмотров: 5172 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.2/4
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 11:58 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru