Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

открытый урок
[ Скачать с сервера (67.5 Kb) ] 2013-11-10, 7:56 PM
Ақмола облысы Көкшетау қаласы
Амиржанова Айжан Жилкайдаровна,
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы,
«Тілдерді оқыту орталығы» КММ

Сабақтың тақырыбы: Жасай бер, ана тілім - қазақ тілі!
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Тыңдаушыларды ана тілінің қадір-қасиетін, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету. Қазақ елі туралы тыңдаушылардың білім деңгейін көтеру, тілге деген қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық:
Түрлі тапсырмалар орындату арқылы тыңдаушылардың ой-өрісін кеңейте отырып, ойын жүйелі жеткізе білу, ауызекі сөйлесу қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Тіл тазалығын сақтау , мәдениетті сөйлеуді тыңдаушы бойына сіңіре отырып, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.Туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі:
Сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, анализ-синтез іздену, ой қорыту.
Сабақтың көрнекілігі:
Тіл туралы нақыл сөздер, таратпа тапсырмалар, слайдтар презентациясы, техникалық құралдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Тыңдаушыларды түгендеу.
- Сабаққа назар аударту.
ІІ. Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті тыңдаушылар!
22 - қыркүйек Тіл меркесіне орай, «Жасай бер, ана тілім - қазақ тілі!» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер!
Мемлекеттің болашағы - ертеңгі күннің азаматы. Ал, оның бақытқа жетер жолы - туған Отанын, туған тілін сүюден басталады. Әр халықтың тілі - өзіне тән қымбатты да қимас қазынасы. Сол сияқты біздің ана тіліміз де – алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажап гауһарымыз. Өткен ғасырда өмір сүрген француз ғалымы А. Жорри де Манси «Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең таза тілдердің бірі» деген. Сондықтан да, бүгінгі сабағымыздың мақсаты - ұлтшыл емес, ұлттық сана - сезімін ояту, Отанын, ана тілін, халқын құрметтеуге, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру. Тіл тазалығын сақтау.
Дүбірлетсін өңірді,
Дүрілдетсін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын, бұл күні! - дей отырып, сабағымызды ашу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын.
Әнұран орындалады.
Ана тілін білмеуің, ананың арын төккендей,
Тілді бұзып сөйлеуің, өзіңді өзің сөккендей.
Тілде олқылық бой алса, тым алысқа бармассың,
Ана тілің жойылса, халық болып қалмассың.
Міне, сондықтан да біздер, ана тілін біліп, құрметтеп, қастерлеуді өзімізге басты міндет етіп қоюымыз керек. Болашақта егеменді ел болып, халық болып қалу - қалмауымыз бізге, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа, сіздерге тікелей байланысты. Олай болса, бүгінгі сабағымызда туған тіліміз жайлы ой толғайық.

Сабақтың дәйексөзі.
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді ... .
Ғабит Мүсірепов.
Осы жылы Лондонда болып өткен олимпиада ойынында біздің жерлестеріміздің қызықты ойындарын тамашалаған болатынбыз Қазақстанның намысын қорғағандардың ішінде өзге ұлт өкілдері болды.
2. Ой шақыру.
Тіл –сөзін естігенде ойларыңа не келеді?
( бай, көркем, дамыған, құнарлы, ырғақты, мұра, парыз, құрмет, ана тілі, қазына, мемлекеттік тіл, отбасы, рухани байлық, тәуелсіздік, қорғау, ата-баба)
3. Жаңа сөздермен жұмыс
(Бүгінгі сабақтағы жаңа сөздермен танысайық)
Дана – мудрый
Қария – старец, старик, старый человек
Дүние – мир
Көз жұмар алдында – перед смертью
Асыл – драгоценный
Қазына – богатсво
Ұқыпты – бережно
Пайдалану – использовать
Рас – правда
Мұра – наследство
Шешен – оратор
Ақылгөй қария – умный старик

4. Мәтінмен жұмыс.
Асыл қазына
Өте ертеде бір дана қария өмір сүріпті. Ол дүниеден көз жұмар алдында қасына ұлын шақырып алып:
«Балам, менің мына дүниемен қоштасар күнім жақын. Өзіңе қалдырып бара жатқан бір асыл қазынам бар. Сен соны іздеп тап, ұқыпты пайдалан, ұқыпты қолдан»,-депті....
Күндердің күнінде бала әкесі қалдырған қазынаны іздеймін деп әбден шаршайды. Бірақ әкеден қалған қазына таптырмайды. Сосын бала ел ішіндегі көпті көрген бір қариядан сұрайды.
«Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы –тіл. Сенің әкең сөзге шешен кісі еді ғой. Бәріміз де сөз асылын сол кісіден үйрендік. Тілден қымбат қазына жоқ»,- деп ақылгөй қария аталы сөздің шешуін айтып беріпті.

І. Мәтінді тыңдаушыларға оқыту.
ІІ. Мәтін бойынша пікірлесім.

А) Философиялық сұрақ.
1) Тілді неліктен мұра етіп қалдырған?
( Халықтың талай ғасырлар барысында жасаған материалдық байлығы мен рухани мәдениетін, әдебиетін, ұлттық дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін тіл. Қарияның баласына қалдырған асыл мұрасы- тіл арқылы жететін өнер- білім, мәдениет, ғылым, өткен-кеткен тарих, ата-баба дәстүрі.

Ә) Мәселелік сұрақтар.
1) Тілден қымбат қазына жоқ дегенге келісесіңдер ме?
2) Ана тілін неліктен қымбат қазынаға теңейді?

Б) Жеңіл сұрақтар.
1) Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
2) Тілді үйрену не үшін керек?
3) Сенің әріптесің қазақша сөйлей ме?
4) Отбасыңда қай тілде сөйлесесің?

ІІІ. Бекіту
1. Жаңа сөздерді сәйкестендір

1. Дана а) умный старик
2. Дүние ә) наследство
3. Көз жұмар алдында б) мудрый
4. Асыл в) правда
5. Қазына г) мир
6. Ұқыпты д) бережно
7. Пайдалану е) оратор
8. Рас ж) драгоценный
9. Мұра з) богатство
10. Шешен и) перед смертью
11. Ақылгөй қария к) использовать

2. Мына сөздердегі әріптерді қолдана отырып жаңа сөздер құраңыздар
Топтық жұмыс
І топ ІІ топ
Қазына Мұрасы

3. Тіл туралы сұхбат құрастырыңыздар
Жұптық жұмыс

4. Тапсырма орындау.
а) Мұрагер сөзін жіктеңіздер.
ә) Қазақ тілі сөзін тәуелдеңіздер.

іҮ. Сабақты қорытындылау.
Сурет бойынша мақал мәтелдерді толықтыру
«Білім және дәстүр сыны» ойыны арқылы сабақты қорытуға арналған сұрақтарға жауап беру.
V. Тыңдаушылардың білімін бағалау.

VІ. Үйге тапсырма.
«Мемлекеттік тіл - менің тілім» тақырыбында шағын әңгіме құрастыру.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: KudaibergenovaGulnara
Просмотров: 1248 | Загрузок: 140 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-05-05, 6:35 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru