Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

ҰБТ- ға дайындау кезеңдері.
2013-11-06, 2:42 PM
Қазақ тілі 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сарыарқа төсінде.
Сабақтың мақсаты:
І.Білімділік: «Қазақстанның жер- аймағын аралаймыз» тарауы бойынша білімдерін «Сарыарқа төсінде» тақырыбымен жалғастыруды мәтін, диалог,деңгейлік тапсырмаларды орындау, шағын тест сауалдарына жауап беру сияқты тапсырмалардың көмегімен қалыптастыру. ІІ.Дамытушылық: оқушылардың ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамыту. ҰБТ- ға дайындықтарын жетілдіру.
ІІІ.Тәрбиелік: Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Көрнекі құралдары: слайдтар, суреттер, түрлі тапсырмалар, шағын тест сауалдары.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелеу, тірек сызба жасау, мәнерлеп оқу, «Мағынаны тану» стратегиясы, «Қызығушылықты ояту» стратегиясы, «Кубизм» стратегиясы.
Сабақтың түрі: саяхат сабағы.
Сабақтың типі: білім- білік дағдыларын пысықтау сабағы.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Кезекшімен сұхбаттасу.
ІІ. Тілдік ортаға бейімдейтін сұрақтарға жауап алу. «Қызығушылықты ояту» стратегиясы:
- Балалар, алдыңғы сабақта еліміздің қай өлкесі туралы сабақ өткіздік?
- Жетісу өлкесі.
- Жетісудың қандай көрікті жерлерін білесің?
- Алматы қаласы, Көлсай көлі, Шарын шатқалы, Түрген сарқырамасы т.б.
- Алматының көрнекті жерлерін білесің бе?
- Оқушы өз жауабын береді.
- Қазақстанның басқа да қалаларын білесің бе?
- Оқушы білетін жауабын береді.
- Жетісу өлкесіне қандай үлкен қалалар жатады?
- Жауап сәті.
ІІІ. «Кубизм» стратегиясы.
1. Суретте: қазақ тілінде жалғаулардың қанша түрі бар?
2. Салыстыр: септік жалғауы мен көптік жалғауын салыстыр.
3. Зертте: үндестік заңына қандай жалғау бағынбайды?
4. Сарала: жіктік жалғауы мен тәуелдік жалғауының ерекшеліктерін ата.
5. Қолдан: қала сөзін тәуелдеп, турист сөзін жікте.
6. Талқыла: жіктік жалғауының нешінші жағына жалғау жалғанбайды?
Жаңа сабақты меңгеру. 1-тапсырма. «Сарыарқа төсінде».
Мәтінді оқып, таныс емес сөздерді жаттап алыңдар.
Сарыарқа –Қазақстанның ірі физикалық-географиялық, табиғи-тарихи аймағының бірі. Сарыарқа сөзі – халықтық атау, оның топонимикасы «сарғайып жатқан кең де үлкен жон, жалпақ үстірт, адырлы қырқа» деген мағына береді.
Сарыарқа қазақтың байлығының көзі, өнер мен мәдениеттің, тарихтың кеніші. Бұл өлкенің асыл тумалары: Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, жазушы С.Сейфуллин мен ақын Қ.Аманжолов, композиторлар Тәттімбет пен Мәди , Ұлы Отан соғысының батыры Н.Әбдіров, тұңғыш ғарышкер
Т. Әубәкіров. Заманымыздың ұлы ойшылы Абай Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келген . Дәулескер күйші Құрманғазы осы өлкенің кеңдігіне, сұлулығына таң қалып «Сарыарқа» күйін шығарған.
Бүгінде Сарыарқа төсінде еліміздің елордасы- Астана қаласы орналасқан. Астана- батыс пен шығыстың озық сәулет өнерін бойына сіңірген ғажап қала.
«Мағынаны тану» сратегиясы:
табиғи- тарихи – природно- исторические
халықтық атау- народное название
үлкен жон- большая равнина
жалпақ үстірт- плоское плато
адырлы қырқа- холмистая местность

2-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей
1.Мәтінге байланысты сұрақтар дайында.
2.Етістіктерді болымсыз түрде жазыңдар: береді, келеді, орналасқан.
Кестені толтырыңдар.

Жалқы есім Септік жалғаулы сөздер Күрделі сөздер Сөйлемнің бірыңғай мүшелері



ІІ деңгей
1.Сұрақтарға жауап беріңдер.
А) Сарыарқа сөзінің мағынасы қандай?
Ә) Бұл өлкенің ұлы тұлғалары кімдер?
Б) Сарыарқа туралы кім туынды шығарған?
В) Сарыарқада еліміздің қандай қаласы орналасқан?
2.Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.
Бүгінде Сарыарқа төсінде еліміздің елордасы- Астана қаласы орналасқан. Астана- батыс пен шығыстың озық сәулет өнерін бойына сіңірген ғажап қала.
3.Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін анықтаңдар.
Қазақтың. байлығының, өнер, мәдениеттің,Сарыарқа, көзі, кеніші, тарихтың, мен.

І деңгей
Өз ойыңды жаз: «Астана қаласы».
3-тапсырма. Мына сөздерді септеңдер, айырмашылығын түсіндіріңдер.
Шыңғыс тауы, өлкең, кеніші, үстірт, табиғи.
4-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңдар.
Өнер, қала, туынды, елорда, ғарыш.

5-тапсырма. Мәтін бойынша тест тапсырмаларын орындаңдар.

1.Байлығының сөзіндегі буындардың түрлерін тап.
а) ашық, тұйық, бітеу, ашық; ә) бітеу, ашық, ашық, бітеу;
б) тұйық, тұйық, ашық, тұйық; в) ашық, ашық, тұйық, ашық;
2. Сөйлемнің түрін анықта: Тау етегінде ескі қорғандар көп.
а) жай, толымды, жайылма ә) салалас құрмалас сөйлем;
б) жай, жалаң сөйлем, в) сабақтас құрмалас сөйлем;
3. Антонимін тап: биік ғимараттар
а) алыс ғимараттар; ә) аласа ғимараттар;
б) жақын ғимараттар; в) көп ғимараттар;
4. Қатаң дауыссыз дыбыстан басталған сөзді көрсет.
а) жидек; ә) мойыл; б) ескі, в) Сарыарқа;
5. Мына сөйлемдегі сын есімді көрсет: Астана- сәулет өнерін бойына сіңірген ғажап қала.
а) сәулет өнерін ; ә) Астана; б) ғажап; в) сіңірген қала;
6. Жалқы есімді көрсет.
а) Құрманғазы; ә) Қарағайлар; б) Көлдер; в) Таулар;
7. Заманымыздың сөзінде неше буын бар?
а) 5; ә) 7; б) 3; в) 4;
8. Біріккен сөзді көрсет.
а) Қайнарлар; ә) Сарыарқа; б) Құлама; в) Тобына;
9. Дұрыс талдауды көрсет: Байлығының
а) түбір, септік, тәуелдік, көптік; ә) түбір, тәуелдік, септік;
б) түбір, септік, көптік, жіктік; в) түбір, септік, жіктік, тәуелдік;
10. Сұраққа жауап бер: Сарыарқада сұлу елорда бар ма?
а) иә; ә) жоқ;
Үйге тапсырма: Сарыарқа қалалары туралы эссе жазу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Sholpan62 | Теги: казахский язык и литература, казахский язык
Просмотров: 2357 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-05-05, 9:26 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru