Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (799.5 Kb) ] | 2013-02-20, 9:14 AM |
Батыс Қазақстан облысы Бөкей Ордасы ауданы Бисен Жаникешев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жумагулова Гульзада Ербулатовна Бердібек Соқпақбаев «Менің атым – Қожа» Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға жазушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, «Менің атым – Қожа» повесінің мазмұнын талдау, идеясын, тәрбиелік мәнін ашу; ә) дамытушылық: оқушының ой еркіндігін ояту, шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өздігінен білім алуға баулу; б) тәрбиелік: шығармадағы кейіпкерлердің жақсы мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, үлгілі, тәртіпті болуға, жаман әдеттен жиренуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: бекіту сабақ. Сабақтың әдістері: РАФТ , сұрақ-жауап, талдау, Сабақтың жабдықтары: интерактивті тақта, Сабақ барысы: I. Қызығушылықты ояту. - Балалар, біз алдыңғы сабағымызда Б. Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» повесінен алынған үзіндімен таныстық. Енді бүгінгі сабағымыз осы сабақты қорытындылауға арналып отыр. - Балалар, Қожа сияқты бала сендердің сыныптарыңда бар ма? II. Мағынаны тану. Ендеше, шығарма мазмұнын еске түсірейікші. Ол үшін мына блиц сұрақтарға жауап берейік. 1.Мазмұнын еске түсіру 1. Шығарма авторы кім? 2. Шығарманың бас кейіпкері? 3. Қожаның шын аты кім? 4. Қожаның анасының аты? 5. Қожаның сынып жетекшісі кім? 6. Алғаш Майқанова апаймен Қожа қай жерде кездеседі? 7. Қожаны жақсы көретін мұғалім? 8. Қожа неліктен сабаққа дайындалмай келеді? 9. Қожаны не үшін жиналысқа салады? 10. Қожаны дұшпанындай көретін бала кім? 11. Қожаны сыныптастары қалай атайды? 12. Қожаның досы кім? 13. Қожаға әжесінің қойған аты. 14. Мектеп директоры? 15. Қожаның әкесіндей көретін адамы? 16. Қожаның жасы нешеде? 17. Қожа нешінші сыныпта оқиды? 18.Майқанова апайды Қожа немен қорқытады? 19.Қожаның тәртібін түзеуіне не әсер етеді? 20. Шығарма қалай аяталады? 2. Кейіпкерлеріне мінездеме беру. Қожа мен Жантас - Балалар, енді шығарма кейіпкерлері Қожа мен Жантас қандай бала еді? Қожа қандай бала? Жантас қандай бала? 3. Әдебиет теориясы: Портрет. Диалог. Балалар, біз шығарма мазмұнын еске түсірдік. Осы шығармада портрет пен диалог жиі кездеседі. Шығармадан портрет пен диалогты табу. Ол үшін әуелі портрет пен диалогтың ережесін еске түсірейік. Портрет – көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін-кейпін, жүріс-тұрысын суреттеуді айтамыз. Мысалы, «Менің атым – Қожа» повесіндегі Қожаның портреті: «Екі танауыма екі саусағым еркін сыйып кетердей қос ауыз мылтықтың аузындай үңірейіп тұр. Екі шекемнің шығыңқылығы болмаса, басым қарбыз тәрізді доп-домалақ, тап-тақыр. Қаттылығы, қайраттылығы шошқаның қылшығынан бір кем емес. Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді.». Диалог – екі немесе одан да көп адамдардың алма-кезек сөйлесуі. Мысалы: Шығармадағы Қожа мен Жантастың әңгімесі: - Қара Көже, мынау не екенін білесің бе? - Ол не? - Лагерьге жолдама. Біз лагерьге баратын болдық. Ал сен көшедегі иттеді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың. - Оны саған кім берді? - Кім беруші еді. Майқанова апай берді. Бірақ сен жоқсың тізімде. 4. Мақал – мәтелдермен жұмыс. Енді, балалар, шығарма тақырыбына сәйкес мақал-мәтелдермен жұмыс жасайық. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақалды оқиық.. 1. Әдептілік ар-ұят . . . . . . . белгісі. 2. Ашу – дұшпан, ақыл – дос, Ақылыңа . . . қос. 3. Орынсыз ашу - . . . шашу. 4. Жақсының қасиеті - жарастыру, Жаманның қасиеті - . . . . 5. Әдепті бала – арлы бала, Әдепсіз бала - . . . бала. 6. Қарағайға қарап тал өсер, Құрбысына қарап . . . өсер 7. Сыпайы сырын сақтар, Әдепті . . . сақтар. 8. Үлкенді сен сыйласаң, . . . сені сыйлайды. 9. . . . адам айтқызбай біледі, Ақсұңқар қаққызбай іледі. 10. Әдептілік белгісі - ... бергені. Осы мысалдарды шығармамен байланыстырып көрейік. 5. «Менің атым – Қожа» кинофильмінен үзінді. Балалар, «Менің атым – Қожа» кинофильімін барлығыңыз жақсы білесіздер. Сүйіп тамашалайсыздар. Енді осы кинофильмнен алынған үзіндіні тамашалайық және оқулықтағы нұсқасымен салыстыра отырайық. 6. Балалар, РАФТ әдісімен «Тентектен түзелген таптырмас» тақырыбында Қожа достарына хат жазады. Р – Қожа А – достарына Ф – хат Т – «Тентектен түзелген таптырмас» 7. Көрініс. «Қожаның қаулысы». Енді бүгінгінің Қожасы не дейді екен? «Ұлан» газетінің қазіргі Қожа сияқты балаларға арнаған қаулысы. «Қазіргі заманның Қожасы». Тыңдап көрейік. III. Рефлексия. Не түйдің? Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай? Не үйрендіңдер? («Ұлан» IV. Қорытынды. Жақсы, жаман қасиеттер туралы өз ойларымызды айтып, бүгінгі сабақты қорытындылайық. Ж - Ж – а - а – қ - м – с - а – ы - н - V. Үйге тапсырма. Ойтолғау «Мен әдепті баламын.» V. БАҒАЛАУ. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын. | |
Просмотров: 9127 | Загрузок: 1445 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|