Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

RWST технологиясы бойынша сабақтар үлгілері
[ Скачать с сервера (247.0 Kb) ] 2013-11-08, 1:07 PM
«Әулиекөл ауданының білім бөлімінің Батыржан Кенжетаев атындағы Новонежин орта мектебі»ММ



(жас мамандарға арналған көмекші әдістемелік құрал)



2010 жыл
Новонежин ауылы

Қалқаева Г.Р.

Б.Кенжетаев атындағы
Новонежин орта мектебінің
неміс және қазақ тілдерінің мұғалімі



Кіріспе
Заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының маңызы зор. Осы бағдарламаның маңыздылығы мен құндылығы – баланың оқуға қызығушылығын түбегейлі өзгертуі. Бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын, ғылымның маңызын төмен санап, білімнің қажетін ескермейтін, құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылардың, әсіресе үлгерімі орташа деңгейдегі балалардың сабаққа деген көзқарасы өзгереді.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары арқылы жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, мәселені шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.
Баланың дербес ойлауына да, өз ойын еркін айтып, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін меңгеруіне де «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» стратегияларының көп көмегі тиері сөзсіз.



Қазақ тілі сабағында «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғыдан
ойлауды дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру.

«Жаман мұғалім шындықты (білімді) өзгі айтып,
хабарлайды, жариялайды, ал жақсы
мұғалім шәкірттерді оны табуға үйретеді».
Афольф Дистервег
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғыдан ойлауды дамыту» бағдарламасының ерекшелігі неде?
Бала өмірге, қоршаған ортаға сын көзбен қарауды, салыстыруды, айырманы талдауды, зерттеуді танып үйренеді. Бұл бағдарламаның әдіс- тәсілдерін орынды пайдаланғанда ғана өзінің оң нәтижесін береді.
Сабақ негізінен үш сатыдан тұрады:
1. Қызығушылықты ояту. Ойды қозғау мақсатында «Ассоциация» стратегиясы арқылы оқушының білік, білім дәрежесін тануға болады. Шәкірт сұрақ қоя біліп, мақсат қоюға үйренеді. Өзінің бұрынғы білім деңгейін анықтайды.
2. Мағынаны тани білу. Оқушы жаңа оқу материалдарымен танысып, білімін толықтырады. Бұл кезеңде «Дөңгелек үстел», «Түртіп алу әдісі», «Авторлық үстел», «Джик СО» сияқты стратегияларын пайдалануға болады. Оқушылар өз бетімен жұмыс жасайды, бір- бірімен ақпарат алмасады, өзгелерді құрметтеуге, пікір алмасуға дағдыланады.
3. Ой толғаныс. Шәкірт сабақтан түсінгенін қолданады. Жаңадан алған білімдерін басшылыққа ала отырып, жауапсыз қалған сұрақтарға жауап табады, ізденеді. Шығармашылықпен жұмыс істейді. Бұл кезеңде «Бес жол өлең», «Кубизм», «Соңғы сөзді маған қалдырыңыз», «Венн диаграммасы», «Семантикалық кесте» сияқты стратегияларды пайдалануға болады.
Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынадай нәтиже береді:
- оқушылар басқалармен қарым- қатынас жасай біледі;
- басқаларды тыңдауға, кез келген жауапқа сыйластықпен, түсіністікпен қарауға;
- өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге;
- оқушының оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге үйренеді;
- ең бастысы сабаққа қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі жоғары болады.
Осы технология бойынша жұмыс істегеннен бері сабақ өткізу мәнерімде көп өзгерістер бар. Мысалы, бұрын RWST бағдарламасына дейін сабақтарымда оқушының тілдік қарым- қатынасқа түсуі көбінен сұраққа жауап беру шеңберінде жүзеге асатын, оқу материалын оқушылар негізінен жаттап айтып беретін, сабаққа тұрақты қатысып отыратын балалар саны 5- 6 ғана, көпшілігі оқта- текте іске араласатын.
Ал қазіргі сабақтарымда оқушылар жаппай тілдік әрекетке түседі. Мысалы, Ы.Алтынсариннің «Жаман жолдас» әңгімесін талдау барысында әр оқушы өз ойын айтуға мүмкіндік алды. Алдымен оқушылар «Түртіп алу» әдісімен мәтінмен танысты, бір- бірін толықтырды. Кластер стратегиясы бойынша дос, жақсы, жаман жолдас, адалдық деген ұғымдарға түсінік берді.
Сабақ барысында оқушылар өз таңдаулары бойынша жаман жолдасты жақтаушы және жақсы жолдасқа қарсы екі топқа бөлініп, әр топ мүшесі өзі таңдап алған ұстанымды қорғап қалуға тырысты. Оқушылардың сабақ барысында айтылған ойлары, өз ұстанымдарын қорғау мақсатында келтірген дәлелдері мен мысалдары олардың сабақтың идеясын түсіну, оған ене алу мүмкіндіктерін байқатты. Оқушылар өздерінің, бір- бірінің ой- пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа, тың идеялар туғызды.
Сөзімді түйіндей келе айтарым, ұстаз ұтымды әдістерді пайдалану арқылы оқушының білімге деген ынтасын ұштайды, таным көкжиегін кеңейтеді. Оқушы бірте- бірте ұстаз дәрісін жалыға тыңдаушыдан белсенді ойлаушы, ізденімпаз шәкіртке айналады. Бала тек белгілі мәліметті қабылдаушы емес, сонымен қатар терең ой иесі, жеке тұлға. Ол сын тұрғысынан ойланып, өз ойын дәлелдей білуі керек демекпін.

Сабақтағы әрбір жұмысты аяқсыз
қалдырмауға дағдыланады

Оқушылардың даму деңгейін
үнемі зерттеп отыру,
диагностикалау қажеттілікке айналады

Өзіне сын көзбен қарауды
меңгереді

Сабақ кезеңдеріне сәйкес стратегияларды
дұрыс қолдануға үйренеді


Сабақтың тақырыбы: Жаман жолдас.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар сөздік қорын молайтады, білімдерін
кеңейтеді.
Міндеттері:
1. Әңгімені оқып, танысады. Мазмұнын ашады. Кейіпкерлерді салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастарын сипаттай алады.
2. Кейіпкерлердің ісіне талдау жасай отырып, бағалайды.
3. Мәтіннің түсініксіз жерлерін айқындайды; бір- бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.

Бағалау: «Алдын ала болжау» стратегиясы, эссе.

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
Ой қозғау.
Адал достық пен амал достың айырмасы неде?
Адал достық
Амал достық
мейірімді

Жолдас

қиын шақта теріс бұрылады



өтірік айтады
жанын қияды
сатып кетеді

ІІ. Мағынаны тани білу.
«Жаман жолдас» әңгімесін оқып, танысайық.
Осы әңгіме кім туралы болады деп ойлайсыңдар? Өз ойларыңды дәлелдеңдер.
1 бөлімді оқу.
Сұрақтарға жауап беріңдер:
- Әңгіме не жайында?
- Кім туралы?
- Ары қарай не болады деп ойлайсыңдар?
Жұмыс түрі:
1. Жеке.
2. Жұппен.
3. Топпен.
4. Авторлық үстел. (Әр топтан бір оқушы шығып, ойларын ортаға салады)
Жауап: 1- бөлім екі дос туралы. Достардың бірі әлсіз, ауру екен. Екіншісі
дені сау жігіт. Алдарынан аю шығады. Біздің ойымызша, сау жігіт әлсіз жолдасын тастамайды. Бірге аюдан қашып кетеді.
2- бөлімді оқу.
Сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Оқиға қалай жалғасты?
2. Ары қарай қалай жалғасады деп ойлайсыңдар?
Жауап: Дені сау жігіт бірден ағашқа шығып кетіп, ауру жолдасын тастап кетеді. Ауру жолдасы қаша алмай аюға тап болады.
3- бөлімді оқу.
Сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Әңгіме қалай аяқталады?
2. Кейіпкерлерді бағала.
Жауап: Екеуі де аман қалады. Сау жігіт дұрыс істеген жоқ. Жолдасын тастап кетті. Өзін ғана ойлаған жігіт. Әлсіз жігіт –ақылды. Өзінің ақылымен ажалдан аман қалды. Қиын кезеңдерде жолдасын тастамайды.
ІІІ. Ой толғаныс.
1. Жолдас туралы шағын шығарма жазу. Маржан Аққошқарова шығармасы.
«Жолдас... Бұл сөздің өзінде үлкен мағына жатыр. Жолдас- жолдағы досың, өмірлік, қиындықты бөлісетін серігің. Дос деген сөздің мағынасын екінің бірі түсіне бермейді. Ертеректе: «Дос үшін басыңды ал»,- деген ер азаматтар көп болса, қазіргі уақытта, өкінішке орай, достықты тек жеке басының пайдасы үшін пайдаланатын адамдар көп.
Жолдас деген ұғымды түсінетін адам – қиындықта жанынан табылатын, қуанышын бөлісетін, қол ұшын беретін жаныңа жақын жан».
2. Үй тапсырмасы: әңгіменің мазмұнын айту, Венн диаграммасын құрастыру.
3. Сабақтың қорытындысы.

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар мәтіннің мазмұнын ашады.
Міндеттері: 1. Мәтінді оқып, танысады. Мазмұнын ашады. Тағамдарды
салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай
алады.
2 Өзінің алдына қойған мақсатына еңбек ету арқылы
жететінін түсінеді. Оқушылар бірін- бірі толықтырады.
Сұрақтарға жауап береді.
3 Бірігіп жұмыс істеу барысында оқушылардың жауапкершілігі
артады, өз ойын ортаға салады, тыңдай біледі.

Бағалау: Топтағы қорытынды жауаптар, бес жол өлең, кластер, түртіп алу
әдісі.

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.

ІІ. Мағынаны тани білу.
Түртіп алу әдісімен «Ұлттық тағамдар» мәтінін оқу.
V- білемін.
+ - жаңа ақпарат
- - сәйкес келмейді.
? – сұрақ туды.

«Үш кадамды сұхбат» стратегиясы:
Жұмыс түрі.:
1. Рөлдерге бөлу
А- сұрақ қоюшы
В- жауап беруші
С – жазып алушы
А В

С
ІІІ. Ой толғаныс.
Бес жол өлең құрастыру.
1. Тағам.
2. Дәмді, ыстық.
3. Піседі, әзірленеді, ішеді.
4. Аспазшы дәмдә тағам әзірледі.
5. Ас.

Кері байланыс:
1. Бүгін сабақ қалай өтті?
2. Не ұнады? Қандай сұрақтар туды?
3. Сендердің ұсыныстарың.
Үй тапсырмасы: эссе «Менің сүйікті тағамым».
Бағалау.

Сабақтың тақырыбы : Жақсылардың жақсысы .
Сабақтың мақсаты: Оқушылар ертегінің мазмұнын ашады.
Міндеттері: 1. Мақал- мәтелдер, жұмбақтар үйрету арқылы тіл шеберлігін
арттырады.
2. Есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Жақсы мен жаман, әдет- қылықтарды ажырата біледі.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Ассоциация әдісі, «Түртіп алу» әдісі , деңгейлік
тапсырмалар , Венн диаграммасы , эссе , пікірталас .
Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті суреттер,үнтаспа, «Түртіп алу» кар-
тасы

Сабақтың барысы :

І. Қызығушылықты ояту :
- Балалар , өткен сабақты еске түсірейік. Қандай жақсы әдеттерді білесіңдер ?

қайырымды
ақылды

Жақсы әдет

еңбекқор

тәртіпті әдепті білімқұмар

ІІ . Мағынаны тани білу :
1. - « Жақсылардың жақсысы» ертегісін «Түртіп алу» әдісімен оқып, шығыңдар .
- білемін
- жаңа ақпарат
? – сұрақ туды
- - мүмкін емес

2. а) Ертегіні үш бөлікке бөлу.
ә) Әр бөлімге ат қою:
1. Жалғыз қыз
2. Жабық бөлме
3. Ұршық, өрмек , кітап
б) Әр бөліктің мазмұнын айту

3. Деңгейлік тапсырмалар:
1 деңгей. Мәтіннен нақыл сөзді тауып дәптерге жазып , мәнін ашу.
/ Ұршық пен өрмек болса , еңбегің жанады. Кітап оқысаң,
білімің артады /
2 деңгей . Мәтіннен – тұрыпты , ұсынады , кітап оқу , қуанышы қойны-
на сыймай деген тірек сөздерін пайдаланып , сөйлем
құрастыру.
3 деңгей. Венн диаграммасын құрастыру .


жақсы әдет жаман әдет
ұқсастығы

ІІІ. Ой толғаныс :
1. Әңгімені неге « Жақсылардың жақсысы» деп атаған ?
/ 5 минуттік эссе /

2. Пікірталас :
1 топ . Қыздың әкесінің мұрасына риза болған жөнінде өз пікірлеріңді білдіріңдер .
2 топ. Қыздың әкесінің мұрасына риза болмағаны жөнінде өз пікірлеріңді білдіріңдер .
3. Үй тапсырмасы : « Түртіп алу» картасын толтыру .


v- білемін + - жаңа ақпарат ?- сұрақ туды - - мүмкін емес


4. Бағалау :


Сабақтың тақырыбы: Түлкі мен ешкі.
Сабақтың мақсаты: Ауызекі сөйлеу қабілетін дамытады, сөздік қорын молайтады.
Міндеттері: 1. Оқушылар бірін- бірі толықтырып, қорытынды шығарады.
2. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттері дамиды..
3. Өзгенің пікірін тыңдай отырып, өз ойын айтуға дағдыланады,
жан – жануарларды сүюге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Тақырыптық суреттер, «INSERT» , Венн диаграмма, сұхбат, кері байланыс стратегияларын қолдану.

Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту.
Топтастыру стратегиясын қолданып, сыныпты 2 топқа бөлу.

1- топ. Түлкі туралы мағлұмат береді.
2- топ. Ешкі туралы мағлұмат береді.
ІІ. Мағынаны тани білу.
1. Мәтінді INSERT әдісімен оқу.
V- білемін
+ - жаңа ақпарат
? – сұрақ туды
- - мүмкін емес
2. Венн диаграмасын құрастыру.

ІІІ. Ой толғаныс.
«Өтірікке алданба, басың бәлеге дұшар болар» тақырыбына сұхбат.
Үй тапсырмасы: INSERT кестесін толтыру.

Кері байланыс.

Пайдаланған әдебиеттер

1. «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа технологияларды енгізу – оқушылардың білім сапасын арттырудың негізгі кепілі» республикалық ғылыми – практикалық конференциясының материалдары. Алматы, 2003 ж. 150, 278, 302 бет.

2. Р.Ищанова. Методические рекомендации в помощь учителям малокомплектных школ. Қостанай, 2002 ж.

3. К.С.Кудайбергенева. Научно – педагогические основы профессиональной самореализации учителей обшеобразовательных школ (инновационный аспект). Алматы: РИПК СО, 2003ж.

4. К.С.Кудайбергенева. Құзырлық табиғаты – тұлғаның өздік дамытуда. Алматы – 2006ж.

5. «Дауыс пен көрініс» журналы №3 (7) 2001 ж., №1 (13) 2003 ж.

6. «Ұлағат» №1,2 2003 ж.

Мазмұны

Крісіпе 1

Қазақ тілі сабағында «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғыдан
ойлауды дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру. 2

Бағдарламасының моделі 3

«Деректі фильм» сабағының әзірлемесі. 4

«Жаман жолдас» сабағының әзірлемесі. 5

«Ұлттық тағамдар» сабағының әзірлемесі 6

Жақсылардың жақсысы. 7

Пайдаланған әдебиеттер. 8
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Гуля1973
Просмотров: 3041 | Загрузок: 577 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-05-05, 6:41 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru