Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

«Тілге құрмет- елге құрмет»
2013-11-07, 3:15 PM
Мақсаты: Оқушылардың зияткерлік білімдерін шыңдау. Отанымыздың басынан кешкен тарихи оқиғаларын, ұлы тұлғаларымыз туралы алған білімдерін анықтап, елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық сана, рухтық қасиеттерін қалыптастыру. зеректік қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру,озық ойлы оқушыны анықтау.
Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын, ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін арттыру. Қазақ тілі, әдебиеті, мәдениеті мен тарихын жетік білуге деген құлшыныстарын арттыру. Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: «Тілге құрмет- елге құрмет» атты стенд, топтардың аты жазылған плакаттар, презентациялар, слайд- шоу, фильмдерден үзінділер, бейнебаян, музыка, топтардың төсбелгілері.
Сабақтың барысы:
9 «А» және 9 «Б» сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. 9 «А»- «Тұлпар» тобы, 9 «Б»- «Сұңқар» тобы. Топтар өз ұрандарын, дайындап келген презентациялары мен төсбелгілерін көрермен назарына ұсынады.
Сабақ 5 айналымнан өтеді және түгелімен қазақ тілінде жүргізіледі.
1. «Мақтан етем ұлы атамекенді»: екі топ ұландарына Қазақстан туралы әр түрлі 10 сұрақтан беріледі.
2. «Мүшайра» : топ мүшелері тіл, туған жер, өскен өлке туралы жаттап келеген өлеңдерін мәнерлеп айтудан жарысады.
3. «Тіл білгірлері» айналымын бастаймыз. Бұл кезеңде әр топқа тілдерді қаншалықты меңгергенін анықтайтын сұрақтар қойылады.
4. «Туған жер жәдігерлері» деген атаумен интерактивті тақта арқылы көрсетілетін елімізге байланысты «Қазақфильм» туындыларынан үзінділір мен, бейнекөрсетілімдің, суретбаяндардың атауларын әр топ жылдам табулары керек.
5. «Мен өнерпаз баламын» атты бөлімінде әр топтың өнерпаз мүшелері өз өнерлерін көрсетеді.
Брейн- рингті 10 «А» сынып оқушысы Дзюбан Екатерина жүргізеді.
Катя: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Елімізде жыл сайын атап өтілетін Тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Менің елім» атты зияткерлік шоу сабағымызға келген қадамдарыңызға гүл бітсін дей отырып, осы шуақты мерекемен баршаңызды құттықтаймыз. Елбасымыздың арнайы бұйрығымен 1998 жылдан бастап, біз қыркүйек айында жыл сайын Тілдер апталығын өткізуді үлгілі үрдіске айналдырып отырмыз. Осы салтанатты шараға арналған гимназиямыздың 9 сынып оқушылары дайындаған зияткерлік жарыс сабағымызға қош келдіңіздер.
Гимн.
Катя: Сіздерді сабақ барысымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Тауды биік деме сен
Талаптансаң шығарсың
Жауды мықты деме сен
Білімді болсаң жығарсың
- дегендей бүгінгі «Туған тіл- тұғырым» атты интеллектуалды сайысымызды бастайық. Ойын екі топ арасында өтеді: 1-топ «Тұлпар», 2-топ «Сұңқар» деп аталады.
Ойын барысы:*
1. Топтарды таныстыру*
2. Кезеңдерді баяндау. *
Сабақ 5 айналымнан тұрады. 1- айналым: Қазақстанның тарихы, ұлы тұлғаларына арналған: «Мақтан етем ұлы атамекенді» деп аталады.2- айналым: «Мүшайра» атты оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқитын жыр сайысына ұласады. 3- айналым: оқушылардың қазақ, орыс, ағылшын тілін қай дәрежеде меңгергенін көрсететін, қазақша сөйлеу, жазу әрекеттерінің қаншалықты биік екенін анықтайтын: «Тіл білгірлері» деп аталса, 4-айналым: «Туған жер жәдігерлері» деген атаумен интерактивті тақта арқылы көрсетілетін елімізге байланысты бейнекөрсетілімдер мен суретбаяндардың атауларын әр топ жылдам табулары керек. Әр дұрыс сұраққа 1 балл беріліп отырылады. 5- айналым: «Мен өнерпаз баламын» атты бөлімінде әр топтың өнерпаз мүшелері өз өнерлерін көрсетеді.
3. Енді, әділ қазылар мүшелерімен таныс болыңыздар:
1-бөлім. Таныстыру. Топтың аты, ұраны, презентацисы, төсбелгісі
(1 ұпаймен бағаланады)
1 топ «Тұлпар»
2топ «Сұңқар».
1- айналым. «Мақтан етем ұлы атамекенді» атты кезеңде туған еліміз туралы сауалдар қойылады. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады, 1 ұпайдан бағаланады
1-топ сұрақтары:
1. Мемлекеттік рәміздерді ата (елтаңба, әнұран, ту)
2. Еліміздің астанасы тұрған өзен (Есіл)
3. 1989ж.28 қапанда Алматыда құрылған антиядролық қозғалыс (Невада-Семей)
4. ҰОС-на қатысқан қазақ қаһарман қыздары (Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)
5. «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңнің авторы (Абай)
6. Қазақстанның оңтүстік астанасы (Алматы)
7. Қыздың өз тойында киетін бас киімі (Сәукеле)
8. Абылайдың шын аты (Әбілмансұр)
9. ҚР-ның туының авторы (Ш.Ниязбеков)
10. Алғашқы қазақ ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)
2 топ сұрақтары:
1. «Абай жолы» романының авторы (М.Әуезов)
2. Тұрмыс- салт жырларын ата (Бесік жыры, тұсаукесер, бата- тілек)
3. «Бәйтерек» монументі қайда орналасқан? (Астана)
4. Қазақстан Республикасы гимнінің авторлары кімдер? (Ш.Қалдаяқов., Ж.Нәжімеденов., Н.Назарбаев)
5. Қазақ хандығын құрған кімдер? (Керей мен Жәнібек)
6. «Мен, мен едім»өлеңінің авторы кім? (Махамбет)
7. Қазақ әйелдерінің бас киімі (Кимешек)
8. Біздің гимназиямыз қай көшенің бойында орналасқан? (Құрманғазы)
9. Қазақстан солтүстігінде қай елмен шектеседі? (Ресей)
10. Қазақтың екінші ғарышкері (Талғат Мұсабаев)
2- бөлім. Өлеңдерді нақышына келтіре оқитын сайыс түрі- «Мүшайраға» кезек беріледі. Алдарыңызға өз кезегімен топ мүшелері жаттап келген жырларын мәнерлеп оқиды. Алдымен кезек «Тұлпар» тобына беріледі.
«Тіл білгірлері» айналымын бастаймыз. Бұл кезеңде әр топқа тілдерді қаншалықты меңгергенін анықтайтын сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.
«Тұлпар» тобына арналған тапсырмалар:
Катя: І.Фразеологизмдердің мағынасын түсіндіріп, орысшаға аудару.
1.Ағынан жарылды- (ештеңені жасырмады- ничего не скрывал)
2.Жалғанды жалпағынан басу- (молшылықта өмір сүру- жить в достатке)
3.Түйенің танитыны жапырақ- (білетіні бір ғана нәрсе- человек с узким кругозором).
«Сұңқар» тобының тапсырмалары:
1.Жүрегінің түгі бар- (батыр- храбрец, герой).
2.Ине шаншар жер жоқ- (толық, тығыз- переполненность или яблоку негде упасть).
3.Көздің шырымын алу- (аздап ұйықтау- немного поспать).
Катя: ІІ.Сөздердің қазақша-орысша- ағылшынша аудармаларын табу:
«Тұлпар» тобына арналған тапсырмалар:
1.Балмұздақ-
2.Әріптес-
3.Көбелек-
4.Даңғыл-
5.Гүлзар-
«Сұңқар» тобының тапсырмалары:
1.Жапырақ-
2.Құрдас-
3.Дөңгелек-
4.Саяжай-
5.Жақсылық-
Катя: ІІІ.Әр топқа бес сөзден беріледі. Берілген сөздердегі дыбыстарды топ мүшелері қатесіз айтулары керек, сөз жазылған парақты топ капитаны көрермендерге көрсетеді.
«Тұлпар» тобына арналған тапсырмалар:
1.Мархабат
2.Әкімшілік
3.Кеңістік
4.Былғары
5.Сәнқой.
«Сұңқар» тобының тапсырмалары:
1.Махаббат
2.Тәуелсіздік
3.Жетістік
4.Жыңғыл
5.Құрмет.
Катя: «Туған жер жәдігерлері» айналымында екі топтың назарына бейнесауалдарды ұсынамыз. Экраннан халқымыздың тарихында орын алған жәдігерлерді көрсеткен кезде, әр топ мүшелері заттардың атауларын дәл табулары керек және берілген фильмнің аты мен үзіндінің не туралы екенін өз сөздерімен жеткізулері керек.
«Тұлпар» тобына арналған тапсырмалар:
1.Экранда қазақ халқының қандай дәстүрі көрсетілген? (Шілдехана)
2.Бұл зат қалай аталады? (Торсық)
3.Суретте Қазақстан халқы ассамблеясының қай ұлты көрсетілген? (Украин)
4.Бұл музықалық аспап қалай аталады? (Жетіген)
5.Бұл қай фильм? Берілген үзінді не туралы?
«Сұңқар» тобының тапсырмалары:
1.Экраннан халқымыздың қандай дәстүрін көріп отырсыздар? (Беташар)
2.Қай халық өкілдері суретте бейнеленген? (Татар)
3.Бұл музыкалық аспап қалай аталады? (Қобыз)
4.Суреттегі заттың атауы қандай? (Тостаған)
5.Бұл қай фильм? Үзіндіде не туралы көрсетілген?
Катя: екі топтың өнерпаздары алдарыңызда өз өнерлерін паш етпек. Олай болса, сахнаға өнерпаз достарымызды шақырайық. «Тұлпар» тобы кезек сіздерде.
Катя: «Сұңқар» тобының өрендерінің өнерлерін тамашалаңыздар.
Катя: Құрметті әділ қазылар алқасының мүшелері, екі топтың жанкүйерлеріне де назар салуларыңызды сұраймын. Олар да тамаша дайындықпен келіпті.
Катя: Ал енді бүгінгі жарыстың нәтижесін әділ қазылар алқасынан сұрайық. Мархабат! (Қазылар алқасы "Сұңқар" тобын үздік деп таныды).
Катя: Осымен елімізде жыл сайын атап өтілетін Тілдер мерекесіне арналған «Туған тіл- тұғырым» атты зияткерлік сабағымызды аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Қош, сау болыңыздар!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Sholpan62 | Теги: казахский язык и литература, казахский язык
Просмотров: 2968 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-05-05, 11:08 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru