Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Сыни тұрғыда ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ауызша және жазбаша тілдерін дамыту
[ Скачать с сервера (23.3 Kb) · Скриншот ] 2018-07-05, 9:44 AM
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Кургунбаева Балғын Бағытқызының
шығармашылық есебі
Мен, Кургунбаева Балғын Бағытқызы 13 жыл ұстаздық қызметте еңбек етудемін. Мен ұстаздық еңбек жолымды М.Қозыбаев атындағы СҚМУ тәмамдаған соң, 2005 жылы Петропавл қаласы қалалық классикалық гимназияда қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі ретінде бастадым. Аталмыш гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті, түрік тілінен сабақ бердім. Қазіргі таңда №2 Бескөл орта мектебінде жұмыс атқарамын. Мұғалім – мектептің басты тұлғасы. Мемлекеттің білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру. Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша оқыту, тәрбиелеу қажет. Сондықтан да қазіргі білім беру саласындағы өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай ұстаз болу мүмкін емес.
Мұғалімдердің ортақ мақсаты – жеке тұлғаны қалыптастыру болса, оқушы бойынан табылатын жақсы қасиеттердің бәрі мұғалімнің де бойында болуы керек. Мұғалім өз білімін үнемі толықтырып отыруына, оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи әдіс-тәсілдермен, ақпараттық құралдарды қолдану тәсілдерін меңгерген шығармашылықпен жұмыс жасауды мақсат ете білуі керек. Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын өзіміз оқытып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Сондықтан, мен өзімнің ұстаздық тәжірибемде заманауи оқыту технологиясының элементтерін жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде үнемі қолданып отыруға тырысамын. 2013 жылы деңгейлі бағдарламалар аясында бірінші (ілгері) деңгей курсын тәмәмдап, өз білімімді толықтырдым. «Ұстаздық - ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М.Әуезов айтқандай, ұстаз деген атқа лайық болу - үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін. Ұстаздық қызметімде «Сыни тұрғыда ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ауызша және жазбаша тілдерін дамыту» әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыс жасаймын. Түркі ғалымы М.Қашқари «Бастамастан бұрын мақсатынды ойла» деген екен. Менің әдістемелік тақырыбымның
Мақсаты: оқушылардың ой-қиялын дамытуға, өз ойын еркін айтуға, сөздік қорын молайтуға, өз ойына қорытынды жасап, жүйелі сөйлеуін үйлестіруге және де оқушыларды ізденімпаздыққа, мемлекеттік тілді игеруге, сауатты оқу мен жазуға баулу
Міндеті:
- Әр оқушыны ынталандыру, көкірегіне сенім ұялата білу
- Әрбір оқушының жеке дара ерекшелігін ескеру
- Оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын қалыптастыру
- Оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорын молайту
- Өздігінен өлеңдер мен шығарма мәтіндерін талдай алуы
Болжам: оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы қызығушылығын дарытады. Танымдық қызығушылықтары, ой-өрістері артады.
Өзектілігі: қоғам талабына сай оқушылардың жеке дамуын бақылауды қамтамасыз ету. Қазіргі қоғамға сай жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.
Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалды:
- Ақпараттарды қабылдап, есте сақтайды;
- Зерттеу, іздену жұмыстарын жүргізеді;
- Өзін-өзі бағалайды, бір-бірін бағалап, ұсыныс таратуға үйренеді;
- Өзгенің пікірін тыңдап, өзінің көзқарасын білдіреді;
- Өз бетімен жұмыс жасауға үйренеді
Мұндай мақсат пен міндеттерді қоюыма ықпал еткен балалардың өз бойындағы қабілеттері мен ынталары десе де болады. Мен тек сол қасиеттерді одан әрі дамыту жолдарын іздестірдім. Жалпы педагогика пікірі бойынша қабілетсіз бала жоқ. Барлық баланың да бір нәрсеге қабілеті болады. Тек соны дұрыс бағытта жетілдіру керек. Сондықтан бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін жасалатын жұмыстарды да дұрыс талдау қажет. Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Сондықтан мен өзімнің ұстаздық тәжірибемде педагогика сыни тұрғысынан ойлаудың технологиясын жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде үнемі қолданып келемін. «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы», яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептің оқушылары да білімді болмақ. Сондықтан өз білімімді ылғи да көтеріп отыруға тырысамын. 2018жылы «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің зертхана отырысында іс-тәжірибемен әріптестермен бөлістім. 2016жылы «Мәңгілік ел» құндылықтары - қазіргі қазақстандық білім берудің негізі» атты республикалық он-лайн пікірлесу алаңына қатыстым. 2015жылы «Ұлағатты ұстаз» атты Республикалық оқытушылар конкурсына қатысып, «Әдістемелік әзірлемелер» бағыты бойынша ІІІ дәрежелі дипломға ие болдым. 2013 жылы ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтап білімімді толықтырдым. Оқушыларым да түрлі деңгейдегі сайыстарға үнемі қатысып тұрады. Дәлел ретінде соңғы үш жылдағы жеткен жетістіктерімізге тоқтала кетер болсам: 1.2018ж, «Жарқын болашақ» Х республикалық «КАТЕҮ» қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінде «Жас ғалымдар» номинациясы бойынша 7 сынып оқушысы Ахметов Мирас, ІІ орын Грамота
2. 2018ж, «Жарқын болашақ» Х республикалық «КАТЕҮ» қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінде «Сөз шеберлері» номинациясы бойынша 7 сынып оқушысы Шишкина Валерия, ІІІ орын Грамота
3. 2017ж, Зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының аудандық кезеңі бойынша 6 сынып оқушысы Кабижанов Бақтияр, ІІІ дәрежелі диплом
4.2017ж, Қазақ тілінен өткен Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасы 3 сынып оқушысы Белякова Ангелина, І дәрежелі диплом
5.2017ж, Бастауыш сынып қазақ тілінен өткен Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасы 3 сынып оқушысы Зверева Валерия, Диплом
6. 2015ж, Аудандық ҮІ Махамбет оқуларында «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Шериматов Жонпулат, ІІ орын Құрмет грамотасы
Республикалық «Ustaz.tilegi» сайтында жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша құрылған «Менің достарым» атты сабақ жоспарын жарияладым. Материал сертификатпен расталынды.
Қорыта айтқанда, ел болашағы - жастарды білімді, жан -жақты, шығармашыл тұлға етіп қалыптастыру үшін оқыту мен оқуда жаңа әдістерді тәжірибеге батыл енгізу қажет, ал әрбір құзіретті мұғалім өз идеясын жүзеге асыруда ізденуге ерінбеу керек. Сондықтан мен бұл жұмыcымды жүйелі түрде жалғастырамын деп алдағы уақытқа мақсат етіп қойып отырмын. Болашақта сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу басты міндетім болып табылады.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: grib1965
Просмотров: 593 | Загрузок: 8 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-04-29, 6:56 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru