Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ет тағамдары.
2012-12-14, 3:01 PM
Сабақтың тақырыбы: Ет тағамдары. Ауыспалы осы шақтың жіктелуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: ет тағамдарының адам ағзасына, денсаулығына тигізер пайдасын оқушы бойына мәтін арқылы сіңіру. Осы тақырып аясында жаңа сөздер үйрету. Сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру. Ол әрекеттерді жүйелі түрде қолдану. Практикалық жұмыстарға мейлінше көп көңіл бөліп, тілдесім әрекетіне жетелеу.
Ауыспалы осы шақтың жіктелуін меңгерту.
Дамытушылығы: оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Берілген материалдарды өмірдегі жағдайлармен салыстыра, байланыстыра отырып, тілдесім әрекетін жандандыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін күшейте түсу. Грамматикалық тақырыптарға көп көңіл бөлу.
Тәрбиелігі: оқушыларды денсаулыққа пайдалы тағамдармен қоректенуге, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, әңгімелеу, миға шабуыл
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, кластер, сөзжұмбақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Отырыңдар.
-Сыныпта кім кезекші?
-Сынып сабаққа дайын ба?
II. Үй тапсырмасын тексеру:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
-Үй тапсырмасын барлығымыз орындадық па? (үй тапсырмасын жалпылай сұрақтар арқылы және жекелеп тексеріп шығу)
III. Жаңа сабаққа даярлау:
-Сендер қандай ет тағамдарын білесіңдер?
-Қандай ет тағамдарын жақсы көресіңдер?
IY. Жаңа тақырып:
-Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қойыңдар.
I. Ауыспалы осы шақтың жіктелуі.

Жақ Жекеше түрі Көпше түрі
1 - жақ Мен пісір-е-мін Біз пісір-е-міз

2 - жақ Сен пісір-е-сің Сендер пісір-е-сіңдер
Сіз пісір-е-сіз Сіздер пісір-е-сіздер
3 - жақ Ол пісіреді Олар пісіреді

II. Ет тағамдары.
1. Мәтінге дейінгі жұмыс:
Сөздікпен жұмыс:
а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру
ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу
б) сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату
ұлттық тағамдар– национальные блюда
сусындар– напитки
бесбармақ– мясо по казахски
жая– жая (огузок лошади, цельное мясо)
қазы– казы (национальное блюдо из реберной части конины)
қуырдақ– жареное мясо
сіңімді– легко перевариваемый
Миға шабуыл
-Суреттерде не берілген?

Кластерді толтыру.

2. Мәтінмен жұмыс:
-берілген мәтінді мәнерлеп оқып беру
-оқушыларға жекелеп, кезекпе-кезек оқытып шығу
-мәтінді жаңа сөздердің көмегімен аударту

Еттен түрлі тағамдарды жасайды. Қазақтың басты тағамы – ет. Етті пісіреді де, қуырады да. Жылқының етінен қазы, қарта, жал, жая, шұжық, дайындайды. Қуырдақ қуырады. Етін жеп, сорпасын ішеді. Ет етке – сорпа бетке деген халықта мақал бар. Ет тағамдары өте пайдалы және нәрлі болады. Сондықтан халқымыз бұрын әсем табиғаттың құшағында, таза ауада, ет тағамдарымен қоректеніп, көп ауырмай өмір сүрген, тіпті көп жасаған.
3. Мәтіннен кейінгі жұмыс:
-мәтінге ат қою
-мәтінге бірнеше сұрақтар дайындау
-мәтіннен етістіктерді теріп жазып, шақтарын айқындау
Y. Сабақты бекіту:
-Бүгін сабақта не істедік?
-Қандай жаңа сөздер үйрендік?
-Қандай мәтін оқыдық?
-Еттің адам денсаулығына қандай пайдасы бар екен?

Сөзжұмбақ шешу.
1. Қазақ халқының әрі тамақ әрі дәрі, әрі сусын орнына жүретін ең бағалы тағамы.
2. Қатықты сүзіп, тұздап, домалақтап кептіреді.
3. Қазақтың басты тағамы
4. Халқымыздың шай дастарқанының басты асы.
5. Түйенің сүтінен жасалатын сусын.

* *
2 *
3 * *
4 * * *
5 * *

YI. Үйге тапсырма:
-Сөйлемдегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңдар.
1. Еттен ¬¬¬¬¬түрлі тағамдар ... . 2. Үйге қонақ келсе анам ет ... . 3. Әжем қуырдақты жақсылап ... . 4. Қуырдақ дәмді ... . 5. Жылқының еті суық жерде тұрса да ... .
Керекті сөздер: асады, жасайды, қатпайды, болыпты, қуырады.
-Өз үйлеріңнің басты тағамы қалай даярланады? Осы тақырыпта әңгімелеу.

YII. Бағалау.
YIII. Сабақ соңы.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: gaua
Просмотров: 4037 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 6:12 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru