Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Жаңаша оқыту- табыс кілті.
2013-11-08, 12:57 PM
«Әулиекөл ауданының білім бөлімінің Батыржан Кенжетаев атындағы Новонежин орта мектебі»

Жаңаша оқыту – табыс кілті.


Новонежин ауылы
2012 жыл

Түсінік хат.
Қолданыстағы қайсы технологияны алмайық, барлық технологиялардың негізін қалаушы мақсат. Оқу үрдісіндегі барлық технологиялардың қойып отырған талабы мақсаттың нақты қойылуы. Ал осы талаптардың барлығын қанағаттандыратын Б.Блум таксономиясы.
Күнделікті сабақ жоспарды жобалауда мұғалім оқушы деңгейіне сай білім мазмұнын мақсаттардың алты категориясын пайдалана отырып, белгілеуі қажет. Мұндай жобалау оқушы іс- әрекеті мен білім мазмұны арасындағы бір тақырыппен немесе мәтінмен шектеліп қана қоймайтын тұтастықты, мәтіндер арасындағы тығыз байланысты аша алады.
Мақсаттар категориясы:
1. Білімділік:
- мақсаттың бұл категориясы оқыған материалды есте сақтауды қайталап беруді білдіру.
2. Түсіну:
- берілген материалды өз сөзімен басқа формада жеткізе алу.
3. Пайдалану:
- оқыған материалды нақты жаңа жағдайда пайдалану біліктігін көрсету.
4. Талдау:
- материалды негізгі компоненттерге жіктей білу.
5. Жинақтау:
- кешегі білімі мен бүгінгісіне сүйене отырып, ойды жинақтап түйін түю.
6. Бағалау:
- оқыған материалдың құндылығын бағалау.
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері:
1. Білімділік:
- пайдаланылған сөздіктер мен түсініктерді;
- нақты фактілерді;
- негізгі ұстанымдар мен ережелерді біледі.
2. Түсіну:
- ұстанымдарды, ережелерді, фактілерді түсінеді;
- мәтінді басқа формада жеткізе алады;
- нәтижеден туындайтын затты, құбылысты немесе нәтиженің келешегін болжамдай алады.
3. Пайдалану:
- әдіс- тәсілдерді орнымен қолданады;
- ұстанымдарды, ережелерді, фактілерді жаңа жағдайда пайдалана алады.
4. Талдау:
- жасырын болжамды айқындай алады;
- өрбу логикасында жіберілген қателер мен кемшіліктерді көре біледі;
- фактілер мен салдар арасындағы айырмашылықты ажырата біледі.

5. Жинақтау:
- болжам жасайды;
- проблеманы шешуге тырысады.
6. Бағалау:
- материалдың қажеттілігін айқындай біледі;
- жасалған қорытындының жарамдылығын бағалай біледі.
Б.Блум таксономия құндылығы:
- мақсаттың нақтылығы;
- білім мазмұнының мақсатқа сай жіктелуі;
- оқушы іс- әрекетінің мақсатқа сай дамуы;
- әр мақсатқа сай тапсырмалардың саралануы;
- оқушы білімінің әр мақсат негізінде бағалануы;
- мұғалім мен оқушының бірлескен қызметіндегі нақтылық пен жариялылыққа қол жеткізуі;
- қойылатынын бағаның соңғы нәтижесі ғана емес, бүкіл процесті қамтуы;
Б.Блум таксономия арқылы:
- мақсаттың диагностикасына;
- нәтиженің нақтылығына,
- бағаның объективтілігіне толық қол жеткізуге болады.
Күнделікті сабақ жоспары жобасындағы көңіл аударылатын мәселе мұғалім мен оқушы іс- әрекетінен де күрделі оқушылардың интеллектуалдық, мотивациялық, қажеттілік, эмоционалдық аймақтарына әсер етуші тапсырмалар жүйесін құру болып табылады. Күнтізбелік жоспарда белгіленген мақсаттардың нақты нәтижеге жету жолдарын айқындаушы тапсырмалар жүйесі оқушының өзіндік тәжірибесін пайдалана алатындай, білімнің өмірлік мәнін аша алатындай жаттығулар мен тапсырмалар арқылы толықтырылады.
Кешегі күнгі мұғалімнің күнделікті сабақ жоспарының жаңа парадигма негізіндегі субъектілік байланысты, демократиялылықты, тең- дәрежелілікті орнатуға, нақты нәтижені жобалауға аясы тарлық танытуда. Сондықтан да Б.Блум таксономиясын негізге ала отырып күнделікті сабақ жоспарларын ұсынамын.

Тақырыбы: Қазақстан – менің Отаным. (Қазақ тілі. 3 сынып)
Мақсаты Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі Тапсырмалар жүйесі Нәтижесі Баға
Білімділік
Қазақстан туралы білімдерін еске түсіру. Нақты фактілерді еске түсіруге мүмкіндік жасау. Білгендерін ортаға салады. Қазақстан сөзіне ассоциация. Қызығушылығы оянады, ойлау белсенділігі артады. Өз білімін бағалау.
Түсіну «Қазақстан Республикасы» мәтінін мәнерлеп оқып, аудару, сөздік жұмысын жүргізу. Түсінуге көмектеседі. Мәтінді оқып, аударады. 1. Сөздікпен жұмыс.
2. Мәтінді мәнерлеп оқып, аудару.
3. Жаңа сөздермен сөз тіркесін құрастыру.
Танымдық іс- әрекеті, белсенді ойлау, тапқырлығы артады. Бір- бірін бағалай-
ды.
Пайдалану Тірек сөздерді қолданып, мәтінге қатысты сөйлемдер құрастыру. Қадағалай-
ды. Ізденеді, түсінеді, пайдалана-
ды. 1. Сөйлемдер құрастыру.
2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
3. Мәтінді пайдаланып, диалог құрастыру. Сөйлемдерді дұрыс құрастыруға үйренеді. Топтық баға.
Талдау Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтау. Дұрыс талдауға бағыттайды. Сипаттайды, салыстырады, ойлап табады. 1. «Бес жол өлең» құрастыру.
2. Авторлық үстел. Жұмыс істейді, өз ойын басқамен салыстырады. Топтық баға.
Жинақтау Мәтіндегі негізгі ойды жинақтау. Түзейді, қорытындылайды. Сұрақтарға жауап береді. 1.«Туған жер – алтын бесік» орыс тілінде мазмұндас қандай мақал- мәтел бар?

Үй жұмысы:
3- жаттығу 33 бет (Сөйлемді аяқта)
Жеке жұмыс. Өзіндік баға.
Бағалау Мәтіннің әсері туралы ойларын айту. Бағалайды. Оқушы қорытынды жасайды. Өзіңнің мәтінге сын ой пікірін білдір. Өз білімін бағалайды. Өзіндік қорытынды баға.

Тапсырмалар жүйесі.
1.Білімділік.
1. Қазақстан туралы не білетіндерін сұрақ қою арқылы анықтау:
а) Қазақстан туралы не білесіңдер?
б) Ол қандай мемлекет?
в) Қазақстан Республикасының Президенті кім?

2. «Ассоциация» стратегиясын құрастыру.
Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы
біздің Отанымыз

рәміздері бар бас қаласы - Астана
халқы - қонақжай
қазақ тілі тәуелсіз мемлекет
2.Түсіну.
1. Сөздікпен жұмыс жүргізу:
тәуелсіз – независимое
қонақжай – гостеприимный
мемлекеттік рәміздері – государственная символика
2. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыру.
Мысалы: Тәуелсіз мемлекет, қонақжай халық, мемлекеттік рәміздері.
3. Мәтінді мәнерлеп оқу, аудару.

3. Пайдалану.
1-топ. Тірек сөздер арқылы сөйлем құрастыру. (тәуелсіз, бас қала)
2- топ. Мәтін бойынша 1-2 сұрақ құрастыру.
Мысалы: Қазақстан қандай мемлекет?
3-топ. Мәтінді пайдаланып, диалог құрастыру.
Мысалы: - Сен қандай мемлекетте тұрасың?
- Мен Қазақстанда тұрамын.
4.Талдау. Сынып 4 топқа бөлінеді.
а) «Бес жол өлең» құрастыру.
1. ----. (зат есім)
2. ----, -----. (сын есім)
3. ----, -----, -----. (етістік)
4. ----- ----- ----- -------. ( төрт сөзден тұратын сөйлем)
5. -----. (синоним)
б) Авторлық үстел. (Әр топтан 1 оқушыдан шығып, өз өлеңін оқиды).
5. Жинақтау.
« Туған жер – алтын бесік» орысша баламасын табу.
6. Бағалау.
Рефлексия:
- Не ұнады?
- Қандай сұрақтар туды?

Тақырыбы: Астана – бас қала. (Қазақ тілі. 3 сынып)
Мақсаты Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі Тапсырмалар жүйесі Нәтижесі Баға
Білімділік
Астана туралы білетіндерін еске түсіріп, қайталау. Өткенді жаңғырту арқылы ой салу. Білгендерін ортаға салады, пікірлерін айтады. Астана туралы ассоциация. Қызығушылығы оянады, ойлау белсенділігі артады. Өз білімін бағалау.
Түсіну «Астана – бас қала» мәтінін мәнерлеп оқып, аудару, сөздік жұмысын жүргізу. Оқушының кітаптан қадағалап отыруын бақылап, олардың ой жүйесін анықтайды. Кітаптан оқығанды қадағалап отырады, тапсырманы орындауға әрекеттенеді. 1. Кітаппен жұмыс.
2. Сөздікпен жұмыс.
3. Мәтінді «Түртіп алу» әдісімен оқу.
Танымдық іс- әрекеті, белсенді ойлау, тапқырлығы артады. Бір- бірін бағалай-
ды.
Пайдалану Бейнефильді қарап, өз бетінше шағын әңгіме құрастыру. Оқушы ойына еркіндік береді. Ізденеді, түсінеді, бірін- бірі толықтырады. 1. Жеке.
2. Топпен.
3. Авторлық үстел. Ауызекі сөйлеуге дағдыланады. Топтық баға.
Талдау Мәтіндегі негізгі ойды анықтау. Мәтінді жүйелеп, нақтылай түсуге жағдай туғызу. салыстырады,пікірлеседі. Пікірталас «Кешегі Астана, бүгінгі Астана». Жұмыс істейді, өз ойын басқамен салыстырады. Топтық баға.
Жинақтау Мәтіндегі негізгі ойды жинақтау. Астана болашағына болжам жасау. Қорытындылайды. Түсіндіреді, ізденеді. Эссе «Астана – болашақтың қаласы»

Үй жұмысы:
3- жаттығу 43 бет
Ойын дәлелдеуге дағдыланады. Мұғалім бағасы
Бағалау Мәтіннің әсері туралы ойларын айту. Бағалайды. Талқылайды, қорытынды шығарады. Сұрақ - жауап Өзін – өзі бағалап үйренеді. Бірін- бірі бағалау.

Тапсырмалар жүйесі.
1.Білімділік.
1. Астана туралы білетіндерін еске түсіріп, білгендерін айтады.
2. Астана туралы ассоциация. Оқушылар білгендерін ортаға салады.

Бәйтерек

бас қала әсем ғимараттар
мәдени орталығы
елорда болашақ қаласы

2.Түсіну.
1. Сөздікпен жұмыс.
2. Мәтінді «Түртіп алу» әдісімен оқып, шығу.
V- білемін;
+ - жаңа ақпарат;
?- сұрақ туды.

3. Пайдалану.
1. Бейнефильмді қарап, өз бетінше шағын әңгіме құрастыру.
а) жеке;
б) топпен;
в) авторлық үстел. (Ең жақсы шығарманы ортаға шығып оқиды).

4.Талдау.
Пікірталас «Кешегі Астана – бүгінгі Астана».
1- топ: кешегі Астанаға сипаттама беру.
2- топ: бүгінгі Астанаға сипаттама беру.

5. Жинақтау.
Эссе «Астана- болашақтың қаласы».

Үй тапсырмасы: Берілген сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беру.
6. Бағалау.
Мәтін ұнады ма? Несімен?

Тақырыбы: Мен және менің отбасым. (Қазақ тілі. 3 сынып)
Мақсаты Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі Тапсырмалар жүйесі Нәтижесі Баға
Білімділік
Отбасы мүшелерін атау. Еске түсіруге мүмкіндік жасау. Бірін- бірі толықтырады. Сөзжұмбақты шешу. Ойланады, сөздік қорын молайтады. Өз білімін бағалау.
Түсіну «Менің отбасым» мәтінінің оқып, мазмұнын түсіну. Оқушыға жаңаны өз бетінше меңгеруге бағыттайды. Кітаптан оқығанды қадағалап отырады, тапсырманы орындауға әрекеттенеді. Кітаппен жұмыс.
Жаңа ұғымдардың мәнін дұрыс түсінеді, орынды қолдану біліктілігі артады. Бір- бірін бағалай-
ды.
Пайдалану Мәтінді пайдаланып, өз отбасың туралы әңгімеле. Оқушы ойына еркіндік береді. Барлық іскерлік әрекеттерін пайдаланады, бірін- бірі тыңдауға тырысады. 1. Өз отбасың туралы әңгімеле.
2. Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Өз- өзіне деген сенімін қалыптасуы. Мұғалімнің бағасы.
Талдау Мәтіндегі негізгі ойды анықтау. Дұрыс талдауға бағыттайды. Сипаттайды, құрастырады. 1.Сызба бойынша сөйлем құрастыру.
2. Жұппен жұмыс. Тақырып бойынша диалог құрастыру. Жұмыс істейді, өз ойын басқамен салыстырады. Топтық баға.
Жинақтау Мәтіндегі негізгі ойды анықтау. Қорытындылайды. Түсіндіреді, ізденеді. Эссе «Менің отбасым».

Үй жұмысы:
Тақырып бойынша 2-3 сөйлем құрастыр.
Ойын дәлелдеуге дағдыланады.
Бағалау Ойларын қорытуға бағыттау. Бағалайды. Талқылайды, қорытынды шығарады. Сұрақ - жауап Өзін – өзі бағалап үйренеді. Бірін- бірі бағалау.

Тапсырмалар жүйесі.
1.Білімділік.

Сөздерді аударып, сөзжұмбақты шешу.
б о т а
т а с б а қ а
б а с
қ а р б ы з
с у
ы д ы с
1. Верблюжонок.
2. Черепаха.
3. Голова.
4. Арбуз.
5. Вода.
6. Посуда.

2. Түсіну.

- Кітаппен жұмыс. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын ашу.

3. Пайдалану.

а) 1- топ. Мәтінді пайдаланып, өз отбасы туралы әңгіме құрастыру.
ә) 2- топ. Тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыру.

4. Талдау.

а) Тірек схемалар арқылы сөйлем құрастыру.
ә) Жұппен жұмыс:
- мәтінді пайдаланып, диолог құрастыру.

5. Жинақтау.

1. «Менің отбасым» тақырыбына бес минуттік эссе жазу.

Үй тапсырмасы: Тақырып бойынша 2-3 сөйлем құрастыру.
6. Бағалау.

Кері байланыс:
- Сабақ қалай өтті?
- Қандай жаңа ақпарат алдыңдар?
- Не ұнады?
- Қандай сұрақтар туды?

Тақырыбы: Күз. (Қазақ тілі. 3 сынып)
Мақсаты Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі Тапсырмалар жүйесі Нәтижесі Баға
Білімділік Сурет бойынша күз туралы әңгіме құрастыру. Сұрақтар қояды. Білгендерін еске түсіреді, сұрақтарға жауап береді. Суретпен жұмыс. Ойларын еркін айтуға талпынады. Мұғалімнің бағасы.
Түсіну Мәтіннің мазмұнын түсіну, аудару. Түсінуге көмектеседі. Мәтінді оқып, аударады. 1. Кітаппен жұмыс.
2. 4-жаттығу-
ды орындау. Өз бетімен білім алуға тырысады. Оқушы бағасы.
Пайдалану Мәтінді пайдаланып, «Күз» тақырыбына диалог құрастыру. Қадағалайды. Ізденеді, пайдаланады Диалог құрастыру. Шығармашы-лығы қалыптасады. Бірін- бірі бағалайды.
Талдау Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, күз суретін салу. Бағыттайды. Сурет салады. 1.Тақырып бойынша сурет салу:
- жеке;
- топпен. Ұжымда бірлесіп, жұмыс жасауға үйренеді. Ұжымдық баға.
Жинақтау Күз туралы негізгі ойды жинақтау. Түзейді. Тірек схема бойынша өлең құрастыру. «Бес жол өлең» құрастыру. Білімнің тереңдігі әрі тиянақтылы-ғы артады. Бірін- бірі бағалайды.
Бағалау Кері байланыс.

Тапсырмалар жүйесі.

1. Білімділік.
1. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
- сұрақтарға жауап беру:
а) Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?
ә) Күз айларын ата.
б) Оқу жылы қай айда басталады?
в) 1 қыркүйек қандай күн?

2. Түсіну.
а) «Күз» мәтінін оқып, аудару.
ә) Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
Күз ... . Күзде ... жылы жаққа ұшып кетті. ... мектепке барады. Бау бақшада ... мен ... пісті.

3. Пайдалану.
Мәтінді пайдаланып, «Күз» тақырыбына диалог құрастыру.

4. Талдау.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, күз суретін салу.
1. Жеке жұмыс.
2. Топтық жұмыс. Әр топ өз суретін жарнамалайды. Топ жетекшісі шебер тілмен баяндайды.

5. Жинақтау.
«Күз» тақырыбына бес жол өлең құрастыру.
1. -. (Зат есім)
2. -, -. (Сын есім)
3. -, -, . (Етістік)
4. - - - -. (4 сөзден тұратын сөйлем)
5. -. (Синоним)

Мысалы: 1. Күз.
2. Алтын, салқын.
3. Жапырақтар сарғаяды, күн суытады, көкөністер піседі.
4. Құстар жылы жаққа ұшады.
5. Мезгіл.

6. Бағалау.
Кері байланыс:
- Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?
- Күз айларын ата.
- Ауа райы қандай?

Тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Жаман жолдас» (Қазақ тілі. 5 сынып)
Мақсаты Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі Тапсырмалар жүйесі Нәтижесі Баға
Білімділік
Дос туралы білетіндерін еске түсіру. Сөздік қорын дамыту. Ауызекі сөйлеуге үйрету Нақты фактілерді еске түсіруге мүмкіндік жасау. Білгендерін ортаға салады. «Жолдас» сөзіне ассоциация. Оқушылардың қызығушылығы оянады, ойлау белсенділігі артады. Топтық баға
Түсіну Мәтіннің мазмұнын ашу. Жаман және жақсы ұғымдарын айыра білу. Оқушының кітаптан қадағалапотыруын бақылап, олардың ой жүйесін анықтайды. «INSERT» әдісімен мәтінді оқып шығып, тапсырманы орындауға әрекеттенеді. 1. Кітаппен жұмыс.
2.Сөздікпен жұмыс.
3. «Түртіп алу» картасын толтыру. Белсенділігі, тапқырлығы артады. Өз білімін бағалайды.
Пайдалану Мәтінді пайдаланып, өз бетінше «Дос туралы» бес жол өлең құрастырады. Оқушы ойына еркіндік береді. Ізденеді, түсіндіреді. «Бес жол өлең» құрастыру. Дербестігі, өз- өзіне деген сенімі қалыптасады. Бірін- бірі бағалайды.
Талдау Жаман және жақсы жолдас бейнелерін талдау. консультант Өз бетімен толықтырады, өзгені тыңдай біледі, сипаттайды, салыстырады. 1.Топпен жұмыс.
2.Пікірталас. Өз ойын салыстырады. Топтық баға.
Жинақтау Венн диаграмма стратегиясы арқылы ойын жинақтау. Оқығанын жүйелеп нақтылау, түсінуге жағдай туғызу. Проблеманы шешуге тырысады. а) Венн диаграммасын толтыру.
ә) Үй тапсырмасы: мәтінді оқып, мазмұнын айту. Ойларын салыстырады. Топтық баға
Бағалау Ойларын қорытуға бағыттау. Бағалайды. Талқылайды, қорытынды шығарады. Кері байланыс. Өзін – өзі бағалап үйренеді. Бірін- бірі бағалау.

Тапсырмалар жүйесі.
1.Білімділік.
Жолдас сөзіне ассоциация.


2. Түсіну.
1. Кітаппен жұмыс.
2. Сөздікпен жұмыс жүргізу.
3. «Түртіп алу әдісі» картасын толтыру.

V - білемін + - жаңа ақпарат ? – сұрақ туды - келіспеймін
Екі жолдас болған. Біреуі - сау, ал екіншісі – ауру. Бір күні екеуі келе жатса, алдарынан аю шығады. Сау адам ауру жолдасын тастап, ағаштың басына шығып кетеді. Ауру адам өлген адам сияқты жатып, аман қалады. Сау адам өз жолдасын неге тастап кетті? Мен сау жолдаспен келіспеймін.


3. Пайдалану.
Мәтінді пайдаланып, «Бес жол өлең» құрастыру.
1. Жолдас.
2. Сау, ауру.
3. Орманда келе жатты, ағаштың басына шықты, аюға кездесті.
4. Досы көпті жау алмайды.
5. Дос.
4. Талдау.
1- топ. Жаман жолдасты жақтайды.
2- топ. Жаман жолдасты жақтайды.
а) Жеке- жеке.
б) Топпен.
в) Пікірталас.

5. Жинақтау.
а) Венн диаграммасын құрастыру.
Жақсы жолдас Жаман жолдас

Ұқсастығы
ә) Үй тапсырмасы: мәтінді оқып, мазмұнын айту.
6. Бағалау.
Кері байланыс.
- Не ұнады?
- Қандай сұрақтар туды?
- Қандай әсер алдыңдар?

Сабақтың тақырыбы: Мақта қыз бен мысық. (Қазақ әдебиеті. 5 сынып)
Сабақтың мақсаты: Оқушылар ертегінің мазмұнын ашады.
Міндеттері: 1. Оқушылардың ой өрісі, дүниетанымы кеңейеді, шығармашылықпен жұмыс
істей отырып, сөздік қорын молайтады, тіл байлығын арттырады.
2. Топта бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді.
3. Бірін- бірі толықтырып, қорытынды шығарады.
Көрнекі құралдар: Тақырыптық суреттер, болжау таблицасы, «Мақсат қойып ойлауға
бағытталған оқу», «Кері байланыс» стратегиялары.

Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту.
- «Мақсат қойып ойлауға бағытталған оқу» стратегиясын қолданып, суреттер арқылы ой қозғау.
ІІ. Мағынаны тани білу.
- Болжау таблицасын толтыру.
Сіздің болжауыңыз. Қандай дәлеліңіз бар? Шындығында не болды?
І. Мақта қыз болыпты. Оның мысығы, сиыры, тауықтары болған. Үйінің қасынды ағаш өсіп тұр екен.

Мақта қыз бен мысық дос болыпты. Мақта қыз бір мейіз тауып алып, мысықты шақырады. Мысық келмейді. Мейізді қыз жеп қояды. Сосын мысық келіп: «Неге шақырдың?» - деп сұрайды.
ІІ. Мысық ашуланып, қатықты төгіп тастайды. Мақта қыз оның құйрығын жұлып алады.
Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын жұлып алады.
ІІІ. Мақта қыз мысыққа ренжейді. Мысық тышканды ұстап алып, тауыққа апарады. Тауық оған жұмыртқа береді. Ол жұтырқаны алып, қыздарға апарады. Олар су береді. Суды ағашқа апарып, жапырақты сиырға беріп, одан қатық алады. Мақта қыз мысықтың құйрығын береді. Олар достасады. 1.

2.
3.
4.
5.
6.
Мысық тышқанды ұстап алып, тары алады. Оны тауықтарға апарады. Олар жұмыртқа береді. Жұмыртқаны алып, дүкеншіге барады. Ол сағыз береді. Оны қыздарға апарып, су алады. Ағаш жапырақтар береді. Оны сиырға апарып, қатық алады. Қатықты Мақта қызға беріп, құйрығын алады. Екеуі достасады.
ІІІ. Ой толғаныс.
А) Кері байланыс.
- Бұл ертегі бізді неге үйретеді?
- Қандай әсер алдыңдар?
б) Үй тапсырмасы: «Адал дос қандай болады?» эссе жазу.

Тақырыбы: Тұрмыс – салт жырлары. (Қазақ әдебиеті. 5 сынып)
Мақсаты Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі Тапсырмалар жүйесі Нәтижесі Баға
Білімділік Оқушылар тұрмыс- салт жырлары туралы жаңа ақпарат алады. Еске түсіруге мүмкіндік жасау. Ізденеді, еске түсіреді, бірін –бірі толықтыра-ды. Ассоциация стратегиясын толықтырады Өз ойларын еркін айтуға дағдыланады. Мұғалімнің бағасы.
Түсіну Мәтінді «Түртіп алу» әдісімен оқып, түсінгенде-рін ортаға салады. Түсінуге көмектеседі. Мәтінді «Түртіп алу» әдісімен оқып шығады. 1. Кластер құрастыру.
2. Төрт түліктердің пірлерін атау. Өз бетімен білім алуға тырысады. Оқушы бағасы.
Пайдалану Мәтінді пайдаланып, «Бес жол өлең» құрастырады Қадағалайды Ізденеді, құрастырады «Бес жол өлең» құрастыру. Шығармашы-лығы қалыптасады. Бірін- бірі бағалайды.
Талдау Мәтінге сүйене отырып, сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар қояды. Сұрақтарға жауап береді. 1.Тақырып бойынша сурет салады.
Ұжымда бірлесіп, жұмыс жасауға үйренеді. Ұжымдық баға.
Жинақтау Ойларын жинақтайды, алған білімнің түйінін жасайды. Қорытынды-лайды Іздене отырып, семантика-лық кестесін тлтырады. Семантика-лық кестені толтыру. Проблеманы өз дәрежесінде шешеді. Бірін- бірі бағалайды.
Бағалау Әр қайсысы жауап бергенін бағалайды. Бағалайды. Бірін- бірі толықтырып, қорытынды шығарады. Ой толғаныс. Әр оқушы өз жұмысының нәтижесін көре біледі. Мұғалімнің бағасы.

Тапсырмалар жүйесі.

1. Білімділік.
1. «Ассоциация» стратегиясын толтыру.

әдет- ғұрыпқа еңбек және шаруашылық
байланысты жырлар кәсібіне байланысты жырлар
2. Түсіну.
1) «Түртіп алу әдісімен» мәтінді оқу.
V- білемін;
? – сұрақ туды;
- - сәйкес келмейді;
+ - жаңа ақпарат.
2) Кластер құрастыру.

3) Төрт түліктің пірлерін ата.
Түйе атасы - ... , жылқы атасы - ... ,
сиыр атасы - ... , қой атасы - ... .

3. Пайдалану.
«Бес жол өлең» құрастыру.
1. Мал.
2. Мырзалық, байлық.
3. Аса қадірленген, өсіруге ерекше көңіл бөлген, өлең- жырларға қосқан.
4. Мал – халықтың күнкөрісінің негізі.
5. Түлік.
4. Талдау.
Берілген сұрақтарға жауап беру.
5. Жинақтау.
1) Семантикалық кестені толтыру.
Төл атауы Төл енесі Төлді шақыру Түліктің пірі
қозы қой пұшайт- пұшайт Шопан ата
лақ ешкі шөре- шөре Сексек ата
құлын жылқы құрау- құрау Қамбар ата
бота түйе көс- көс Ойсыл қара
бұзау сиыр аухау-аухау Зеңгі баба

Үй тапсырмасы: «Түртіп алу» кестесін толтыру.
V (білемін) + ( жаңа ақпарат) - (сәйкес келмейді)
? (сұрақ туды)

2) Төл қандай дыбыс шығарады?
Түйе, бота мөңірейді
Қой, қозы кісінейді
Сиыр, бұзау маңырайды
Жылқы, құлын боздайды
Ешкі, лақ

6. Бағалау.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қудайбергенова К.С. Научно- педагогические основы профессиональной самореализации учителей общеобразовательных школ (инновационный аспект). Алматы:РИПК СО, 2003 г.
2. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық табиғаты – тұлғаның өздік дамуында.
Алматы:РИПК СО, 2006 ж.
3. Блум Б. Технология в обучении и технология обучения. Серия 31. Знание -1986 №12.
4. Хабарова Л.Н. Ключевые компетенции как компонент личностно- ориентированной парадигмы образования. Республиканский научно- методический и информационно- аналитический журнал «12- летнее образование» №7, 2008г., 45 с.
5. Аганина Қ.Ж. құзыреттілік тұрғылар негізінде білім мазмұнын жетілдіру. Республикалық ғылыми- әдістемелік және ақпараттық- сараптамалық журнал
«12 жылдық білім» №5, 2006 ж. 7-9 б.
6. Тұрсынғалиева С.Ч. Қазақ әдебиеті. 5 сынып. Орыс тілінде білім беретін мектепке арналған. «Арман- ПВ» баспасы, 2009 ж.
7. Қайырбекова А. Қазақ тілі. 3 сынып. Алматы «Атамұра» 2010ж.

Мазмұны

Түсінік хат. 1

Қазақстан – менің Отаным. 4

Астана – бас қала. 6

Мен және менің отбасым. 8

Күз. 10

Ы.Алтынсарин «Жаман жолдас». 12

Мақта қыз бен мысық. 15

Тұрмыс – салт жырлары. 17

Пайдаланған әдебиеттер. 20
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Гуля1973
Просмотров: 3204 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-05-05, 2:00 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru