Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

"Абай мен Пушкин поэзиясындағы үндестік" - ғылыми жоба
2013-10-12, 8:02 PM
Жоспары:
І.Кіріспе бөлім
ІІ.Негізгі бөлім:
1. Мәңгі сөнбес қос жұлдыз- Абай мен Пушкин
2. Абай мен Пушкин поэзиясындағы үндестік:
А) А. С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романы.
Ә) Абай мен Пушкин шығармаларындағы махаббат лирикасы.
Б) «Ақын мен ақындық шабыты»
В) Абай мен Пушкиннің « Табиғат» тақырыбына арналған өлеңдері
Г) Екі ақынның сыртқы елдер жайында сөз қозғауы.
Ғ) « Өлсем, орным қара жер» және « Памятник» өлеңдері
3. Абай мен Пушкин есімі әрқашан ел есінде.
А) Петропавл қаласындағы Абай мен Пушкинге орнатылған ескерткіш.
Ә) Чистопрудный бульварындағы Абай ескерткіші
ІІІ. Эксперимент нәтижесі
ІV. Қорытынды бөлім
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Негізгі бөлім
Абай мен Пушкин поэзиясындағы үндестік
Арттағыда сөзің мен ісің қалса,
Өлсең де, өлмегенмен боласың тең.
( Абай)

І . Мәңгі сөнбес қос жұлдыз- Абай мен Пушкин
Заман өзгереді, дүние шыр көбелек айналып, қоғам құбылады. Ғасырдан ғасырға жалғасып мың жыл өтсе де ескірмей, керісінше әр кез алмастай жарқырап, жұмыр басты пенде жерге шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, жан дүниесін баурап алып, сезімін иітіп алып кететін, өмірі өлмейтін, адамның қалыптасу факторының алтын діңгегі іспеттес бір жұмбақ әлем бар. Ол - поэзия патшалығы. Сол поэзия патшалығы иелерінің артына қалдырған алтын мұрасы, асыл қазынасы, ұлы сезіммен жазылған дүниелері халықтың жүрегінде сақталып, көңілінде қатталып мәңгі жасайды.
Адам баласы дүниеге келісімен, өмірдің ғажап құбылыстарының, дүниенің тылсым сырларының тереңіне бойлауға ұмтылады. Әрбір адам өзінің рухани дамуында жасыл табиғаттан, шексіз дүниеден әсер алады.
Абай атамыз туралы, оның ақындығы, ойшылдығы, дарындылығы жөнінде талай ғалымдар мен әдебиетшілер жазған, жазып келеді, жаза да бермек. Ұлы ақынымыз өзінің ізденімпаздығының арқасында орыс тілін жақсы меңгеріп, орыс халқының рухани мәдениетінің ең бағалыларын тауып, таныды. Абай орыс жазушыларының шығармаларынан өз поэзиясына арқау болар тамаша ойлар тапты. Орыс әдебиетін оқып үйренген кезде Абайдың алдыңғы кезекте оқыған ақындарының бірі — А. С. Пушкин болды.
Абай атамыздың ақындық мәдениетті жетілдіруде, ақынның өмірдегі орны мен көркем сөздің рөлі туралы ойлануында басқа да орыс жазушыларымен бірге Пушкиннің де ықпалы зор. Осының бәрі қазақ ақынының көзқарасымен, бүкіл сана-сезімімен қайнап бітісіп, екі ұлы ақынның қос жүрегі қатар соғып тұрғандай. Өмірді шынайы суреттеп, халқын шексіз сүйген, ұлттың ауыз әдебиетінен нәр алған, халық поэзиясын жақсы білген және мол пайдаланған ұлы орыс ақыны қазақ ақынына осы жағынан күшті әсер етті.
Орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы әлемдік әдебиет тарихында, әсіресе, орыс әдебиеті тарихында ең көп әрі мол және толассыз зерттелумен келеді. Зерттеулерге зер сала оқып отырсам, А. С. Пушкин орыс әдебиетіне заман талабына сай тың ақындық ой-сезім әкелген, орыстың ұлттық көркем ой жүйесін керемет өнерпаздығымен, мүлдем басқаша қалыптастырған екен. А. С. Пушкин поэзиясының бұрынғы әдебиеттен ерекшелігін айқын танытатын қасиет — ондағы азаматтық, революциялық идеялардың қуаттылығы.
А.С. Пушкин орыс халқымен тарихи жақын, тағдыры бір, туыстас барлық халықтардың өміріне үңіле қарады. Ресей халықтарының бәрінің тілек-мүддесін, арманын терең түсінді. Қазақ жерінде, Орынбор, Орал қалаларында болған кезінде қазақ халқына сүйіспеншілік сезіммен қарап, оның өміріне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне зер салды. Ол «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» лиро-эпостық дастанының мазмұнын жаздыртып алады.
Қазақтар туралы ақын өзінің «Капитан қызы», «Пугачев бүлігінің тарихы» атты кітаптарында айтып өтеді. Міне, мұның өзі ұлы ақынның бір ғана өз ұлтының шеңберінде қалып қоймай, жалпыадамзаттық құндылықтар қорына қосылатын мәдениеттерді тани алатын ғаламдық парасат иесі екенін көрсетеді. Қазақстанның әлемдік мәдениет кеңістігіне кірігу үрдісінде ел келешегі жастар дәл осындай парасат иесі бола алса игі еді
Абай және Пушкин
Қос данышпан.
Даналығын ақындардың
Бүкіл әлем таныған.
Ізгілікке үйретіп,
Жанымызды оятып,
Сұлулықты сезімін,
Ақындыққа баулыған.
Ғасыр өтсін, жыл өтсін,
Ұмытылмас жырларың.
Асыл сөзін қос дананың
Мәңгі сақтар ұрпағын.


Издревле сладостный союз
Поэтов меж собой связует:
Они жрецы единых муз;
Единый пламень их волнует;
Друг другу чужды по судьбе,
Они родня по вдохновенью.


Екі елдің данышпан Абай мен Пушкин өмірі мен шығармашылығы қазіргі кезге дейін адамдарды қызықтырады. Дүниеде табиғатқа тарта туған аса дарынды адамдар бірін- бірі ешқашан естіп білмесе де, екеуі жұмыр жердің екі шетінде жүріп- ақ өзді - өзі орайлас ой кешіп, бірінің кемел ақылын бірі толықтырып жататыны ғажайып. Бірін – бірі көрмей, естімей жатып-ақ екеуі егіздің сыңарындай ғылыми жаңалық ашқан білімпаздарды білеміз.Рухы бай адамдардағы рухани үндестік баяғыдан болған.Қазақ сахарасында туып-өскен Әл- Фараби 12 ғасыр бұрын өмір сүрген грек ойшылы Аристотель еңбектерін арғы- бергі ғалымдардан әлдеқайда терең, жүйелі ашып, түсіндіріп бергені белгілі. Қазір де көзге көрінбей, сыртқа сездірмей әлдебір ғайыптың тірлігіндей ұлы кісілердің сыры мен сымбаты үзілмей жалғасып жатқаны кәміл.
Абай шығармашылығы – адамзат даналығының таусылмас қазынасы. Бұл қазынаны ақтарған сайын тың жаңалықтар көзін тауып, сөз өнері баяғы заманнан іркіліссіз жалғасқан қазақ елін әлемдік мәдениетке жеткізу жолындағы рухани бастаушыны танитынымыз анық. Оның даналығы мен парасаттылығы, озық идеялары – халқымызды дамыған елдер кеңістігіне апарар лайықты жолға жөн сілтейді.
Абай мен А.С.Пушкин шығармашылығының бүгінгі күнде қандай маңызы бар?Осыдан жүздеген жыл бұрын мүлде басқаша сипаттағы ортада өмір сүрегн ақындар мен дамыған өркениет ғасырындағы жастар үшін ортақ не болуы мүмкін? Неге екі ақынның қалдырған мұрасы бүгінгі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ? Абай мен Пушкин шығармаларындағы үндестік қайдан туды? Меніңше, Абай да, Пушкин де өз шығармаларында жалпы адамзат үшін мәңгілік маңызын жоймайтын, соған асық болар құндылықтарын жазған.Олар: адамгершілік, сұлулық, парасаттылық, әділеттік. Адам баласы дүниеге келісімен, өмірдің ғажап құбылыстарының, дүниенің тылсым сырларының тереңіне бойлауға ұмтылады. Әрбір адам өзінің рухани дамуында жасыл табиғаттан, шексіз дүниеден әсер алады.Кеудесінде жаны бар, рухы жоғары адамдар дүниенің, елінің, жерінің өркендеуіне өзіндік үлесін қосады.Өз Отанына, жеріне жақсылық көрсете алған адамдар қандай бақытты десеңізші. Менің ойымша, қазақ пен орыс әдебиетінің төрінен орын алған мәңгі сөнбес қос жұлдыз- Абай мен Пушкин осындай бақытты жандар. Қай заманда болмасын ұлы ойшылдар, ғұламалар өздерінің туған жұртын ғана емес, ғаламдық ой- парасатты да құрметтеген. Сондай ғаламдық тұлғалардың қатарында қазақтың данышпан ақыны Абайды, орыстың ұлы жыршысы А.С.Пушкинді атауға болады деп ойлаймын.Ұлы ақындардың есімі екі ұлттың құдіреттілігін танытатындай..Сондықтан болар Ахмет Байтұрсынұлы Абайды « Қазақтың бас ақыны» десе, Аполлон Григорьев « Пушкин- наше все» деп, жоғары баға берген. Орыстың ұлы тұлғаларының бірі Н. В. Гоголь «Пушкин — мәңгі сөнбес, мүмкін, орыс жанының жалғыз ғана көрінісі. Ол — орыс адамы. Оның ішкі дүниесінде орыс табиғаты, орыс жаны, орыс тілі, орыс сезімі, орыс мінезі бар», — деп жоғары баға берген.Расында да, Абай мен А.С. Пушкин екі халықтың өнер әлемінде кейінгі ұрпақтың ұмтылып жетуді арман етіп келе жатқан биік шың тәрізді.Қос елдің бас жұлдыздарының аспан болып ашылған, бұлақ болып мөлдіреген, көл болып жалтыраған, теңіз болып толқыған, гүл болып өрілген, нұр болып төгілген өлеңдері жас жүректі терең ойға шомылдырады, өмірдің мәнін, оның қиындығы мен қуанышын түсіне білуге көмектеседі, сондықтан осы ұлы ақындардың өлеңдерінен нәр алу біз үшін үлкен өмір сабағы деп ойлаймын.Абайдың Пушкинмен үндестігі, оның жақын тартуы тегін емес еді. Ол қазақ әдебиетінде өз дәуірінде бір кезде Пушкин орыс әдебиетінде атқарған қызметті атқаруды, сондай жүкті көтеруді мақсат етті.
Пушкиннің поэзиясы Абайдың шығармашылығына қатты әсер етті, екі ақынның шығармашылығында қандай ортақтық бар деген мәселеге кері айналсақ, Пушкин поэзиясы қазақ әдебиетінің гүлденіп, өршуіне қуат жеткізетін демеу болды деуге болады. Абай еліктеген емес, бірақ оның поэзиясы Пушкин поэзиясымен табиғи туысқан болды.
Өмір, адам деген тақырып- Пушкиннің де, Абайдың да сүйетін, қызық тақырыбы. Екеуі де шын көңілмен жарқын өмір, бақытты, ерікті адам үшін күреседі.Пушкиннің шығармасында халықтың, еңбекші адамның тілегі көрініп тұрады. Олардың поэзиясында ерлік, туысқандық, намыс, еңбекке, білімге, Отанға деген сүйіспеншілік оттай жалындап тұрды.
Абай Пушкин сияқты неше түрлі қиындықтың ортасында өзінің мойымас ақындық дәрежесін таза сақтайды, таптық қоғамның адамның бұзылып бара жатқан кескінін мазақ қылып, көркем сөзімен олардың адамдық қасиетін жоғалтпауына шақырып, жарқын болашақ туралы ой салады, көңілде үміт туғызады.
Абай орыс мәдениетінің шыңына құлаш ұра, жалпы мәдениеттік, жалпы тарихтық маңызы бар бүкіл ұлттық қазына жасайды.Оның Пушкинді аударушы және ағартушылық қызметі, адамгершілік қасиеті жоғары адамның маңызы мен ұлылығы жайлы еңбектері- айрықша қазына.
Ұлы Абайдың мұрасы өте бай. Ол халық туралы ойлаған, болашаққа сенген.
Абай- данышпан ақын.Абай орыс классиктерінің өлеңдерін қазақ тіліне аударып, халқының игілігіне айналдырды.Абай – ұлттық әдебиетте, оның ішінде қазақ поэзиясында көркем аударманы тұңғыш енгізген екеудің бірі. Ақынның әдеби мұрасы ішінде аударма үлгілерінің де өзіндік орны мен салмағы бар.Сан тілмен келтірсек: аудармаға арналған өмірінің 15 жылында Абай үлкен- кішілі 50-ден астам шығарманы орыс тілінен қазақшаға аударыпты. Ол А.С.Пушкиннің « Евгений Онегин» атты әйгілі шығармасынан 7 үзінді, М.Ю.Лермонтовтан 30-ға таяу өлең, И.А.Крыловтан 12 мысал және басқа да авторлардан 7 өлең шамасында аударған.Орыстың атақты жазушы, ақындарын аударуда Абай тек қана қазақ емес, бүкіл шығыс елінде елеулі орын алады. Шығыс елінде, 1889 жылға дейін Пушкиннің « Онегині» тек Азербайжанда ғана аударылған.Содан кейін аударған қазақ - Абай. Абай туралы Л.Соболев былай деді: « Абай поэзиясы қазақ халқын Пушкинмен таныстырады. Пушкин арқылы бүкіл орыс әдебиетімен таныстырады».Г.Бельгер айтқан: « Есть имена,которые олицетворяют целую страну, целый народ.При слове Италия в нашем сознании мгновенно вспыхивает Данте. При слове Англия- Шекспир. Со словом Германия неразрывно связано имя Гете, как с Россией- Пушкин. Все истинно казахское вмещается в звучное-Абай.Это как символ.Знамя народа на разноплеменной планете».
Өзінің ақын болып қалыптасуын Абай ұлылығы әлемдік деңгейде бағаланған А.С. Пушкинмен байланыстырады. Орыс ақыны А. С. Пушкинге жақындауы, екі алыптың іштей ұғынысуы, бірін-бірі тамыршыдай тап басып танып алуында үлкен сыр жатыр.
ІІ. Абай мен Пушкин поэзиясындағы үндестік:
1.А. С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романы.
Абай мен Пушкин үндестігі туралы айтсақ, ең алдымен,біздің ойымызға атақты « Евгений Онегин» романы оралады. « Евгений Онегин» романында Пушкин орыс халқының сол замандағы халық тағдыры мен екі жастың арасындағы шынайы махаббатты асқан сезімталдықпен суреттеген.Кейіннен Пушкиннің « Евгений Онегині» Абай көңіліне ерекше орын қалдырды. Орыс халқының мәдениетін қасиеттеген, ұлы Пушкинді құрмет тұтқан Абай оның әдебиеттегі асыл мұраларының бірі - «Евгений Онегинді» қасиеттеп, артықша сүйіспеншілікпен аударды. А.С. Пушкин шығармаларынан «Евгений Онегинді» таңдап алып, романнан аудармалар жасауы Абайдың ұлылығы мен кемеңгерлігін танытады. Абай « Онегиннің сипаты», « Татьянаның Онегинге жазған хаты»,
« Татьянаның сөзі», «Онегиннің сипаты», « Онегиннің ойы», «Онегиннің хаты», « Ленскийдің сөзі» үзінділерін аударған. Сөздің сиқырын, сырын, ырғағын, құрылысы мен кестесін сезіп тұщына білген Абай мен Пушкин "Евгений Онегин" романында шүйіркелесіп табысқаны белгілі. Екі алып ақынның ішкі сезім үндестігі мен шығармашылық байланысы кісі таңғаларлық.. Мұны Мұхтар Әуезов өзінің өмірінің соңына таман жазған "Қазақ халқының ұлы ақыны'' атты мақаласында "Абайдың Пушкинге көзқарасында бүтіндей бір өзгешелік бар", - деп аса байқағыштық танытады.
Онегин мен Татьяна бейнесінен қазақ ақыны екі жанның арасындағы сыйластықты, махаббатты, бірақ тіршілік толқынының себептерімен қосыла алмай, опық жеген жастар бейнесін таныды.
А. С. Пушкиннің «Письмо Татьяны к Онегину» өлеңіндегі:
Я к Вам пишу — чего же боле?
Что я могу еще сказать?
Теперь, я знаю, в вашей воле
Меня презреньем наказать.
Но вы, к моей несчастной доле
хоть каплю жалости храня,
Вы не оставите меня.
Сначала я молчать хотела
поверьте: моего стыда
Вы не узнали б никогда,
Когда б надежду я имела
Хоть редко, хоть в неделю раз,
В деревне нашей видеть вас, — деген жолдарды аудару арқылы қазақ жағдайындағы соған ұқсас тағдырлар мұңын жоқтады. Татьяна сөзі қазақ даласына ән боп тарады.
Амал жоқ-қайттім білдірмей,
Япырмау, қайтіп айтамын?
Қоймады дертің күйдірмей,
Не салсаң да тартамын.
Талайсыз, бақсыз мен сорлы,
Еріксіз аттап ұяттан,
Қорлыққа көндім бұл құрлы,
Байқалар халім бұл хаттан.,- депАбай А.С. Пушкин өлеңдерін сөзбе- сөз жеткізбесе де, оның ішкі мағынасын, қыз жүрегінің нәзік сезімін қазақ танымына жақын етіп жеткізді.
Бұл өлең жолдарында Татьянаның еріксіз ғашық болып, сүйгеніне ғашықтық сөзін айта алмай, жанының күйзелгені бейнеленген.
А.С.Пушкин шығармаларын қазақшаға аударып, шешен сайратып жіберген Абай ақынның құдіреті-ай!
Абай заманында қазақ арасында аударма өнері мүлде дерлік дамымаған болатын. Абайдың өлеңдері А. С. Пушкиннің өлеңдерімен үндесіп, қара сөздері тұңғиықтан шыққан терең оймен, тапқырлықпен айтылып, жан әсерлі сезімнен тұрады.
Пушкин Абай арқылы қазақтың жүрегіне жол тапты. Міне, содан бері бір ғасырдан астам уақыт өтті, қаншама ұрпақ ауысты. Алайда құдіретті талант иелерінің нұрдан жаралғандай мөлдір жырлары әлі де жанымызды әлдилеп келеді.
Пушкин мен Абай өз жырларының қасиеттілігі мен адамзаттың шын асылға деген ерекше мейірімінің арқасында биіктеп кетті. Пушкин мен Абай- ХХІ ғасырда да оқырмандарын адамгершілік биікке жетелеп, дара тұрады.
«Пушкин орыстың әдеби тілін жасаушы ұлы ақын болса, оған, оның шығармаларына Абайдың қараңғы түнде саяхат шегуі аса зор тарихи маңызы бар игілікті іс болды.Пушкиннің оянған орыс рухын, орыс өмірін толық көрсеткен ең басты шығармасы өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» романы болса, өз халқының кім екенін, қандай халде, қандай дәрежеде екенін түсінген Абай Пушкиннің осы тамаша шығармасының үлгілерін қазақ тіліне тегін аударған жоқ» деп жазушы Жайық Бектұров үлкен баға берген.
М.Әуезов « Евгений Онегинді» Абайдың зор шеберлікпен аударуын, яғни қазақ ақынының Пушкинге келу жолын рухани өмірдегі тамаша құбылыс ретінде таниды да: « Онегин, Татьяна хаттары Абайдың Пушкин желісімен өзі шығарған сөздері болды»,-деп жазады.
А.С.Пушкин. « Онегиннің мінездемесі»
Как рано мог лицемерить,
Таить надежду, ревновать,
Разуверять, заставить, верить,
Казаться мрачным, изнывать.
Являться гордым и послушным!
Как томно был он молчалив
Как пламенно красноречив!
В сердечных письмах как небрежен!
Осы өлең Абай аудармасында.
Жасынан түсін билеп, сыр бермеген,
Дәмеленсе, күндесе білдірмеген.
Нанасың не айтса да, амалың жоқ,
Түсінде бір кәдік жол алады деген.
Кейде паң, кейде көнгіш орныменен,
Кейде елеусіз, кейде ынтық формыменен.
Кейде үндемей жүрсе де, сөзге баяу,
От жалындай жауапкер құрбыменен.
Абай аудармалары екі түрлі болып келеді: дәл және ерікті аударма.Абайдың жасаған аудармаларының дәл не еркін болуы әр түрлі тарихи жағдайлардың жемісі. Мәтінді дәл аударудан дұрыс мағына шықпаған, не мәтіннің жай мағынасын бергенімен, ойындағыдай көркемдікке қол жеткізілмеген жерлерде Абай түпнұсқа мәтінінен алыстап барып, оның идеялық- көркемдік мағынасын дәл беруге тырысады. Өз заманындағы көпшілік оқырманға аударманы түсінікті ету үшін мұндай азды- көпті қосып алуларға Абай саналы түрде барған сияқты. Бірақ ол еш уақытта да Пушкиннің негізгі сарынын, рухын мүлде өзгертіп көрген емес.Егер ара- тұра ақын Пушкиннің түпнұсқасынан алшақтау кетсе де, оны Абайдың қазақ оқырмандарының қамын жеуінен туған заңды көрініс деп білу керек.Пушкинді дәл аударушылар бола берер, бірақ оның романының ішіндегі үлкен ой, сирек сезімдерді Абайша жеткізіп, көріктеп беру көп табыла бермес. "Евгений Онегин" - Абай мен Пушкинді табыстырған толағай шығарма.Ғабит Мүсірепов бұл шығарманы « хатпен жазылған поэма» деген.Абай аударған « Евгений Онегиннің» үзінділері қазақ халқына тамаша ұнап, кейін қазақ даласының ең сүйікті өлеңі болып кетті.Татьяна мен Онегиннің сүйіспеншілік хаттарына мелодиялар шығарып, оларды ақындардың репертуарына енгізген, сөйтіп бұл есімдердің ел арасында кеңінен белгілі болғаны соншалық- дала жастарының сүйіспеншілік хаттары соладың сөздерінен басталып отырған.Абайдың аудармасы арқылы орыс халқының ұлы ақынымен жақындығын сезе бастады, өйткені Пушкин жалғыз орыс халқы ғана емес, басқа халықтардың да өмірін, тұрмысын жеке зерттеп, олардың ұлттық ерекшеліктерін өзінің мәңгілік образдарымен көрсеткен.Ұлы ақынның туындысындағы үлкен идеяны, көздің сұғын алатын сұлулықты қазақ оқырмандарының ой сезіміне жеткізе аудара білген ғой Абай. Онегин мен Татьянаның хаттары Пушкиннің әсерімен жазылған, бүкіл халықтық әдебиетті жаңа арнаға бұрған туынды болуы тектен тек емес. Сондықтан да Пушкиннің шығармалары қазақ әдебиетінде ерекше орынға ие болатын құнды да ғұлама туынды болып табылады.
2.Абай мен Пушкин шығармаларындағы махаббат лирикасы.
Әр түрлі тарихи –географиялық ортада өмір сүрсе де, Абай мен А.С.Пушкин тағдыры, дүниетанымы, адамгершілік ынта- талабы, сана- сезімі ұқсас. Екеуі де құдайға сыйынып, өз қайратына сүйеніп, адал еңбек етуді меңзейді.А.С.Пушкинді құрметтеп, қазақтың төріне шығарған ұлы Абай десек, Жамбыл ақын: « Әлемге кеткен аты бар, алтыннан жазған хаты бар, күн сөнбей, ол сөз сөнер ме?»- деп жырлаған. Сондықтан да біз екі ақынды тең ұстап, шығармаларын оқи отырып, өлеңдерінен нәр алуымыз қажет.А.С. Пушкин шығармаларын аудару, оны танып, бағалай білу- Абай ұлылығының бір жарқын көрінісі деп түсінемін.
Алып ақын Абай өзінің саналы ғұмырында махаббат тақырыбында кең жазып, айтып, әндер шығарып кетті. Абайдай бұл тақырыпты кең көлемде, терең мағынада, шыншыл ғашық жүрегімен ашып берген қазақта мұндай ақын жоқ.
А.С Пушкин « Я вас любил» өлеңін махаббат тақырыбына арнады. Пушкиннің «Я вас любил» өлеңі – жай ғана махаббат сөздері емес. Бұл – бір кезде ғашық болған әйелге деген терең сабырлылық пен үлкен адами достыққа, сыйласттыққа толы үндеу. Сүйгеніне жете алмауын, жауапсыз махаббатын былай суреттейді:
Я вас любил, любовь еще быть может,
В душе моей угасла не совсем;
Но пусть она вас больше не тревожит,
Я не хочу печалить вас ничем.-
десе, Абай :
Сүйсіне алмадым, сүймедім,
Сүйегім жасып, сор қалың.
Сүйісіп саған тимедім,
Бола алмадым сенің жарың,-дей келе,сүйгенінің жары болмағанына өкінеді.
Абай өзі сүйе білген, өзін де сүйгізе білген, табиғаты, болмысы бірегей,
«Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» дегенді дұғадай сан қайталаған. Абайдың әр түрлі тақырыптағы шығармаларының ішіндегі махаббат лирикасы айырықша орын алады. Ол әндердің бірі «Көзімнің қарасы». Оның кең тынысты, мұңды әуені жақсы көретін жанын жырлауға сөз асылын таппай қиналған жанның ішкі толғаныс сырларын ерекше көркемдік мәнермен жеткізеді.
Махаббат пен сұлулық бұл мәңгі өшпейтін шырақ емес пе. Адамға деген махаббат өмірге деген ұмтылыс жастардың бір-біріне ғашықтығы өмір сұлулығы, табиғат көркі әділетсіздіктен туған озбарлық міне осылардың бәрін Абай айта білді. Тек сүйген жарына ғана емес, өз перзентіне, дос-жарандарына махаббатпен қарауға шақырады. Жүрегінде махаббат жоқтарды хайуанға теңеп, махаббатсыз бұл өмірдің мән-мағынасы жоқ екеніне көз жеткізіп тұр.Абайдың жас адамдардың махаббат жайында діттете жазғандағы мақсаты: біріншіден, қазақ әйелдерінің, қыздарының көп жағдайда ашылмай қалатын махаббат сезімін ояту; екіншіден, әсіресе бозбалалардың, жас мырзалардың әйел жөніндегі теріс көзқарасына өзгеріс енгізіп, оларға өздері шын сүйген қыз жүрегінде үндестік таппаған жағдайдағы махаббаттың зарын тартқызу, оларды сүйіспеншілік сезімінің алдында бас игізіп, тізе бүктіру, қажет болса құрбандыққа барғызу. Абайдың махаббат лирикасы өзінің терең жан тебіренісінен шыққан шынайылығымен, тұнықтығымен, пәктігімен баурайды. Бүгін табысып, ертең ажырасып жататын жастар Абай өлеңдеріне тереңірек зер салса, Абай жырлаған махаббаттан үлгі алса, нұр үстіне нұр болар еді.
3. «Ақын мен ақындық шабыты»
Пушкиннің поэзиясы Абайдың шығармашылығына қатты әсер етті.Пушкин поэзиясы қазақ әдебиетінің гүлденіп, өршуіне қуат жеткізетін демеу болды деуге болады. Абай еліктеген емес, бірақ оның поэзиясы Пушкин поэзиясымен табиғи туысқан болды.
Бұл ретте тақырыбы ұқсас өлеңдердің ішінен Абайдың ақынға арналған өлеңін алсақ:
Адамның кейбір кездері
Көңілде алаң басылса;
Тәңірінің берген өнері
Көк бұлттан ашылса,- деп бастайды Абай.
Пока не требует поэта
К священной жертве Аполлон,
В заботах суетного света
Он молодушно погружен,-деп шертеді Пушкин.
Осы екі өлеңнің не сөз, не теңеулерінде біріне- бірі ұқсас тұрған дәнеңе де жоқ.Ал тақырып, мазмұнын алсақ, олар ұқсайды, тіпті бір жерде шығады.Екі ақынның өлеңі де « ақын мен ақындық шабыты» дегенге арналады.Ақындық шабыттың өзін де екі ақын жоғарыдан келген сый есепті түсінеді.
Қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын ақын дегенді немесе ақындық дегенді жекеше тақырып етіп өлең жазған кісі жоқ.Осы сияқты өлең Абайды да бұрынғы қазақы ақыннан жоғары шарықтатып әрі шалымды етіп, жаңа үлгі, жаңа сөз сырының ақыны етеді. Тар заманның қапасынан еркіндікке бой ұрған екі ақынның терең сезімінен тебіреніп шыққан жырлары іштей жалғасып, А. С. Пушкиннің отты жыры Абайдың жүрек сырына ұласады. Қазақтың бас ақыны жазған «Адамның кейбір кездері» өлеңі мен орыстың ұлы классигі жазған «Поэт» және «Поэту» өлеңдерін салыстыра келіп, қазақ халқының атақты жазушысы М.Әуезов былай дейді: «Абай бұл өлеңінде шынайы ақындық шабыт үстіндегі шарқ ұрарлық, өскелең халді алады. Еліктеу жоқ, бірақ өз түсінігімен, өз тілімен көріктеп берген осы өлеңінде Абай Пушкин дәстүрін анық еске түсіреді». Ұлы жазушының бұл пікірінен біз Абай мен А. С. Пушкин бір-бірін аудармалар арқылы ғана толықтырып қоймай, сонымен қатар рухани жан-дүниесімен, өмірге деген көзқарастарымен де үндес екендігін көреміз.
Шын хакім, сөзің асыл — баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның
Әлемнің құлағынан әні кетпес! — деп, Мағжан Жұмабаевтың Абайға арнап айтқан асыл сөзін А. С. Пушкинге де арнауға болар еді, себебі қос ақынның шығармалары өз мәнін әлі күнге дейін жойған жоқ.
4. Абай мен Пушкиннің « Табиғат» тақырыбына арналған өлеңдері
Пушкиннің де, Абайдың да сүйетін, қызық тақырыбы- табиғат тақырыбы.Абайдың табиғат лирикасы, әсіресе жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдер- күшті ақындық шеберлікпен, қор мәдениетпен жазылған жырлар.Абайдан бұрынғы қазақ әдебиетінде жыл мезгілін айрықша тақырып қып алу тағы да жоқ болатын.Еуропа машығын алсақ, осы тақырыпқа арналған өлеңдер балалар оқитын мектеп хрестоматиясының барлығында болады.Орыс әдебиетінің көлемінде « қысқа» , «күзге» арналған өлеңдер ең алдымен Пушкиндікі болатын.Бірақ Абайдың «Қысына» көз салып қарасақ, орыс ақындарының қысты суреттейтін теңеулері жоқ па? Ең алдымен: « Ақ киімді, денелі, ақ сақалды...» деп басталатын қысты Пушкиннің өзі де сипаттаған.Абайдың бұрынжұты қалың, шаруа соры –ақ боран, алты ай қысты жалпы айтпаса, оны осындай шал пішінімен алғанымен,ол шалды қазақ оқушыларына танытады. Ұғымды қып, өз тәні қып қорытып әкеп ұсынады. «Аяз бабай» мұның сипаттауынан « кәрі құдаң» боп, өз ауылының кісісі болып кетеді. Өлеңдерде Абай әуелі табиғат көріністерін суреттейді, ізінше сол көрініске бөленген қазақ ауылының тірлік- кәсібіне, шаруа- жайына көшеді. Көшпелі қазақ өмірін Абай өзінің туған табиғаты көріністерімен суреттей алды. Әсіресе ауыл кедейлерінің аштық пен жоқшылықтағы ауыр тұрмысы шынай бейнеленді. Абай қазақ ауылының нағыз өз суреттерін ғана алады. Адамның табиғатпен бірлігі олардың арасындағы ұқсастық пен байланыстың поэтикалық бейнеленуіне негіз болды.
Абайдың терең толғаулы, дана ақындығы екендігі сол- Пушкиндей классиктер үлгісін сырт жағынан ғана алмай, еліктеу түрінде ғана алмай, біржолата өз тамыр топырағынан өскен, өзіндік мәдениетті үлгі өрнек есебінде бере білуінде.
5.Екі ақынның сыртқы елдер жайында сөз қозғауы.
Осы айтылғандармен қатар Абайдың Пушкин үлгісін алғандағы бір ерекше белгісі, өз ұлтының көлемінен асып, сыртқы өзге елдер жайында сөз қозғауы, Пушкиндегі неше алуан елдер, ғасыр, тарихтар жайынан әңгімелі жырлар жазатын әдет Абайдың дәл өз басында көп болмағанмен, бұл да жалғыз қазақ ауқымында қалмай, сол Пушкинше өріс, масштаб іздейді.Пушкин жазған Кавказ, Қырым, Сыған, Испан сияқты жұрттың әңгіме, саналарын Абай өзі көп жаза қоймаса да, өзінің шәкірті болған ақын жастарға неше алуан әңгімелерді айта отырып, өлең еткізіп халыққа жаяды. «Дағыстан», «Зұлыс» , « Шамиль» ,
« Меғдат- Қасым» сияқтылар сол Абай іздеп тапқан масштабтың, қазақ әдебиетіндегі жаңа мәдениетті өрістің белгілері еді.
6. « Өлсем, орным қара жер» және « Памятник» өлеңдері
Ақынның адамгерлік ұлы бітімінен туған әрі терең, әрі сирек көңіл сыры-
« Өлсем, орным қара жер».
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауат пен майдандас қан,
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?...
Бұл жыр өлім жайын толғайды. Бұдан бұрын да басқа классик ақындарша Абай да өлім жөнін ауызға оқта- текте ала жүретін.Бірақ анық өзінің өмір шындығымен, ерекше мол жағдайымен байланысты өзгеше бір ойлы мұңнан туған саналы сырдың жыры осы өлең.
Я памятник себе воздвиг нерукотворный,
К нему не зарастет народная тропа,
Вознесся выше он главою непокорной
Александрийского столпа.
Нет, весь я не умру — душа в заветной лире
Мой прах переживет и тленья убежит —
И славен буду я, доколь в подлунном мире
Жив будет хоть один пиит.-деп А.С.Пушкин жазған.
Жалпы алғанда, бұл жырлардың тақырыбы-ойшыл адамның, әсіресе, сыршыл ақындардың анық тоқтайтын тақырыбы. Өмірдің өріне жетіп, оның ішінде талай қиыр кезең жолдарын басып өтіп, енді тірлік сапарын таусарманға келгенде айтатын шерлі сыр болады. Бұл өлеңдерді біз Абай мен Пушкин өмірінің соңғы шағының үлкен үлкен қорытындысы дейміз.


Абай
Қүнанбайұлы
Ортақ:
1. Тақырыбы, ойы
2. Өсиет түрінде беріледі
3. Өмірдің соңғы жылдарында жазылған
4. Өлеңде өмірдің қорытындысы көрсетіледі
5. Поэзияның тереңдігі
6.Өмірге құштарлық, қайғы,соңғы күндердің қиындығын болжау.
А.С.Пушкин

Ақын орны — қаламы қандай
биікке көтеріп шығарса, сол жерде.
Ондай орын, әсіресе, биікте көп.
Ғ.Мүсірепов

ІІ. Абай мен Пушкин есімі әрқашан ел есінде.
1.Петропавл қаласындағы Абай мен Пушкинге орнатылған ескерткіш.


2006 жылдың екі елдің басшылары Н.Ә.Назарбаев пен В. В. Путиннің бастамасымен Ресейде Абай жылы, Қазақстанда Пушкин жылы болып жариялануы — екі елдің, екі халықтың бүкіл адамзатқа ортақ поэзия алыптарына деген ықыласы екенін көреміз. Алғаш Абай ақынымыз арқылы біз А. С. Пушкиннің шығармаларымен таныстық. Мен кішкентай кезімнен ақынның ертегілерін оқып, таңғажайып әлеммен және неше түрлі адамгершілік қасиеттерімен сусындап өстім. Мен үшін А. С. Пушкиннің кім екендігін түсіндіріп жату артық болар, шынымен де қос ақынның асыл туындысы әрбір қазақтың үйінде қастерлі қазынаға айналды.
«Әдебиет — кәсіп емес, өнер» деп қазақ сөзінің зергері Ғабит Мүсірепов бекер айтпаған. Сондықтан да шығар мыңдаған жүректерден орын алған Абай мен А. С. Пушкинге екі халықтың да тағзым етіп бас июі, әдебиет пен өнерді бағалауы. Соның бір айғағы — олардың тасқа қашалып жасалған ескерткіштерінің біздің облысымыздың орталығы – Петропавл қаласының төрінен орын алуы. Ескерткiш Қазақстан Конституциясы көшесiнде саябақ аймағында облыстық әкiмшiлiк ғимаратына қарама-қарсы орналасқан. Композиция ұлы ақындар — Абай мен Пушкин мүсiндерiнен тұрады және екi халықтың достығын бейнелейдi. Екi мүсiндi бiрiктiретiн биiктiгi 5,2 м ағаш мәңгiлiк символы ретiнде, сонымен қатар бiр мезетте екi алып тұлғаның шығармашылық еткен дәуiрiн бөледi. Ескерткiш авторы — К.К. Сатыбалдин, мүсiншiлер — С.К. Баймағамбетов және В.В. Затай. Композиция — қоладан, тұғыр күртi гранитiнен жасалған. Бұл ескерткіштер екі елдің, екі халықтың мәдениетін жақындастыратын дәнекер көпір болмақ. Мәскеудегі ұлы Абайға арналған ескерткішті ашу салтанатты рәсімінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұлы ойшылдардың туындыларындағы осыдан бір ғасыр бұрын айтқан ой толғаулары қазіргі күнге дейін өз өміршеңдігін жоғалтпағанын атап айтты.
- Солтүстік Қазақстанның қасиетті жерінде, Петропавл қаласында Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен Абай мен Пушкин мүсіндік композициясын жобалап, бүгін ашып отырмыз. Ол да бір үлкен біздің мәдениетке, біздің рухани байлығымызға үлкен үлес – деп атап өтті облыс әкімі Тайыр Мансұров ескертшкіштің ашылу рәсімінде.
2. Чистопрудный бульварындағы Абай ескерткіші


2006 жылғы 3 сәуірде Президент Н.Ә.Назарбаев Мәскеуге ресми сапармен барып, ондағы елшілігіміз орналасқан Чистопрудный бульварында Абай ескерткішінің ашылуына қатысты.
Ескерткіштің ашылу салтанатына сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері,Мәскеуде оқитын қазақстандық студент жастар қатысты.
Ресей Президенті В. В. Путин бұл ескерткіштің ашылуын Ресей мен Қазақстан арасындағы қатынастардың айтулы оқиғасы деп атап көрсетті. «Біз аса көрнекті әдебиетшіге, ақын мен ойшылға ескерткіш ашып отырмыз. Ол екі мәдениеттің өзара молығуы туралы айтқан қазақ және орыс халықтарының арасындағы рухани ықпалдастықтың қалыптасуына зор үлес қосқан адам», — деп Ресей Президенті өз сөзінде атап өтті.
Осындай ұлы тұлғаның бейнесі Ресейдің астанасында асқақтауы асқан құбылыс емес пе?! Екі елдің рухани ынтымақтастығының қайнар күші осы арқылы нығая түседі. Бұған қол жеткізген Н.Ә.Назарбаев пен В. В. Путиннің зор танымына ризамыз. Ескерткіштің орнатылуы тұтас қазақ мемлекетіне жасалған құрмет, екі елдің достығының, татулығының белгісі, бір-бірінің рухани құндылықтарын бағалай білгендігінің көрінісі.
Абайға қойылған ескерткіште оның ойланып отырған кескіні бейнеленген. Тұғыры мен мүсінін қоса санағанда ескерткіштің биіктігі 5 метрден асады.
Мүсінді сомдаған Марат Әйнеков, сәулеттік кешеннің жобасын дайындаған Тимур Сүлейменов. Сондай-ақ жобаны әзірлеуге В.Романенко деген мәскеулік сәулетші мен басқа да мамандар қатысты. Ескерткіштің сәулеттік кешенінің жобасын дайындаған Тимур Сүлейменовтың айтуынша, ұлы ақынның мүсінін жасауда олар Абайдың өзінің жанына терең үңілуге және көрерменді ойлануға шақыратын тұлғасын көрсетуге тырысқан.
Мәскеу қаласында Абайға арналған ескерткіштің ашылуы Абайдың бүгінгі күнгі ұрпақтарын шексіз мақтаныш сезіміне бөлейді. Ескерткіштің ашылу салтанатына біздің өңіріміздің басшысы Т.А.Мансұровтың да қатынасуы Солтүстік Қазақстан облысы үшін мақтаныш сезімімді тудырды. Өйткені Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени байланыстың дамуына Т.АМансұровтың қосқан үлесі көп. Өңір басшысының ұсынысымен Петропавл қаласындағы А.С.Пушкин көшесімен түйісетін бас көшелердің бірін Абай атымен атаудың өзі тамыры терең ойларға жетелейді. «Екі жақсы тауға шықса, құдаласып түседі, екі жаман тауға шықса, қуаласып түседі» деп халық даналығында айтылғандай, екі ел ақыл-ойының қос алыбының мәртебесін жоғары көтере береді.
Пушкин мен Абайға деген сүйіспеншілік әр замандасымыздың жүрегінде сақталуда. Ұлылар әр халықтың ұлттық намысы, мақтанышы, бақыты. Пушкин мен Абай ғасыры уақыт өткен сайын алыстай түсуде. Ұлы ақын, кемеңгер ойшылдардың рухани мол мұрасын жаңа көзқарас тұрғысынан жан-жақты, терең талдап тану — бүгінгі ұрпақтың алдында тұрған негізгі міндет.
Олардың бейнелері бізге жақсылық пен әсемдіктің, адамгершіліктің жарық жұлдызы іспеттес жүрегімізге сәулесін төге бермек Абай мен А. С. Пушкин тағдыры, дүние танымы, адамгершілік ынта-талабы, сана-сезімі ұқсас. Екеуі де құдайға сыйынып, өз қайратына сүйеніп, адал еңбек етуді меңзейді. А. С. Пушкинді құрметтеп, қазақтың төріне шығарған ұлы Абай десек, Жамбыл ақын: «Әлемге кеткен аты бар, алтыннан жазған хаты бар, күн сөнбей, ол сөз сөнер ме?»-деп жырлаған. Сондықтан да біз екі ақынды тең ұстап, шығармашылығын оқи отырып, өлеңдерінен нәр алуымыз қажет.
Абай мен А. С. Пушкиннің бізге қалдырып кеткен мәңгі сөнбес жалынды, отты сөздері — әрбір жүректің нәрі, олардың өлеңдерінен нәр алу біз үшін үлкен өмір сабағы .
Екі ұлы ақынның шығармалары талай ұрпақтың серігі болды, бүгінгі күнде өсіп келе жатқан ұрпақтың жан досына айналды, әлі де талай ұрпақтың серігі болады деп ойлаймын.
Абай мен А. С. Пушкин туралы көптеген атақты адамдар өз пікірлерін білдірді, шығармашылық зерттеулер мен көркем шығармалар жазды.Біздің жерлестеріміз де Абай мен Пушкин туралы көптеген еңбектерін жариялады.Мысалы, Петропавл қаласында өте қызықты адам тұрады. Ол-Вера Яворская- СҚМУ оқытушысы. В.Яворская А.С.Пушкиннің балалары туралы « Дети великого поэта» атты мақала жазған.Филология ғылымының докторы, СҚМУ оқытушысы Зарқын Тайшыбай «Жұлдыз» журналында Абайдың өмірбаяны туралы « Нағашым-Ер Қазыбек Әулие өткен» деген үлкен зерттеу жұмысын жариялаған.( Абайдың нағашылары мен қайын жұрты туралы). Біздің жерлесіміз Г.К.Бельгер өзінің « Созвучие : Гете и Абай» атты кітабын жазған. « Солтүстік Қазақстан» және « Северный Казахстан» газеттерінде Қайролла Мұқанов пен Василий Коноплев те « Абай мен Пушкин жылы» айдарында өз материалдарын жариялады.Бірінші мектеп- лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Е.В.Коноплева көп жылдық елеулі еңбегі үшін, Пушкиннің шығармашылығын зерттегені үшін Пушкин медалімен марапатталды. 1972 жылдан бастап мұндай жоғары марапатқа ие болған тек үш қазақстандық қана.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев : «Абайдың сөзі – қазақтың бой тұмары. Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Замандар ауысып ,дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды , қайта уақыт өткен сайын оның ұлығының тың қырларын ашып жаңа сырларына қаныға түседі.Абай өзінің туған халқымен мәңгі – бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін , қазағын жаңа биіктерге , асқар асуларға шақыра береді .
Абайдай данышпан перзентті дүниеге әкелген қазақ халқы ата – бабаларының арманы болып келген ел тәуелсіздігін көзіннің қарашығындай сақтайтынына , қорғайтынына сенемін.
Ылайым, халқымыз Абай армандаған өмірге жетсін деп тілеймін,»-деген.


ІІІ. Эксперимент нәтижесі:
« Абай мен Пушкин поэзиясындағы үндестік» кітапшасы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында қолданылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Әуезов М.О. «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» (Ибраһим Құнанбайұлының ғұмырнамасы) Алматы. «Санат» 1997 ж.
2. Әуезов М.О. «Абай Құнанбаев» Алматы « Санат» 1995 ж.
3. Ысмағұлов Ж. « Абай: Даналық дәрістері» Алматы « Өнер» 2008 ж.
4. ( бас ред. Нұрғалиев Р.Н.) «Абай» (Энциклопедия) Алматы «Атамұра»
5.»Солтүстік Қазақстан» газеті
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: akbota75
Просмотров: 12194 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.7/7
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-05-05, 2:27 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru