Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

"Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі"
2013-11-02, 5:35 PM
Алматы қаласы Алмалы ауданындағы №120 гимназияның қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шыныбекова Шолпан Оразқызы
10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
Сабақтың мақсаты:
І.Білімділік: Отбасы тақырыбын пысықтау, сөйлем мүшелерін
қайталау, алған білімдерін тәжірбиеде қолдану. ҰБТ- ға дайындықты шағын тест сауалдарының көмегімен жалғастыру.
ІІ.Дамытушылық: оқушының сөйлеу, ойлау қабілетін түрлі тапсырмалар арқылы арттыру. Сөйлеу, пікірлесу, сөйлемдерді сауатты талдау дағдыларын дамыту. Өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.
ІІІ.Тәрбиелік: Отбасы мүшелерін сыйлауға, ата-анаға құрметпен қарауға баулу, қазақтың саз өнері жайлы дүниетанымын арттыру.
Көрнекіліктері: «Отбасы» атты кластерді толтыру, семантикалық карта, сурет альбомы, шағын тест сауалдары.
Сабақтың түрі: шығармашылық іздену сабағы. сабақ.
Сабақтың типі: алған білімдерін пысықтау сабағы.
Әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, сұхбаттасу, шығармашылық жұмыс,
ой шақыру, түрлі стратегиялар.
Пәнаралық байланыс: саз өнері, тарих, әдебиет.
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2.Мәтінмен жұмыс.
3.Синтаксистік талдау.
4.Отбасылық альбом бойынша жұмыс.
5.Семантикалық картаны толтыру.
6. Рефлексия-ой толғаныс.
7. Тест сауалдары
8.Қорытынды.
1. Ұйымдастыру кезеңі. а) топқа бөлу
ә) «Отбасы» кластерін толтыру.

әке ата әже

ана Отбасы үй

аға қарындас (сіңлі)
іні мен

Жаңа сабақты меңгерту. ІІ. «Мағынаны тану» стратегиясы:
1.Сөздік жұмысын жүргізу :
қолөнер- рукоделие
ою- өрнектер- узоры
мата- ткань
бос отырғанша- чем зря сидеть
білезік- браслет
жүзік- кольцо
тапсырыс- заказ
әшекей бұйымдар- ювелирные изделия
шынжыр- цепь
шеберхана- мастерская
болашақ- будущее
кемеңгер- мудрый
«Жұптасыңыз, талқылаңыз, ортаға салыңыз» стратегиясы:
4- тапсырмадағы мәтінмен жұмыс.
а) мәнерлеп оқу;
ә) сөздікпен жұмыс;
б) сөз тіркестерін құрастыру (ауызша)
Мәтін бойынша сұрақтар. «Сұрақтар мен жауаптар» ойынын жүргізу. Ойын үш турдан тұрады. Ойынның шарты: 1- тур. Мұғалім әр екі оқушыға игеріліп жатқан тақырып бойынша 7 сұрақ жазылған қағаздарды таратады. Әр жұп оқулықтан жауаптарын табуы тиіс. 2- тур. Балалар орындарын ауыстырады. Қатар отырған оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Әр оқушыда жауаптарды бағалайтын бланк болуы керек. 3- тур. Қатарлар қайтадан алмасады. Берілген сұрақтарды қою арқылы балалар бір-бірлерін қайта тексереді.
«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»
Менің отбасымда қолөнермен айналысқанды жақсы көретін, қолөнерді өміріне айналдырған жандар бар. Олар- әжем мен әкем.
Әжем 70-те болса да, ине мен жібін қолынан тастаған емес. Ол ою- өрнектердің түрлерін әдемі етіп жасайды. Біздің үйдің көрпелерін әжем жасаған. Бір күні әжем:
-Балам, сен бос отырғанша, мына оюларды матаға бормен сыза бер, - деді.
Мен оны үйреніп алып, әжемнің қасынан шықпайтын болдым. Менің қолөнердегі алғашқы ұстазым- әжем.
Ал әкем болса әжемнің жасаған оюларын түрлі әшекей заттардың бетіне түсіріп, бұйымдар жасайды. Бірде әкем әжеме шынжырмен жалғасып жататын бірнеше жүзігі бар білезік жасап берді.
Әкеме мұндай бұйымдарға жер- жерден тапсырыс береді. Ол түрлі әшекей бұйымдарды дайындаудың шебері.
Бабадан қалған қолөнер мұрасын сақтап, дамытып жатқан өзімнің отбасымды мақтан тұтамын. Өйткені «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»,- дейді кемеңгер қазақ мақалы.
«Ойтолғау» стратегиясы. Мәтін бойынша сұрақтар. «Сұрақтар мен жауаптар» ойынын жүргізу. Ойын үш турдан тұрады. Ойынның шарты: 1- тур. Мұғалім әр екі оқушыға игеріліп жатқан тақырып бойынша 7 сұрақ жазылған қағаздарды таратады. Әр жұп оқулықтан жауаптарын табуы тиіс. 2- тур. Балалар орындарын ауыстырады. Қатар отырған оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Әр оқушыда жауаптарды бағалайтын бланк болуы керек. 3- тур. Қатарлар қайтадан алмасады. Берілген сұрақтарды қою арқылы балалар бір-бірлерін қайта тексереді.
Сұрақтар:
1.Отбасымдағы өнерлі жандар кімдер?
2.Әжем не істей алады?
3.Бір күні әжем маған не деді?
4.Әжем жоқта не істейтін болдым ?
5.Менің қолөнердегі алғашқы ұстазым кім?
6.Ал әкем не істей алады?
7.Ол әжеме не жасап берді?
8.Әкеме тапсырыстар қайдан келе бастады?
9.Мен отбасымды не үшін мақтан тұтамын?
Мәтіндегі кез келген үш сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
Отбасылық альбом құрастыру. (Т.Мұхамеджановтың «Балалық» атты туындысы баяу дауыспен беріледі).
Әрбір топқа альбом беттері мен суреттер таратылды. Оқушылар әрбір бетке керекті суретті жабыстырып, астына әкесі, әжесі т.б. отбасы мүшелері мүшелері туралы жазып, әрбір оқушы өз альбом беттерін оқып, не жазғандарын айтып береді.
Семантикалық картаны толтыру:
Сөздер бастауыш баяндауыш анықтауыш толықтауыш пысықтауыш
отбасымыз
өнерлі
жасап берді
бұйымдарға
астына
қасынан
әжемнің
көрпелерін
бос отырғанша
жер- жерден
бабадан
әшекей
Тақырыптық шағын тест сауалдары. ҰБТ-ға дайындық.
Қорытынды: ИНСЕРТ стратегиясы бойынша сабақтан алған білімдерін қорытындылау.
Не білемін? Нені үйрендім? Нені білгім келеді?

Үйге тапсырма: өз отбасыларың туралы эссе жазып, сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Sholpan62 | Теги: казахский язык и литература, казахский язык
Просмотров: 2974 | Загрузок: 0 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-05-05, 7:29 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru