Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

“ Ана – өмір иесі “. Ғабит Мүсірепов
[ Скачать с сервера (80.0 Kb) · Скачать удаленно () ] 2013-04-17, 10:41 PM
Қазақ әдебиеті, 8-сынып
Cабақтың тақырыбы: “ Ана – өмір иесі “.
Сабақтың мақсаты: Ұлы жазушы Ғабит Мүсіреповтің ана тақырыбына жазған әңгімелерін талдау
Білімділік: әңгімені қорытып талдау,өз ой сезімдерін айта білуге үйрету.Оқушылардың психологиялық көңіл толғаныстарын байқау.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын,тіл байлығын,ой- өрісін дамыту.
Тәрбиелік: « Ана» деген ұғымды терең түсіне білуге, сезінуге, аналарды құрметтеуге,қамқор болуға тәрбиелеу,меиірімділікке,адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі: қорытынды
Әдістері: сұрақ-жауап, сайыстыру, іздендіру
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих, ән, қазақ тілі, шетел тілі
Қолданылатын педагогикалық технология: Педагогикалық шеберханасы.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар !?
І. Индуктор
а) Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ә) Психологиялық дайындық:
-Бір-біріне жақсы сөздер айту.
( Қуанышты көңіл-күй сыйлау)
ІІ Реконструкция
Ассоциациялық қатар құру: (2 нұсқада құру)
І нұсқа ІІ нұсқа
Ғабит Мүсірепов АНА
-Кім ? -Қалай түсінесіңдер?
1. Сыныптасым 1. Туған жер
2. Досым 2. Туған елім
3. Жазушы 3. Ең жақын адам
4. Ағам 4. Туысым
-Оқушылар ойын тыңдату, айтқандарын тақтада жазып отыру.Қосымша мәліметтер мұғалім тарапынан қосылады:
сөз зергері
қоғам қайраткері
суреткер жазушы
М.Горькийдің ана туралы әңгімелерін қазақ тіліне аударған
• “Өлімді жеңген ана” әңгімесі бойынша ассоциациялық қатар құру:
• Ана Ақсақ Темір
2. Балалар бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Өткен сабақта өтілген Ғабит Мүсіреповтің М. Горькийден аударған«Өлімді жеңген ана» әңгімесін қорытындылау, «Ана» деген ұғымды терең сезіну.Бүгін осы әңгімені қалай түсінгендеріңді байқау үшін, сабақ кезеңінде деңгейлік тапсырмаларды орындаймыз.
IV. Балалар,осы әңгімедегі « Темір хан» мен « Әйелге» ассоциация жасаңдар,әрі өз көңіл- сезімдеріңді түрлі түстермен белгілеңдер.
Қосымша№1

• ІІІ Социализация
• а) «Ана – өмір иесі» шеберханасы
I. Деңгейлік тапсырмалар.
1. Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?(Ақсақ Темір мен ана)
2. Әңгіменің басты тақырыбы не? ( Ана махаббаты)
3. Оқулықтан Ақсақ Темірдің бейнесін суреттеген жерді тауып оқы.
II. Блиц турнир.
- Ақсақ Темір кім?
- Ол қанша жыл елдерді жаулаған?
-Ақсақ Темір ажалға неліктен кектенді?
-Елдің сүйегінен нелер салдырды?
Балалар, II бөлімде Әйел- ананың құдіреттілігін, оның күші неде екенін оқыдық, соны енді рөлге бөліп оқып үзінділер арқылы көрейік.
II. Мәнерлеп оқу.
Темір хан патша шатырында төрде отыр,қасында билер.
Нөкер: - Тақсыр, бір әйел келіп тұр, сізді көрем дейді.
Өзі арабша сөйлейді.Үсті- басы кір- кір, шаң- шаң.
Темір: - Әкеліңдер!
Нөкерлер жалаң аяқ, шашы жалбыраған бір әйелді әкелді.
Әйел кіріп келіп: - Баязит сұлтанды жеңген сен бе?
Темір: - Иә мен! Мен талайды жеңгем. Оны да жеңдім.
Ал сен неге келдің?
Әйел:Онда тыңда!Сен не істесең де адамсың.Ал мен анамын.Сен өлімге қызмет етсең, мен өмірге қызмет етемін.Сен өлім шашсаң, мен өмір шашамын.Дүниеге адам әкелдім, білдің бе?! Сондықтан мен сені адамға санамаймында.
Темір: - Маған ешкімнің бағасы керек емес.Мен ешкіммен есептеспеймін.Жұмысыңды айт, әйел!
Әйел:-Онда тыңда, өлімнің егіншісіТемір.Сен менің алдымда кінәлісің.Менің алдымда кінәңді жусын деп келдім.Өйткені мен- Ана! Сен өлім сепсең, мен дүниеге өмір себем.Сені жеңем!
Темір ойланып:- Өзің отыршы, сені тыңдағым келіп барады.
Әйел кілемнің үстіне келіп отырады.
Әйел: - Мен Салерно деген жерден келдім. Ол алыста. Италияда. Менің жалғыз ұлым бар еді. Ол өте сұлу, ақылды болатын. Баязит сұлтан әскерімен әкем мен күйеуімді өлтіріп, баламды алып кетті. Міне 4 жыл болды, баламды іздеп жүрмін. Естуімше, балам сенде, өйткені Баязит сұлтанды сен жаулап алғансың. Өзіме қайтар ұлымды! Ұлымның қайда екенін сен білесің!
Көпшілік: - Мынау жынды шығар. Не дейді?
Темір хан: - Әйел, сен алыс жерден келдің. Жолда тау бар, теңіз бар, орман бар, одан қалай өттің? Әрі аң, құс бар. Олар саған тимеді ме?
Әйел: - Мен бір-ақ теңізге ұшырадым. Онда арал көп екен, балықшы да көп екен. Балықшы көп болған соң, онда қайық бар. Теңізден қайықпен өттім. Сүйген ұлыңды іздесең, қайықпен де өтуге болады екен. Ал, тау дейсің, мен тауды байқағаным да жоқ, ормен маған отын бергеннен басқа тоқтау қылған жоқ!
Темір хан: - Ал, аңдар ше?
Әйел: - Йя, олар кездесті. Сен сияқты өлім шашып тұратын барыс екі рет кездесті. Олар маған тек қарап тұрды. Мен олармен сенімен сөйлескендей сөйлесіп жүрдім. Олар менің ана екенімді түсінді. Аңның да баласын сүйетінін білмейтін бе едің?
Темір хан: - Солай, әйел! – басын изеп, - аңдар адамнан гөрі өз баласын артық сүйеді. Ең қатты жауыздық Адам баласынан шығады.
Әйел: - Адам деген бала ғой. Әр адамның баласы бар. Сен, шал, білесің бе, сені де әйел тапты. Сен құдайдан бас тарта алмайсың? Бер, баламды, қайтар өзіме. Өйткені мен анамын, баламды сүйем!
Темір хан: - Мен тәңір құлы Темірмін, тек тиісті сөзді ғана айтам! Мен біраз жасқа келдім. Отыз жыл бойы қара жер табанымда ыңырсыды. Неге бүйтеді дейсің ғой. Мен патшамын. Патшаның патшалығы неғұрлым кең болса, соғұрлым оның өзі де ұлы патша. Мен патшалығымды кеңейте беруім керек. Әйтпесе мен қандай патшамын? Сондықтан мемлекетті басып алып, өзіме бағындырам. Бұл бір. Екінші, өлім менің жалғыз ұлым Жәңгірді алып, жүрегімді сөндірді. Сондықтан өлімнің құрбандығына адам алып, кегімді алып жүрмін. Менімен патшалық үшін, ел үшін көп Адам алысты. Ал Адам үшін ешкім алысып көрген жоқ. Мен үшін Адам кім? Менің алдымда неге тұрады? Мен оны білмеймін.
Мен тәңір құлы Темірмін, тиісті сөзді ғана айтам! Менің алдымда әйел отыр. Бұл әйел бүгінге дейін білмеген сөзімді қозғап, мені жеңіп барады. Бұл әйел менен өтінбейді, бұйырады. Бұл әйелдің неге мұнша күшті екенін түсіндім деп ойлаймын. Бұл - өмір иесі, бұл – ана, бұл ұлын сүйеді. Ұлын сүюі, ол өмірдің ұшқыны ғой. Сол ұшқыннан бірнеше ғасырдан кейін жалын туар. Мен жерге өлім ектім, қанмен жақсылап суардым. Қазір жердің майы сорғалап, қыртыстанып тұр. Осы жерге бақыт егетін Адам керек шығар... (ойланып қалады).
Мен тәңір құлы Темірмін, тиісті сөзді ғана айтам. Үш жүз әскер қазір жердің төрт бұрышын аралауға аттансын. Тапсын олар мына әйелдің үлын! Әйел осында күте тұрады. Мұнымен бірге мен де күтем. Кімде-кім мұның ұлын атқа мінгізіп әкелсе, ол шын бакыттың дәмін татады. Солай ғой, әйел?
Әйел бетіне түскен шашын кейін сілкіп:
- Солай! Осыны істе! - деп азырақ езу тартады.
Осы кезде Ақсақ Темір орнынан тұрып, әйелге басын иді.
Рахмет, балалар, Әмір Темір мен Ананың бейнесін, әңгіме желісін еске түсіре отырып, келесі тапсырмаға көшейік.
V. Осы тақырыптағы « Әмір Темір» мен «Әйелге» өз қалауларыңша эссе жазыңдар.
( 5 мин) 1-2 оқушыға оқыту.
VI. Әңгіменің ішінен Әйел-ана туралы айтылған ойлар бар. Соны тауып оқындар.
1.оқушы. Мақтасақ , әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді. Әйел- ана барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе ?!
2. оқушы.Дүниеде әйелді құрметтеп, әйелді нұрға бөлейік те. Әйел- ана, дүниедегі жалғыз күш қой: оның алдында Азияның айбарлы арыстаны Темір де, Темірді жеңген өлім де басын иді.
3. оқушы.Құрметтейік те,көтерейік те әйелді. Ана- әйелді құрметтейік. Оның сүюі таусыла ма? Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың ақ сүтінен жаралған.
4. оқушы. Бас иейік те, құрметтейік те ұлы адамдарды дүниеге әкелген ананы. Аристотельді де, Фирдаусиді де ана әкелді. Ұлы Гомер де, Ескендір де ананың баласы. Бәрін де дүниеге әкелген – ана.
«Ананың анасы » әңгімесін тыңдау. Жанды дауыс әдісі.
Шағын сайыс өткізу:
1) Бәйге (зымыран сұрақтар)
2) Тіл өнері (полиглот тапсырмалары)
3) Автор орындығында
4) Білгірлер
5) Ділмар
6) Көкпар
Қорытынды.
Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!
Замандастардың ойларымен таныстыру.(Қосымша ақпарат жинақтайды)
• Әр топқа жеке карточкаларда жазылған Ғабит Мүсірепов туралы айтқан пікірлер таратылады.
• -Қандай жаңа ақпарат алдыңдар? (алған жаңа ақпарларымен ассоциациялық қатар толықтырылады)
ІV Рефлексия.
• -Бұл әңгіме мазмұнын қандай түстермен ашуға болады?
• «Ананың анасы» әңгімесі мазмұнын түсті қағаздармен белгілеу. Өз жұмыстарына талдау жасау.
Үйге үш деңгейлі тапсырма:
 Әңгімеден ұнаған үзіндіні жаттау.
 Тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдерді жаттау
 Сурет салып, ойыңды қорға
Бағалау.

Қосымша №2 Сабақтың презентациясы
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: kt7
Просмотров: 3806 | Загрузок: 947 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-05-10, 2:57 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru