Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған мемлекеттік тіл күндігін өткізу
[ · Скачать удаленно () ] 2013-03-15, 3:54 PM
Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған мемлекеттік тіл күндігін өткізу
Чурбанова Гульжиан Маукеновна Шығыс Қазақстан облысы ауданы Предгорное ауылы
№ 1 Предгорное орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, жоғары санатты


Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған мемлекеттік тіл күндігін өткізу
Жоспары:
1. Таңертеңгілік линейка(Әнұран, бірнеше оқушы тақпақ оқиды, бүгінгі күннің жоспарымен таныстыру).
2. Екінші үзілісте денешынықтыру мұғалімдердің ұйымдастыруымен қазақтың ұлттық ойындары ойналады.
3. Үшінші үзілісте қазақ тілі мұғалімдері сынып жетекшілерімен «Мен мемлекеттік тілде сөйлеймін» атты близ- турнир өткізеді.
4. Күндікті « Мемлекттік тіл менің тілім»» атты сайыспен аяқтаймыз.
« Мемлекттік тіл менің тілім» атты сайыстың жоспары
1. Өзін таныстыру 3 балл
2. Бәйге (сұрақтарға жауап беру, әр сұрақ бір балл, барлығы он балл)
3. Жорға (табло)
а) Салт-дәстүрлер; ә) Ұлттық тағамдар; б) Киімдер; в) Ұлттық ойындар;
4. Белгілі адамдар туралы не білесің? Слайдта көрсетілген белгілі адамдар туралы айтып беру.
5. Мақал - мәтелдер жарысы
6. Көрермендермен жарыс
7. «Көкпар» Грамматикалық тапсырма.
8.Әділқазылар алқасы қорытындысы. Марапаттау рәсімі.
Сайыстың барысы:
1. (слайд № 1-4 «Менің Отаным Қазақстан ) Күй «Саржайлау» ойналып тұр.
1. Жүргізуші:
-Егемен еліміз 16 -желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке - Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Бұл елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн! Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін!
Каждый народ гордится своей историей, духовными ценностями. Традициями, обычаями, и, конечно же, своим родным языком. Наш сегодняшний конкурс посвящен 20-летию Независимости Республики Казахстан.
Мерекемізді «Елім менің» әнімен бастауға рұқсат етіңіздер, сөзі Н.Ә. Назарбаевтікі, әні Б.Тілеухановтікі, орындайтын 8Б сынып оқушысы
(Слайд №5-7 Нақыл сөздер)
(слайд №8) Сайыстың мақсаты: Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тілді дамыту, мемлекеттік тілге құрметпен қарауға баулу,ұлттық салт- дәстүрді дәріптеу, өз елінің, жерінің тарихын білуге шақыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Акт залын көркемдеу,слайд,қанатты сөздер,байқаудың шарттары, Dvd-мен теледидар, музыкалық дискілер.
Жүргізуші: Сонымен сайысымызды бастаймыз. Ортаға сайысқа қатысатын оқушыларды шақырамыз.
Ортаға 9-10 сыныптардан 6 оқушы шығады.
Жүргізуші: Әділқазылар алқасымен таныстыру
1 – тур Өзін-өзі таныстыру слайд
2 – тур: Бәйге (сұрақтарға жауап беру)
Бірінші оқушыға сұрақтар:
1. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
2. Қазақстанның астанасы?
3. Тудың авторы кім?
4. Зат есімнің аудармасы?
5. Абайдың шын аты?
6. Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері?
7. «Өзен» өлеңінің авторы?
8. Тудың түсі қандай?
9. Имя прилагательное аудармасы қандай?
10. Тіл мейрамы қашан?

Екінші оқушыға сұрақтар:
1. «Асыл сөз» деген нені білдіреді?
2. «Юрта» аудармасы?
3. Мемлекеттік әнұранның сөзін кімдер жазды?
4. Абайдың әжесінің аты кім?
5. Қазақстанның бірінші астанасы?
6. «Ерте,ерте,ертеде» деп не басталады?
7. «Қаһарман» сөзінің аудармасы?
8. Аптаның төртінші күні?
9. Июльдің аудармасы?
10. Біз қай облыста тұрамыз?
Үшінші оқушыға сұрақтар:
1. Қазақстанда неше облыс бар?
2. Қ.Р президенті кім?
3. Бүгін қай күн?
4. Қ.Р. әнұранының әнін кім жазды?
5. Қазақстанның рәміздерін ата?
6. Мұсылмандардың жаңа жылын ата?
7. «Абай жолы» «Абай» романдарының авторын ата?
8. «Ученый» сөзінің аудармасы?
9. 9-мамыр қандай мереке?
10. Қымыз,шұбат,айран – қандай тағамдар?

Төртінші оқушыға сұрақтар:
1. «Бата» сөзінің аудармасы?
2. Қ.Р-ның Конституциясы қашан?
3. «Остановка» сөзінің аудармасы?
4. Қ.Р-сы қандай мемлекет?
5. «Қан мен тер» романының авторы кім?
6. Ұлттық валюта айналымға қашан енді?
7. Мемлекетіміздің бас қаласы?
8. «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі кім?
9. Төле би қай ғасырда өмір сүрген?
10. «Ленинградтық өренім» өлеңінің авторы кім?
Бесінші оқушыға сұрақтар
1. Қазақтың ұлы ақыны,сазгер,философы кім?
2. Киелі сан қай сан?
3. Шымкент,Тараз қалалары қай облыста?
4. Қазақстанда қанша ұлт тұрады?
5. Елтаңбаның авторы кім?
6. Қазақстан туында не бейнеленген?
7. «Глагол» сөзінің аудармасы?
8. 3-ші саны қандай сан есім?
9. «Көп тыңда,аз сөйле» не?
10. Ш.Уәлиханов қай ханның шөбересі?

Алтыншы оқушыға сұрақта

1. Жүз жасаған ақын кім?
2. «Государство» сөзінің аудармасы?
3. Сүйінбайдың әкесі кім?
4. Қ.Р-ның конституциясы қашан қабылданды?
5. Оралхан Бөкей қайда туды?
6. Күләш Байсейітова кім?
7. Астананың тарихи аты?
8. Дина Нұрпейісова кім?
9. «Бастауыш» сөзінің аудармасы?
10. Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деген белгілі ғұлама?

(Слайд № 11) 3 тур: «Жорға» кезеңінің сұрақтары.Әр қатысушы екі тақырып, балл таңдайды. (мысалы: 20-балл, ұттық ойын)
Салт –дәстүр
5. – Келін келгенде,үлкен мерекелерде қолданылатын,яғни тәтті тағамдар-құрт,кәмпит,күміс ақша шашу дәстүрі?
10.- Адам ең алғаш жолға шыққанда, не болмаса өзінің үйінен бірінші жолға шыққан ұл-балаға жасалатын дәстүр қалай аталады?
15.- Жас нәрестені,жаңа түскен келінді,т.б бірінші рет көргені үшін қонақтың,дос жаранның үй иелеріне не олардың жақындарына беретін сыйлығы,көзақы.ол қандай салт?
20.- Адамға,көбінесе жас балаға,малға тілден,пәле –қаладан,көздің сұғынан сақтасын деп тағылатын зат.Бұл қандай дәстүр?
Ұлттық тағамдар
5.- Халқымыздың ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамының бірі.Ол тек тағам емес,сонымен қатар халықтың қасиетін,дәулетін,салтанатын,байлығын,мырзалығын,берекені білдіретін ырыс белгісі.Әрі сусын,дертке шипа,жанға қуат.Ыдыстары «қымыз аяқ» «қымыз ожау» деп аталады.Ол қандай тағам?
10.- Шикі қаймақты шағын ыдысқа құйып,қайнатып пісіру арқылы дайындайды.Ол қайнаған кезде аздап бал қосып,ұн сеуіп,араластырады.Оны қарттарға,балаларға,тіпті құрметті кісілерге де ұсынуға болады.Ол тағамның аты не?
15.- Халықтың ертеден келе жатқан кәделі ұлттық тағамы.Бидай ұнын ашытып барып ұзынша немесе домалақүлгіде дайындап майға қайнатып пісіреді.Қазақ дастарханының ажары.Ол не?
20.- Жылқы сойғанда оның ең шұрайлы әрі бағалы мүшелері халық аузынан суы құрып айтатыны және аңсап жүретіні.Құрметті адамдарға,қонақтарға ұсынылатын өте кәделі,сыйлы мүше.Ол қандай тағам?
Ұлттық киімдер
5.- Аса қымбат матадан тігіліп,етегі кең,жағасы тік және етегінде екі бүрмелері бар,ою тігілген киімнің атын айт?
10.- Қонышы биік болатын,ішінен киіз байпақ киетін,қыста өте жылы және ат үстінде жүргенде ыңғайлы болатын аяқ киім қалай аталады?
15.- Әйел адамның бас киімі.Ол ақ матадан тігіледі,бет жағы жеке ойылады.Кеудені жауып тұрады.Ол бас киімнің шеткері өңірмен әшекейленеді,алүстіңгі жағын ақ орамалмен байлайды.Ол қандай бас киім?
20.- Конус пішінді таза күмістен,төбесіне үкі,маңдайына әдемі тастан жасалған түйреуіш қадалған,оны қымбат тастардан,алтыннан,күмістен,інжу маржанмен сәндейді.Екі жағынын моншақ,ал төбесіне-өкшесіне дейін ақ жаулық жабылады.Ол тойға киетін қалыңдықтың бас киімі. Қандай бас киім екен бұл?
Қазақтың ұлттық ойындары
5.- Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесің?
10.- Бұл ойынға атқа мінген қыз бен жігіт қатысады.Алдымен ара-қашықтығы 1-2шақыр. Екі көмбе белгіленеді.Бірінші көмбеде жігіт,ал қыз оның арт жағында он адымдай жерде тұрады.Қыз екінші көмбеге қарай шаба жөнеледі.Қыз жігіттің жанынан өте бере жігіт қызды қуып жетуге тырысады.Егер жігіт қызды қуып жетсе,бетінен сүйеді.Ол қандай ойын?
15.-Қазір өте дамыған ойынның түрі.Ойын- жарыс түрінде жүреді.Ойынның бірнеше түрі бар-тай жарыс (1-2 жасар тай жарыс),құнан жарыс (2-3 жасқа дейін),топ дөнендер жарыс(3-4жасар).Шабандоздар қатысатын ойын қалай аталады?
20.- Белгіленген ара қашықтықта 3-4 жерге шүберекке оралып күміс не теңге тасталады.Шабандоздар ат үстінен еңкейе отырып,жолындағы түйілген шүберекті алу керек.Осы ойын қалай аталады?
(слайд 12- 15) 4 –Тур- слайттар бойынша белгілі бір адамды атап шығып, ол туралы қысқаша баяндау, айтылғанды қайталауға болмайды. 7 балл
(слайд 16) 5-тур: « Мақал - мәтелдердің жалғасын жаз» Бір мақал бір балл, барлығы тоғыз балл жинай алады.
1. Отан үшін күрес –
Ерге------( тиген үлес).
Джигита доля - ---------- (за Родину стоять).
2. Орағың өткір болса,қарың талмайды.
Отаның берік болса, -------------(Жауың алмайды).
Если серп острый, без хлеба не будешь;
Если Родина сильна, --------------- (c врагом на ты будешь)
3. Пәлен деген жерде алтын бар,
Іздеп барсам --------( мыс та жоқ).
4. Ел елдің бәрі жақсы,
Өз елің ------- (бәрінен де жақсы).
Все земли хороши,-----------( а своя всех лучше).
5. Әркімнің өз жері – (жұмақ).
Каждому родная земля- (рай).
6. Ер елінде, --------(гүл жерінде).
Человек лишь на родине – (человек).
7. Отан- елдің анасы, ел – (ердің анасы).
Родина- мать народу, народ –( мать джигиту).
8. Туған жердей жер болмас, туған елдей --------(ел болмас).
Нет земли лучше Родины, нет людей лучше,-------- (чем на Родине).
9. Отанды сүю--------( отбасынан басталады).
Любовь к Родине------- (у семейного очага зарождается)

Әділқазылар алқасы төрт турдың қорытындысын шығарғанша көремендер сайысын өткіземіз.
(Слайд 17): 6 – тур. Командалар мақалдарын толықтырып жатқанда көрермендер сайысын өткіземіз
(слайд 18- 22) 1) Астананың көрікті жерлерін ата:
(Слайд 23-25) 2) Өскемен қаласындағы қандай ескерткіш ғимараттар бейнеленген?
(Слайд 26-30) 3) Қазақтың қандай салт - дәстүрлері бейнеленген?
(слайд 31) 7 тур. «Көкпар». Сайыскерлерге грамматикалық сұрақтар қойылады.
Көкпар кезеңінің сұрақтары
Зат есім
«5»- Зат есімнің сұрақтары?
«10»- Көптік жалғауларын ата?
«15»- Қағаздан,есіктен,үйден сөздері қай септікте тұр?
«20»- Ата-ана,бала-шаға,көрші-қолаң қандай сөздер?
Етістік
«5»- Жүру,қатысу,дамыту қандай етістіктер?
«10»- Етістік дегеніміз не?
«15»- Етістіктің синтаксистік рөлі?
«20»- Қалау райға,ашық райға,бұйрық райға мысал келтір?
Сын есім
«5»- Сын есімнің сұрақтары?
«10»- Сын есімге мысал келтір?
«15»- Сын есімнің қандай шырайлары бар?
«20»- Жасылдау,қызылдау,үлкендеу қандай сын есімге жатады?
Одағай
«5»- Одағай деген не?
«10»- Одағайдың түрлері?
«15»- Тұрмыс –салт одағайына мысал келтір?
«20»- Па,пәлі,паһ-паһ,ойпыр-ай,әттеген-ай одағайдың қай түрі?

Сөйлем

«5»- Сөйлемнің түрлерін айт?
«10»- Сөйлемнің тұрлаулы,тұрлаусыз мүшелерін ата?
«15»- Жай сөйлем деген не?Мысал келтір.
«20»- Құрмалас сөйлем дегеніміз не?Оның түрлерін ата.

Жүргізуші:
Сайысымызды қорытындылауға әділқазылар алқасына сөз береміз.
1- Орын
2- Орын
3- Орын

Слайд 32 – 33
Сайысымызды ҚР- ның Әнұранымен аяқтаймыз.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: SGK
Просмотров: 1928 | Загрузок: 338 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-04-29, 7:27 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru